Әскери педагогиканың нысаны, пәні

Главная » Рефераттар » Әскери педагогиканың нысаны, пәні

Офицер мамандарды дайындауда, әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттеу мен жүзеге асыруда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың өмірі мен қызметінде педагогикалық ғылым ерекше орын алады.
Осы бөлімде әскери педагогика педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырылып, оның мәні, мазмұны, ерекшеліктері, міндеттері, әдістері, негізгі категориялары ашып көрсетіледі.
Арнайы әлеуметтік құбылыс ретінде армия пайда болған сәттен бастап әскери қызметтің маңызды бөлігі жеке қүрамды оқыту мен тәрбиелеу болып отыр. Шын мәнінде осы тәжірибелік әскери педагогика — әскери қимылды жемісті жүргізуге жауынгерлерді жан-жақты дайындаудың міндетті, қажетті құралы.
Алғашқы әскери педагогика командирлер (бастықтар) мен бағыныштыларының арасындағы машықтанушылық қызмет ретінде туындады. Уақыт өте келе ұрпақтан ұрпаққа әңгіме, мақал-мәтел арқылы берілген жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу туралы білім жинақталды. Әскери қызметті күрделендіру шаралары мемлекетте білім беру кезеңін дамытуда, тұрақты армия қалыптастыруда қажет, әскери-педагогикалық ой-пікірлер ары қарай дамуға мүмкіндік алады. Бұған сәйкес тәжірибелер нұсқаушылықтаң үстаздықтаң бұйрықтар мен жарғылардан және басқа да жазбаша көздерден көрінеді. Бұған үлкен үлес қосқандар 1 Петр, А.В.Суворов, М.И.Кутузов, Абылай хаң Жәңгір хаң Бауыржан Момышүлы.
XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында әскери педагогика өз бетінше ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. М.В.Фрунзенің, М.Н.Тухачевскийдің, И.Э.Якирдің еңбектері, .Азаматтық және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу тә-сілдері қазіргі замандағы әскери педагогиканың қалыптасуына негіз болды.
Әскери педагогиканың нысаны — әскери қызметші мен әскери үжым. Әскери педагогиканың пәніне әскери-педагогика-лық үрдіс бүтіндей және тікелей оқытудың, тәрбиенің, білім беру-дің педагогикалық заңдылықтары, әскери қызметшіні және әскери ұжымды қызметтік және ұрыстық тапсырмаларды жемісті орындауға дайындау жатады. Әскери педагогика — әскери-педагогикалық үрдістің заңды-лықтарың әскери қызметші мен әскери ұжымды оқыту мен тәрбиелеуді, оларды ұрыстық қимыл мен әскери-кәсіби қызметті жемісті жүргізуге дайындауды зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Бұл Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың жеке құрамына білім беру, оқыту және тәрбиелеу туралы, бөлімшені (бөлімді) әскери қызметжағдайында жемісті әрекет етуге дайындау туралы ғылым.
Әскери педагогиканың ерөкшелігі, әскери қызметшілер қызметте немесе ЖОО-да оқудың бірінші күнінен бастап әскери маман ретінде оқып және дайындалып қана қоймай, шынайы оқулық, қызметтік, ұрыстық тапсырмаларды шеше бастайды. Осыған сәйкес әскери-педагогикалық ықпал ету мен өзара біріккен қызметтікелей тәжірибелік, қызметтік бағытта болады. Сол себепті әрбір әскери қызметші бірден әскери ұжымды қалыптастыруға қосылады, әскери-кәсіби қызметке кіріседі және оқу сапасына, өзінің мінез-құлқына, тәртіпке, іағайындалған міндеттерді шешуде жауапкершілікті (моральдық қана емес, сонымен бірге құқықтық, заңдық) толықтай өз мойнына алады. Бұнда педагогикалық ықпал ету мен өзара біріккен әрекет субъектісіне 18 жастан асқан, белгілі дәрежеде өзінің көзқарастары, дүниетанымы, жеке тұлғалақ сапалары қалыптасқан ересек адамдар жатады.
Әскери педагогиканың педагогиканың көптеген басқа салаларынан айырмашылыәы өмір мен денсаулық үшін тәуекелге баратын күрделі жағдайда әрекет етуге жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді үйрету, дайындау және қабілеттендіру қажет болатын жауапты тапсырмаларды шешумен байланысты, шынайы кәсіби қимылға дайындауда білім беру, оқыту, тәрбиелеу объектісін (субъектісін) тікелей қосу болар еді.
Әскери педагогиканың ғылым ретінде қурылымына әскери педагогика әдіснамасы, әскери педагогика тарихы, оқыту теориясы (әскери дидактиканың), әскери қызметшілерді тәрбиелеу теориясы, жоғары әскери мектеп педагогикасы, ұрыстық дайындықтың жеке әдістемелері мен басқа да көптеген бөлімдер жатады.
Әскери педагогиканың мазмұнының құрамы:
әскери-педагогикалық және әскери-ғылыми зерттеудің және өмірлік бақылаудан алынған нәтижелердің мәліметтері;
әскери педагогиканың тұжырымдамаларында, қағида-ларында, заңдылықтарында, категорияларында көрінетін ғылыми толықтырулар;
тәжірибелік тексеруді қажет ететін болжамдар; әскери-педагогикалық шынайылықты зерттеу әдістемесі;
әскери қызметтің адамгершілік құндылықтар жүйесі. Әскөри педагогика басқа әылымдармен тыәыз байланысты. Аталған гуманитарлық және әлеуметтік ғылым ықпал ету мен өзара біріккен әрекеттің субъектісі мен объектісі ретінде адам мен ұжым туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Адамның биологиялық тіршілік етуі туралы мәліметтерді жаратылыстану ғылымының зерттеуіне береді. Ғылыми-техникалық және әскери-ғылыми білімді тәжірибеде қолдану әскери-педагогикалық үрдіс пен оның элементтерін үлгілеуге мүмкіндік береді.
Әскери педагогика нақты категорияларға сүйенеді; олардың негізгілері мыналар:
әскери педагогикалық үрдіс — басшылардың, штабтардың, тәрбие құрылымы мамандарының, қоғамдықұйымдардың белгіленген нұсқау бойынша жауынгерлер мен әскери ұжымдарды дайындау үшін оқу-тәрбие қызметінің мақсатқа бағытталған ұйымдасқан жүйесі;
әскери қызметшіні тәрбиелеу — әскери қызметшінің жеке тұлғасың оның мінез-құлық ерекшелігің сенімін, көзқарасың қарым-қатынасың сапасын дамытуға ықпал етуге мақсатты бағытталған нәтиже мен үрдіс;
әскери қызметшіні оқыту — басшылар (командирлер) мен бағыныштылардың оқушылардың бойында білім, білік және дағдыны қалыптастыруға мақсатты бағытталған өзара біріккен әрекет үрдісі;
әскери қызметшіні дамыту — әскери қызметшінің кәсіби қызметінің, дене тұрғылық, ақыл-ойлық, психикалық және оның осыған сәйкес қасиеттерінің құрылымдық жетілуінің сандық-сапалық өзгерістері жиынтығының үрдісі;
әскери қызметшінің психологиялық дайындыәы — әскери-кәсіби қызметті орындауға әскери қызметшілердің психикалық беріктігі мен дайындығын қалыптастыру;
әскери қызметшіге білім беру — әскери қызметшінің ғылыми білімдержүйесі мен қоғамдағы өмірі мен қызметтікміндеттерінжемісті орындауға қажетті жеке тұлғаның қасиеттерің әскери-кәсіби дағдыны қалыптастыруды игертудің нәтижесі мен үрдісі.
Осы аталғандардан басқа әскери педагогикада офицердің кәсіби-педагогикалық мәдениеті, әскери қызметшілердің өзіндік тәрбиесі, өзіндік білім алуы сияқты категориялар қолданылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.