Шумерлер

Главная » Рефераттар » Шумерлер

Шумерлер Қосөзеннің ежелден келе жатқан тұрғылықты халқы емес. Б.д.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтарда Тигр мен Евфрат өзендерінің жағалауына келгенге дейін, мұнда мәдениеті жоғары, антропологиялық жэне тілдік жағынан шумерлерден айырмашылығы бар халық мекендеген. Археологтар ол халықты осы мэдениет табылған жер, елді мекен (эль-Убайд) атауына байланысты «убаидтар» деп атайды. Убаидтар мэдениеті өз бастауын б.д.д. У-ІУ мыңжылдықтардан, Халаф кезеңінен алады. Мамандар пікірінше, мұндағы назар аударуға болатын басты нэрсе — убаидтар тілінің дравидтер тілімен кейбір ұқсастығының бар екендігі. Үнді еліндегі қайсыбір халықтардың тілі дравидтер тілі тобына жатады, оған мы-сал ретінде тамил тілі келтіріледі. Бұл убаидтардың үнділік негізінің бар екеніне, тарихының үнді елімен байланыстылығы туралы ойға итермелейді. Археологтардың мэліметтері ежелгі Үнді (Мохенджо-Даро, Хараппа) мен шумер-убаид мэдениеттерінің шығу тектерінің бір екендігін байқатады.
1766 жылы Бомбейге бара жатқан жолда Мосулға тоқтаған дат ғалымы, саяхатшы Карстен Нибурдің ізденімпаздығы арқасында, өзеннің қалаға қарама-қарсы жағасында орналасқан төбенің бірінен жүздеген жылдар бойы іздестірілген ежелгі Ниневия табылады. Осының нэтижесінде Дат королінің бұйрығымен «Араб экспедиция-сы» үйымдастырылады.
Шумерлер туралы мэліметтерге кезіккен Карстен Нибур экспедициясының алға қойған міндеттерінің бірі ежелгі заман ескерткіштерін іздестіру болды. Сол кездіц өзінде мол жиналған сына жазулар тарихшылар мен лингвистерді толғандырып, олардың сырын ашуға үмтылыс басталған. К. Нибурдың 1778 жылы жарық көрген «Описание путешествий в Аравию и соседние страны» ең-бегі Қосөзен елдері туралы тек ғалымдарға емес, жалпы жүртқа танымал энциклопедиялық шығармаға айналады. Ол Ниневия, Ва-вилон, Вавилон мүнарасы туралы мэліметтер қалдыруымен қатар, Персополь жазуларының көшірмесін де өте үқыпты жасайды. Асси-рия мен Вавилонды, өткен замандардың белгілі кезеңдеріне жататын материалдық мэдениет жетістіктерін іздестіру шумерлер туралы мэліметтердің ашылуына алып келді. 1869 жылы 17 қаңтарда танымал француз лингвисі Жюль Опперт Францияның нумизматика жэне археология қоғамының отырысын-да Қосөзен жерінен табылған көптеген саз кітапшаларының шумер жәдігерлері екенін мэлімдейді. Уақыт өте, лингвисттер де шумерлер туралы деректі қолдайды. Бұл кезге дейін зерттеушілер арасында шумер мэтіндерін Ежелгі Вавилондікі деген пікірлер басым бола-тын. Арнайы эдебиеттерде шумерлердің Қосөзен аймағына келген уақыты жуық шамамен б.д.д. IV мыңжылдық соңы деп белгіленеді. Осы тарихи дэуір эдебиеттерінің сырын толық ашу мүмкін болмағандықтан, мамандар көп жағдайда қолдағы бар мэліметтер археологиялық қазба жұмыстарына сүйенеді.
1871 жылы Арчибальд Генри Сайс алғашқы шумерлік мэтін -Шульга патша жазуларының бірін жариялайды. Екі жылдан кейін Франсуа де Ленорман жіті зерттелген шумер грамматикасын жэне жаңа мэтіндер қосқан өзінің «Аккадтық зерттеулер» еңбегінің бірінші томын жарыққа шығарады. 1889 жылдан бастап ғылыми элем шумерологияны дара ғылым саласы ретінде мойындап, «шу-мерлер» атауы осы халықтың мэдениетін, тілін, тарихын белгілеу үшін қабылданады.
Шумерлердің адамзат жадынан ерте өшірілгені сонша, олар жай-лы грек жылнамашылары еске алып, мэлімет бермейді. Қосөзен ту-ралы ежелгі деректердің бірінде де шумерлер туралы сөз болмайды, Тек Інжілде айтылатын Авраам елін алғашқы қүлшына іздегендер ғана халдейлер қаласы Ур туралы мэлімдейді. Вавилон мен Асси-рияны іздеген зерттеушілердің шумерлер туралы түсінігі болмай, олардың қалдырған ескерткіштеріне кездейсоқ кезігеді. Тарихи дэуірде Қосөзен мэдениетін алғашқы зерттеушілердің ешқайсысы да оның тамырының тереңге кететінін білмеген еді.
Аңыздық наным-сенімдерінде шумерлер аспаннан түскен жүм-бақ тіршілік иелерінің адамды жасағанын жеткізеді. …Алғашқы кезде осы жан иелері өресіз, жабайы болады. Тек Қүдайлардың қайта ара-ласуы нэтижесінде ғана мэдениет жетістіктерін, жазу өнерін игереді. Шумерлер жазуларын саз тақтайшаларға жазып, суреттерін дөңгелек мөрлерге салған. Соңғы жүз елу жыл шамасында шумер-лер қалаларының орынынан археологтар көптеген астрономиялық, математикалық мэтіндер мен суреттерді тапты. Олардың арасында күрделі математикалық еңбектер, күрделі кескіндердің, пішіндердің ауданын табу, түбір астын табу, екі, үш белгісіздігі бар теңдеулер шешімдері, т.б. бар.
Шумер мәтіндерінде Ғаламның пайда болуы, Күн жүйесінің қүрылымы мен дамуы, соның ішінде планеталар тізімі мен сипат-тамасы туралы да мэліметтер беріледі. Соның бірі Күн жүйесін бейнелейтін сурет. Онда Күн бүгінгі ғылымға белгілі барлық он екі планетаның ортасына орналасқан. Дегенмен суретте, Күн жүйесінің бүгінгі түсінігінен басқа мэліМеттер де кездеседі. Олардың екеуі мэнді деп есептеледі. Олар: бірінші, шумерлер Плутонды Сатурн жанына орналастырып, осы үлкен планетаның дербестікке кейін ие болған, серігі ретінде сипаттаған. Плутонның айналып жүретін жолының үзарғанын, Күнді айналып жүретін жол жазықтығының созылғанын, қозғалыс кезінде кейде Нептунмен салыстырғанда Күнге жақын келетінін да байқаған. Екінші айырмашылығы -белгісіз үлкен планетаны Марс пен Юпитер ортасына орналастң-руы. Аудармасы «айқыш-үйқыш қиылысатын» дегенді білдіретін, осы қүпия планетаны шумерлер Нибиру деп атайды.
Күнді айналып жүретін жол жазықтығы қатты созылған Ни-биру, 3600 жылда бір рет Марс пен Юпитер арасына қайта оралып келеді. Аңыз бойынша, адамды жасаған жэне оған аса маңызды білім негіздерін беретін жүмбақ тіршілік иелері осы планетадан келеді. Шумерлердің «ан-нун-на-ки» сөзі «аспаннан жерге түскен, сол елу» дегенді білдіреді. Шумерлердің айтуынша, адамға барлық білімді берген осы — аннунактар. Аннунактар жерге 445 мың жыд шамасы бұрын келген. Олар Парсы шығанағы жағалауын таңдап, Тигр мен Евфрат өзендерінің атырауына түскен. Осыдан кейін аннунактар эрбір 3600 жыл сайын келіп түрған.
Нибирудегі аннунактардың түп атасы, Аспан Иесі Ан (не-месе Ану) жэне оның жүбайы Анту, Аспан Ханшасы болады. Анудың бүйрығымен, оның үлкен баласы Эа (шумерлерде-Энки) басшылығымен, 50 аннунак Күн жүйесін аралауға шығады.
Шумер мэтіндері Нибирудың экологиялық түйткілді мэселелерге кезіккенін мэлімдейді. Өз планетасының жүқарып бара жатқан ауа қабатын сақтау үшін, аннунактар алтын бөлшектерден ерекше қорған жасайды. (Бүгінде радиациядан қорғану үшін, ғарыш кемелері мен ғарышкерлердің ғарышта киетін киімдеріне де осындай эдіс қолданылады.) Аннунактарға алтын керек болады. Шумер дерегінше, ол жетінші планетадан, демек Жерден табылған.
Ғарыштан келгендер Оңтүстік Шығыс Африкада шахталық тэсілмен алтын өндіруге кіріскен. Шамамен, осыдан 300 мың жыл бұрын алтын өндіретін аннунактар көтеріліс жасаған. Сонда өзге планета оқымыстылары гендік инженерия көмегі жэне будандасты-ру (клонирование) арқылы «адамах» — жү_мысшы адамдарды өмірге экелген. «Адамах» — «жер» жэне «қан» деп аударылады. Бұлар шу-мерлер мен барлық адамзаттың түпатасы болды. Аңызда гендік ота сипаты, адамды жасау егжей-тегжейлі баяндалады. Ол бүгінгі ген инженерлігінің мамандарын да таңырқатады. Ғалым, генетик Уэс-ли Браунның барлық адамның бір ата мен бір анадан тарайтынын дэлелдеген жаңалығы, шумерлер аңызын жанама айғақтай түсетін тэрізді. „
Археологиялық зерттеулер ежелгі дэуірде Оңтүстік Африкада тау-кен жүмыстарының жүргізілгенін дэлелдейді. 1970 жылы архе-ологтар Свазиленнен тереңдігі 20 метр болатын, алтын өндірілген үлкен шахта тапты. 1988 жылы физиктердің халықаралық тобы шахтаның осыдан 80 мың 100 мың жыл бүрын жүмыс істегенін анықтады. Зулу тайпасының аңыздарында осы шахталарда «алғашқы адамдардың» жан мен тэннен түратын жасанды құлдары жүмыс істегені айтылады. Жойылып кеткен Нибиру планетасының өмір сүргенін, оның жарықшақтарының 3600 жылда бір рет Жерге жақын келетінін американдық астрономдар дэлелдеді.
Энки Жердегі алғашқы басқарушы болды. Ол Жердегі өмірді реттеумен айналысатын. Сонымен даналық пен білімді аннунактар адамдарға сыйға береді. Осы мэліметтерді тарату жэне кейінгіге беру үшін абыздар таңдалып, арнайы дайындалды. Абыздарды «та-залар», немесе «нүр түскендер» деп атады. Қүдайдың нұры түскен деген осыдан. Құдайлармен сұхбаттаса алатын Абыз дэрежесі ұрпақтарына мұраға қалды.
Аңыз Энкидің күнтізбе, математика мен жазу өнері турал ы біл імін өзінің кіші ұлы Нингишзидке, ал үлкені Мардукке медицина жэне өлгендерді тірілту білімін бергенін жеткізеді.Энкидің жерліктерге берген білімі құтқару, Нибиру планетасының Күн жүйесіне экелуі мүмкін апаттарға қарсы тұру, құтылу мүмкіндігін де бағамдайды. Майя күнтізбесі оның Жерге кезекті жақындауын 2012 жылдың 21 желтоқсаны деп белгілесе, қазіргі заман оқымыстылары 2060-2158 жылдар аралығында күту керектігін болжайды. Нибирудың келееі қайтып оралуы Жерге қатер экеле ме, адамзат одан құлыла ала ма? Бұл сұрақтың эзірге жауабы жоқ. Дегенмен Энкидің жерліктерге берген білімі, Құдайлармен тең дэрежеде сөйлесу мүмкіндігін түспалдайды… [35].
Күн күйдірген сары далада қүм суырған, шаң көтерген ыстық дауыл согады, қүйындар котеріледі. Көкжиекке дейінгі жер-де көз тоқтатар бір төбе көрінбейді. Аңызақтан қорганатын ағаш көлеңкесін табу да машақат. Осы жерге тіршілік нэрін алып келетін екі өзен ғана қоршаған ортаның сүрықсыз келбетіне эр береді. Олардың жағалауларында саздан соғылған қарапайым лашық түрғындары өмір сүреді. Бүлар, археологтар мэліметінше, б.д.д. УІ-У мыңжылдықтар басында Солтүстік, сосын Оңтүстік Қосөзенде аңшылық, балықшыл ық, терімшіл ік жэне егіншілікпен де айналысқан отырықшы елдімекен адамдары болатын. Осы мэдениеттің бізге тас жэне саз бүйымдары, өзіндік өрнектері бар қүмыралары, еңбек, аңшылық құралдары, эшекей заттары мен ежелгі наным-сенімді білдіретін мүсіндері жетті. Қосөзеннің оңтүстік бөлігінде, Евфрат өзені бойында орналасқан Тель эль-Обейд елді мекені — осының мысалы. Үйлер қамыс, қүрақтардан түрғызылып, сырты сазбен сыланған немесе кептірілген үлкен саз кесектерден қаланған. Осы тарихи дэуірде Қосөзен аралығында өмірге келген элеуметтік орта, мэдениет үлгісі «адамзат қауымдастығы дамуындағы өзгеріс кезеңі» деп аталады.
Зерттеушілердің басым бөлігі эль-Обейд мэдениетінің өркен-деген уақытында, демек, б.д.д. IV мыңжылдықтың екінші жарты-сында Қосөзен аймағына шумерлердің келгенін көрсетеді. Тағы бір айта кететін нэрсе — осы мэдениетті зерттеушілердің бірі -мүны шумерлердікі десе, екіншілері шумерлерге дейінгі деген де көзқарасты үстанады. Қалай болғанда да, шумерлердің этникалық, тілдік жэне мэдениеті бойынша семит тайпасына жатпайтыны ғылымда нақты анықталған.
Шумерлердің шығу тегі мен Оңтүстік Қосөзенге келуі де жүмбақ. Мүның өз шешімін табар түрі көрінбейді, өйткені ар-найы эдебиеттерде табылған жаңа мэліметтерге орай, жүмбақтың бүрынғыдан да күрделене түскеніне сілтеме жасалады. Шумерлік мэтіндерде осы халық ата-бабаларының Қосөзен жеріне су жолымен, қандай да бір биік таудан келгені айтылады. Дегенмен, ғалымдар Қосөзен жеріне шумерлердің келген кезін анықтау мүмкін еместігін көрсетеді. Аңыздардан осы адамдар жүзінің шығысқа, «қүдайлардың қасиетті тауына» қарайтынын түсінеміз. Мүмкін, олардың байырғы отанын еске түсірген күңгірт көзқарастарьі осында жасырынған бо-лар деген де пайымдау жасалады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.