Өсімдіктерді сұрыптау

Home » Рефераттар » Өсімдіктерді сұрыптау
Рефераттар Комментариев нет

Өсімдіктерді сұрыптау үшін материал тандап алу. Өсімдіктерді сұрыптау жұмысы сұрыптау жұмысының табыстылығына тәуелді бастапқы материалды ең алдымен іріктеп алады.

Жаңа іріктемелер шығару үшін пайдаланылатын мәдени және жабайы өсімдіктер формалары және жаңа қолтұқым шығарып өсіруге арналған жануарлардың байырғы жергілікті түрлері сұрыптаудың бастапқы материалы деп аталды.

Бастапқы материал ретінде мыналар: 1) табиғи қисапсыз сан алуан осімдіктердің формалары және іріктемелері; 2) дәл осы сұрыптау үдерісінде будандастыру жолымен және әр түрлі сыртқы жағдайларда қолдан әсер ету кезінде туындаған өсімдіктер форма-лары пайдаланылады.

Мал шаруашылығында бастапқы материал ретінде көптеген қолтұқымдар, қолтұқымдық топтар пайдаланылады. Қазіргі уақытта әлемде барлығы 2737 ауыл шаруашылық малдың қолтұқымдары бар деп есептеледі. Оның ішінде: мүйізді ірі қара — 1000, шошқа — 203, қой — 400, ешкі — 20, жылқы — 250, құстар — 232, үйқоян — 60, ит -400, бұғы — 12. Қазақстанда мүйізді ірі қараның — 11, қой-ешкінің -17, жылқының — 13, түйенің — 2, шошқаның 6 қолтұқымдар өсірілді.

Өздігінен тозаңданатындардың сұрыпталуға қатысты бірқатар артықшылықтары бар. Әр алуан тармақтарды және үлгілерді қатарлап өсіруге болады жене айқас тозаңданудан қауіптенбей-ақ оңашалап байқауға болады. Сондықтан ездігінен тозаңданатындармен жұмыс кезінде біркелкі іріктемелерді шығаруға болады. Сонымен бірге сұрыптаудың біршама қарапайым әдістерін қолдануға бо-лады. Өздігінен тозаңданатын дақылдардың жаңа іріктемелері, егер ескі іріктеме соңына дейін әлі сұрыпталмаған болса және генетикалық ер алуан тармақтардың қоспасы бар болған жағдайда ескі іріктемеден сұрыптау жолымен алынады. Одан өте құнды бір тармақты ойдағыдай іріктеп алуға болады. Оның бастапқы орташа типті іріктемеден айырмашылығының күшті болуы мүмкін, оны жаңа іріктеме дәрежесіне жатқызуға да болады. Алайда өздігінен тозаңданатын дақылдар іріктемесінің құрамына неғұрлым тармақ аз енетін болса, одан жақсы бірдеме бөліп алу мүмкіншілігі де соғұрлым аз болады. Мұның мутация немесе ішкі себептермен айқас тозаңдану пайда болған жағдайда ғана болуы мүмкін.

Қос жынысты айқас тозаңдандырушылармен жұмыс керісінше бақылауда болатын шараларды іске асыруды қажет етеді. Бұл жекелеген түрлердің даму ерекшеліктеріне байланысты азды-көпті көп еңбек сіңіру керек (66-сурет).

Рисунок1Айқас тозаңданатын өсімдіктер үшін қажетті қасиеттері бар дарақтарды жалпылама сұрыптайды. Олай болмаған жағдайда одан әрі будандастыруға материал алу мүмкін емес. Егерде таза тармақ, яғни генетикалық біркелкі іріктемені алу қажет болса, онда дербес сұрыптау қолданылады. Бұл кезде өздігінен тозаңдандыру жолы-мен бір жалғыз дарақтан қажетті белгілері бар ұрпақтар алынады. Бидайдың, орамжапырақтың және т. б. көптеген іріктемелері осы әдіспен алынған.

Өсімдік шаруашылығында будандастыру кезінде цолдан тозаң-дандырудың мынадай әдістері  қолданылады:

1) ықтиярсыз қолдан тозаңдандыру — өсімдіктің аналық гүлдерін бір аталық гүлмен тозаңдандыру;

2) шектеулі-еркін (топтық) қолдан тозаңдандыру — аналық өсімдік іріктемелер мен формалар төңірегінде өскіндердің барлығының тозаңымен еркін тозаңдана алады.

Қолдан тозаңдандыру кезінде мынадай үш жүйелі қабылдаулар орындалады: гцлдерді ацтау (кастрация), тозаңдықтарды жинақ-тау және тозаңдандыру. Ақтаудың мәні мынада: дамымаған тозаңдықтарды гүлшоғырлардан оқшаулап алып тастау. Сонымен бірге мүмкіндігінше гүлді аз жарақаттауға тырысу қажет. Кез келген өздігінен тозаңдану болмау үшін жетілмеген күйде де тозаңдарды толық алып тастау керек. Ақталған масақты пергамент немесе целлофаннан су өткізбейтін жеңіл оқшаулағышқа орналастырады. Тозаң жинауды аталық есімдіктерде жүргізеді. Тозаңдандарды қорапшаларға немесе кішкене жәшіктерге жинайды да тозаңдан-дыруға дейін салқын орында сақтайды.

Тозаңдандыру дегеніміз — бұл аталық өсімдіктердің тозаңын аналық өсімдіктер гүлінің аналық аузына жұқтыру. Ақтау соңынан 2-3 күнде тозаңдандырылған кезде тұқымдардың көпшілігі түйіндейтіні іс жүзінде байқалды.

Ең жақсы әдіс — тікелей аталық өсімдіктің масағынан алынған бір-екі жетілген тозаңдықтарды аналық аузына жұқтырып тозаңдандыру. Ңылқаламға жұқтырылған тозаңмен де тозаңдандыруға болады. Тозаңдандырылған гүлшоғырға қайтадан оқшаулағыш кигізіп, оған тозаңдандырудың айы-күнін және басқа қажетті деректерді белгілеп қояды.

Өсімдіктерді будандастыру (шағылыстыру). Сарамандық сұрыптауда будандастырудың әр алуан типтері қолданылады. Осы заманғы сұрыптауда қолданылатын шағылыстырулардың негізгі типтерін 5-сызбанұсқа түрінде ұсынуға болады.

Екі ата-енелік формалар арасында бір рет өткізілетін шағылыстыру царапайым будандастырулар деп аталады.

Екі ата-енелік формалардан көбірек пайдаланылатын немесе будандық ұрпақ солардың біреуімен қайта шағылыстырылатын будан кцрделі будандастыру деп аталады. Күрделі будандар сатылы және қайтымды будандарға болінеді.

Бірнеше ата-енелік формалардың тұқымқуалағыштық буданды ұрпақта жүйелі біріктіру қажет болғанда сатылы будандастыру қолданылады. Аталық формамен будандық ұрпақты келесі будандас-тырудың әрқайсысы цайыра  будандастыру деп аталады. Сұрыптау практикасында кейде тцрішілік будандастыру тиімсіз болып шығады. Тцраралыц будандастыру әдісін табысты пайдалануға болады. Мысал ретінде И. В. Мичуриннің жұмыстарын келтіре аламыз. Ол 1884 жылы кең көлемде көптеген жеміс-жидекті дақылдарды түраралық және туысаралық жолмен будандастырды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.