Шииттік жол

Главная » Рефераттар » Шииттік жол

Мұхаммед с.ғ.с. өлімі оның қауымы үшін күтпеген жәй еді. Құранда Пайғамбардың өз үмметтері сияқты «Алланың бұйыртқанын ішіп-жеп, базар аралап жүретін» қарапайым пенде екендігі айтылған еді (Құран XV, 22). Алайда, пенделердің көңілдерінің бір түкпірінде «Аллаһтың елшісін» ауырған адамдардың дертіне дауа болатын әлдебір ғажайып күшке ие тұлға деп кабылдайтын түсінік жатуы әбден мүмкін ғой. Мұхаммед с.ғ.с. бұл дүниеден өтерінде қасиетті ісін жалғастыратын адамды атамай кетті. Адамзаттың соңғы пайғамбарының ізбасарын және басшы таңдау қауымы үшін оңай болған жоқ. Таңдау ақыры, пайғамбардың сүйікті жары Айшаның әкесі, Мұхаммед с.ғ.с. қайынатасы Әбу Бәкірге түсті. Әбу Бәкір көз жұмар алдында билікті Мұхаммед с.ғ.с. екінші қайынатасы Омарға табыстады. Ал кейін Омар кісі қолынан қаза тауып, оның орнын басатын адам керек болғанда, көпшіліктің таңдауы Мұхаммед с.ғ.с. күйеу балалары — Осман мен Әлиге түсті. Таңдаудан Осман өтті де, оның арты кескілескен соғыс пен мұсылмандар қауымының екіге жарылуына өкелді. Бүлікшілер Османды өлтіріп тынды да, билік тізгініне Әли ие болды.
Бұл алғашқы төрт халифты шығыс тарихшылары «аса өділ» деп бағалады. Олардың билігі зайырлы билік болған жоқ, халифатта зайырлы билік кейіннен орнады; олар пайғамбардың қасиетті ісін жалғастырушы діни косемдер еді. Алғашқы халифтар өте қарапайым, байлыққа қызықпайтын, қолпаштаудан алыс жүретін тақуа адамдар еді. Алайда, арабтардың бәрі бірдей олардан үлгі ала қоймады. Пайғамбардың руы — құрайыштардың арасында билікті рухани баюға ғана емес, түрмысын жендеп алуға, жеке басының беделі үшін пайдалануға болады деп түсінгендер де болды. Умайи ибн, Абд Шамс руынан шыққан аса қажырлы да қатігез Му, авийа тап сондай адам еді.
Әлидің қолынан билікті тартып алу оңай іс болып шықты. Әлидің Осман өлгеннен кейін халиф болуы оны адам өлтіруге қатысты етіп көрсетуге табылған еылтау болды да, » Осман үшін кек аламыз» деп ұран тасталып, бүлік басталды. Бұқараның толқуын өз пайдасына шебер пайдалана білген Му, авийа азаматтық соғыс өртін тұтатып жіберді де оның ақыры, Әлидің де алдыңғы екеуі сияқты кісі қолынан қаза табуымен аяқталды. Әлидің көзін құртқан соң Му, авийнге таққа отыру жолында еш кедергі болмады. Ол халиф болысымен, өзіне дейінгі төрт басшының «ескіден қалған» қағидаларын түріп тастады да, өз руын таққа мұрагер ету мақсатында, жұртты ұлы Йазид үшін ант беруге зорлап көндіруден де тайынбады. Осылайша билік басына сайлау арқылы келу жойылып, тақ мұрагерге бұйыратын болды.
Алайда, халықтың арасында Му, авийннің бұл заңсыздығына наразылық күшейе бастады. Өздерін ши, ат, Әли (Әли партиясы) атаған оған қарсылар партиясы пайда болды. Бұл партия заңды билеушілер деп, тек Әлиді және оның пайғамбардың қызы Фатимадан туған қос ұлы — Хасан мен Хүсейінді ғана тану керек деген шешім қабылдады. Зерттеушілер кейіннен бұл ұрпақтарды «имам» — тура мағынасыңда намаз кезінде «алда тұрғандар» деп құрметпен атап кетті.
Му, авийидің жігерлілігінің арқасыңда билікке қолы жеткен Омейядтардың ел басқарушылары «әділетті» халифтардың ел басқаруына мүлде ұқсамайтын жолды таңдады. Омеядтарға сахабалардың тақуалығы (аскетизмі) мен діндарлығы жат болды. Олар тіптен, Аллаһ тағала құран түсірген сонғы пайғамбардың шариғаттарымен санаса қоймады. Олар аясы тар ұлттық-араптық мүддені ғана көздеді. Олар нағыз ұлтшыл ретінде, қалың діндар қауымньщ пікірімен санаспай, мүсылмандық дөуірге дейінгі араб әдебисті мүрасьш жинап, сақтауға қолдау көрсетіп отырды. Омеядтар осылайша арабтардың ұлттық идеясын көтерушілер болды да, ал тізе бүккен парсылар үлттық мүддеге қызмет ету үшін, амалсыздан, Омеядтардың саяси жауы — шииттердің қолтығъша барып тьпылуға мәжбүр болды. Осының әсерінен, парсылар біртіндеп шииттік рухын болмысына сіңіре бастады, бүл, шииттік XVI ғасырда саяси мақсаттарға байланысты күш салудың арқасында мемлекеттік дін болып қабылданғанша осылай болды.
Бұл жікшілдіктің саяси астарына қарағанда, күні бүгінге дейін имамның әрбір парсы үшін неліктен даңқ иесі болып қабылданатынын түсінуге болады. Парсылар үшін имам ұлт-тық қүндылықтарды, қасиетті ұғымдарды, ұлттық дәстүрді сақтаушы адам. Сонымен қатар, Омеядтардың қолынан азап-пен қаза тапқан имам парсы халқының ұлттық батырына айналып, ұлттың қасиетті тұлғалары қатарына қосылады.
Осындай тұлғалардың бірі — Әлидің екінші ұлы Хүсейін болды. Персияда шииттіктің ресми түрде енгізілуіне байланысты оның қаза тапқан күні ұлттық азалы күн болып тарихта қалды.
Діни жиындар өтетін, уағыз т.т., оқылатын бұл күн Персияда діни мистериялар бастау алуына негіз болады. Оның басым бөлігі Хүсейіннің ақырғы күресін және оның қайғымен аяқталуын бейнелейтін өртүрлі көріністерге ұласады. Тазийаның негізгі желісін ұғыну жеңіл болуы үшін, бұл қайғылы оқиғаны егжей-тегжейлі айтып кетуімізге тура келеді.
680 жылы сәуірде Му, авийидің ұлы Йазид Дамаск мұсылмандарының билеушісі болды. Орынбасарларына шұғыл түрде халықтан ант қабылдау жөнінде нұсқау бар аймақтық жолдау жөнелтілді. Біраз қалаларда бұл әрекет аса бір кедергісіз іске асты, алайда, жолдау Мединеге жеткен кезде, Йазидтің орынбасары сәл бөгеліп алды да, орыннан таласы барлардың ең бірі беделдісі, Әлидің ұлы Хүсейінді ұстай алмай қалды. Астыртын Меккеге қашқан ол қасиетті қалаға жеткен соң халиф пен оның нөкерлерінің құрығына түспейтін пана тапты. Бұл кездері Йазидтің басқаруына өткен шииттік қозғалыс күшейе бастады. Ирак уәлаяттарының бір қаласы Куфада Йазидке қарағанда Хүсейіннің билік басына келгенін тәуір көретіндер қатары көбейе бастады. Куфаның билеушісі Нүғман ибн Башир бұл теріс әңгімелерді естіген бойда-ақ, жамиғат мешітке жұма намазына жиналған кезде айтылатын уағыздарда өзара қырқысқырғынның орны толмас қайғы-қасіретке апарып соғатынын ескертті. Алайда оның ісі осы уағыз айтумен шектелді де, оқиға одан әрі өріс ала бастады. Шииттер басынан бір тал шашы түспейтініне, қарулы күзет қорғап жүретініне уәде беріп Хүсейінді Куфаға шақырып Меккеге елшілер жіберді. Хүсейін ол ұсынысты құп алатынын айтып, өзінің жиені Мүсілім ибн Акидді Куфаға аттандыра отырып, ол жақтағы хал-ахуалдың қандай екендігін білу үшін және өз қатарына жақтастар тарту үшін астыртын өзінің сенімді адамын жіберді. Бұл Йазидке мәлім болды да ол одан әрі соза берудің арты жақсылыққа соқтырмайтынын түсінді. Ол сол бойда, қаталдығымен жөне Ғумайилерді қолдайтындығымен белгілі Басраның билеушісі Ғүбайдолла ибн Зийадке қала басшылығын басқа біреуге тапсыра тұрып, Куфадағы дайын далып жатқан бүлікті тез басуға кірісуді бұйырды.
Убайдулла өзін Хусейннің имамымын деп таныстырып, Куфаға имамша киініп кіріп, үкіметтік қорғанға жетіп, қала гарнизонының қолбасшысы қызметіне кірісті. Бұл жаңалықты келесі күні білген Хүсейіннің жақтастары Басра билеушісінің келіп қалуынан қатты үрейленісті. Араларында толқу басталып, сақтықты ойлайтындары райларынан қайтып, имамның жаушысы Мүсілімнің өзі Убайдулланың жансыздарынан тығылатын жер іздеп, бас сауғалап кетті. Көп кешікпей ол үсталып, жанындағы ең бір сенімді досымен бірге өлтірілді. Бұл 680 жылдың қыркүйегінің бас кезінде болған оқиға еді.
Осы екі арада Мсккеге, Убайдолла Куфаға жеткенше арты-нан Мүсілім жіберген жаушы, Мүсілімнің миссиясы өз дегеніне жеткенін, осының арқасында 12 мыңнан аса адамды ез жағына шығарғанынан Хусейнді хабар жетті. Отбасы мен ең жақын деген жақтастары бар, шамамен 200 адам ерткен Хусейн Меккеден шығып Куфаға қарай бет алды. Бұл әрекетінің қауіпті екеніне көзін жеткізбек болған Меккедегі жауға бермес достары оны алған бетінен қайтармақ болды. Меккеге Ирактан келген атақты ақын ал-Фараздак Куфадағы ахуалдың қандай екендігін білмек болған Хусейнге; «Олардың жүректері сен жағында, семсерлері Умайи ұлдарына бағынышты, ал не шешімге келерлерін бір Аллаһ біледі» — деп жауап берді. Алайда, Хусейн ешқандай ескертуге қарамады. Ол өзінің жаңа жақтастарьшың шъш берілген адамдар екендігіне шәк келтірмеді, қаньша сіңген батыр-бағыландық мөрт мінезі жанындағылардан сатқындық жасар-ау деп сезіктенуді төмендік санады.
Бұл уақытта Куфада Убайдолла үміткерді тақка отырғызуға дайындалып жатыр еді: маңайдағы құмды даладан Ефратқа дейінгі аралықта тастай тосқауыл тұрды, жақындап қалған Хусейінді ұстауға сақадай-сай жасақтар өр жерді торуылдап жүрді. Хусейн қыркүйектің аяғына таман Хурра деген біреу басқарған алғашқы торуылшыларға тап болды. Хурр пайғамбардың немересіне шабуыл жасауға батпады, қайта достық көңілмен, орындалмас арманнан бас тартуға шақырды. Хусейн оған жауап ретінде, өзінің Куфаға келуін талап етіп куфалық шииттер жазған екі қап хатты жіберді. Дәл осы кезде, Хусейнге немере ағасының жау қолынан қайтыс болғанын естірпі және де бұрын оны қызу қолдайтын жақтастарының арасында солқылдақтық пайда болғаны туралы тіпті қаһарлы хабар жетті. Хусейн бүған тоқтамады, ол ақыра сөйлеп: «Ағамның кегін алмай кейІн шегінбеуге жөне ол көргенді біз де көрмей кетпеуге ант етеміз» — деді.
Әрине, енді Куфаға бет алуда еш мағына жоғы белгілі болды, ол солтүстікке бүрылып, Ефратқа қарай қозғалады. Сол жерде оны *Умар ибн Са*д дегеннің 4 мың қолы қуып жетеді де келІссөзге шақырады. Екі ойлы болған Хусейн ойланып-ойланып барып, ақыры көп үсыныстың ішінен: Меккеге қайтуды не болмаса Дамаскге барып халифке адал-мын деп ант беруге, я болмаса, мемлекеттің шекараларының біріне жетіп, дінсіздермен шайқасқа түсудің бірін қабылдауды үйғарады.
Бар мәселе бар жаққа да қолайлы болып шешілгелі тұрғандай көрінген, алайда, екі ортада, Убайдоллаға жақын адамдардың бірі, пайғамбардың қас жауы әрі Омейядтар жа-ғындағы Шимр ибн Зу-л~Джаушан келіп килігеді. Ол Убайдолланы азғырып, Хусейннің үсынысьгнан бас тартқызады да оның еш қарсылықеыз берілуін талап етуге кенді-реді. Өз дегені болған жағдайда Шимр имамға не істеседе ешкім қолын қақпастай өкілдік алатын болады. Шмир бүл бұйрықты *Умарға жеткізеді де *Умар имамды хабардар етеді. Ешкімнің алдында бас игісі келмеген ер көңілді Хусейн қылышқа жалынады. 680 жыддьщ 61-10 қазаныньщ 10 мухарра-масыңда кескілескен үрыс басталады. Алайда пайғамбардың немересіне қол көтеруге ешкімнің дәті бармайды да, ұрыс өрістей алмай, әр жерде тиіп-қашып өтеді. Оқиғаның бұлайша өрістеуіне ызаланған Шмир өзі бастап ұрысқа кіріседі Хусейн қаншама ержүректік көрсетсе де сан жағынан асып түскен жауға төтеп бере алмайды. Жау оны аяусыз қыльпитап, пәршалап тастайды. Хусейннің достары мен туысқандары да осы душар болады. Шмир оның тек, өйеддері мен балала-рын аман қалдырып, оларды ДамаскІге Йазидке пайғам-бардың немересінің басымен бірге жіберіледі.
Ерлікпен қаза тапқан Хусейннің есімі ауыздан-ауызға жыр болып тарап, халық есінде еулие адам ретінде қалады. Бір кереметі, Хусейннің еулиелік даңқы өзінің отандастары арасында емес, езі көзі тіріеінде, олай болар-ау деп ойына да алмаған парсылардың арасында аспандайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.