Шумерлердің жазу өнері

Главная » Рефераттар » Шумерлердің жазу өнері

Шумерлердің жазу өнері -адамзат тарихындағы еңбек құралдарын пайдалана білуден кейін пайда болған ең ғажап жетістіктің бірі. Алдыңғы буын, ата-бабалардан жеткен, ғасырлар бойы жинақталған өмірлік тэжірибені жазып, болашаққа жеткізудің жаңа жолдарының пайда болуы өркениет жолына түсуді, эволюциялық шыңдалуды жеделдетті. Алғаш-қы қауымдық қүрылыстан бас-талған тарихи даму ондаған мыңжылдыққа созылса, ал жазу өнері пайда болғаннан кейін адам-зат қоғамының жеткен жетістіктері мен маңызды табыстары мол.
Абстрактілі ойлау мүмкіндігіне ие болған, парасатты адамның болашаққа мэлімет қалдыруға, уақыт пен кеңістік арқылы ақпарат беруге деген сұранысын тастарға салынған суреттері көрсетеді. Әрине, шумерлерге дейін, алғашқы қауымдық құрылыс деңгейінде тасқа суреттер салынғаны туралы айтуға болады. Сондай-ақ, белгілі бір дерекке сүйенген адам, жазу өнерінің алғаш басқа бір елдерде пайда болғаны туралы уэж де келтірер. Әлемдік мэдениет дамуы, жазу өнерінің пиктограммадан идеограммаға, одан фонограмма бағытында дамығанын көрсетеді.
Пиктограммада тасқа салынған суреттен белгілі бір түсінік (қашып бара жатқан аң, жүгіріп келе жатқан адам жэне т.б.) қалыптасады. Уақыт өте келе пиктограмма орнына, мазмұны суреттік бейнеге сэйкес келмейтін идеограмма келеді. Мысалы, енді аяқтың суреті тек аяқты ғана білдіріп қоймай, аяқпен байланысты қимыл-эрекеттерді де береді. Алғашында сына жазулары кішігірім (ұзындығы 4-5 см жэне ені 2,5-3 см) піскен бауырсақтэрізді томпиған сазға ойып жазылса, кейін кітапшалар жалпақ түрге ие болып, көлемі де үлғайған (11 х 10 см). Абстрактілі түсініктерді, эрекеттерді бейнелейтін идеограммалар белгілі бір ой қорытындысын қажет етеді. Арнайы эдебиеттерде алғашқы қауымдық қүрылыс адамының «жүгіру», «ішу» тэрізді етістіктерді су ішіп жатқан адам немесе жа-нуар суретін салмай бере алмайтыны айтылады. Зерттеу жүмыстары шумер жазу өнерінің аз уақыт ішінде өз дамуында бірнеше са-тыдан өтіп, айтарлықтай жетілгенін көрсетеді. Уруктің төртінші қабатына жататын (б.д.д. 2900-2600 жж.) саз кітапшаларда адам, оның дене бөліктері, еңбек құралдары және т.б. бейнеленген. Бұл бейнелер адамдар, жануарлар, өсімдіктер, құрал-жабдықтар туралы мэліметтер береді.
Саз кітаптардың мазмұнынан соқаның, жүк арбасының, қайықтың, эртүрлі қарулар мен тұрмыстық заттардың шумерлерде болғанын көреміз.
Алғашқы жазу өнерінде қолданылған суреттер күрделі түсініктерді беруге тиімсіз болған, сондықтан ол сөз дыбыстарын беретін белгілерге ауыстырылған. Тарихи дамудың бір кезеңінде идеограммалар фонограммаларға өтіп, енді жұлдыз белгімен белгіленіп, ол «а» деп оқылды. Осылайша, фонетикалық жазу өнері өмірге енеді. Шумерлер жазу өнерін жүйеге келтіріп, оны біздің түсінігіміздегі жазу өнеріне жақындатып қана қоймай, мыңдаған жылдарға созылған күрделі өмірлерінде мэдениет жетістіктері мен жазу өнерін Алдыңғы жэне Кіші Азия жеріне таратушылар да бол-ды. Оған мемлекеттер арасында жүргізілген елшілік, сауда-саттық қатынастарының үлкен эсер еткені белгілі.
Археологиялық жұмыстар кезінде шумер суретшілерінің шеберлігін көрсететін көлемі әртүрлі, биіктігі 8 см, диаметрі 5 см ци-линдр мөрлер табылған. Осындай, үзындығы 16 см болатын мөрдегі бейнелер өмір, тіршілік салттарын, сенім нышандарын білдіреді. Ерте пайда болған цилиндр мөрлер мен пиктограмма жазуының бай-ланысты болғаны күмэн тудырмайды.
Ағылшын археологтары Г. Лэйярд пен X. Рассама Лондонға қазба жүмыстары жүргізілген жерден Қосөзен елдерінің мэдениеті туралы мэліметтерді беретін, мыңдаған жылдар бойы көмулі жатқан 30 мыңға жуық «қыш кітаптар» жібереді. Осы жазу өнеріне сына жа-зуы (клинопись) деген атауды 1700 жылы Оксфорд университетінің профессоры Т. Хайд берді. Міне, осы сына жазуларының сырын ашуга үмтылыс Шумер мэдениетімен танысудың алғышарты болды. 1616 жылы Шығысқа саяхат жасаған итальяндық Пьетро делла Вал-ле сол кездегі Парсы жерін толық аралап, еуропалықтарға ежелгі қала орындары, эсіресе Вавилон мен Персеполь туралы мэліметтерді жеткізеді. Өзінің туыстары мен достарына 1625 жылғы 6 тамызда жазған хатында ол арабтардың Мукайяр деп аталатын құм төбесінен түсініксіз таңбалары бар саз кесектер тапқанын мэлімдейді.
Арабтар шайтандар мен жындардың іздері деп түсіндірген белгілері бар саз кітапшалар қираған Персеполь мен Вавилон орын-дарында да болады. Ал Валле болса, мүны құпия жазу өнерінің үлгісі дегенге, жазудың солдан оңға қарай оқылу мүмкіндігіне назар ауда-рады. Күнге кептірілгендей эсер қалдыратын саз кесектердің сырын түсіну үшін ол төбені бірнеше жерден қазып, құрылыс негіздерінің осы кесек өлшемімен бірдей қыш кесектерден қаланғанына көз жеткізеді. Атап айтқанда, Мукаяр төбесінің астындағы шумерлердің ежелгі қаласы Урды басқан құм төбеге күрек салып, сына жазуларын ғалымдарға көрсеткен, оның оқылуына, сырының ашылуына жол ашқан алғашқы адам Пьетро делла Валле еді.
Күнделікті өмірде шаруашылықты жүргізу ісі көптеген қызметші мен жұмыскердің болуын, нақты жазбаша есеп беруді талап етеді. Сондықтан арнайы зерттеулерде жазу өнерінің екі түрлі бағытта жүргізілгені айтылады: біріншісі күнделікті, ағымды тірлікте пайдаланылады. Бұлар қарапайым саздан жасалды жэне ұзақ уақыт сақталмайды. Екіншілері — ұзақ сақталатын саз кітапшалар. Олар отқа күйдіріліп, ғибадатхана мұрағаттарына жіберілген. Міне, осындай алғашқы саз кітаптар б.д.д. IV мыңжылдық соңы мен III мыңжылдық басында пайда болса да, күні кеше ғана жазылғандай эсер қалдырады.
Күрделі жазу өнерін үйрету мектептер мен оқытушының болу-ын талап етті. Осыдан шумерлердің баршаға танымал болған «эдуб-тар» (сына жазулар үйі) мектебі өмірге келеді.
Көшірмешілік білім отбасында, экеден балаға мирас болса да, жазу өнерін игергендердің басым бөлігі мектептерде оқиды. Уақыт өте келе, Қосөзен аймағына орналасқан барлық елде шумерлер үлгісінде пайда болған мектептер мемлекет пен ғибадатханалар үшін мамандар дайындаған. Білім беру мен мэдениет орталықтарына айналған мектеп тэрбиесіне діни білім беретін пэндер кірмей, онда, негізінен, шумерлер тілі жэне эдебиеті оқытылғанын тарихи дэуір мэтіндері көрсетеді.
Оқушылар емле, математика, астрономия, құқық, емдеу білімдерін алған. Мектеп өмірі білім, кеңес беретін сипатта дамыған. Дегенмен, мүнда оқушы мен оқытушыға қатысты мысқыл, эжуа да кездеседі. Мысалы, «Бүзақы үл туралы» атты шығармада экесі жалқау үлын көше кезіп сенделмей, жақсы оқушылардан үлгі алуға, ынта қойып білім алуға үгіттейді. Нашар үлгерімі үшін мектепте жиі жазаға тартылған баланың өтініші бойынша экесі мүғалімді көңілдендіру мақсатында қонаққа шақырады. Құрметті орынға отырғызып, бар дэмді тағамын қояды жэне бағалы сыйлық береді. Осыдан кейін оқытушы баланы қабілетті, ынталы оқушы ретінде мақтай бастайды.
Қала орындарына қазба жүмыстарының жүргізілуі жэне шумерлердің жазба деректері сырының ашылуы олардың өркениет дамуының алғашқы сатысында тұрған, мэдениеті дамыған халық болғанын көрсетті. Шумерлер тарих сахнасынан кеткенімен, олардың мэдениет саласындағы қол жеткізген табыстары ізсіз қалған жоқ. Мысалы, шумер жазу өнерін, шумер тілін оны жаулап алушы ассириялықтар мен вавилондықтар қабылдады. Д. Веллард шумер тілі Вавилонда барлық мақсатта қолданылғандықтан, оның қүқық, дін жэне халықаралық қатынастар тілі болғанынан дерек береді [43]. Сыры ашылған сына жазулар — «саз кітаптардың» бірінде: «Кім де кім осы саз кітаптарды алып кетер болса, соған Аіншур мен Бел-лит кэрін төксін. Оның өзінің жэне мұрагерлерінің аты бұл елде ұмытылсын», — деген, тарихи дэуірдің өктем сөзі жазылған. Әрине, Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың қатал ескертпесі О. Тихсен, Ф. Мюнтер, Г. Гротофенд, Г. Роулинсон сияқты зерттеушілерді сескендірді деп айта алмаймыз. Біз бұл адамдардың сына жазу-лар сырын ашқанын, саз кітапшалардың даналық мазмұнымен таныстырғанын мойындаймыз. Жазылуы мен оқылуы өте күрделі бұл деректер сол тарихи дэуір тұлғаларына да үлкен қиындықтар туғызған. Өзінің осы жазу өнерін игергенін және оқи да алатынын мақтаныш қылған Ашшурбанипал патша: «Мен, Ашшурбанипал патша, Набудың (Набу — ғылым мен жазу құдайы) даналығына қол жеткіздім. Барлық шебердің білімін, көшірмешілердің күллі өнерін, олар қанша болса да, игердім… Жазу өнерінің қүпия сырларын білдім», — дейді.
Мэдениет жетістіктеріне қол жеткізген Қосөзеннің ежелгі түрғындары — шумерлер жазу өнерін игеру үшін қандай зат қолайлы, нені қолдану керектігі жайлы бүрыннан ізденген. «Саз кітапшалар» таңдаудың сазға түскенін көрсетеді. Зерттеушілер ғасырлар бойы сақталған саз кітаптардың жасалу технологиясын былайша көрсетеді: өзен жағалауынан алынған сазды суға салып жібітіп, ері-теді; оған араласқан эртүрлі қоқыстар су бетіне қалқып шығып, та-стар су түбінде қалады; тас пен қоқыстан тазартылған саз су түбіне шөккен соң, суын төгеді; сосын тұнған таза сазды кептіріп, жазу үшін пайдаланатын болған.
Шумерлердің кім екені, Қосөзен аралығына қайдан келіп қоныстанғаны белгісіз болса да, қалдырған жазба деректерінде олардың қандай өмір салтын үстанғаны, сенім нысандары, билік жүйесі жайлы мэліметтер жеткілікті.
Қосөзен мэдениеті деректерінің сырын ашу оңайға түспейді, зерттеу жүмыстары үзаққа созылады. Жазу өнерінің бір таңбасы бір буынды жэне түтас сөзді ғана білдіріп қоймай, сол таңба бірнеше буын мен бірнеше сөзді де берген. Мысал үшін, «р» ды-бысы бар буын дауысты дыбыспен байланысуына орай (ра, ар, ри, ру, ур деп), түрлі таңбамен беріледі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.