Өсімдіктер әлемі реферат

Home » Рефераттар » Өсімдіктер әлемі реферат
Рефераттар Комментариев нет

Өсімдіктер әлемі — барлық жаратылыстың ең басты топтың біріне жатады. Себебі өсімдіктерді жер бетінің кез-келген бөлігін қамтиды. Қазіргі таңда өсімдіктердің 375 000 түрі белгілі. Өсімдіктер күн жарығы арқылы өсіп, қоректенеді. Жиырмасыншы ғасырдың орта шегіне дейн өсімдіктердің негізгі екі топқа бөлген: төменгі және жоғары сатыдағылар деп. Төменгі сатыдағыларға: бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар жатады. Ал жоғары сатыдағыларға: ринийлер,мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар болып есептелінеді.

Өсімдіктер организміндегі тіршілік кұбылыстарына байланысты динамикалық процестерді зерттейтін ғылым — өсімдіктер физиологиясы. Бұл ғылымның зерттеу обьектісі — өсімдік организімінің әртүрлі ұйымдастырылу деңгейіндегі (яғни, биоценотикалық, организмдік, мүшелік, маманданған ұлпалар, клеткалық, субклеткалық, молекулалық, субмолекулалық) процестер, Өсімдік организмінің аталған деңгейлеріндегі физиологиялық процестер өзара және қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Өсімдіктердегі эрбір морфологиялық ерекшелік және физиологиялық процесс — бұл ұзақ мерзімдік эволюция нәтижесі. Эволюция процесінде өзгерген орта жағдайьша есімдіктердің бейімделуі барысында жаңа морфофизиологиялық қасиеттер пайда болған. Вегетациялық өсу дәуірі ішінде өсімдіктер үздіксіз осіп дамиды. Даму кезеңдері этаптарга бөлінген және де әрбір этап өзіндік морфофизиологиялық қасиеттері мен сипаттары бойынша ерекшеленеді. Өсімдіктердің басқа организмдерге қарағанда өзіндік қасиеггері бар. Негізгісі — өсімдіктер фототрофты (автотрофты) организмдер. Яғни, олар күн сәулесін сіңіріп, органикалық емес (С02, Н20) заттардан, фотосинтез процесі арқылы органикалық заттар түзеді (синтездейді).

Өсімдіктер әлемі

Өсімдіктер әлемінің құрылымдық және функционалдық (қызметтік) бірлігі — бұл клетка (жасуша). Клеткада зат алмасу процесі (метаболизм) жүреді, тыныс алады, өседі, кебейеді. Сондықтан өсімдіктер физиологиясы ғылымындағы зерттеу жұмыстары клеткадағы тіршілік әрекеттерін (метаболизмді) зерттеуден бастайды. Сонымен бірге, жеке мүшелердегі және тұтас өсімдік организміндегі су алмасу режимі, минералдық қоректену, фотосинтез, тыныс алу, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің, өсу мен дамуының физиологиялық негіздерін (ерекшеліктерін) зерттейді.

Өсімдіктердің тыныс алуы. Күн радиациясы энергиясын пайдаланып, фотосинтез процесінде органикалық заттарда жинақталған энергия екі түрлі жолмен босатылады, олар тыныс алу және ашу. Тыныс алу — бұл органикалық заттардың аэробты жағдайда оттегінің қатысуымен тотығып, энергия бөлінуі және жай, органикалық емес заттарға дейін ыдырауы. Бұл жағдайда электрондар акцепторы ролін оттегі атқарады.

Судың өсімдік әлеміндегі маңызы. Судың молекулалық құрылысы және ерітінділердегі күйі. Клеткадағы судың күйлері. Өсімдік клеткасы-осмостык жүйе. Өсімдіктер денесі негізінен (70-85%) судан тұрады. Организмдегі судың маңызы орасан зор және алуан түрлі. Су ең жақсы, күшті еріткіш және тіршілік әрекетгеріне байланысты биохимиялық реакциялар жүретін негізгі орта. Су биохимиялық процестерге тікелей катысады. Сонымен бірге, су фотосинтез процесінде электрондар доноры болса, тыныс алуда тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Су көптеген заттардың ыдырау және синтезделу процестеріне қажет. Су молекуласында сутегі мен оттегі ядроларына ортақ екі жұп электрондар бар. Оттегі теріс зарядты болғандықтан оң зарядталған сутегі электрондарын өзіне тартады. Оң және теріс зарядтардың кеңістікте ашық, орналасуы су молекуласының дипольдығын (полярлығын) бейнелейді. Оттегі ядросы мен сутегі атомының жеке ядроларының аралығындағы қашықтық шамамен 0,099 нм, олардың байланысу аралығындағы бұрыш шамамен 105°-ка тең. Су молекуласындағы электрондар оттегі атомымен мықты байланысқандықтан протондар бөлінеді.

Өсімдіктің сусыз құрғақ заты құрамында көміртегі — 46%; оттегі -42%; сутегі — 6,5 %; азот — 1,5 %; минералды элементтер — 5% шамасында. Өсімдіктің құрғақ салмағының 95%-ын органогендік элеменггер (С, О, Н, N), ал қалған 5%-ын минеральдық элементтер құрайды. Өсімдік денесіндегі мөлшеріне байланысты минеральдық элементтер төмендегідей топтарға бөлінеді: 1)Макроэлементгерге мөлшері 0,01-ден ондаған пайызға (%) дейін
жететін элементтер жатады. Бұл топқа органогендерден (С, О, Н, N) бacқа — Si,Ca,К,Mg,Р,S,Al,S eнедi. 2) Мөлшері 0,001-ден 0,00001% арасында кездесетін микроэлементтерге — Мn, В, Cu, Zn, Ва, Ті, Li, Br, Mo, Co және т.б. жатады.

Өсу процесі дегеніміз организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде өсімдік мүшелерінің ұзарып, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғайюымен және де жеке мүшелерінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр, т.б.) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюі. Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткалардың өсуіне байланысты. Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші — өсу кезеңіндегі жапырактары, сабақтары, тамырлары қарқынды қалыптасып, көбейіп, бұтақтанады, түптенеді, гүл мүшелері қалыптасады. Екінші кезеңде — өсімдік гүлденіп, тұқым береді, жемістенеді.
Өсімдіктің дамуы деген ұғым — физиологиялық және морфологиялық, биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Өсімдіктің жеке мүшелерінің, яғни тұқымның өнуі, өркеннің қалыптасуы, жапырақтың, сабақтың, тамырдың өсіп, дамуы туралы студенттерге баяндалады. Өсімдіктердің өсуіне байланысты қимыл-қозғалыстар: фототропизм, геотропизм, хемотропизм, настиялық қимыл-қозғалыстар, нутация т.б. түсіндіріледі.

Өсімдіктер әлемінің жеке дамуының (онтогенезінің) сатылары мен оларға байланысты ерекше құрылымдар төмендегіше белгіленеді:
1. Эмбриондық-зиготаның қалыптасуы;
2. Жастық — балауса (ювенильдік) — ұрықтың өнуі және негізгі өсу мүшелерінің (жапырақ, сабақ, тамыр) қалыптасуы;
3. Жетілу (жыныстық), толығу — гүл бастамаларының пайда болуы, кебею мүшелерінің (гүлдердің) қалыптасуы;
4. Көбею (жемістену) — тұқымдардың, жемістердің бір рет немесе бірнеше қайталанып қалыптасуы;
5. Қартаю (тозу) — ыдырау процестерінің және активсіз (ырықсыз) құрылымдардың басымдануы.
Сонымен, бірінен соң бірі жүзеге асатын физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістер өсімдіктің өсуі мен дамуының жалпы, біртұтас процесі болып табылады. Барлық өсімдіктер толық гүлдеңіп, жемістеніп болған соң, біртіндеп қартая бастайды да, біраздан соң (көптеген жылдардан кейін) тіршілігін толық жояды. Мысалы, Секвойя — 1500 жыл, емен — 1500, шырша — 1200, жөке — 1000, қарағай — 500, жүзім — 80-100, қылтықсыз арпабас — 10-30 жыл, жоңышқа — 4-5, сәбіз — 2, бір жылдық шөптесін өсімдіктер — 1 жыл, эфемерлер-2-4 апта өмір сүреді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.