Өсімдіктердің тыныс алуы

Home » Рефераттар » Өсімдіктердің тыныс алуы
Рефераттар 2 комментария

Барлық тірі ағзалар, соның ішінде өсімдіктер де, тыныс алады. Тыныс алғанда өсімдік жасушалары оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газын бөледі. Бұл кезде энергия босап шығады. Ол өсімдіктің тіршілік әрекеттеріне, яғни өсіуіне, көбеюіне, топырақтан су мен минералды заттарды сіңіруіне жұмсалады. Жалпы тірі ағза үшін тыныс алудың кң басты маңызы, міне, осында. Өсімдіктің тыныс алуына, яғни ауаның ағзада таралуына оның барлық мүшелері қатысады. Оларда арнайы тыныс алу мүшесі болмайды, бірақ әрбір жасуша аумен жақсы қамтамасыз етіледі. Өсімдіктер тыныс алғанда ауа алдымен лептесік арқылы жасуша аралықтарына, одан жасушаға өтеді. Лептесіктер жер үсті өсімдіктерінің  жапырақ алақанындағы  астыңғы өңде орналасады. Олар ашылып – жабылып, жапыраққа ауаның келуін реттейді. Суда өсетін өсімдіктердің жапырақтары оның бетінде қалқып жүретіні өздеріңе белгілі. Су беті өсімдіктерінде лептесіктер жапырақтың үстіңгі өңінде орналасады. Батпақты жердің топырағы тығыз болғандықтан, онда өсетін өсімдіктердің тыныс алуы қиындай түседі. Мұндай өсімдіктерде тыныс алуды жақсартатын ауа тамырлары дамиды. Қалың қабықпен қапталған ағаш діңі мен бұталар қалай тыныс алады? Мұндай өсімдіктердің сабағында ауа өтетін көшелер – жасымықша болады. Әсіресе қайыңның жасымықшалары ірі болғандықтан, жай көзге де байқалады. Олар кейде шамамен 15 см болып келеді де, жіңішке, көлденең жолақшалар тәрізді көрінеді.Өсімдіктердің барлық мүшелері, ұлпалары, жасушалары тыныс алады. Олардың тыныс алғанда ауадағы оттегін сіңіретінін тәжірибе арқылы оңай байқауға болады. Ол үшін бидай немесе бұршақ өскінін ыдысқа салып, аузын сырттан ауа өтпестей тығыз етіп жабыңдар. Екінші дәл осындай іші бос ыдыстың аузын да тығыздап жауып (салыстыру үшін алынған), екеуін бірге жылы жерге қойыңдар. 2 – 3 күннен кейін екі ыдыстағы ауаның құрамы қалай өзгергенін тексеріңдер. Өскін салынған ыдыстың аузын ашып, оған жанып тұрған шырпыны салыңдар. Ол лезде сөніп қалады. Ал бос ыдысқа салынған шырпы өшпестен, одан әрі жана береді. Демек, өскін ауаның құрамындағы оттегін сіңіріп алғандықтан, ол шырпының одан әрі жануын қолдамайды. Ал бос ыдыстағы ауаның құрамы өзгермегендіктен, шырпы жануын тоқтатпайды. Тыныс алудың – өсімдіктер тіршілігінің жойылуының белгісі, яғни мұдай жағдайда өсімдіктер өледі, қурайды.Тыныс алу тіршілік әрекеттерінің түріне, жүру жылдамдығына байланысты өзгереді. Өсімдіктердің жас және дамып келе жатқан мүшелері мен жасушалары жақсы тыныс алады. Жапырақты өсімдіктердің бүршіктері, құрғақ тұқымдар, піскен жемістердің тыныс алуы бірқалыпты болады. Олармен салыстырғанда гүлдеп тұрған, өне бастаған тұқым, дамып келе жатқан өркен мен тамырдың тыныс қарқыны өте жоғары. Тыныс алу кезінде жылу бөлінеді. Оған өздеріңде көз жеткізе аласыңдар. Өңген тұқымды жылуды сыртқа жібермеу үшін, сырты жүн матамен немесе мақтамен қапталған ыдысқа орналастырыңдар. Тыныс алу – ең соңында энергия босап шығатын күрделі әрекет. Босап шыққан энергия тіршілік ету барысында жүретін барлық әрекетте пайдаланылады.

2 thoughts on - Өсімдіктердің тыныс алуы

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.