Әскери адамдарды тәрбиелеу үрдісі

Главная » Рефераттар » Әскери адамдарды тәрбиелеу үрдісі

Болашақта Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізінде Қарулы Күштер оның мемлекеттілігінің тірегін құрайды, Олар мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен әскери-саяси мақсатын қажетті деңгейде ескере отырып, ұрыстық дайындығы мен олардың сапалық қалпы жағдайында қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету бойынша өздерінің тарихи қызметтерін жемісті атқаруы мүмкін. Бұл үшін әскерді әскери қызметте міндеттерін жемісті атқара алатын қажетті маман азаматтармен қамтуды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының заманауи кезеңдегі дамуы әскери мамандарға, олардың іскерлік, кәсіби, адамдық, моральдық-ұрыстық және басқа сапаларына талапты күшейтті, әскери қызметшілерді тәрбиелеудің жаңа талаптары ұсынылды.
Бұл бөлімде бұндай тәрбиенің мәні, мазмұны, ерекшеліктері, міндеттері, әдістері, қағидалары қарастырылады.
Әскери адамдарды тәрбиелеу жүйесі пайда болғаннан өсуге дейін өте қиын өтпелі кезеңнен өтті. Ол революцияға дейінгі тәжірибеге және әскери-педагогикалық ойлардың негізгі жетістіктеріне негізделді, кеңес әскери педагогикасында, дүниежүзілік педагогика негізінде оларды сіңірді, кеңейіп, дүниежүзілік педагогикалық мәдениетке өзі-нің үлесін қосты, отандық тәрбие дәстүрінің өсуіне негіз болды.
Әскери адамдарды тәрбиелеу үрдісінің жалпы сипаттамасы
Әскери адамдарды тәрбиелеу мемлекеттің, қоғамның бағытты, жоспарлы жұмысы болуы тиіс, қоғамдық және басқа да құрылымдар, қарулы күштер лауазымды адамдарды, әскери адам тұлғасын өсіріп, оның қалыптасуы қазіргі мемлекет әскери ұйымдарының талапта-рына сәйкес болуын қадағалауы тиіс.
Әскери адамның тәрбиесі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде, Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің үкімі, ҚР Үкіметінің жарлығы, Қорғаныс министрлігінің нормативті құқықтық актілері және ҚР Қарулы Күштерін тәрбиелеу тұжырымдамасы арқылы іске асады. Ол әскери дәстүрге, патриотизмге және Қазақ мемлекетінің халқына, ұлттарына деген қатынас, жалпыадамдық байлық, отандық және дүниежүзілік мәдениеттің үлгілерінде негізделген.
Әскери адамдарды тәрбиелеу — Қарулы Күштердің барлық лауазымының басым бағыты. Әлеуметтік-педагогикалық қүбылыс сияқты оның да белгілі қүрылымы бар, оның негізі тәрбие мақсаты, оның субъектісі, объектісі, олардың қарым-қатынасы, заңдылықтары, мазмұны, қағидалары, түрі, әдісі, тәрбие құралы және амалдары, шешімін бағалау және өзін-өзі бағалауы да бар.
Негізгі тәрбие үрдісінің жүйе жасағыш құрылымы — мақсаты. Ол бүкіл үрдісті өтіп, оның бағытын табады, басқа да элементтермен байланысты дамиды. Тәрбие мақсаты идеал ретінде, әскери адам-ның тұлғасының моделі ретінде тәрбиелеу іс-әрекеттегі негізгі құралы және оның соңғы шешімі болады. Ол — әскери тұлғаға керекті сапа.
Қазақстандық азаматтар мен әскерилерді тәрбиелеудің міндеттік нұсқауларын қарайтын ғылым мен тәжірибе бірлескен. Тәрбиенің мақсаты -теория және қолдану жағынан пайдалы, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Бұл идеал, оған ұмтылу керек. Сондай-ақ, жан-жақты дамыған әскери тұлғада биік моральдық соғыс қасиеттері болады.
Сонымен, әскери адамды тәрбиелеудің негізгі мақсаты әскери адамда азаматтық-патриоттық қасиеттерін өркендетіп қалыптастыру, әскери біліктілік және жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Мақсаты, міндеті, мазмұны, тәрбиенің түрі, әдісі мен амалдары әскерлерді өзін-өзі тәрбиелеуге бағдар болады.
Тәрбиелік жұмыстың мазмұны тәрбиелеудің барлық деңгейінде қоғамның мемлекеттік саясатымен үндеседі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскерлерін тәрбиелеуде субъект және объект негізгі орынға ие. Субъект -тәрбиенің алдыңғы амалы болса, объект негізін құрайды.
Отанын қорғайтын Армиялық (флоттық) тәрбиеленушілер сенімді қарулы қорғаушыны жетілдіре отырып, екі жақты үрдістің белсенді қатысушысын тәрбиелеп шығаруы керек.
Әскерлердің қарым-қатынасында тіршілікке деген көзқарасы туындайды. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қатынас ішкі дүние, сезім және сана арқылы өтеді. Осы қарым-қатынаста әскери тұлғаның өсуі, дамуы жүреді, ол тәрбиелік іс-әрекет қаншалық тиімді өткенің ұжым мен тұлғаның дүниетанымы, көзқарастары, ұмтылуларын көрсетеді.Тәрбие объектісі — әртүрлі категориядағы әскери адамдар, әскери ұжым. Олар:
әскери қызметті өтеп жатқан офицерлер, прапорщиктер, мичмандар;
— әскери қызметке келісім-шартпен немесе шақырылумен келген сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар), курсанттар, әскери қызметші әйелдер;
— суворовтықтар, нахимовтықтар, кадеттер, әскери бөлімдердің тәрбиеленушілері және әскери оркестр;
— әскери ұжымдар.
Тәрбиенің мақсатына жету үшін келесі міндеттерді кешенді шешу керек:
офииерлер:
— үлкен басшының бұйрығын орындап, қарамағындағыларға беретін бұйрыққа жауапкершілікпен дайын болу;
— офицерлік борыш сезімің намысың офицер мамандығың қа-рулы күштердегі қызметі үшін мақтаныш сезімін дамыту;
— кәсіптік пысықтығын дамыту, өзін-өзі жетілдіру;
— тәрбиеленушілерді сыйлау, олардың тұлғалық қалыптасуына жауапкершілікпен қарау;
— қызметтік жауапкершіліктің орындалуын бақылау. прапоршиктер (мичмандар):
бұйрықтарды бұлжытпай орындау;
біліктілік деңгейін өсіруге тырысу;
қызметтік міндеттерді орындауда үлгі көрсету;
қоластындағыларға мейіріммен қарау;
мемлекет мүлкіне ұқыптылықпен қарау, сақтау;
өзін-өзі тәрбиелей білуге оқыту. солдаттар. матростар. сержанттар. старшиналар. әскери кызмет-ті шакырумен өтеп жаткандар:
отанды қорғауға дайындықты қалыптастыру, әскери антқа сенімділігі, бастығының бұйрығын бұлжытпай орындау;
Қарулы Күштердегі қызметі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, кәсіптік пысықтылықты өсіру жауапкершілігін қалыптастыру;
әскери мамандыққа жауапкершілікпен қарау, әскери қызмет-тің қиындығын өтеуге тырысу; әскери бауырмашылықты дамыту, командирлерді (басшы-ларды) сыйлауды қалыптастыру.
Сержанттар. старшиналар, солдаттар. матростар. келісім-шартпен өскери борышын өтейтіндер:
— қарулы күштердегі қызметке оң мотивациямен қарау, бұйрықты бұлжытпай орындауды қалыптастыру;
— әскери техниканы, қару-жарақты қолдана білу, күту, кәсіптік пысықтықты дамытуға, жеке жауапкершілікті, тәртіптілікті қалыптастыру;
жолдастықты, бауырмашылықты, командирлерді (басшылар-ды) сыйлауды қалыптастыру;
Әскери кызметші-әйелдер: өзінің командирлерінің (бастықтарының) бұйрықтарын бұлжытпай орындау. Қарулы Күштер қатарындағы қызметке саналы түрде қарауды қалыптастыру;
езінің таңдаған мамандығына деген мақтанышты, моральдық сапасын, еңбекқорлығын және әскери ұжымда жұмыс істеу біліктілігін арттыру; лауазымдық міндеттерін орындаудағы жауапкершілігін қалыптастыру, кәсіби шеберлігін арттыру. Тәрбиелік үрдістің субъект пен объектінің езара қимылдары тұтас жүйе ретінде болады. Тәрбие субъектісі езінің іс-қимыл барысында өзінің деңгейіне сәйкес тәрбиелік жұмыстарды шешеді. Тәрбие субъектісіне мыналар жатады: мемлекет; жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
— БАҚ; әскери қызметшілердің жанұясы мен туыстары; барлық сатыдағы бастықтар мен командирлер; штабтар, қызметтер, басқа да әскери басқару органдары; тәрбиелік жұмыс органдары; әскери ұжымдар; мәдени ұйымдар. Әлеуметтік сатыда қоғамдық-мемлекеттік басқару объектісі қоғамның емірі, қарулы күштер болып табылады, сонымен қатар азаматтар, соның ішінде әскери қызметшілердің моральдық рухын нығайту мақсаты. Осы бірінші кезеңде тәрбиелеу субъектісі мемлекет болып табылады. Ол барлық сатыдағы мемлекеттік органдардың, меке-мелердің, қоғамдық және басқа ұйымдардың жұмысын біріктіріп, бағдарламалық әдістер және бірыңғай мемлекеттік саясат негізінде тәрбие мәселесін шешеді.
Институционалдық сатыда тәрбиелеу сұрақтары ұйымдармең тәрбиелік тапсырмалар мен» тәрбие жұмысын атқаратын арнайы құрылған (әскери бөлім, әскери оқу орны, мәдени-демалыс мекемелер және т.б.) орындармен шешіледі.
Әлеуметтік психологиялық сатыда тәрбие субъектісі болып әскери ұжымдар, офицерлік жиындар, әйелдер кеңесі және басқа қоғам ұйымдары саналады. Тұлғалық сатыда тәрбиелеу тұлғааралық қарым-қатынас тәрбие жүйесінің субъектісі және объектісі болып табылады. Тұлғалық сатыда тәрбие субъектісі болып объект саналады. Нағыз тәрбиелеу дегеніміз — өзіндік тәрбиеленуге айналу. Бұл салада қоғам мен мемлекет жалпы мақсат пен тапсырманы анықтайды: тәрбие үрдісін басқарып, қадағалайды. Нормативтік-құқықтық базаны, азаматтық тұлғаның дамуына және қалыптасуына жағдай туғызады, кадрлар дайындайды. Бұл үрдістің беделін керекті сатыда ұстап, мемлекет пен қарулы күштердің өміріндегі маңызды сұрақтар туралы қоғамдық пікірді анықтайды. Заңдылық пен тәртіпті сақтауда, жеке іс-қылығында, міндетін орындауда мемлекеттік және қоғамдық институттар, лауазымды тұлғалар үлгі көрсетеді.
Олар тәрбиелеудің жалпы тапсырмасы мен мақсатын нақтылап, керекті актілер шығарып, кәсіби дайындығын және басқа жағдайларды есептей отырып, тәрбиелік үрдістің тәртібі мен ұйымдастырылуын реттейді. Мысалы, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің ерекшеліктеріне сәйкес, жалпы тапсырмалар мен мақсаттарын нақтылап, әскери ерекшеліктерді ескере отырып, басқа мәселелерді, сонымен қатар азаматтарды тәрбиелеудегі жалпы қойылымдар мен талаптарды шешеді. Осының негізінде лауазымды тұлғалар жалпы мақсаттар мен тапсырмаларды бірыңғай ұйымдастыру және тәрбие-леу стратегиясын, психологиялық-педагогикалық дайындығын назарға ала отырып, өзінің қызметтік міндеттеріне сай тәрбиелік мақсаттар мен тапсырмаларды шешеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.