Шырша ағашы туралы

Главная » Рефераттар » Шырша ағашы туралы

Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. Шырша (лат. Pіcea) – қарағайтұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мəңгі жасыл ағаш. 15-20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады. Дүние жүзінде Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында өсетін 45 (кейбір деректерде 35-тен 50-ге дейін) түрі бар. Қазақстанда Солтүстік жəне Тянь-Шаньда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Алтайда таза шырша орманы ретінде өсетін 2 түрі: Сібіршыршасы жəне Шренк шыршасы бар.

Сібір шыршасы (Р. ovovata) – қос үйлі ағаш, биіктігі 30 м-ге дейін, бөрік басы өте сүйір, діңі түзу, бұтақ шоғыры қалың, жайқала өседі. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар. Қылтаны төрт қырлы, үшкір, 5-7, кейде 9-12 жыл бойы сақталады. Тұқымынан көбейеді. Сəуір-мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз-қыркүйекте піседі. Жемісі – дəнек. Көлеңке сүйгіш ағаш, 300-500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8-15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25-29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл жəне жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркəсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар, канифоль, сүрек сірке қышқылы алынады. Шыршаның ағашы көптеген құнды қасиеттерге ие. Ол керемет берік. 1917 жылға дейін бұл шыршаны құрылыс материалы ретінде пайдаланған. Одан Алматының тұрғын үйлері жəне қоғамдық ғимараттар салынған, оның ішінде атақты Кафедралды шіркеу де бар. Осы ескерткішті 70-ші жылдары қалпына келтіруде ХІХ ғасырдағы үйлердің бөренелері пайдаланылды – оларжақсы сақталған Тянь-Шань шыршасының ағашынан – музыкалық ішекті аспаптар: гитара, домбыра жасауда таптырмайтын бағалы материал.

Мəңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Осыған дəлел – Семей қаласындағы туберкулез диспансерінің қарағайлы орман арасында орналасуы. Зайсан аудананда ашылған Сары терек ауылында орналасқан демалыс санаторийі.

.

Шыршаның түрі өте көп. Оның ішінде қылқанының түсі көк, қызғылт, сарғыш жəне ашық жасыл түрлері көгалдандыруда үлкен қолданыста. Шығыс шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, кəдуілгі немесе еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50-ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулыаймақтарындабірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Тіпті соңғы уақытта жерге жайылып өсетін түрлері де елімізде жерсіндіріліп жатыр. Ботаника бағында олардың орны ерекше. Сондықтан сұрыпты, қылқаны көк немесе ашық жасыл түрлерін отырғызған абзал.

Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл жəне мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған. Шырша өнімінен қағаз жəне қатты қатырма қағаздар, целлюлоза, скипидар, канифоль майларын жəне ағаш сіркесін алады. Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы теріилеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал. Шыршаның барлық түрі күн көзін жақсы көреді. Сұрыпты түрлері жеңіл топырақты,ық жерлерде жақсы өседі. Жыл сайын сынған, майысқан бұтақтарын кесіп,реттеп отыру керек. Тұқымы жəне қалемшелеу арқылы көбейтіледі. Мектеп ауласын көгалдандыру үшін биіктігі 0,7-1 м деңгейіндегі дайын көшетін сатып алып отырғызған дұрыс.

.

Жаңа жылды шыршамен қарсы алу көшпелілер дəстүрі ме? Жаңа жылдың сəні болып табылатын мəңгі жасыл ағаш – шыршаның бүгінде əрбіріміздің үйімізде ойыншықтармен безендіріліп, төрден орын алғаны шындық. Табиғаттың сыйы, қысы-жазы бір түстен айнымайтын қылқан жапырақты ағашты сəндеп, Жаңа жылға дайындау желтоқсан айының екінші жартысынан-ақ қызу жүре бастайды. Ертеде, сонау қараңғы дəуірлерде, адамдар надандықтың салдарынан Құдай деп пұтқа табынғаны белгілі. Əркім өзі қалаған «құдайын» қолдан жасап алатын болған. Əсіресе, мəңгі жасыл қалпынан айнымайтын ағаштар адамдардың ерекше құрметін туғызып, құдайдың бейнесі ретінде қабылданды. Сонымен олар əуелде орманға барып, мəңгі жасыл ағашқа табынатын. Оған түрлі əшекейлер іліп, сəндеп қоятын болған.

Кейін келе шыршаны үйлеріне əкеліп, ошақ басындағы ең құрметті орын – төрге отырғызатын болды. Жылдар жылжып, заман өте келе бұл жаппай дəстүрге айналып, мəжусилердің өмір салтының ажырамас бөлігіне айналды. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды əшекейлі шыршамен қарсы алу дəстүрін ресейліктер 1700 жылы қаңтардың бірінде І Петрдің енгізгені, дəл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, І Петрдің өзі басқарған мейрамның таңғадейін созылғандығы туралы жазылады. Кеңес дəуірінде де жаңа жылерекше тойланатын… Желтоқсанның 25-і Исаның туған күні делініп, жаңа жылды Юлиан күнтізбесі бойынша тойлаған деген де дерек бар.

Тағы бір қызығы, бірқатар этнограф тарихшылар қыпшақтарда да шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады. Оған дəлел Мұрат Əжінің «Қыпшақтар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» атты тарау бар. Онда əуелде бұл мереке Құдайлар мен аруақтар мекені – жер шарының тура кіндігінде тіршілік ететін Жер-Судың құрметіне арналады. Тап сол маңда үнемі ақ сақалды Үлкен есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны ылғи қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көреді екен. Мұрат Əжінің дəлелдеуінше, ежелгі алтайлықтар шырша мерекесін 25 желтоқсанда, күннің түнді жеңгеніне орайластырып тойлаған екен. Тілек, дұғалары Тəңірінің құлағына шалынсын деген ниетпен, шыршаны үйлеріне əкеліп, оған неше түрлі əсем шүберектер байлапты. Сонан соң əлгі əсем шүберектермен көмкерілген шыршаны айнала би билеп, əн салатын болған. Егер дəл осылай болып, Жаңа жылды шыршамен қарсы алуды түркі халықтарының байырғы мейрамы деп санайтын болсақ, онда Еуропаға бұл мереке кейінірек келген болып шығады.

.

Мəңгі жасыл ағаштың қай ғасырда, қай заманда төрден орын ала бастағаны жайлы ешкім де бас қатырып ойланбайтыны белгілі. Белгілісі – Христостың туған күнімен сəйкес келетін Жаңа жылда жасыл шыршамыздың шамы жанып, ақ қайнарлар атылып, кейбіріміз Қыдырға балайтын Аяз атаның тəтті таратып, көңіліміздің айрықша көтерілетіні. Жаңа жыл қарсаңында шыршаға төнетін қауіп мықты. Сол себепті жыл сайын орман шаруашылығының мамандары облыс аймағындағы қарағайларды қатаң бақылауға алады. Биыл облысқа «Ойыл» орман шаруашылық мекемесінен шыршалар əкелінді. Облыстық орман жəне аңшылық аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, қылқан жапырақты қарағайларға мекемелер, балабақшалар, демалыс орындары тапсырыс береді.

Биыл да жылдағыдай қарағайды кесуге қатаң тыйымсалынып, бақылау жүруде. Желтоқсан айы басталысымен қалаға кірер жолдар мен базарларда, сауда орындарында тексеру жүре бастайды. Биыл жасыл ағашты жөнсіз кесіп, қолға түскендер əзірге жоқ. Мамандар өткен жылдарға қарағанда жайқалған қарағайларды отағандардың саны күрт төмендегенін айтып қуанады. Жалпы, қала бойынша бірнеше мекеме сырт жақтан арнайы шырша əкелумен айналысады. Олардың басым бөлігі мəңгі жасыл ағашты көршілес Ресей елінен əкеледі.

Бүгінде бір күндік қызықтың шырайын келтірер шыршалар қаладағы сауда нүктелерінде самсап тұр. Жұртшылық қалтасына қарай жасанды немесе кəдімгі қылқан жапырақты қарағайды сатып алып жатыр. Базар сөрелеріндегі шыршаның сапасы мен биіктігіне қарай бағалары да əр түрлі. Бұлардың қараңғы жерде жарық шашып тұратын түрлері қарапайым шыршаларға қарағанда едəуір қымбаттырақ. Орталық базардағы ең биік шыршаның құны 25 мың теңге тұрады. Ал ең қысқа 50- 60 сантиметрлік жасыл ағаш 1000-3000 теңгенің көлемінде. Саудагерлер бұрын бұл уақытта жылдам сатылып кететін жаңа жыл сəніне деген сұраныстың биыл аз екенін айтады. Олай болса, шыршаны қорғауға мен өзімнің дайындығымды білдіргім келеді. Жаңа жыл мерекесінде адамдар жасыл шыршаның орнына өз қолдарымен жасаған бұйымдармен бөлмелерін əшекейлесе екен тілегімді білдіремін.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.