Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеу

Home » Рефераттар » Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеу
Рефераттар Комментариев нет

Әскери қызметшілерді тәрбиелеу барысында және әскери ұжымдарды біріктіруде өзара ара-қатынастар мәдениеттерін дамыту мәселелері маңызды орынға ие болады. Әскери қызмет ерекшелігі мынадай, командирлер мен бағыныштылардың жалпы және жеке өзара байланыстары айқын нормалармең ережелермен және талаптармен құрылады. «Мәдениет» ұғымымен біріктірілетін құралдар мен функциялардың тарихи пайда болатын әралуандығы әскери қызметшілердің ұжымдағы ара-қатынастарының әртүрлі жақтарын жөнге салады. Оған құқықтық нормалары, мемлекеттік өкімет органдарының және әскери басқарулардың қаулылары, командирлер мен басшылардың бұйрықтары және ұйғарымдары, әскери жарғылар және нұсқаулар, және, сонымен қатар, этикалық нормалар мен заңдар енгізіледі.
Адамгершілік және мәдениет негізінде әскери ұжымдарда өзара ара-қатынастарды құру сұрақтарымен жүйелі әскер пайда болғаннан бастап шұғылдана бастады. Ол пайда болмай тұрып патша реформатор I Петр осы сұрақтарға көп мән берді. Оның пікірінше, ең жақсы және ең төмен дәрежелердің ара-қатынасы отандық бастамаларға негізделіп құрылуы тиіс.
Орыс әскерлерінің көрнекті өкілдері, мемлекеттік қайраткерлер тек офицерлік корпустың тәрбиеленуін ғана ойламай, табанды түрде жауынгерге деген адамгершілік қатынастар туралы да ойлана бастады. Дәл осылай, фельдмаршал П.А.Румянцев кез келген рангтағы және атақтағы басшыға жаңа талап қойды. «Сағат сайын жаңа жауынгерді тек парасатты мінез-құлыққа оқытып қана қоймай, қалай киінуге дейін үйрету керек» деді ол
Біраз уақыттан кейін әскери теоретик және генерал ұстаз М.И.Драгомиров жауынгерді тәрбиелеу жақтарын айқын анықтады: ерікті мінездік, физикалық, зерделі дамыту және шынықтыру. Және де бірінші орынға ол орталыққа тәрбиелеуді қойды, адамгершілікті әскер рухының негізі деп есептеді.
Қызыл әскердің қалыптасуы басында көрнекті қолбасшысы М.В.Фрунзе биік адамгершілік-жауынгерлік сапаларды тәрбиелеудің қажеттілігін белгілеп қойды. Бұйрық қатты болса, тәртіп те болады. Тәртіп бар жерде бөлімше соғысқа қабілетті болады деп білді.
Мәдениет адамға тумысынан берілмейді. Мәдениет құндылық-тарын меңгере отырып, адам өзін-өзі қалыптастырады және өзінің ерекше адам болып қалыптасуын жүзеге асырады. «Мәдениеттілік академияда алынған дипломмен бірге берілмейді, ешқандай диплом өзінен өзі тұлғаның қызығушыларының және оның мәдениетті ой-өрісі кеңдігі және әралуандығы туралы хабар бермейді», — деп айтты А.Василевский.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.