Әскери қызметшіні оқытудың мағынасы

Home » Рефераттар » Әскери қызметшіні оқытудың мағынасы
Рефераттар Комментариев нет

Дидактика (грекше сіісіакіікоз — білім алушы) — оқу үрдісін зерттейтін оқу және білім алу теориясы, педагогика саласы. Дидактика оқу қағидаларын, білім, даму және дағды заңдылықтарың оқытудың әдістері мен тәсілдерін, құралдары мен ұйымдас-тыру тәсілін қарастырады және оның оқушыларға тигізер әсерін сипаттайды. Әскери қызметшіні оқыту мен әскери ұжымның дайындығы өзіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтарға бағынады. Аталмыш тарауда дидактика әскери педагогика бөлімі ретінде қарастырылады. Мұнда оның мағынасы, құрамы, ерекшеліктері, мақсаты, заңдылықтары, әдістері және әскери қызметшіні оқыту тәсілдері сипатталады.
Оқытудың теориясы мен практикасы Қарулы Күштердің қызметінде, әскери қызметшіні оқытудағы заңдылықтардың зерттелуі мен жүзеге асуында, офицерлер құрамының дайындығында маңызды орын алады. Мағынасына қарай әскери қызметшіні оқыту мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тапсырмаларды орындай алатын бөлімшелер, бөлімдер, әскери маман дайындығындағы жаңа заманғы Қазақстанның сұраныстарын көрсететін қоғамдықжәне педагогикалық үрдістер болып саналады. Педагогикалық жоспарда әскери қызметшіні оқыту олардағы (әскери қызметшінің, бағыныштылардың) білімнің, дағдының және біліктің дамуындағы бір-бірімен байланысқаң жүйелі түрде іске асатың оқытушының (командир, бастық, оқытушы, тәрбиеші, нұсқаушы) жұмысың және де талаптарға сай әскери-кәсіби міндеттерді орындауға тұлғаның қабілетін сипаттайды. Ол тек әскери және жалпы мемлекеттік дайындықты (оқу қызметі) ғана емес, барлық қызметтік практиканы қамтиды. Әскери қызметшіні оқыту және әскери ұжымды дайындау үрдісін зерттей отырып, әскери доктрина келесі тапсырмаларды шешеді:
әскери қызметшілерді оқыту теориясы мен практикасының даму деңгейін анықтайтын байланыстардың, қарым-қатынастардың, заңдылықтардың жиынтығын сипаттайды; әскери қызметшілерді оқытудың әдісі мен тәсілің құрамы мен технологиясын анықтайды;
алдыңғы қатарлы оқыту құралдарының талаптарын орнатады.
Осьі және т.б. мәселелерді шешу бөлімше, бөлім жеке құрамының жаңа, жүйелі түрдегі оқыту әдісін құрудағы және оны ары қарай дамытудағы нәтижеге сай болатын оқыту үрдісі теориясының негізін қалайды.
Әскери дидактика әскери қызметшілерді оқытуды, бір жағынаң бөлім дайындығын қамтамасыз ететін педагогикалық үрдіс түрінде, екінші жағынаң күрделі қоғамдық және педагогикалық үрдіс түрінде қарастырады. Оның негізгі қызметі:
1) оқыту (әскери қызметші білімің білік мен дағдысын қоршаған ортатуралытүсінігіңөміргедегенкөзқарасыңберілгентапсырмаларды шешуі мен ойлау қабілетін дамыту);
2) тәрбиелік (әскери қызметшінің маңызды кәсібің әскери ұжымның адамгершілік-психологиялық қасиетін қалыптастыру);
3) дамыту (берілген тапсырмаларды шешудегі әскери қызмет-шінің творчестволық ой-пікірің интеллекті және дене дайындығын дамыту);
4) психологиялық (жаңа заманғы ұрыстағы, әскери, оқу және қызметтік тапсырмалардағы әскери қызметшілердің психологиялық дайындығын қамтамасыз ету).
Қазақстан Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының даму сатысында жан-жақты зерттеу қызметі маңызды рөл атқарады. Оның мақсаты — әскери қызметшілер мен әскери ұжымның дайындығы мен білімінің ғылыми талдауы, аталмыш үрдістердің құрамдылығы мен жоғары нәтижелілігі.
Әскери дидактикада әскери қызметшінің оқу үрдісі мен заңдылықтарын, жеке құрамды дайындаудағы әртүрлі әдістері мен тәсілдердің қолданылуын сипаттайды. Бұлардың бәрі оқу үрдісінің әдісі мен құрамың оның дамуындағы ұсыныстарын анықтайды.
Аталмыш салалардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысқаң дегенмең олардың ішіндегі көзге түсетіні (құрылымды) білім беру саласы болып табылады.
Осы салаларды жүзеге асыру кезінде жауынгер мен әскери ұжымның жүйелі түрде дайындығы маңызды үрдіс.
Әскери қызметшілерді оқыту үрдісі мемлекеттің әскери саясатының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің талаптарына сай өткізіледі. Оның құрамы мынадай: мемлекеттің әскери доктринасы, әскери ғылым, әскери жарғы, әскери және жалпы-мемлекеттік дайындық бағдарламасы, білім алудың мемлекеттік стандарты және әскери мамандардың жоғары талаптарға сәйкес дайындығы.
Әскери қызметшілерді оқытудың мамандандырылуы:
1. әскери қызметшіде дамыту қажет болатын білімнің, біліктің және дағдының мамандандырылуы;
2. әскери қызметшілер үшін әскери іс-шараны меңгеру оның қызметтік міндетіне жатады;
3. әскери қызметшілерді оқыту үрдісі дайындық кездегі қызметтік міндеттердің орындалуынан шектелмей, үздіксіз жүргізілуі тиіс;
4. сонымен қатар жеке (бір жауынгердің дайындығы) және ұжымдық (бөлімшелердің дайындығы) оқыту түрлері де қолданылады;
5. әскери қызметшінің дайындығы аудиторияларда, сыныптар мен лабораторияларда ғана емес, далада, теңізде, аспанда, аэродромдар мен танкодромдарда да жүзеге асырылады;
6. әскери шеберліктің меңгерілуі күрделірек әскери техника мен қару-жарақтың қолданылуымең аса ауыр психологиялық және физикалық қиындықтармен байланысқаң әскери жағдайларға мүмкіндігінше ұқсас жағдайларда іске асады;
7. оқыту үрдісі жарғыға сәйкес ұйымдастырылған жағдайларға сай іске асуы керек. Ол командирлерге байланысты және әскери оқыту мен тәрбиелеу әдістемесің құрылымын анықтайтын құжаттар (әскери ант, әскери жарғы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрықтары) талаптарына сай, әртүрлілік пен әскер түрінің дайындық әдісін ескеретін белгілі бір ұйымшылдық әдістемелер өзіне сай бас қолбасшы мен Қарулы Күш және әскер түрлері құжаттарының құрамында бекітілген.
Қазіргі кезде әскери қызметшіні оқыту белгілі бір технологияны қолдана отырып, қойылған мақсаттарға жетудегі, оқу объектісінің меңгерілуіндегі субъектілердің (оқушы мен оқытушының) педагогикалық ара-қатынасын сипаттайтын екі түрлі мағына береді.
Оқытушы аталмыш үрдісте басқарушы (бағыттаушы) рөл атқарады. Ол оқушылардың танымдық үрдісін қалыптастырып, оны басқарады; әскери қызметшілерді бірлестікке және көмек көрсетуге баулиды; сабақ пен оқу барысында пайда болатын танымдық кедергілердің алдын алады.
Әскери қызметшілерді оқыту үрдісінде өзінің ішкі логикасы бар. Ол оның оқытушысы мен оқушысының оқу жағдайындағы ара-қатынасының ғана емес, қызметтік, әскери-кәсіптік, әскери ара-қатынасының біріккен жемісті нәтижесі болып табылады. Олардың әр қадамы қызметке, күнделікті қызмет пен жаңа заманғы ұрыс талаптарына сай болуы керек. Аталмыш процесс әскери қызметшілердің әскери шеберлікті меңгеруіндегі бірден-бір әдіс бо-лып табылады.
Әскери оқу үрдісінің логикасы екі жақтан да білімді, өрбітуді және епті меңгеру үрдісіне әсер ететін жағдайлар мен дәлелдердің барлығын есепке алуды талап етеді.
Сабақтар мен оқудағы әскери қызметшілердің оқу ұзақтығы әртүрлі. Мысалы, бірде олар дәріс тыңдап, жазады, бірде өз бетінше жарғылар мен нұсқауларды оқиды, ал кейбір кездерде көлік айдаумен немесе атыс атумен айналысады. Негізінен бұл танымдық үрдіс болып табылады. Мұнда теориялық анализ бен практикалық жұмысы дайын үлгідегі әскери жұмыс (техниканың қамтамасыз етілуі және т.б.) алгоритмінің меңгерілуі іске асады. Әскери қызметшінің оқу ұзақтығындағы өзгешеліктердің әсерінен психологиялық механизм-дер туады. Дегенмен, олар білім, даму және дағды заңдылықтарының бірін сипаттайды.
Әскери қызметші қызметінде ойлау мен практика бірдей жүреді. Аталмыш салалардың қосындысы оқу үрдісінің құрамымең оқушылардың оқу мүмкіндігімең даму деңгейімең оқудың мате-риалдық-техникалық базасымен және оқытушының шеберлігімен сипатталады. Бірақ, барлық жағдайларда ойша қабылданатын материал логикалық түрде қарастырылуы үшін теориялық білім деңгейінің практикаға айналуы үшін және әскери қызметшінің күнде-лікті практикасы теориямен тығыз байланыста болуы үшін маңызды.
Танып білу — қоршаған ортаның күшті, ішкі әрі қарама-қайшы үрдісі, әскери ғылым мен ұрыс тактикасын меңгере отырып, әскери қызметші ойы, әскери-кәсіптік қызметтің белгілі бір тәсілі мен оның маңызын, түсініктің жай түрінен күрделі түріне, бір топтан екінші топқа тереңдетіле береді. Дегенмең бұл үрдіс сезімдік және теориялық қарым-қатынастармен және байланыстармен сипатталады. Әскери қызметшілерді оқытудың мақсатына жетуде командирлер мен бағыныштылар ара-қатынасының түрі, олардың арасындағы қа-рым-қатынас; әскери ұжымдағы жағдай; әскери қызметшілердің оқу-танымдық және әскери-кәсіптік қызметінің белсенді жүйесі маңызды рөл атқарады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.