Үштік киелі ұғым

Главная » Рефераттар » Үштік киелі ұғым

Үштік ұғымы хақында. Біз бұл әнгімені кімнің жасы кімнен үлкен, кімнің жолы кімнен үлкен екендігін анықтау үшін айтып отырған жоқпыз. Ондай арзан даудың бетін әрмен қылсын. Жалпы атам казактың жолға карау әдеті әу баста ел арасы мен кісі арасын кетістіру үшін емес, бекіттіру үшін ойлап табылған. Біреуді жасына карап сыйласын. Сол аркылы тек бір кісіні емес, тек түлға тұтып отырған қауымды риза қыласың. Жолына карап көрсетілген жораға ешкім де өкпелемейді, сшкім де тарынбайды. Әсіресс казақ баласы «кіші» деген сөзге өкпелемеген. Өйткені үлкен балаға енші тисе, кіші балаға мұра, үлкен ағаға төр бұйырса, кенже ініге қара орын бұйырған. Ата-ананын шаңырағы кіші балаға қалып отырған. Ғылымда минорат үрдісі деп аталатын бұл қағида көшпелілердің тек ошақ басы карым-қатынасында ғана емес, саяси-мемлекеттік кұрылымында да катты қадағаланған. Туыстық жолымен табыса алмайтын адамдарды «өкіл аға», «ноқта аға» қып табыстыру да содан қалған. Олай болса бір халыктың үш арысының бірін үлы, бірін орта, бірін кіші санағаннан ешқайсысынын басы аласарып, бағасы кемімейді. Атақты үш би адамдар арасындағы осы бір этикалық жарасымды күллі елдік жарасымға айнаддыруға тырысқан. Қазак үшін татулыктың, тұтастығын асқак өлшемі — екі туып, бір қалу. Сондықтан да олар бүкіл ұлтымызды екі туып бір қылған қып көрсету идеологиясын ұстанған. Өйткені ол үшеуі үшін ел мерейінің биік болғандығынан асқан мұрат болмағанға ұқсайды. Бұл ретте Қожаберген дастаны Әйтеке бидің кайраткерлік тұлғасына ірілендіре түсетін тағы бір касиетін ашып береді. Ол — қазақ кауымын өрге бастыруға кедергі келтірер кертартпа үрдістерге батыл қарсы шыққандығында. Адамды, азаматты ата тегіне қарап емес, қабілетіне қарап бағалауға үндегендігінде.Сол арқылы халқына қамқор, еліне пана бола аларлық шын асылдар мен шын арыстардын көбейе түсуін көксегеніңде. Әсіресе «казағым, өзіңді өзің тұтас ел қып, баскарар еңді уақыт жеткендігін» айрыкша баса көрсеткендігінде. Бір кызығы би ешкімте жібермес есесін батырлыкпен коса «көрші елдермен татуласып, тіл табыса алар» мәмлегерлікке де қатты мән береді. Қазақтың көсемі халыктык мұраттың коксеген биігіне емін-еркін көтеріле алатын майталман болса керек леп тілейді. Ел мұраты жолындағы сол ұғым сол мақсат билік жолындағы күрестін құрбандығына шалынып кетпесе екен деп уайымдайды. Төре әулетінен де сол үшін тіксінеді. Бәр-бәріне тақ тие бермегендіктен, бакқұмарлыққа бой алдыруға мәжбүр болған тұқымның «башпайдан қағар» кұлығы ел басына күн туғанда ел жоғын жоғын жоқтар ұл тууына кедергі келтіріп жүрмес пе екен деп корқады.

Қорықса қорықкандай, уәйімдесе уәйімдейтіндей жағдай… Бірак Әйтекенің ұлы замандастары Төле, Казыбек тізелестерінін өсиетін естеріне ап, тек «бастарын шайкап» кана қоймағанға ұксайды. Өйткені Әйтекенің көксеген ел бірлігі олардың да көкірегіндегі арман еді. Алайда олар ертең келер жаудын дүбіріне Әйтеке бидей шамыраға тұрып, қапия тауып тап беріп, қан касап қылып кеткен қанкұйлы жауға Кожаберген жыраудай қорлана тұра, заманайым болғанмен, заманағайып әлі болмағанын, өткенге бола өкініп қоймай ертеңге бола қам жасау керек екендігін мықтап ұққанға ұксайды. Оның жолы — ел басына күн туып тұрғанда ел арасына іріткі салмау. Бір-бірінін бетіне жоқтан өзгені салық қылып, жан-жаққа шалқайысып шашырап кетуіне жол бермеу. Ол үшін қазақ ұлыстарының қай тарабына да қазақ қауымының қай бөлігіне де бірдей сенім артып, бірдей талап қою керек еді. Олай болса қараға қандай әділ болса, төреге де сондай әділ болары керек еді. 1710 жылғы Қарақұм жиынында казақ әскерін бастау «алаш» ұрандыдай Бекенбайға. «аркар» ұрандыдан Әбілқайырга жүктелуі де соған мсцзейді. Қараны қазақ ата тегіне қарамай, кабілетіне қарап, әділ бағаласа, терені де тап солай әділ таньш, оділ бағалауға тырыскандары байкалады. Бұрын тақ мініп, тәж қие коймаған Өсеке әулетінін өкілдерінің біреуіне Кіші жүзде (Әбілкдйырга), екінішісіне Ұлы жүзде (Жолбарысқа) әуелі ұлысбегілік, кейін хандык тиюі, бір кезде бабалары сөзге ұшырап, содан біраз уақыт биліктен шет-кақпай калып келген Кушік, Барақ, Әбілмансұрлардын қайталан ықпалга ие бола бастауы ұлыс пен ру тізгіндерінің де бұрынғы аталы атақты әулеттерді қуалап кетпей, кейінгі с і басына сын боп түскен сөтгерде қапысыз көзге түскен батырдарға сен.п тапсырылуы сонын айғағы еді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.