Си тілінің қызметі және ерекшеліктері

Главная » Рефераттар » Си тілінің қызметі және ерекшеліктері

Си тілі — өрнектердің тиімді түрде пайдалануымен, заманауи басқару механизмдері және мәліметтер қорымен, көптеген операцияларды таңдай алу мінездемелерімен сипатталатын әмбебап программалау тілі. Бұл қандай да бір жеке қосымшаларға арнайы мамандандырылған тіл емес. Шек қоюлардың жоқ болуы және әмбебаптылық қасиеттері көптеген есептерді ыңғайлы және нәтижелі шешеге мүмкіндік береді. Си тілі 1972 жылы Bell Laboratoties фирмасының қызметкері Денис Ритчимен өңделген. Си тілі негізінен жүйелік бағдарламалауда, бағдарламалау тілдерін, операциондық жүйелерді, программа генераторларын, компиляторларды, текстік процессорларды өңдеуде қолданылады. Бұл тіл  жоғарғы және төмен деңгейді компьютер тілдерінің үйлесімділік мүмкіншіліктері  және бағдарламалардың тез орындалу жылдамдықтарының, нәтижелілігінің , тұтастығының арқасында жүйе програмисстері арасында аса беделді. Си тілін ассемблер тілінің жоғары жетілген түрі десек те болады. Бұл тіл – жүйелі программалауды дамытатын тіл. Си тілінің артықшылықтары: компьютерлік программалар нәтижелілігі, бейнелеу құралының үнемділігі. Бірақ бұл көрсеткіштер программаның оқылуын баяулатады. Си тілі заманауи компьютерлердің мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Си тілінде деректердің сандық және сандық емес өңдеулері бар кез — келген программалар жазуға болады. Си бағдарламалауды жаңадан үйренушілерге арналмаған, өйткені оны қолдану үшін  дағды мен тәжірибе керек. Си тілінің кемшіліктері. Онда мыналар жоқ: — енгізу – шығару массивтеріне дәреже тұрғызу операциясы; — параллельдік пооцесстер және олардың синхронизациясы; — массивтердің мүмкін болатын көрсеткіштері мәндерін бақылау.

Си программасының құрылымы қандай? Функция дегеніміз не? Си тіліндегі программа тізбектеліп берілген функциялар жиынынан тұрады. Нәтижесінде Си тіліндегі деректерді өңдеу тізбектелген функциялар түрінде болады. Си тіліндегі программа препроцессорлар директивасынан, глобальды айнымалыларды жариялаудан, бір басты функциядан (main) және бірнеше функциядан тұрады. лымымен сәйкес келеді. Ол функция тақырыбы және функция денесінен тұрады. Функция тақырыбында жақшалардың ішінде аттан кейін формальды параметрлер тізімі болуы мүмкін. Параметрлер болмаса да жақшалар жазыла береді. Функция денесінде деректерді хабарлау мен оларды өңдеу көрсетіледі. Ол фигуралы жақшаға алынған болады. Егер кейбір операциялар жиынтығын бірнеше рет орындауға (бастапқы берілгендерді жиі жаңадан енгізу) тура келсе, онда ішкі программа деп аталатын программалық модуль қалыптастыруға болады. Си тілінде ішкі программаның бір ғана түрі -функция -қолданылады.Ішкі программа -функциямен жұмыс істеу нәтижесінде, оның атымен байланысты кейбір мәндер қалыптасады. Сондықтан ішкі программаны анықтаған кезде, оның атының алдыңда, көрсеткіштің типі қойылады. Кейде, функцияны пайдаланудың логикасы, функцияның атымен байланысқан мәнді қалыптасуын қажет етпейді. Сонда типтің көрсеткіші ретінде void қызметші сөзі пайдаланады.Си тілінде функцияның анықталуын (хабарлануын) және оның сипатталуын білуіміз керек. Егер функцияның бары туралы хабарланса, онда қалған функциялар (main деп аталатын бас функцияны қоса) функцияда хабарлануы мІмкін. Бірақ та функцияны хабарлау жеткіліксіз. Оның толық мәтінің сипаттауымыз керек.    

 

Программаның басында пайдаланатын функциялардың анықталынуы берілген. Анықталуында параметрлердің типі және саны көрсетілген, бұл алдағы уақытта функцияны шақыру кезінде, әртүрлі қателерді (негізгі параметрлердің типімен санының сәйкес келмеуі) бақылауды қамтамасыз етеді. Содан кейін тұрақтылар сипатталады. Жалпы тұрақты функциядан тыс сипатталғандықтан, барлық функцияларға “көрініп“ тұр. Келесіде, әрдайым main деп аталатын бас функцияның тексті (сипатталуы) келеді. Программада мұндай функция — жалғыз және main функциясына назар аударып орындалады. Программаның текстінде main() кез келген жерінде орналасуы мүмкін. қарастырылған программада main() кейін үш функция сипатталған: берілгендерді енгізу, нәтижені есептеу және оны шығару.Inab функциясының орындалуының нәтижесі, оның атымен байланысты, бұл нәтиже пайдаланбайды, void типінің берілгені ретінде жүреді. Функцияның параметрлері, берілгендерді енгізетін орындарының адрестері болып табылады. Сондықтан кіретін параметрлер, float типті берілгендер сияқты анықталмайды. Ал, олар осы берілгендерге көрсеткіш түрінде анықталынады.Result () функциясы бастапқы берілгендер ретінде сандық мәндерді және float типті нәтижені шығарады. Функцияның атымен байланысты нәтижені беру үшін, return операторы пайдаланады. Outres () функциясы оның атымен байланысқан нәтижені шақыру “нүктесіне“ қайтармайды. Сондықтан бұл функция void типті болады.Функцияның анықталуы. Программада пайдаланатын функция анықталуы тиіс; басқаша айтқанда, олар “хабарланған“ болуы керек. Функцияның анықталуының екі тәсілі бар: классикалық және қазіргі «современный». Классикалық тәсіл функцияның атын және нәтижені шақыру нүктесіне қайтаратын типті ғана хабарлайды. Жоғарыда қарастырылған программада: void inab (); float result (); void outres ();

Мұнда параметрлердің саны, типтері туралы ешқандай информация жоқ. “Қазіргі заманғы“ тәсіл прототип деп аталатын хабарлануды пайдаланады. “Прототип“ термині функцияны хабарлау кезінде, параметрлер туралы информацияны қосу үшін пайдаланады. қарастырылған программада прототиптер, әрбір функцияның бірінші қатарын дәлме-дәл қайталайды. Жалпы жағдайда прототип мына форматқа бағынады: функция-аты типі (инф-парам-1, …, инф-парам-і,…);

мұндағы инф-парам-і- і-ші параметр туралы информация. Прототипті параметр туралы информация мына түрде көрсетіледі:1.тип  2.параметр-атының типі  3….  4. варианттың пайдалану параметрлері Өзгеруі мүмкін екендігін білдіреді. Прототиптерді қолдану, параметрлердің тапсырмаларының корректілі қойылмағандығына, компиляторға бақылау жауапкершілігін жІктейді.Функцияның сипатталуы. Си тіліндегі программалар — функциялар жиынтығы. Тұрақтылардың, берілгендер типінің және функцияның ішіндегі айнымалылардың сипатталуы (main ішіндегі жазылғанды қоса) тек осы функцияның  аралығында ғана орындалады. Си тілі бір функцияның екіншісіне енуін жібермейді. Scanf() функциясы. Интерактивті енгізу үшін пайдаланады. Функцияның жазылу түрі: scanf(форматтар қатары, адрес, адрес,..,адрес); Форматтар қатарында, printf() функцияның форматтар қатарындағы пайдаланылатын спецификациясының көптеген түрі пайдаланылады, атап айтқанда, %d, %f, %c және  %s — бүтін сандарды, нақты сандарды, сәйкес символдар және жолдық символдарды  көрсететін алаңдарды сипаттайды. Scanf() функциясы printf() функциясына қарағанда,  шығару тізімінде берілгендерді емес, олардың адрестерін көрсетуін қажет етеді. Мысалы: (а және b жадысында “ұяшығында“ екі бүтін санды енгіз): scanf(«%d%d»,&a,&b);

«&» операция белгісі scanf() функциясына a және b жадысының ұяшықтар адресін беруін көрсетеді. Scanf() функциясын енгізу үшін пайдаланған кезде, кезекті символ пробел болған кезде, жолды енгізу аяқталынады.Gets() getch() функциялары. Gets() функциясы пробелі бар, символдық жолды енгізуге мүмкіндік береді. Gets() функциясын пайдаланған кезде,  «Енгізу» пернесі басылғанға дейін енгізуді жалғастырамыз. Getch() функциясы клавиатурадан жалғыз символды, экранға бейнелеуінсіз енгізу үшін пайдаланады. Бұл функция параметр (аргумент) тапсырмасын қажет етпейді және char типті мәнді қабылдайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.