Әскери қызметшілердің өзін-өзі тәрбиелеу

Home » Рефераттар » Әскери қызметшілердің өзін-өзі тәрбиелеу
Рефераттар Комментариев нет

Әскери қызметшілерді тәрбиелеу Отан алдындағы өз парызын орындауда анықтаушы рөлге ие. Егер әскери қызметшілер өзін-өзі тәрбиелеумен белсенді, мақсатты және творчестволық түрде айналыспаса, нәтижеге қол жеткізе алмайды. Оның сапасын арттыру осы үрдісті жетілдіруді талап етеді. Адам бұл жағдайда түлғаның қасиеттерін, көзқарастары мен іс-әрекеттерін өз санасының нысанына айналдырады. Өзін-өзі тәрбиелеу — күрделі интеллектуалдық-рухани және ерік-жігер үрдісі, кез келген іс-әрекет, қызметтегі міндетті шарт. Әскери қызметшілердің өзін-өзі тәрбиелеуінің мәні. Өзін-өзі тәрбиелеудің ішкі негізін өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік қүрайды. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің өз қисыны және даму кезеңдері бар. Қазіргі заманғы шындық, болмыс әскери қызметшіге, оның мүмкіндіктері мен қабілеттеріне, оның ішінде тулғаның дамуы тұрғысынан жаңаша қарауды талап етіп отыр. Әскери қызметші тек кәсіптік шеберлікті меңгеруде ғана емес, өз жеке басының барлық қасиеттерін жетілдіруде де белсенділік танытуға тиіс. Осы міндеттің орындалуына әскери қызметшілердің езін-өзі тәрбиелеуінің күнделікті тәжірибесіне әскери-педагогика ғылымының қазіргі талаптарын енгізу ықпалын тигізеді. Өзін-өзі тәрбиелеу — сарбаздың өзінің оң қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға және жетілдіруге, теріс қасиеттерін жоюға бағытталған мақсатты, белсенді іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу — бірыңғай, тұтас, өзара байланысты әскери-педагогикалық үрдістің құрамдас бөлігі. Тәрбиелеу сарбаз тұлғасының қалыптасу үрдісіне үлкен әсерін тигізеді және осы үрдісті белсенді етеді, онда моральдық, әскери, психологиялық және дене қасиеттерінің дамуына ықпал етеді және оны жеделдете түседі. Өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу — өзінің жаратылысына орай әрекет жасауға, өзін-өзі көрсетуге, жүзеге асыруға тиіс болатын адамның табиғи қажеттілігі. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін қызметтің, өмірдің әркім өзінің адамдық жаратылысын, табиғатын еркін дамытуға, жетілдіруге мүмкіндік алатындай жағдайларын жасау керек. Өзін-өзі тәрбиелеу сарбаздарға қажетті қасиеттерді жасауда, дамытуда үлкен рөл ойнайды. Өзін-өзі тәрбиелеудің түрлендіруші рөлі және оның психологиялық-педагогикалық міндеттермен байланыстары туралы идеялар атақты ғалым психологтардың, педагогтардың және көрнекті әскер басшыларының еңбектерінде дәйекті түрде, жан-жақты дамытылып келді. Мәселең К.Д.Ушинский «өзін-өзі тәрбиелеу — тулғаның сыртқы әрленуі емес, адамның түтастығына, оның жетілуге деген ниетіне негізделген терең моральдық-психологиялық қайта құру» деп атап көрсеткен.
Тек қана өзінде кез келген минутта, одан ешқандай нанымдар-мен алшақтамай, өзінің жанымен бетпе-бет тұру мүмкіндігін сақтап қалғаң … тек қана өзімен-өзі саудаласпай, әрқашан да өз жанының бүкіл тұтастығымен, артық ойсыз, жасырын, сыртқа шықпаған сезімдерінсіз, алдамшы сөзсіз қандай да бір іске бекіне алатын адам ғана өзін-өзі жетілдіру жолымен жүреді және осы жолмен басқа-ларды ілестіре алады. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселелеріне А.В.Суворов көп көңіл бөлген. Ұлы қолбасшы өзін әлсіз, дімкес баладан дене қасиеттері жағынан мықты және моральдық тұрғыдан төзімді сарбазға айналдырып, өзін-өзі тәрбиелеудің үлгісін көрсетіп қана қоймай, өзін-өзі тәрбиелеу бойынша кеңестерін де бізге қалдырып кетті. Қазақстандық сарбаздардың өздерінің жеке бас қасиеттерін көпжақты жетілдіру жөніндегі өзін-өзі тәрбиелеу жұмысы қазіргі күні өмірлік позициялардың көрсеткіштерінің бірі және тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды бағыты ретінде қарастырылып отыр. Өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса отырып, сарбаз белсенділікке, ерік-жігерге, мақсатқа ұмтылғыштыққа және үнемі, жүйелі түрде өз мінезінің теріс жақтарына әсер ету қабілетіне ие болады. Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғадан тәрбиеліліктің ең жоғары деңгейін және Отанды ептілікпен, ерлікпен қорғау қабілетін талап ететін әс-кери қызметте ерекше рөл ойнайды. Қоғамды және Қарулы Күштерді реформалаудың қазіргі жағдайларында, әскери іс үздіксіз күрделеніп, адамның ұрыстағы маңыздылығы күрт артып отырған кезде, сарбаздардың өзін-өзі тәрбиелеуінің рөлі арта түсуде. Өзін-өзі тәрбиелеу әскери қызметшілерді табысты даярлау үшін үлкен маңызға ие және оның халық алдындағы парызын орындауына ықпал етеді. Өзін-өзі тәрбиелеуге көптеген объективті және субъективті факторлар: халықаралық жағдайдың талаптары; Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар мен әскери қызметті реформалау; сарбаздардың рухани және дене тұрғылық қасиетте-рінің дамуының ішкі қажеттіліктері; әскери мамандықты қысқа мер-зімдерде меңгеруге ұмтылу әсерін тигізеді. Өзін-өзі тәрбиелеу міндетті түрде тұлғаның тәрбиелілігінің, өзін-өзі тануға, өзін-өзі талдауға және өзін-өзі бағалауға; өзінің іс-әрекетте-рін өзге сарбаздардың іс-әрекеттерімен салыстыру мен ұқсасты-руға, үнемі өзін-өзі жетілдіруге тұрақты талпынысты жасап шығаруға даярлық пен қабілеттіліктің белгілі бір деңгейін қарастырады. Осының бәрі тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу арасында күрделі диалекти-калық өзара байланыс бар екендігін көрсетіп отыр. Өз кезегінде өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу нәтижесі ретінде оған пәрменділік береді. Әскери қызметші өзін-өзі тәрбиелеу арқылы өз жүріс-тұрысын-дағы және әрекеттеріндегі жағымсыз элементтерден арылуға ұмтылған жағдайларда, өзін-өзі тәрбиелеу оны қайта тәрбиелеудің ішкі негізі ретінде көрініс табады. Педагогикалық практика сарбаздарды тәрбиелеуде өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылыс пен қажеттілікті туғызбаса, нәтижеге қол жеткізуге болмайтындығын көрсетіп отыр. Бұл үшін алуан түрлі әдістерді, тәсілдерді және құралдарды талап ететін оның тұтас жүйесі қажет болады. Осындай жүйенің болмауы осы үрдістің са-пасын төмендетіп жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеумен белсенді және шығармашылықпен айналысатын әскери қызметші өзінде оның жүріс-тұрысын және әскери қызметке көзқарасын реттеп отыратың қажетті қасиеттер мен қабілеттерді жасап шығарады. Өзін-өзі тәрбиелеу — тұлғаның өзін-өзі жетілдіруінің міндетті шарты. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында тұлғаның барлық қырлары тұрақты өзгеру мен зерттеу саясы болып шығады. Өзін-өзі тәрбиелеу — әлеуметтік құбылыс. Ол өзін ұжымда, әскери қарым-қатынастар жүйесінде түсінетін сарбазға тән болып келеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.