Шыңғыс хан және Алтын Орда заманы

Home » Рефераттар » Шыңғыс хан және Алтын Орда заманы
Рефераттар Комментариев нет

Мемлекет және құқық туралы Еуразия көшпелілерінің түсініктеріне іргелі өзгерістерді Шыңғыс хан заманы енгізді. Бірақ зерттеушілер Шыңғыс ханның көшпелілерге енгізген тәртібі өзіне дейінгі дәстүрге сүйеніп жасалғанын ескертеді: «Таким образом очевидно, что Чингис — хан собрал все имеющиеся да него изустные законы, и этот то законодательный акт и составил «Великую Ясу». Ресейлік зерттеушілердің «Великая Яса» дегені қазақ халқында «Жасақ» деген атпен белгілі. Жалпы осы сөздің қолданылу аясы оның көбінесе әскери — жаугершілік уақытқа ыңғайланған заңдардың жинағы екенін көрсетеді. Шыңғыс ханның «Яса», немесе «Жасақ» заңдарының мәтіні толықтай жиналған жоқ, дегенмен Джувейни, Макризи, Хондемир сияқты араб — парсы тарихшыларынан бірсыпыра деректерді кездестіреміз. Ата — Мелик Джувейни «мұңғыл — татарда өзінде жазу — сызу болмағандықтан, балалар сауаттылыққа үйренсін деп Шыңғыс ұйғырдың ұстаздарын келтірді» дейді. Сонымен бірге «Жасақ» бойынша: «Мемлекет басының әр түрлі жарлықтары хатқа түсірілсін және әр түрлі құрылтай кезінде басшылыққа алынсын (әсіресе бір жорық жасарда, көрші елдерді бағындырады делінеді. «Жасақ» барлық діндерді қатар ұстауды талап етеді. Себебі Джувейнидің жазуына қарағанда Шыңғыс тұқымы «өздері ешқандай да бір дінге сенім білдірмейді». Мемлекеттік құрылысты нығайту үшін Шыңғыс хан түрік дәуірінен қалған әскери — әкімшілік жүйе «ондықты» пайдаланды. Ол үшін әр он адамның ішінен басшы сайлатып, оны жүздің ішіне, жүзді мыңның ішіне мықтап енгізді. Онмыңдықты түркі дәстүрімен «түмен» атады. Әр адам өз ондығына жауап беретін қылды, олардың ішінен бір адам қашса, қылмыс істесе қалған тоғызы жауап беретін қылды. Ұлы империяның бір шеті мен екінші шетін байланыстыратын сауда және керуен жолдарын, хат — хабар қызметін реттеді. Ұзын жолдардың бойына жәмші ашып, ол жерде жолаушы дем алып, ат ауыстыратын, ас — ауқат ішіп алатын мүмкіндік жасады. Осындай шаралардың арқасында мемлекеттік билік күшейіп, жергілікті келте билеушілердің менмендігі тыйылды. Кең байтақ империя ішінде бейбіт тәртіп қалыптасты. «Жасақ» өзіне дейінгі рулық — көсемдік билік жүйесіне аса күшті соққы берді. Әлі күнге Шыңғыс жазасының толық нұсқасы жоқ, бірақ қағанның көзі тірісінде айтқандары ереже болып қалған:

  1. I. Шыңғыс бұдан әрі айтады: Менің өсиетімді тыңдауға жылдың басы мен аяғында келген түмен, мың, жүз басы бектері еліне қайтарда әскерін басқаруға рұқсат, ал енді жұрттарында отырып, біздің алдымызға келмегендер үлкен суға түскен тас, қалың қамысқа түсіп жоғалып кеткен оқ сияқты. Ондай адамдар бастық бола алмайды.

II Әркім, өзінің отбасын дұрыс бастаса, өз иелігін де анық жолмен жетелейді: 10 адамды жақсылып басқарған, орналастырған әркімге 1000, немесе түменді сеніп тапсыруға болады.

III. Әркім өзінің ішін таза ұстаса, өз иелігінен ұрыны тыя алады.

  1. IV. Өз ондығының қамын ойламаған әрбір бекті әйелімен, балаларымен кінәлі деп санап, оның орнына сол ондықтан басқа адамды сайлаймыз. Түмен, мың, жүз басыларымен де солай жасаймыз.
  2. V. Әркім өзінен жоғарыға барғанда, оның сұрағанын тосу керек, сонда сұраққа сәйкес жауап берсін. Бірінші сөйлесе оны естісе жақсы, әйтпесе суық темірді суарған сияқты.
  3. VI. Аға бектер, әрбір жауынгер аңшылық кезіндегідей соғыста да ұран шақырып, белгілерін тақсын, атымен атағын марапаттасын.

VII. Ел ішінде үндемес, ұғымды бұзаудай бол, ал соғыс кезінде айғаймен өз жауына ұмтылатын аш құрсак, сұңқардай бол.

VIII.   Әр істе байыпты және шешімді бол.

  1. IX. Шөлге шыдамсыз, ашқарақ адамға әскер басқартуға болмайды: жолға есеппен шығатын, әскерін аштық пен шөлден, төрт аяқтысын арықтаудан сақтайтын басшы дұрыс.

Х.Әскер бектері ұлдарды садақ атуға, атқа мінуге үйретіп, осы өнермен жаттықтырып, оларды ержүрек, батыр қылып тәрбиелеу керек.

  1. XI. Егер біздің рудан біреу «Жазаны» бір рет бұзса, оған ақыл айту керек, егер тағы қайталаса ұрысқан жөн, үшінші рет Балджиун — Құлжыр сияқты алыс жерге жіберу керек: ол жерден түзеліп келеді. Егер жөнделмесе кісен салып, отыргыз. Оған жөнделсе жақсы, ал жөнделмесе ру болып ақылдасып шешкен жөн.

XII. Түмен, мың, жуз басылар әр жолы өзінің әскерін дайын, тәртіпті ұстау керек, себебі қай уақытта болмасын күн демей, түн демей атқа қонып бұйрық пен жарлықты орындауға тура келеді».

«Шыңғыс өзінің жарлықтарымен Жасақ деп аталатын кітап қалдырды, — деп жазады араб саяхатшысы Ибн Баттута 1350 жылдары. Кімде — кім «Жасақтың» ережесін қолдамаса, орындамаса орнынан алынады. Жасақтың талабы бойынша, олар жылына бір рет жиналады, оны той немесе мереке деп атайды. Жер шарының әр қиырынан Шыңғыстың тұқымдары, әмірлері, қатындарымен әскер басылары бас қосады. Егер сұлтан Шыңғыстың ережелерін бұзса, басқалары орнынан тұрып: «Сен осы тәртіпті бұздың, мынаны былай істедің, сол себептен сені орныңнан аламыз, тайдырамыз биліктен» деп оны қолынан ұстап тақтан түсіреді де, Шыңғыстың тұқымынан өзге адамды отырғызады. Ал белгілі әмірлердің бірі ережені бұзса қылмысына қарай сол елдің өз ішінде жазасын береді. Сұлтан Тармашырын бұл Жасақты өз елінде жойған еді. Ел бір жағынан соған, бір жағынан Тармашырынның шығыс аймаққа (Жетісу) келмегеніне өкпелі еді. Сол себептен төртінші жыл дегенде Алмалық қаласында Бұзан оғланды ақ киізге салып хан көтеріп, Тармашырынды биліктен аластады. Бұған оғлан қалың әскермен Самарқанд пен Бұқараға келіп өз иеліктерін түгендеп, Тармашырынды өлтірді». Ибн-Баттута заманында Хорезм/Үргеніш/ өлкесінде билік басында Құтлық Темір деген Өзбек ханының жиені отырды. Билік және құқық жүйесі Алтын Ордаға ортақ көшпелілердің заңдарына, Шыңғыстың «Жасағына» негізделген. Осы жерден біз алғаш рет «Жарғы», «жарғышы» — деген ұғымдарды кездестіре бастаймыз. «Әмірдің орнатқан тәртібі бойынша қади хан сарайына күнде келіп, адамдарды қабылдайтын бөлмедегі өзінің тиеслі орнына отырады, онымен бірге факихтер мен хатшыларға орын бөлінген. Оларға қарама — қарсы ең атақты әмірлердің бірі және онымен бірге түріктің сегіз аға әмірлері мен шайқы /билер/отырады — «жарғышы» деп аталған. Адамдар оларға өздерінің дау — шарын, арызын айтып келеді. Егер іс шариатқа қатысты болса, шешімді қади шығарады, ал басқа даулар бойынша әмірлер билік айтады. Олардың билігі нақты, әділ, себебі олар біреуге жақтасып, біреудің сөзін сөйлеп өздеріне күмән туғызбайды, пара алмайды», — дейді ибн -Баттута. «Біз жоғарыда айтқандай, түріктердің ішінде жылқы ұрлаған адамға билер малдын өз басын қайтартып, оған тоғыз айып салады. Егер малы болмаса, онда баласын алады. Ал баласы да болмаса өзін қойдай бауыздайды. Адамдар аттарының аяғына таңба салып, малдарын бақташысыз — ақ далаға жібереді». Шыңғыс заманында елдің тәртібін қатаң ұстайтын жаугершілік заңдар күшейіп, жау әскерінен қорқу, қашу үлкен қылмыс саналатын, сүйекке таңба деп есептелінетін еді. Оның бір жарқын мысалын Жошының өмірбаянынан кездестіреміз. 1216 жылы меркіт пен найман елдерін қуа келген Жошы Ырғыз — Торғай даласында Хорезм шах әскерлерімен жолықты. «Құпия шежіре» баяндайды: «Жошы хан Сұлтан Мұхаммедтің қуып жететінін көріп, бектерімен ақылдасты. Олар: «Шыңғыс хан бізді Сұлтан Мұхаммедпен соғысуға жіберген жоқ, шап деген елін шаптық. Жау көп, біз азбыз, сондықтан біз жүре берейік, егер бізді қуып, азғана әскер жетсе, онымен соғысайық» деді. Сонда Жошы тұрып: «Ертен елге барғанда әкеме, ағаларыма не айтамын? Алыстан жауды көріп қаштық деймін бе?» деді де, бектерінің сөзін тыңдамай, жаумен соғысуға дайындалды. Жошы хан алдыңғы әскермен Сұлтан Мұхаммед әскеріне қарсы шабуыл жасап, тушыға дейін жетіп, Сұлтан Мұхаммедтің қалқанын үш рет шапты. Шах әскері шегінуге жақын еді…».

Хорезм шахтың жүрегіне мәңгі жазылмас үрей салып кеткен соғыс осылай көзсіз ерліктің арқасында болған еді. Тәуелсіздікті аңсаған елге мемлекет құру үшін де ел намысы деп басын өлімге қиятын ерлер қажет болады. Еуразия тарихына «Жошы ұлысы», немесе Алтын Орда деген атақпен енген ұлыс та ерлік жолын тұтынған азаматтардың қажыр — қайратымен құрылды. Қазақ сахарасында өмірге келген бұл ірі мемлекеттік құрылым осы кезеңге дейін жинақталған әдет — ғұрып заңдарына, одан қалды соның құнарлы бөлігі «Жасаққа» сүйенді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.