Өсімдіктердің айналадығы ортамен байланысы

Home » Рефераттар » Өсімдіктердің айналадығы ортамен байланысы
Рефераттар Комментариев нет

Әрбір өсімдік айналадығы орта жағдайлармен байланысты болғандықтан, тіршілік етеді. Өсімдіктер айналадағы ортадан су, ауа, минералды тұздарды сіңіреді, күннің қызуы мен жарығын пайдаланады. Өлі табиғаттың және тірі ағзаның барлық осы жиынтықтары өсімдіктер айналасындағы ортаның жағдайларын құрады. Өсімдік айналадағы табиғи ортадан тіршілігіне қажетті барлық заттарды алады. Алайда өсімдіктер тек сіңіріп қана қоймайды, олар айналадағы ортаға өздерінің тіршілік әрекеттерінің өнімдерін шығарады. Осылай өсімдіктер тіршілігі тұтасымен айналадағы орта жағдайына байланысты. Орта жағдайының өзгеруі өсімдік тіршілігін өзгертеді. Жылдың әр маусымында өсімдіктер қалай өзгеретінін өздерің жылда бақылап жүресіңдер. Күзде өлі табиғат жағдайлары қалай өзгеретінін, олар өсімдіктерге қалай әсер ететінін естеріңе түсіріңдер. Күн суыта бастайды, жаңбыр жиілеп, күн қысқарады. Гүлді өсімдіктердің жемістері мен тұқымдары піседі, жапырақтарының түрі өзгеріп, түсе бастайды. Көптеген шөптесін өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері құрайды. Ал көктемде қандай құбылыстар байқалады ? Жер жылынып, қар еріп, күн ұзарады да, өсімдіктер оянады: ағаштардың шырындары қозғала бастайды, жапырақ шығып, өсімдіктер гүлдейді.

Өсімдіктің тіршілігі үшін топырақ, оның құрылысы мен құрамының маңызы аса зор. Өсімдіктерге топырақтағы өзгеріс, ылғалдың жетіспеуі немесе артуы, минералды заттардың мөлшері өте тез әсер етеді. Соныдықтан құрғақ жерде өсетін өсімдіктер ылғалды жерлерде кездеспейді, әрбір ортаның өзіне тән өсімдіктері болады. Мысалы, құнарлы жерлерде атқонақ, қоңырбас, қойкөде кездеседі. Дала мен шөлейт жерлерден сексеуіл, изен, көкпек, жолжелкен, бақбақ, қалақай жиі ұшырасады. Сол сияқты сулы жерде, жайылымдарда жиі кездесетін өсімдіктер тобын бөлуге болады. Өсімдіктер тіршілігіне ең қажетті жағдай — жарық. Жарықтың әсерінсіз фотосинтез жүрмейді, яғни органикалық заттар түзілмейді, оттегі бөлінбейді, ауа арқылы қоректену бұзылады. Алайда өсімдіктердің жарық сүйгіштігі бірдей емес. Жарық сүйетін, яғни тек жарық мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктер болады. Олар шөл дала, таулы жер, тундра, ормандағы биік өсімдіктер, ашық жердегі шөптесін өсімдіктер: наурызгүл, өгейшөп, айдаршөп, тайтұяқ, саумалдық, қарғакөз, шаңжапырақ және басқа орман өсімдіктері көлеңке сүйгіш өсімдіктерге жатады. Олар көлеңке сүйгіш өсімдіктерге жатады. Олар көлеңкелі жерде жақсы өседі.

Өсімдіктердің тіршілігі үшін ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшері өті маңызды. Оттегі тыныс алуға, көмірқышқыл газы фотосинтезге қажет. Ауаның өнеркәсіп қалдықтарынан ластануы, оттегінің жетіспеуі, көмірқышқыл газының артық мөлшері тыныс алу мен фотосинтездің тежелуіне әкеп соқтырады. Сендер өсімдіктерді неге суару қажеттігі туралы ойландыңдар ма ? Су жоқ болса, өсімдіктер тіршілік ете алмайды. «Сулы жер нулы жер» деп халық бекер айтпаған. Су өсімдіктер жасушаларындағы заттардың қорытылуына қажет. Алайда суды көп мөлшерде қажет ететін өсімдіктер: мыңжапырақ, күріш, жүгері, қияр, эвкалипт және басқалар, сол сияқты шөлге төзімді, суды көп қажет етпейтін өсімдіктер: кактус, жантақ, шеңгел, сексеуіл, т.б. болады. Өсімдіктің дамуы мен өсуі суық күзде және қыста тежеліп, көктемде жаңаратынын, жалғасатынын білесіңдер. Демек, өсімдіктің тіршілігі үшін жылу қажет. Өсімдіктердің жылу сүйгіш және суыққа төзімді түрлері болады. Өсімдіктерге жел-ауаның қазғалысы аса зор әсерін тигізеді. Жел судың булануын жылдамдатып, өсімдіктерді тозаңдандырады, тұқымдар мен жемістерді тасымалдайды. Желдің жиі соғатын бағытына қарай кейбір ағаштардың пішіні созылып, қайсыбірі жалау тәрізді және жайылыңқы, аласа болып өседі.

Ал өсімдіктер табиғи ортаға әсер ете ме ? Бұл сұраққа жауап беру үшін өсімдіктердің ауа құрамын қалай өзгертетінін еске түсіріңдер. Фотосинтез нәтижесінде ауада оттегінің мөлшері көбейіп, ауа көмірқышқыл газының артық мөлшерінен арылатыны сендерге белгілі. Өсімдіктер суды буландырып, ауаны ылғалдандырады, ыстықты қайтарады, қыста суықты бәсеңдетеді. Ірі ағаштар, бұталар желдің жылдамдығын азайтып, аңызақ желден қоғайды, қыста қарды тоқтатады. Өсімдіктер тамырлары арқылы топырақты судың шаюынан, желдің ұшыруынан сақтайды. Өсімдіктердің қураған бөліктері топырақты органикалық және минералды заттармен құарландырады. Демек, өсімдіктер айналадағы ортамен тығыз байланысты, олардың тіршілігі ортаның әсеріне бүтіндей бағынышты, өсімдіктердің өздері де ортаға әсер етіп, өзгертіп отырады.

Өсімдіктердің тірі табиғатпен байланысы

Өсімдіктер айналадағы өлі табиғатпен ғана емес, тірі табиғатпен де (жануарлар, саңырауқұлақтар, адам) тығыз байланысты. Өсімдіктерге, әсіресе жануарлар үлке әсер етеді. Жануарлардың көпшілігі өсімдіктермен қоректенеді. Мысалы, көптеген аудандарда ешкілер бұталарды, ағаштарды қатты зақымдайды, жапырақтарын жейді. Бұғы жазда тәулігіне 30-40 кг. түрлі өсімдіктерді азықпен қоректенеді, қыста 10 кг.-дай өркен мен қабық, күніне 300-400 ағаш пен бұтаны қорегіне пайдаланады. Желінбей, зақымдалып қалған бұтақтар, сынған, майысқан, қураған ағаштар әлсіз болғандықтан, басқа да зиянкестердің әсеріне оңай ұшырайды. Малды үнемі бір жерде жаю өсімдік түрлерінің азаюына тіпті жойылуына апарып соғуы мүмкін. Өсімдіктерге кейбір жәндіктерде орасан зиянын тигізеді. Шегіртке, колорад қоңызы, орамжапырақ көбелектерінің қуыршақтары, өсімдіктердің жапырақтары, гүлдері, жемістерімен қоректенеді. Орман кемірушілері індеріне шөптесін өсімдіктердің тұқымын таратады және тазаңдандырады. Суырлар, қабандар, тышқандар жерден ін қазып, топырақты қопсытады. інге өсімдік қалдықтарын тасып, топырақтың құрылымын өзгертеді. Мұндада өсімдіктің тамырына ауа еркін жетіп, оның өсуіне қолайлы жағдай жасайды.

Әсіресе, шұбалшыңның маңызы өте зор. Ол 1,5 м тереңдікке дейін ін қазып, былайша айтқанда «жер жыртады», топырақты қопсытады. Сондықтан өз аулаларындағы, өсімдіктерді жақсы өссін десеңдер, олардың түбіне шұбалшыңдарды жіберген жақсы. Олар топырақты қопсытып, қасиетін жақсартады. Алма ағаштарының ең қатерлі жаулары — жемісжегіш, гүлжегіш көбелектер. Алайда, бұл көбелектер кейбір өсімдіктердің иісіне төзе алмай, бақшадан ұшып кетеді. Міне, осындай өсімдіктерді — ащы жусан мен түймешетенді алма ағашының маңына отырғызған жөн. Жануарлар өсімдіктерді тек қорекке пайдаланып қоймайды, сонымен қатар оларды мекен етеді. Мұнда жануарлар қоныстанып, ұрпақтарын таратады. Мысалы, құстар ағаштар мен бұталарға ұя салып, ондағы жәндіктер мен өсімдіктердің жемістері және тұқымдарымен қоректенеді. Өсімдіктерге жануарлар ғана емес, олардың өздері де бір-біріне әсер етеді. Кейбір өсімдіктер басқа өсімдікті тіреуіш ретінде пайдаланады. Мысалы жүзім, құлмақ, шырмауық басқа өсімдіктерге шырмалады. Көптеген өсімдіктер маңайындағы өсімдіктерге не жағымды, не жағымсыз әсер етеді. Мысалы грек жаңғағы, қазанға, картапқа бедеге, алма ағашына, жағымсыз әсер ететін заттар бөліп шығарады. Сондықтан оның айналасында аталған өсімдіктер тіршілік ете алмайды. Эвкалипт ағашы шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді. Гүл шоғын жасауға кез келген өсімдіктің гүлін пайдалануға болмайды, алынған өсімдіктер де бір-біріне әсер етеді. Сондықтан нарцисс пен раушан гүлін бір ыдысқа қоюға болмайды. Ал шырша мен балқарағай, емен мен жөке ағашы бір жерде жақсы өсіді, олардан бөлінген заттар бір-біріне жақсы әсер етеді. Әбден піскен қызан қатар жатқан көк қызанның пісіп жетілуін жылдамдатады. Сонымен, өсімдіктер айналадағы ортамен тығыз байланыста болады. Айналадағы орта өсімдікке, өсімдік ортаға әсер етеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.