Сиқыршылық

Главная » Рефераттар » Сиқыршылық

Жер бетінде бір-бірінен ерекшеленетін әдет-ғұрпы, салт-санасы және бір тәңіріне байланысты сенім мен танымы болғаны мәлім. Сол сияқты сиқыршылық та адамзат тарихында көнеден тамырланып, жалғасып келе жаткан «әдеп-ғұрып» десе де артық емес. Ал сиқыршылық Құран Кәрімде анық көрсетілгендей ең үлкен күнәлардың қатарына жатады. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын көне Үнді елінде, Бабыл мен Мысыр, Греция мен Рим, Австралия мен Африкада. Шотландияда тарап, қанатын жайса, кейін біртіндеп жер бетіндегі басқа елдерге де тарай бастады. Қытай, Еуропа мен Ресей, Орта Азия елдеріне де тараған, бұл жат «өнер» саласы Қазақ елін де аттап кете алмады. Сиқыршылык тума қасиет болуы мүмкін. Содан да болар, қазір табиғи және кәсіби сиқыршылар ортамызда бізбен бірге өмір сүруде. Ал табиғи немесе арнайы құпия-сиқырлық мектебінен өткендер көбінесе ашық түрде көріне бермейді. Құпияларын жасырын ұстайды. Өзінің басты сиқырлык қасиетін ол өзінің ұрпағына немесе өзі сүйген адамға өлер апдында қалдыруға тырысады. Сиқыршы ұрпақсыз болса, оның жанының шығуы ұзаққа созылып, өзінің мұрагерін күтеді. Осындай бір жағдай Ресейде болды. Сиқыршыға жұрт жақындаудан бас тартады. Бірақ, оның жаны шықпай қиналып жатып алады. Бір уақытта ол үйге кіріп қарап тұрған жеті жасар қызды шақырып, ол жакындағанда қызды ұстай алады да, о дүниеге аттанып кете береді. Сол сәттен бастап әлгі қызда сиқыршылық пайда болады. Мысыр елінің патшасы Перғауынның кезінде сиқыршылық өте жоғары дәрежеде дамиды. Олар халыққа тыныштық бермей, Жаратушысын танымай, ойына келгендерін істейді. Әрине, бұл сиқыршылық арам ойлы, мінезі бұзык, қатал әрі опасыз зұлымдар тобынан еді. Сондыктан да болар әр елдің сиқыршылары өздерінің игерген сиқырлық «өнеріне» қарай құпиялы оқу арқылы адам бейнесін құмға, тасқа, қағазға сызып елестетіп, оны сиқырладым, ой арқылы денесін бөлшектедім мына мүшесін алдым, ол есінен ауысты дей келе, сызған бейнесін ойы арқылы тілгілеп, өмір бітті деп немесе басқа тұлғаға етті деп сиқыршылар ойларын іске асырған. Ал кәсіби сикыршылар өзінің ойын көбінесе ел алдында ашық түрде жүзеге асырады. Олардан халық өте қауіптенбейді де. Олар өздерінің сиқырлық «өнерін» көбінесе өте тез әрі шебер орындайды, көбіне техникалық әдістерге сүйенеді. Бұл жағын сіздер цирк әртістерінің және басқа есепте тұратын «кәсіби» сиқыршылардын ел алдында көрсететін өнерінен көріп келесіздер. Сиқыршылық қасиетін көбінесе талқандау, қырып-жою, есеңгірету, қаңғырту, бөлшектеу мақсатында пайдаланатын улы куат иелері де бар. Олардың «Ойша меңгеріп, ойша бағыттаймын», — деп мақтан ететіні сондықтан. Сиқыршылар кара рухтардың немесе көрінбейтін кері күштердің (пері, жын, шайтан) әсерімен сау адамның рухын байлайды. Қара күштер болса, сиқыршының қатал әсерімен адам организміне еніп алады. Адамды азғындап, өз дегендеріне көндіреді. Сиқыршылар кара рухтардың немесе көрінбейтін кері күштердің (пері, жын, шайтан) әсерімен сау адамның рухын байлайды. Қара күштер болса, сиқыршының қатал әсерімен адам организміне еніп алады. Адамды азғындап, өз дегендеріне көндіреді. Әрине, «Қорыққанға қос көрінеді» дегендей сиқырлықты да ұлттық әдеп-ғұрып «өнері» ретінде зерттеп, әртүрлі сеткалардағы сиқырлық нанымның «құпия ілімін» зерттеу қажет екенін ұмытпаған дұрыс демекпіз. Мұндай сиқырлык «өнері» қазақ даласында да «киевтік сиқыршы» Владимир сияқты талай мықтыларын шығарған. Ол сиқыршылар өзінің мүддесі үшін емес, өз халқын, отанын қорғау жолында сиқырлық қасиетін пайдаланды. Бүгінде әлемде «сиқыршылар қауымдастықтары» құрылған. Ресей мен Украинада да «сиқыршылар» орталықтары жұмыс істейді. Олар әлемдік сиқыршылар сайысына қатысып келеді. Бұл табиғи сиқыршылар туралы (атадан балаға берілген — тұқым қуалаумен) айтылып отыр. Ал бізде аты да аталмайды. «Кәсіби сиқыршылар да» қауіпсіз, олар арнайы орында жұмыс істейтіндер. Әр мемлекеттің қатал бақылауындағылар. Адамзатқа өте қауіпті деп еркін көзге көрінбейтін сиқырлығын ешкімге сездірмейтін «Табиғи», «Күнәкар», «Техникалық», «Жасанды» және «Жалған» сиқыршыларды атауға болады. Бұлардан ешқашан жақсылық жоқ. Адамды аздыратын да, қырып-жоятын да жеке мен мемлекеттің байлығын есепсіз тонайтындар да, халқы мен отанын сататындар да осылар. Сондықтан Қасиетті Құран Кәрімде сиқырлықты жат қылықка пайдаланғандарға кешірім жоқтығын ескертеді. Сиқыршылар кәпірлерден айырмасы болмайды. Ал шайтандардың кәпір болуы олар адамдарға сиқыр үйретті. Шайтанның сиқыр үйреткені аз болғандай Харут пен Марут атты періштелер де Құдайдан қорықпай, өздерін сынау үшін жіберсе де адамдарға ерлі-зайыптыларды ажыратып жіберудің сиқырын үйретті. Бұл істерді дұрыс дей алмаймыз. Осыған байланысты Алла тағала: «Кімде-кім дұрыс жолмен жүрсе, оның пайдасы өзіне. Ал азғындық жасайды екен, оның зардабын да өзі тартады. Біреудің кінәсын екінші біреу көтермейді. Пайғамбар жібермей тұрып, ешкімді жазалаған емеспіз» деген. Сиқыршы деген аты шулы «атаудың» жақсы да жаман да жағына тоқталдық. Алла тағала бәрімізді жаман ниеттіліктен сақтасын. Сиқыр «өнерінің» сырын шешу мен зерттеу ол артықтық етпейді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.