Өсімдіктерге қажет сыртқы орта факторлары

Главная » Рефераттар » Өсімдіктерге қажет сыртқы орта факторлары

image13904247_8bd9cdcc4643222eaac0df5fef519c1cӨсімдіктердің өсіп жетілуіне қажетті негізгі факторлар — жарық, жылу, ауа, су және қоректік заттар. Осы факторлардың біреуі немесе бірнешеуі өсімдіктерге жетіспесе, онда еш уақытта мол өнім алынбайды. Сондықтан ауыл шаруашылығымен айналысатын мамандардың негізгі міндеті — өсімдік тіршілігіне қажетті, жетіспейтің факторды дұрыс анықтау және оның өсімдіктерге жеткілікті мөлшерде болуын реттеу. Жарық. Жарықтың өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығы — олардың қатысуымен фотосинтез процесі жүріп, өсімдіктерде күрделі органикалық заттар түзілетіндігі. Жақсы тускен жарықтың әсерінен өсімдік тамырларының өсуі күшейеді, оның жапырақтары мен сабақтары жақсы өседі де жоғары өнім береді, сондай-ақ өнімнің сапасы да едәуір жақсарады. Мұның бәрі өсімдіктердің өсу-жетілу процестерінің жақсы жүруімен байланысты. Жарық жетіспесе дәнді дақылдар нашар түптенеді, тамырлары әлсіз болады және сабақтары шамадан тыс ұзарып кетеді. Олардың сабактары желдің әсерінен жатып қалады, дәні өте ұсақ, салмақсыз және сапасы да нашар болып түзіледі. Мұның бәрі сайып келгенде дақыл өнімінің азаюына себепкер болады: Өсімдіктің тез өсуіне, оның тұқым түзуіне тәуліктің жарық және қараңғы кезеңінің ұзақтығы мен қысқалығы едәуір әсер етеді. Кейбір дақылдар, мысалы: мақта, темекі, тары, жүгері, күріш қысқа күнде және ұзақ түнде тезірек гүлдесе, басқа біреулері: бидай, қарабидай, арпа, сұлу және тағы басқалары, керісінше — ұзақ күн және қысқа түн жағдайында тезірек гүлдейді. Міне, осы жағдайларға байланысты балық дақылдар қысқа күнді және ұзақ күнді болып екі топқа бөлінеді. Әр түрлі дақылдардың күн ұзақтығына осылайша бейімделуіне байланысты әрбір дақылды түрлі мақсатқа пайдалануға болады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайлар жүгеріні дәнге, пішендікке және сүрлемге еккенде әбден ескерілуі қажет. Бұл тәртіпті басқа дақылдар үшін де қолдануға болады. Жылу. Бұл да өсімдік тіршілігінің негізгі факторларының біріне жатады. Жылу болмаса топырақ және атмосфера ауасы да қызбайды, өсімдіктер нашар өседі, кейде тіпті өспейді де. Бірақ жылу өсімдіктерге белгілі бір мөлшерге дейін керек. Аса қатты және ұзақ болған жылулық, яғни аптап ыстық өсімдіктерге зиянды болып келеді. Әр түрлі дақылдар өзінің биологиялық дму ерекшеліктеріне байланысты өз тіршілігінің өсу дәуірінің әр кезінде жылуды түрлі мөлшерде қажет етеді, тіпті дақылдардың тұқымы көктеп шығуы үшін де әр түрлі жылу мөлшері қажет. Осыған байланысты барлық дақылдарды жылу сүйгіш және жылуды орташа сүйетін деп бөледі. Өсімдіктердің өсу дәуірінің әр кезеңінде жылуды қандай мөлшерде қажет ететіндігін білудің маңызы зор. Жергілікті жердің ауа-райы жағдайларына байланысты дақылдардың өсіру мерзімін және қандай дақыл осы жерге аса бейім екендігін толық анықтауға да болады.

.

Өсімдіктер жердің үстіңгі құнарлы қабаты — топырақта өсетін болғандықтан, жылудың топырақта өсетін болғандықтан, жылудың топырақта қандай мөлшерде екендігін білудің маңызы зор. Салқын, жылусыз топырақта түрлі микробиологиялық процестер нашар жүреді және себілген тұқым да ұзақ өнбей жатады. Топыраққа келетін жылулықтың негізгі көзі — күн радияциясы. Күн жылуының топыраққа түсу мөлшері және ұзақтығы жыл мезгіліне, ауа-райы ерекшелігіне байлаысты. Ауа райы неғұрлым бұлтты және онда жаңбыр түйіршіктері көп болса, соғұрлым олар күннен жерге түсетін жарықты және жылуды көп жұтып алады. Мұдай жағдайда жерден атмосфераға бөлініп шығатын жылу мөлшері де азая түседі. Табиғатқа мұндай процесс қажет. Егер өнебойы күн бұлтсыз және жаңбырсыз болып тұрса, адамзат тарихыда болып көрмеген қуаңшылық болар еді де жер бетідегі өсімдіктер күйіп кетер еді. Әрбір жергілікті жердің табиғи климат жағдайларын, әсіресе жылулықты, күн ұзақтығын, жауын-шашын мөлшерінің және олардың қай мерзімде қандай болатынын білудің өсімдіктер дұрыс өсуін реттеуде аса зор маңызы бар. Көп жағдайларда табиғаттың бұл заңдылықтарын адамзат өз қажетіне қарай реттеуіне мүмкіншілігі жетеді. Мысалы, топырақтың жылу режимін реттеу үшін мынадай шараларды жүзеге асыру керек: топырак бетіне ұсақ өсімдік қалдықтарын шашу, топырақтың жоғарғы қабатында ұсақ кесекті құрылым болуын көздеу, топырақты дұрыс өңдеу, ауа салқын болған жағдайларда бақтарды түтіндету, егістік жерлерінің айналасына егісті желден қорғайтын орман алқаптарын егу және тағы басқа жұмыстар атқару;
Ауа. Ол топырақтағы түрлі микробиологиялық процестердің жүруі үшін аса қажет. Егер микробиологиялык процестер жақсы жүрсе, онда топырақта өсімдіктер тіршілігі үшін жақсы жағдай жасалғандығы. Топырақта ауа жетіспеген жағдайда ондағы көмір қышқыл газының мөлшері артады да өсімдік көп зиян шегеді. Өсімдіктердің ауа жетіспеуінен зардап шегуі көбіне құрылымсыз, әрі аса ылғалданған (батпақтанған) топырақтарда болады. Ауа, әсіресе топырақтың жоғарғы қабаттарында тіршілік ететін ұсақ ағзалар (микроорганизмдер) мен өсімдік тамырлары үшін аса қажет. Көптеген ұсақ ағзалар, мысалы, түйнек бактериялары және азот жинағыш бактериялар ауа болмаса топырақта азот қосылыстарын жинай алмайды. Топырақтың ауа режимін жақсартуда егіншілік мәдениетін көтеру, дұрыс ауыспалы егістер енгізу, топырақты дұрыс өңдеу мен суару жұмыстарын ұқыпты жүргізудің маңызы зор. Су. Топырақтағы су, онда өтетін барлық процестердің жүруіне әсер етуі арқасында өсімдіктерде органикалық заттардың түзілуі мен ыдырауына себепкер болады. Топырақтың су режимі өсімдіктердің қоректіқ заттарды пайдалануына, топырақ құрылымының түзілуіне, топырақтың ауа режиміне және тағы басқа процестерге де үлкен әсер етеді. Өсімдіктер суды көп мөлшерде пайдаланады. Түрлі өсімдіктердің тек тұкымының көктеуі үшін төмендегідей мөлшерде су кажет (дәнінің салмағынан пайыз есебімен):

.

Бидай — 45,5, Қант қызылшасы — 120,3, Қарабидай — 57,7, Зығыр — 100,0, Арпа-48,2, Кенеп-43,9, Сұлы — 59,8, Жоңышқа — 6,3, Тары-25,0; Асбүршақ 106,8, Жүгері-44,0, Бөрібұршақ-142,9.
Әр дақылдың суды пайдалануы, тұқым көктеуден бастап кейінгі кезеңдеріне қарай өсе береді, тек нағыз егісті жинау кезеңіне қарай ғана суды пайдалану едәуір азаяды. Мұның негізгі себебі күз мезгіліндегі салқындық түсуі және өсімдіктердің вегетациялық өсуінің біршама бәсеңдеуі болып табылады. Өсімдіктердің суды пайдалану мөлшерін транспирациялық коэффициент арқылы білуге болады. Транспирациялық коэффиценті — белгілі салмак мелшеріндегі құрғақ зат түзілу үшін жұмсалатын ылғал мөлшері. Түрлі дақылдардың транспирациялық коэффициенттерімен оның өнімі де әр түрлі (1-кесте). Транспирациялық коэффициентті әрбір дақылды және сорттарды белгілі бір топырақ-климат жағдайында өсіргенде мұқият ескеру кажет.
dakyldar

.

Түрлі дақылдардың өсуінің вегетациялық кезеңіне және қай аймақта өcірілетініне байланысты ылғал пайдалануы да әр түрлі болады. Топыраққа атмосферадан түсетін ылғалдың сіңуі және оның біршама мөлшерінің сақталуы, оның су өткізгіштігімен су сыйысымдылығына байланысты. Ал, бұл қасиеттердің өзі топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, органикалык және қарашірік заттар мөлшеріне тығыз байланысты болады. Әдетте, топырақ неғұрлым құрткесекті, құрылымды және органикалық заттарға бай болса, соғүрлым оның төменгі қабаттарына ылғал жақсы өтеді және ол едәуір мол сақталады. Құрылымсыз топыраққа ылғал нашар сіңеді және ыстық кезендерде булану күшейетіндіктен судың булану арқылы жоғалуы күшейеді. Топырақтың су режимін жақсарту, оның су өткізгіштігі мен су сыйымдылығын жақсартатын бірқатар шараларды жүзеге асыру — мол өнімнің кепілі. Топырақтың су режимін реттейтін шаралар агротехникалық және мелиоративтік болып екіге бөлінеді. Топырақтың су режимін мелиоративтік жолмен реттеу шараларына көбіне суармалы аудандарда суаруды дұрыс ұйымдастыру, суару атыздары мен арықшаларын жасау, жерді суару үшін тегістеу және тағы басқа жұмыстар жатады. Қазіргі уақытта елімізде егістің басым көпшілігі дерлік тәліміжерлерге егілетіндіктен, топырақтың су режимін реттеудің агротехникалық шараларын жүзеге асыруға көп мән берілуде. Мұндай шараларға құрғақшылыққа төзімді сорттарды егу, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты дұрыс өндеу, топырақтың құрылымды болуын қадағалау, тыңайтқыш қолдану, арам шөптерді жою, қар тоқтату мен егіс даласын айналдыра ағаштар егу және тағы басқалары жатады. Қоректік заттар. Тірі ағза тіршілігінің негізі — олардың қоректенуі. Өсімдіктер дұрыс қоректенсе, өнім артып қана қоймайды, оның сапасы да едәуір жақсарады. Өсімдіктер өздеріңің тіршілік ортасында барлық факторлар қажетті мөлшерде болып тұрғанда жақсы өсіп, жоғары өнім береді. Егіншілік жағдайында өсімдіктер үшін су, ауа және көбінесе қоректік заттар жетіспейді. Ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың негізгі міндеті осы жетіспейтін факторларды дұрыс анықтап, оны болдырмау шараларын іске асыру. Өсімдіктерді қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етуі арқылы, олардың ылғал пайдалану мөлшерін едәуір азайтуға болады, бірақ бұл солай екен деп топыраққа тыңайтқышты өте көп мөлшерде шаша беруге болмайды. Бұл жерде өте ескеретін жай — барлық факторлардың өсімдіктерге қажетті ғана мөлшерде болуы.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.