Әскери бөлімдерден мемлекеттік құқықтық дайындықты ұйымдастыру

Главная » Рефераттар » Әскери бөлімдерден мемлекеттік құқықтық дайындықты ұйымдастыру

Әскери бөлімдерден мемлекеттік құқықтық дайындықты ұйымдастыру пәнінің өзінің тарихы бар. Оның пайда болуы РККА мен РККФ байланысты. Сол бұрынғы жылдары комиссарлар қызыл армияға кеңес үкіметінің декреттерін түсіндіргең ұжымдық оқумен газет баптарын талқылағаң қысқа митинг және т.б. жүргізген. Политграмотаның бірінші оқулығы — 1918 ж. шыққан «Қызыл армия кітапшасы». Онда саяси және әскери-қызметтік сипаттағы маңызды сұрақтар талқыланды.
Кеңестік Қарулы Күштің барлық кезеңінде саяси сабақтардың мазмұны мен үйымдастырушылық нысандары жетілдіріліп отырды. 1920 жылдың қарашасында Рев әскери кеңесі арнайы жасалған бағдарлама бойынша барлық бөлімдерде саяси сабақтар жүргізу туралы шешімге келді. 1922 ж. «Қызыл Армия мен Флоттың саяси Жарғысы» жасалды. Оларды саяси сағат жүргізуде (ол кезде саяси сабақ деп аталды) командирлер басшылыққа алды. Кейбір белімдерде саяси сағатқа қосымша мәдени сағат жүргізілді, ол кезде жауынгерлер жалпы білім алумен айналысты. Бірақ кейіннен олар біріктіріліп, сабақтар күн сайын 2 сағат жүргізілді.
КСРО-ға фашистік Германия шабуыл жасағаннан кейін жеке • құрамның саяси дайындығында үлкен өзгерістер болды. Фронттық жағдайға байланысты саяси сабақтар ағымдағы сұрақтар бойынша әңгімемен алмасты, басқа нысандармен бірге әрбір жауынгерге үгіт-тік, таратушылық жұмысқа байланысты үкіметтің шешімдері, коман-дир бұйрықтары жеткізілді.
1944 ж. ақпан айынан бастап саяси сабақтар аймақтың оқу бөлімдерінде қайта басталды, ол аяқталғаннан кейін саяси сабақ жүйесі барлық Қарулы Күштерде қайта қалыптасты.
Егеменді Қазақстан және жаңа жеке Қарулы Күш қалыптасуына байланысты жеке құрамға терең және идеологиялық мақсатты әсер ету үшін оқытудың жаңа пәні қажет болды. Ол мемлекеттік құқықтық дайындық болып табылады. Ол барлық әскери қызметшілер үшін міндетті пән.
МҚД жеке құрамды тәрбиелеудің негізгі нысаны.
1. МҚД пәні жауынгерлердің әскери парызын дұрыстүсіну және табысты орындау үшін нақты гуманитарлық құқықтық және саяси сабақ болып табылады.
2. МҚД пәнін оқу үрдісінің бөлінбес бөлігі және жедел қызметтегі әскери қызметшілердің барлық қызмет ету уақытында жүргізілді.
3. МҚД бойынша пәнді жүргізу үшін топтар қалыптастырылды, топты басқару үшін лауазымды түлғалар тағайындалды, ал күрделі және маңызды тақырыпты жүргізу үшін тәжірибелі офицер тағайындалды.
Қазіргі кезде МҚД пәні бойынша оқу жоспарлары жасалды, ол әртүрлі тақырыптарды қарастырады, яғни қүқықтық дайындық, Қазақстан тарихы, мемлекеттік жастар саясаты, ҚР мемлекеттік рәміздері, ҚР Президентімен жасалатын актілер және т.б.
Жоғарыда көрсетілген бөлімдерді оқу мемлекеттік қүқықтық дайындықтың басты міндеттерін шешуге мүмкіндік береді: жоғарғы құлықтылықты қалыптастыру, дүниетанымдық жоғарғы деңгейі бар тұлғаны қалыптастыру.
Жеке құрамды мемлекеттік құқықтық дайындау барысында өз отанын қорғау парызы бойынша әскери қызметшінің жеке жауапкершілігін түсіну, ҚР мемлекеттік шекараны күзету бойынша ұқыпты қызмет көрсету, қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастыру, дүниетану және ҚР нормативті құқықтық актілерін терең оқу бойынша дүниетаным деңгейін кеңейту көзделеді.
МҚД бойынша пәннің нәтижесі көп жағдайда оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.
МҚД бойынша пәнді үйымдастыру мыналардан түрады: МҚД бойынша пән топтарын қалыптастыру; топ және олардың көмекшілерінің жетекшілерін теру және дайындау;
жауынгерлердің қатысуын және үлгерімін бақылау; оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру; МҚД пәніне байланысты қосымша тәрбиелік шараларды жүргізу.
МҚД бойынша пәнді ұйымдастыруға байланысты жоғарыда көрсетілген элементтерді жеке қарастырып өтейік.
Әскери-патриоттық дайындық бойынша пәндер шекаралық заставада, кемелерде, бөлімдерде, сержанттық құрам застава мектептерінде, оқу орталығының роталарында және бөлімшелерде құрылады. Сабақты нәтижелі және сапалы жүргізуге байланысты 30 әскери қызметшіден аспайтын топ құру керек. Бөлімшелерде 10 немесе одан көп сержант (старшина) болған жағдайда оларға жеке топ құрылады. Сержанттық сабақ әңгімелесу нысанында ай сайын және тоқсан сайын өткізіледі.
Сержанттық құрам мектептерінде және мамандарды дайындауда сабақ жеке оқу жоспарымен жүргізіледі. Бұл бөлімнің сержанттық құрамымен сабақ жеке ұйымдастырылады. Топ жетекшілері болып тәрбиеші-офицерлер, взвод командирлері, прапорщиктер тағайындалады.
Топ жетекшілері мына талаптарға сай болулары тиіс:
— МҚД пәнін уйымдастыруға байланысты басшылыққа алынатын құжаттарды білу, сабақ жүргізу мазмұны мен әдісін білу, мемлекеттегі және шетелдегі жағдайларды білу, топтың жеке құрамының моральдық-психологиялық қабілетін және интеллектуалдық даму қабілеттілігін білу;
— әскери-тарихи, психологиялық-педагогикалық және құқықтық сабақтарды білу, олардың әдістемелік дағдыларын жетілдіре алу, мемлекет мүддесі мен бағытын негіздеп, аргументациялау, аудиториямен байланысқа түсе алу, сабақтарда алған қойған мақсаттарға жету үшін іскерлік шығармашылық жағдайды қалыптастыра алу;
— жалпы мәдени, кәсіптік, ұқыптылық деңгейінің жоғары болуы, сөзге сендіре алу қабілетінің болуы, іскерлік және моральдық беде-лінің болуы.
Топ жетекшілерінің жүйелі сабақтарды ұйымдастыруына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл категориядағы негізгі әдіс-езінің теориялық білімі мен әдістемелік шеберлігін жетілдіру бойынша езіндік жұмысы.
Оқытудың келесі нысаны белім базаларында жүргізілетін оқу-әдістемелік жиындар.
Барлық категориядағы әскери қызметшілердің топ жетекшілерімен жиын бір жылда 2 рет 2-3 күннен жүргізіледі, яғни оқудың басталар алдында жиынды жүргізу барысында болатын сабақ тақырыбы бойынша нұсқаулық-әдістемелік баяндама жасалады.
МҚД бойынша топ жетекшілерінің көмекшілерін таңдау, оқыту, тәрбиелеуге де ерекше көңіл белінеді. Оларды таңдау сержанттық құрам мектептерінде жүзеге асырылады. Оларды қолдану мүмкіндігі сабақ бітіргеннен кейінгі мінездемелеріне байланысты.
Топ жетекшісі кемекшілерінің міндеттеріне мыналар кіреді:
— сабаққа қажетті әдебиеттерді табу және оқылатын тақырып бойынша кітап-журналдық көрмелерді ұйымдастыру;
— топ жетекшісінің тапсырмасы бойынша нұсқауларды дайындауды іұйымдастыру;
— сабаққа қатыспаған оқушылармен жеке жұмыс жасау;
— сабаққа үлгермейтіндерге көмек көрсету.
Оқушылардың сабаққа уақтылы келуін қамтамасыз ету және біркелкі киім киюін қадағалау да маңызды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.