Соңғы (алдыңғы) ми

Home » Рефераттар » Соңғы (алдыңғы) ми
Рефераттар Комментариев нет

Алдыңғы ми омыртқалы жануарларда мидың негізгі және ең үлкен бөлімі болып табылады. Ол дорсальдық бетінде ұзыннан жатқан сай арқылы екі жарты шарға (үлкен ми сыңарларына) бөлінеді. Әрбір үлкен ми сыңарлары өз кезегінде ми жабынынан (қыртысынан), иістік мидан, жолақ денеден және мидың бүйір қарыншасынан тұрады. Сайдың түбінде екі жарты шарды бір-бірімен жалғастырып тұратын ақ зат табақшасы қасаң (мүйізді) дене орналасады. Мүйізді дененің астыңғы жағында қос талшықты белдеуден құралған жарты шарлар күмбезі жатады. Мүйізді денеден төменірек эр жарты шарда мидың үшінші қарыншасымен жалғасатын бүйір қарыншалар орналасады. Әрбір жарты шарлар қүрамына базальдық (қыртыс асты) яд-ролар мен ми қыртысы енеді. Ми қыртысы мен базальдық ядро-лар алдыңғы мидың торшалық затын қүрайды. Ми қыртысы мен қыртыс асты түйіндер аралығында ақ зат жатады. Ол арқылы алдыңғы мидың өткізгіш жолдары өтеді. Үлкен ми сыңарларының өткізгіш жолдары негізінен үш түрлі талшықтардан қүралады: жалгастыргыш (ассоциативтік) — бір жарты шардың эртүрлі бөліктерін жалғастырады, комиссуралъдъщ (көлденең жолдар) -жарты шарлардың симметриялы бөліктерін жалғастырады жэне проекциялъщ — ми қыртысын мидың төменгі бөлімдерімен жалғастырады. Сонымен қатар ми қыртысында төртінші — жанама (коллатеральдық жолдар) болады. Олар үлкен ми сыңарларының бетіне параллель орналасады да, ми қыртысын жеке-жеке қа-баттарға бөледі. Қыртыс асты (базалъдъщ) түйіндер. Үлкен ми жарты шарлары қыртысы мен көру төмпегі аралығында орналасқан торша-лар шоғырын қыртыс асты немесе базальдық түйіндер деп атайды. Оларға жолақ дене (стриатум), бозғылт ядро (паллидум), шарбац және бадамша дене жатады. Жолақ дөнез құйрықты және жасымықша ядролардан тұрады. Жасымықша ядроның латеральдық бөлігін цауыз, ал медиальдық бөлігін — бозғылт ядро деп атайды. Жолақ дене тарихи тұрғыда ми қыртысымен салыстырғанда, ертерек дамыған құрылым. Ол өткізгіш жолдар арқылы үлкен ми жарты шарлары қыртысымен, көру төмпегімен, гипоталамуспен, ортаңғы мимен, торлы құрылым ядроларымен, ми көпірімен, сопақша мимен тығыз байланыста болады. Жолақ дене таламус пен үлкен ми қыртысынан афференттік импульстер қабылдап, өзі бозғылт ядроның қызметін реттеп, оның шартсыз рефлекстік әрекетін жартылай тежеп отырады. Үй жануарларында жолақ дене қимыл мүшелерінің қызметін реттейтін қыртыс асты реттеуші, үйлестіруші орталық. Жолақ денеде зат алмасу, жылу түзу, жылу бөлу процестерін, қан тамырлары арнасының қалпын басқаратын жоғары вегетативтік үйлестіруші орталықтар орналасады деген болжам бар.

Бозғылт ядро — қимыл әрекеттерін реттейтін қозғағыш ядро. Ол ортаңғы жэне артқы ми орталықтарының қызметін бағыттап, үйлестіріп отырады, қызыл ядроның қызметін тежейді. Қыртыс асты түйіндер баяу қимылдардың (жүру, кедергіден аттау, басты бүру, т.с.с.) атқарылуын реттеп, қимыл-әрекеттің дәлдігін, мақсатқа сэйкестігін бағалап, бақылап отырады деген болжам бар. Ми қыртысы нашар дамыған жануарларда қыртыс асты түйіндер мен таламус орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімін қүрайды. Мысалы, құстарда олар тек туа қалыптасқан ғана емес, жүре пайда болған рефлекстерді де қамтамасыз етеді. Қыртыс асты түйіндер түрлі инстинктердің (дағдылы әрекеттердің) атқарылуын қамтамасыз етеді. Инстинкт деп туа қалып-тасқан, табиғи мінез-қылықтардың жиынтығын айтады. Олар организмнің тіршіліктік маңызы зор қоректену (қоректік инстинкт), зақымдаушы эсерлерден сақтану (қорғану инстинкті), үрпақ жалғастыру (жыныстық және ата-аналық инстинкт), т.с.с. функцияларының атқарылуын қамтамасыз етеді.
Барлық инстинктердің физиологиялық негізін орталықтары қыртыс асты түйіндер (жолақ дене) мен аралық ми ядроларында орналасқан шартсыз рефлекстердің күрделі тізбегі қүрайды. Қалыпты жағдайда инстинктер ми қыртысы мен қыртыс асты түйіндер орталықтарының үйлесімді эрекеті нэтижесінде атқарылады да, күрделі шартсыз рефлекстерге көптеген рефлекстер жиынтығы қабаттасып кетеді.

Лимбика жүйесі. Лимбика жүйесі деп ішкі органдар қызметін реттейтін, мінез-қылықтың эмоциялық көрінісін тудыратын алдыңғы ми қыртысының филогенездік түрғыда ерте дамыған бөлімдері мен бірқатар қыртыс асты қүрылымдардың морфофункциялық бірлестігін айтады. Лимбикалық жүйе атауы латынның «лимбус» — көмкерме, жиек деген сөзінен алынған. Ол ми сабағын қоршай орап жатады. Оның бүрынғы иістік ми деген аты бұл күрылымның табиғатына, күшейіп, енелік инстинктері жойылып кетеді. Гиппокампты зақымдағаннан кейін жануардың жады (есі) нашарлап, әсерлерді есте сақтау қабілеті жойылады. Үлкен ми жарты шарлары кыртысы. Мидың ең жоғарғы және филогенездік түрғыда ең жас бөлігі — ми жарты шарлары. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5 мм шамасында сұр затпен қапталған. Оны үлкен ми кыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі қүрылымы, ол түрлі сенсорлық (сезімдік) тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, жануардың күрделі мінез қылығын үйлестіріп, бағыттап отырады. Ми қыртысының сыртқы беткейінде көптеген сайлар мен иірімдер болады да, ол қатпарланып жатады. Осының нэтижесінде ми қыртысының беттік кеңістігі айтарлықтай үлкейіп, адамда 2,2 шаршы метрге дейін жетеді.

Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп (12-18 млрд) нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстарынан, нейроглия торшаларынан қүралған. Ми қыртысын қүрайтын нейрондар өздерінің пішіні мен қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бір тобын мөлшері жағынан эртүрлі пирамидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы беткейіне вертикаль (тігінен) орналасады және үшбұрыш пішіндес келеді. Бұл пирамидалық торшалардан жоғары қарай Т-тэрізді тармақталған дендрит, ал төменгі табанынан аксон басталады да, ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағытталынатын немесе қыртыстан басталатын төмендеу жолына қосылады. Осы торшалардың апикальдық (төбелік) және қысқарақ негіздік (базальдық) дендриттерінде көптеген бүйір өсінділер — тікенектер болады. Олар арқылы синапстық байланыстар қалыптасады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.