Синергизм дегеніміз не?

Home » Рефераттар » Синергизм дегеніміз не?
Рефераттар Комментариев нет

Синергизм дегеніміз — екі немесе одан көп дәрілік заттардың олардың қосынды әсеріне сай келетіндей тиімділік көрсете отырып, бір мезгілде жеке бір бағытта әсер етуі. Қолданушы заттар бір ғана элементтерге әсер етуі мүмкін (тікелей синергизм) немесе әр түрлі элементтерге әрекет жасайды (жанама синергизм). Мысалы, хлоралгидрат пен этил спирті синергистер ретінде наркоздык өсер етеді. Ал атропин мен адреналин синергистер есебінде көз қарашығын ұлғайтады. Бұл екі мысалда синергизм құбылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші мысалда наркоз туындайтын себебі хлоралгидратта, этил спиртіде бірдей жүйке клеткаларына әсер етеді (тікелей синергизм). Екінші мысалда атропиннің көз қарашығын ұлғайтуы оның холинергиялық жүйке есерін тоқтатуы, ал адреналин адренергиялық жүйке қызметін белсеңдіреді (жанама синергизм). Дәрілік заттарды комбинациялап қолдану фармакологиялық тиімділікті күткендегіден артығырақ ұлғайтатын да жағдай кездеседі. Бұл кұбылысты потенциалдану деп атайды (хлоралгидраттың наркотикалық әсерін аминазинмен, новакаиннің жергілікті ауырсыну сезімділігін жоятын әсерін адреналинмен потенциалдайды). Синергизм және потенциальдау — фармакологиялық тиімділікті күшейтіп және ұзарта отырып, керекті әсер алу үшін қолданылатын негізгі зат мөлшерін біршама азайтуға мүмкіндік береді.

Бірнеше дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану кезінде кейбір заттар өсері әлсіреп немесе тіптен жойылып кетуі мүмкін. Мұндай кұбылыс фармакологиялық антагонизм деп аталынады. Көп жағдайларда антагонизмнің кезінде биохимиялық құбылыстарды қарама-қарсы бағытта өзгерту жатыр:
1) бір тектес рецепторлардың (бірақ бір-біріне қарама қарсы қызмет атқаратын) функциональдық тобымен әрекеттесуі;
2) бір тектес, бірақ біршама арақашықтықта орналасқан рецепторлардың функциональдық тобымен әрекеттесуі;
3) әртүрлі (бірақ өзара байланысы бар) рецепторлардың функциональдық тобымен әрекеттесуі;
4) клетканың әртүрлі элементтерімен немесе бір ғана клеткадағы әртүрлі тәуелсіз элементтермен әрекеттесуі;
5) химиялық өзара әсерлесу реакциясы әсерінен бейтараптану. Дәрілік заттар антогонизімі өте кең таралған кұбылыс. Кез
келген өсер ету тобына жататын барлық дәрі — дәрмектер антагонистік әсер ететін екі топшаға бөлінеді: әртүрлі физиологиялық және биохимиялық құбьшыстарды күшейтетін немесе өлсірететін топшалар.

Синергизм сияқты антагонизм құбылысыда тікелей немесе жанамалай болуы мүмкін. Антагонист заттар біркелкі дережеде (екі жақты антагонизм) немесе біреуінің өсері екіншісіне қарағанда басымырақ болатын әртүрлі дөрежеде (бір жақты антагонизм) әсерлесе алады. Қоздырғыш және әлсіреткіш заттар антогонистік қасиет- теріне байланысты кейде бір жақты, кейде екі жақты антагонистік әсер беруі мүмкін, ал салдандырушы заттар кез келген комбинацияларда бір жақты ғана әсер етеді, себебі паралич (салдану) фармаколологиялық әсердің ең соңғы шегіне жеткен сатысы болып табылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.