Шымкент мұнай өңдеу зауыты

Главная » Рефераттар » Шымкент мұнай өңдеу зауыты

Петро Қазақстан Ойл Продактс (Шымкент мұнай өңдеу зауыты). Шымкенттың мұнай өңдеу кешенінің құрылысы 1972 жылы басталды. Бір жылдан кейін стандартты емес жабдықтар цехы салынып бітті. Бұдан кейін зауыттың құрылыс жұмыстары баяулап қалды, ал зауыттың негізгіцехы болып табылатын ЛК-6У цехның қурылысы уақытша тоқтатылды. Құрылыс жұмыстары 1976 жылы ғана қайтадан жанданды, сөйтіп қосымша цехтарды тұрғызу жұмыстары басталды.

1984 жылдың желтоқсан айында зауыттың 100-ші секциясы (ЭЛОУ-АТ), яки ЛК-6У қондырғысы іске қосылды. 1985 жылдың тамыз айында тағы да екі секция — 200-ші секция (катализдік реформингтеу) және 300/1,300/2-ші секция (дизельдік отынды гидротазалау және крекингтеу) — өндіріске берілді. Сол жылы күкірт өндіру қондырғысы іске қосылды. 1986 жылдың қаңтар айында 400-ші секция (газдық фракциялау қондырғысы) іске қосылды. Осы кезден бастап зауыт толық сулба бойынша жұмыс істей бастады, сөйтіп қуатын жылына 6 млн. тоннаға жеткізді.

.

1987 жылы екі жаңа қондырғының қурылысы басталды, олар — қуаты жылына 3,8 млн. тонналық мазутты вакуумдық айдау қондырғысы (УВПМ) (бул қондырғы өндіріске 1992 жылы берілді) және өндірістік қуаты жылына 600 мың тонналық баяу кокстау қондырғысы (УКЗ).

.

1989 жылдан бастап мұнайды тереңірек өңдеуді және мұнайдың ашықтүсті өнімдерін көбірек өндіруді қамтамасыз ету мақсатында өндірістік қуаты жылына 2 млн. тонналық Г-43/107М катализдік крекингтеу кешенінің құрылысы басталды.

Зауыт Батыс Сібір кенорындарынан Омбы-Павлодар-Шымкент арналық құбыры арқылы жеткізілген батыссібірлік шикі мұнайды өңдеуге жобаланған болатын Орталық Қазақстанның батысында Қумкөл кенорны ашылғаннан кейін осы кенорынның мұнайы да Шымкент зауытына жөнелтіле бастады, сөйтіп осы зауытта батыссібірлік мұнаймен қоспа түрінде өңделетін болды. Құмкөл шикізаты жеңілдеу және парафині жоғары. 1999 жылдан бастап Петро Қазақстан Ойл Продактс толығымен Құмкөл мұнайына өңдеуге көшті.

Шикізаттың өзгеруіне байланысты өндірісті де техникалық тұрғыдан қайта жарақтау қажет болды, сондықтан мынадай шаралар іске асырылды:

  • бензинді риформингтеу қондырғысын қайтадан жарақтау;
  • реакторлардың катализаторларын және ішкі Құрылыс белшектерін, «Пакинкос» жылу алмастыру қондырғысын алмастыру және процестің қысымын азайту;
  • дизельдік отынды гидротазалау қондырғысын катализдік парафинсіздендіруге лайықтап қайтадан жарақтау;
  • авиациялық отынды гидротазалау қондырғысын керосиндік фракцияны парафин сіздендіруге лайықтап қайтадан жарақтау;
  • К-102 атмосфералық тізбекті қайтадан жарақтау;
  • төртінші фракцияны, яки ауыр дизельдік фракцияны тізбектен шығару және осы тізбектің ішкі құрылысын өзгерту;
  • баяукокстау қондырғысын термикалық крекингке лайықтап қайтадан жарақтау;
  • бу жоне ыстық су шығаратын қазандық тұрғызу .

Тарихы

1985 жылы тұрғызылған Шымкент мұнай өңдеу зауыты республикадағы ең жаңа зауыт болып табылады. Зауытта Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты шығаратын мұнай өнімдерінің қазіргі көлемінің шамамен 30%-ы қайта өңделеді. Шымкент МӨЗ – бұл Қазақстанның оңтүстігінде, республиканың халық ең тығыз қоныстанған бөлігінде орналасқан мұнай өңдейтін бірден бір зауыт. Осы кәсіпорынынң қолайлы географиялық орналасуын және жоғары техникалық мүмкіндіктерін есепке алса, ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін онда барлық алғышарттар бар. Шымкент МӨЗ-ның жобалық қуаттылығы жылына 5,25 млн тонна немесе шамамен 40,65 млн баррель мұнайды құрайды. Зауыт ПҚҚР компаниясы мен үшінші тараптардың мұнайын қайта өңдеп, толлинг негізінде жұмыс істейді. Мұнай өнімдерінің сұрыпталымына бензиннің түрлі сұрыптары (Aи-80, Aи-92 және Aи-96), дизельдік отын, авиациялық керосин, сұйылтылған газ, вакуумдық газойль мен мазуткіреді. Кәсіпқой әрі жоғары технологиялық өңдеу үрдісін қолданудың әрі Құмкөл мұнайының айрықша жоғары сапасының нәтижесінде, «ПетроҚазақстан» компаниясының өнімдерінің сапасы жоғары болып келеді. 2010 жылы МӨЗ мұнай өңдеу көлемі 4,58 млн тоннаға жетіп (жоспар бойынша 4,1 млн тонна), бұл өткен жылдың көрсеткішін (көлемі 4 млн тонна болғанда) айтарлықтай арттырған.

Компанияда сертификаттау аудиті өткізілді, оның шеңберінде біріктірілген менеджмент жүйелерінің ИСО 14001:2004 стандартының талаптарына және экологиялық менеджмент жүйесі бойынша Нұсқаулықта, құжаттандырылған рәсімдерде және басқа да басшылыққа алынатын құжаттарда келтірілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жұмыс істеуі тексерілді. Аудитпен кәсіпорынның аудит жүргізу жоспарында көрсетілген барлық бөлімшелері: мұнайды қабылдау, сақтау, қайта өңдеу, мұнай өнімдерін шығару бөлімшелері қамтылды. Аудит жүргізу барысында өндірістік қызметтің техникалық және экологиялық қырлары, сондай-ақ экологиялық заңнаманың, нормативтік ұйғарымдардың және басқа да негізге алынатын құжаттардың тиісті талаптары ескерілді. Соңында аудиторлар командасы ISO 14001:2004 талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін ендіру бойынша кәсіпорынның атқарған қызметіне оңды баға берді. Экологиялық көрсеткіштер мониторингі мен операциялық бақылаудың жақсы ұйымдастырылғаны, зауыт зертханасының тамаша жұмысы, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, құю-қотару эстакадасының тамаша күйде екені, зауыттың тазартқыш құрылыстарын жұмыс күйінде ұстау және оларды ағындысыз жүйені ендіру мақсатында қайта құру бойынша атқарылған жұмыстар айрықша атап өтілді.

Мұнайды өндіріп, және жоғары сапалы мұнай өнімдерінің кең ауқымды сұрыпталымын шығара отырып, «ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің өнімдерін Қазақстанда да, сондай-ақ республикадан тысқары жерлерде де сатып өткізеді. Құмкөл мұнайы халықаралық нарықта жоғары бағаланады және сапасы жағынан халықаралық «Брент» мұнай эталонына сай келеді.

2006 жылдың шілде айынан бері, «Қазақстан-Қытай құбыр жолы» (ҚҚҚ) «Атасу – Алашанькоу» іске қосылғаннан бастап, «ПетроҚазақстанның» мұнайы Қытай Халық Республикасына жеткізіледі. Бүгінгі таңда ҚҚҚ экономикалық тұрғыдан неғұрлым мақсатқа сай тасымалдау бағдары болып табылады. 2009 жылы ҚҚҚ жүйесі арқылы Қытайға жылына 2,7 млн тонна мұнай жеткізілді, бұл компанияның барлық мұнай экспортының 100%-ын дерлік құрады. 2010 жылдың 1-ші жартысында ҚҚҚ арқылы 1,5 млн тонна мұнай жеткізілді, бұл 2009 жылғы тиісті кезеңнің деңгейінен 13%-ға асты.

Компанияның сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалының құбыр өткізгіш жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар, ол арқылы мұнай ПҚОП, Шымкент мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін тасымалданады. Шымкент мұнай өңдеу зауытында компания жылына 2 млн тоннаға жуық мұнайды қайта өңдейді де, содан кейін мұнайды қайта өңдеудің бензин, дизельдік отын, отындық мазут, авиациялық керосин, вакуумдық газойль және сұйылтылған көмірсутекті газ (СКСГ) сияқты өнімдерін сатып өткізеді. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 4 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері тиеп жөнелтіледі. СКСГ мұнай өңдеу зауытынан және «Ақшабұлақ» кен орнынан Орталық Азия, Шығыс және Батыс Еуропа елдеріне, сондай-ақ ішкі нарыққа жеткізіледі.

Мұнай өнімдері маркетингінің басым бағыттары ішкі нарық, атап айтқанда, елдің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары сияқты халық тығыз қоныстанған аймақтары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы мен Астана қалалары болып табылады, бұл мұнай өнімдерін жалпы сатып өткізу көлемінің 70%-ын құрайды. Компанияға меншікті және жалға алынған парктің 2240 дана вагон-цистерна тиесілі.

Компанияның мұнай өнімдерін Қазақстанда тұтынатындар ірі және ұсақ автомай құю бекеттері (АҚБ) мен АҚБ желілерінің иелері, әуежайлар, отын-энергетикалық, газ компаниялары, зауыттар, көлік-тасымалдау ұйымдары, фермерлік қожалықтар болып табылады. Экспортқа негізінен мұнай өңдеу зауыттарына арналған вакуумдық газойль және тұрмыстық мақсаттарға, сондай-ақ мұнай химиясына арналған сұйылтылған газ сатып өткізіледі. Экспортқа вакуумдық газойльді экспортқа шығару негізінен Шығыс Еуропаға, ал сұйылтылған газды экспорттау – Орталық Азия елдеріне жүзеге асырылады.

Еліміздегі мұнай өнімдері өндірісінің жалпы көлемінің үштен бірінен астамы Шымкент мұнай өңдеу зауытының еншісінде. «Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС бензин мен дизельдік отынның бірнеше маркасын, мазут, реактивтік отын мен сұйылтылған газ шығарады. Бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорнының вице-президенті Азамат Әкішев кәсіпорын өз ресурстарын әзірше толық қуатымен пайдаланбай келе жатыр деп санайды. Ол соңғы он екі жыл бойы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеп келеді, сондықтан мұнай өнімдері нарығын жақсы біледі. Сөз арасында, бүгін Азамат Нұрдәулетұлы өзінің елу жылдық мерейтойын атап өтеді, алайда біздің кездесуімізге себеп болған – зауытты жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама, оны іске асыру қажет екені туралы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы айтқан болатын.

Біздің зауыт өнімдерді жеткізу тұрғысынан алғанда Қазақстанның ең бір тұрақты мұнай өңдеуші кәсіпорны болып табылады. Өткен жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында 4 308 190 млн тонна мұнай қайта өңделді. Өсу серпіні түсінікті болуы үшін, мұның осының алдындағы жылға қарағанда ширек миллион тоннаға артық екенін айтайын. Алдымызда ашық түсті мұнай өнімдерін шығару көлемін арттыру міндеті тұр. Ол үшін зауытта жаңа техникалық жағдайлар (стандарттар) әзірленді, ал өткен жылғы мамыр айынан бастап жаздық дизельдік отынның жаңа ДТЛ + -5 маркасының өндірісі игеріліп, сертификатталды. Бұл жаз айларында дизельдік отынды шығаруды арттыру есебінен ашық түсті мұнай өнімдерін шығару бойынша зауыттың көрсеткіштерін жақсартты, сондай-ақ әсіресе егіс кезеңінде жанар материалдардың осы түріне деген артып келе жатқан мұқтаждықты қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Зауыт сондай-ақ экологиялық менеджменттің ең озық талаптарына және нормаларына сәйкес жұмыс істей алатынын табысты дәлелдеді. Тиісті халықаралық аудит жүргізілгеннен кейін, 2008 жылы мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау секілді қызмет түрлерін қамтитын ұйымдастырушылық құрылымның ISO 14001:2004 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес әрекет ететінін куәландыратын сертификат берілді. Сондай-ақ технологиялық процессті бақылауды жетілдіруге бет алған зауытта тағы бір маңызды жаңалық: «Сигма-файн» (Sigma-Fine) кешенді компьютерлік жүйесін іске қосу аяқталып қалғанын айта кеткім келеді. Бұл жүйе мұнай және мұнай өнімдерінің материалдық балансын есептеп шығаруға, және де кез келген уақыт кезеңі үшін тораптар, қондырғылар, цех пен зауыт бойынша бөлек есептеп шығаруға арналған.

Солай болғанымен, бізде түйінді мәселелер де бар. Зауыт елдегі үш мұнай өңдеу зауытының арасындағы ең «жас зауыт» екеніне қарамастан, қысқартылған тәсім бойынша жұмыс істейді де, мұнайды қайта өңдеу тереңдігі жағынан Павлодардың мұнай өңдеу зауытынан кем түседі. Мұның негізгі себебі – баяу кокстау мен катализдік крекинг қондырғыларының, яғни, ашық түсті мұнай өнімдерінің көбірек пайызын шығарып алуға мүмкіндік беретін екінші дәрежелі екі үрдістің технологиялық тізбекте болмауы.

Шымкент МӨЗ құрылысы 1972 жылы басталды, ал 1985 жылдың қаңтарында зауыт алғашқы өнімін берді, соңғы технологиялық қондырғы іске пайдалануға он жеті жыл бұрын енгізілді. Сондықтан зауыттың жабдығы ескірді және сапа стандарттарының талаптарына сәйкес өнімдер бере алмайды. Оны осыдан он жыл бұрын жаңарту керек еді. Кезінде зауытта катализаторлық крекинг қондырғысы іске пайдалануға қосылмағанына байланысты, ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру 62 пайыздан аспайды. Өздеріңіз қарап көріңіздер. Жуырда жанармай сапасын қадағалау жөніндегі халықаралық орталық (IFQC) әлемнің түрлі елдерінде жанармай сапасын зерттеу жұмысын жүргізді. Оның нәтижелері бойынша жасалған рейтингте Қазақстан 90-шы орын алды. Ал тізімде барлығы бір жүз позиция. Осы көрсеткіштер бойынша біз тіпті Өзбекстан мен Әзірбайжаннан кенже қалып отырмыз. Жоғары октанды бензиннің 35 пайызына дейін біз Ресейден әкелеміз. Егер біз жанармай тапшылығы мәселесін қазір шешпесек, онда болашақта импортшыларға түгелдей тәуелді Украинаның кебін киюіміз мүмкін. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында былай деп атап айтқаны кездейсоқ емес: «біз қолданыстағы келешегі мол инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды жалғастырамыз. Бұл ең алдымен – мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту». Жаңарту барысында біз бірнеше мақсатқа қол жеткізбекпіз. Олардың қатарында – ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді 62 пайыздан 85 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ мұнай химиясы өнімдерін – полипропилен, бензол және қарапайым күкірт өндірудің есебінен сұрыпталымды кеңейту. Басым бағыттардың қатарында сондай-ақ өндірілетін өнімдерді ЕВРО-4 стандарттарының талаптарының деңгейіне дейін көтеру және экологиялық параметрлердің сапасын жетілдіру ісі де бар. Зауыттың шикізат бойынша қуаты алты миллион тоннаға жетеді. Біз тиісті маркетингілік зерттеулер жүргіздік, жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отырған жаңарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде, ал содан кейін жобалық жұмыстар және тікелей қайта құрылмалаудың өзі басталады деген үміттеміз. Осы жылдың 14 мамырынан бастап ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009—2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіткенінің маңызы зор. Бұл құжаттың басты мақсаты – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұнай өңдеу саласын кешенді түрде дамыту.

.

1985 жылы тұрғызылған Шымкент мұнай өңдеу зауыты республикадағы ең жаңа зауыт болып табылады. Зауытта Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты шығаратын мұнай өнімдерінің қазіргі көлемінің шамамен 30%-ы қайта өңделеді. Шымкент МӨЗ – бұл Қазақстанның оңтүстігінде, республиканың халық ең тығыз қоныстанған бөлігінде орналасқан мұнай өңдейтін бірден бір зауыт. Осы кәсіпорынынң қолайлы географиялық орналасуын және жоғары техникалық мүмкіндіктерін есепке алса, ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін онда барлық алғышарттар бар. Шымкент МӨЗ-ның жобалық қуаттылығы жылына 5,25 млн тонна немесе шамамен 40,65 млн баррель мұнайды құрайды.

Зауыт ПҚҚР компаниясы мен үшінші тараптардың мұнайын қайта өңдеп, толлинг негізінде жұмыс істейді. Реттелмелі нарықта баға белгіленімінің ережелеріне сәйкес, ТМРА белгілеген шикі мұнайды қайта өңдеу бағасы (ҚБС, акциз жане басқа салықтар есебінсіз) тоннасына 11 453,82 теңге құрайды. Мұнай өнімдерінің сұрыпталымына бензиннің түрлі сұрыптары (Aи-80, Aи-92 және Aи-96), дизельдік отын, авиациялық керосин, сұйылтылған газ, вакуумдық газойль мен мазут кіреді. Кәсіпқой әрі жоғары технологиялық өңдеу үрдісін қолданудың әрі Құмкөл мұнайының айрықша жоғары сапасының нәтижесінде, «ПетроҚазақстан» компаниясының өнімдерінің сапасы жоғары болып келеді. 2010 жылы МӨЗ мұнай өңдеу көлемі 4,58 млн тоннаға жетіп (жоспар бойынша 4,1 млн тонна), бұл өткен жылдың көрсеткішін (көлемі 4 млн тонна болғанда) айтарлықтай арттырған.

Компанияда сертификаттау аудиті өткізілді, оның шеңберінде біріктірілген менеджмент жүйелерінің ИСО 14001:2004 стандартының талаптарына және экологиялық менеджмент жүйесі бойынша Нұсқаулықта, құжаттандырылған рәсімдерде және басқа да басшылыққа алынатын құжаттарда келтірілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жұмыс істеуі тексерілді. Аудитпен кәсіпорынның аудит жүргізу жоспарында көрсетілген барлық бөлімшелері: мұнайды  қабылдау, сақтау, қайта өңдеу, мұнай өнімдерін шығару бөлімшелері қамтылды. Аудит жүргізу барысында өндірістік қызметтің техникалық және экологиялық қырлары, сондай-ақ экологиялық заңнаманың, нормативтік ұйғарымдардың және басқа да негізге алынатын құжаттардың тиісті талаптары ескерілді. Соңында аудиторлар командасы ISO 14001:2004 талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін ендіру бойынша кәсіпорынның атқарған қызметіне оңды баға берді. Экологиялық көрсеткіштер мониторингі мен операциялық бақылаудың жақсы ұйымдастырылғаны, зауыт зертханасының тамаша жұмысы, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, құю-қотару эстакадасының тамаша күйде екені, зауыттың тазартқыш құрылыстарын жұмыс күйінде ұстау және оларды ағындысыз жүйені ендіру мақсатында қайта құру бойынша атқарылған жұмыстар айрықша атап өтілді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.