Солтүстік-Батыс Қазақстанда хан өкіметін шектеу саясаты

Главная » Рефераттар » Солтүстік-Батыс Қазақстанда хан өкіметін шектеу саясаты

Қазақстанның солтүстік-батысында елдің басқа жеріне қарағанда патшаның отарлық әкімшілігінің әсері тым көзге түсетін. Xан өкіметін біртіндеп шектеу саясаты іске асырылды, өз әкімшілігі енгізіле бастады, жалпы қазақ даласын толық бағындыру көзделді.

.

Хан билігін шектеудің алғашқы жолы кейбір беделді сұлтандар мен старшиндердің ханға хабарламай шекаралық әкімшілікке бірден арыз түсіруі болды. Сөйтіп, орталықта қазақ өкіметіне қарсы оппозициялық күштер нығая түседі. Сонымен бірге патша өкіметі хандарды бекітуді (конфир­мациялауды) узурпациялады (басып алды мағнасын береді), осы жол арқылы патша үкіметін сөзсіз тыңдайтын билеушілерді іріктеп қоюға тырысты. 1748 ж. осындай жолмен әдеттегі құқық нормаларын бұзып батыс және солтүстік аймақтың ханы болып Нұралы сайланады. Ол нағыз россиялық чиновник есебінде жұмыс істеді. Әрине осыдан қазақтың жоғарғы өкімет беделі төмендеді.

Хан өкіметін әлсіретудің екінші әдісі параллельді хан сайлауын өткізу болды, бұл әрине қазақтардың бірлігіне нұсқан келтіргені сөзсіз. Осындай мазмұнды хатты Екатерина ІІ Орынбор генерал-губернаторы Игельстромға жолдаған. Үшіншіден, қазақ даласын бағындыру үшін Россия  үкіметі әртүрлі саяси топтардың, әсіресе сұлтандар мен старшиндердің ықпал ету күресін қуаттауы болды. Ал, отарлық әкімшілік бұл мәселеде өзін арбитр етіп көрсетті. Осындай саясаттың барысында саяси күрес (Россиямен шекаралас аудандарда) дағдарысы толассыз жүріп жатты, орталық хан өкіметі беделі құрт төмендеді.

.

Игельстром реформасы. Қазақстанның Солтүстік-Батыс аймағында хан өкіметін әлсірету саясаты, шекаралық аудандарда қазақтарға жерді пайдалануға тыйым салу, орыс әскерлерінің жазалау әрекеттері XVIII ғ. аяғында ұлт-азаттық қозғалысын туғызды.

Осыдан орай жалпы хан үкіметін жою, шекаралық аудандарда жаңа басқару жүйесін енгізу (ол әрине Россияға бағы­нышты болуы керек) қолға алынады. 1785 ж. Орынбор генерал-губернаторы барон фон Игельстром Кіші жүзді басқару жобасын императорға ұсынады, келесі жылы ол бекітілген. Бұл реформа бойынша Кіші жүз үш бөлікке бөлінеді: Әлімұлының, Байұлының және Жетірудың жерлері болып. Әр бөлікті билеуші басқарады, оның төрағасы, беделді старшиндрден іріктелген екі орынбасары және хатшысы есебінде болған.

Расправа Шекаралық сотқа бағынатын, ол өз кезегінде генерал-губернаторға бағынышты еді. Мұның құрамында төрағасы (орыс офицерінен), бес орыс чиновнигі және алты қазақ (сайланатын) старшины болады деп жоспарланған. Игельстромның жобасы бойынша расправа мен шекаралық сот әкімшілігіне, сот және полициялық функцияны атқару жүктелген. Хан өкіметі таратылады деп есептелген.

Алайда, Игельстром реформасы қойған мақсатына жете алмады. Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық қозғалысы реформа­ның іске асуына жол бермеді. Хандықты жақтаушылардың бір бөлігі Қайыпты хандыққа сайлайды, ол әсіресе Хивамен байланысты жақтаған Россияға қарағанда. Хан өкіметін жоюдың бірінші этапының барысында қазақ даласына шекаралық әкімшіліктің әсері төмендеді, сондықтан 1789 ж. Кіші жүзді басқарудың жаңа жобасы жасалынады, онда хан өкіметін қалпына келтіру көзделген.

Хан өкіметін қалпына келтіру. 1791 ж. Кіші жүз ханы болып Ералы тағайындалады, хан жанында екі сұлтан мен үш старшинадан тұратын хан билігін тежейтін кеңес жұмыс істейтін болған. 1795 ж. Ералы қайтыс болғаннан кейін хан болып Есім тағайындалады.

Оның тағайындалуына Сырым батыр бастаған старшиндер және Қаратай бастаған сұлтандар тобы қарсы болады. Есім ханды өлтіруге әкеп соқты. Соның нәтижесінде хан билігін жою тағыда ойластырылады, кіші жүзді Россияға бағынышты орган арқылы басқару көзделеді.

Игельстром (генерал-губернатор) Кіші жүзді хан советі арқылы қайтадан басқаруды ұсынады, оның құрамына төраға болып сұлтан және мүшелері болып алты старшинды тағайындау ұсынылады. 1797 ж. тамызында совет Айшуақ сұлтанның басшы­лығымен жұмысқа кіріседі. Бас старшиналар Сырым мен Тархан Қаракөбек осы советтің құрамына кірген.

Алайда, саяси дағдарыс шешілмеді. Сұлтандар тобы советке қарсы болды, ханға Қаратайды ұсынды, Сырым болса Сырдарья бойына көшеді. Сөйтіп ситуация Орынбор әкімшілігінің қолынан шығып кетті де 1797 ж. қазанында хан балып жасы келген Айшуақ тағайындалады.

ХІХ ғ. басындағы саяси дағдарыс. Орынбор әкімшілігі қойған Айшуақ ханның қазақ ортасында беделі болмаған. Съездер шақырылмады, ұрыс-жанжалды шешетін беделді органның болмауы қауымдар мен ауылдар арасындағы қатынастарды одан әрі шиеленістірді.

Барымта сот шешімін орындаса, енді баю мақсатында тонауды ұйымдастыратын қатерлі жолға түсті. Орыстардың қарама­ғында қызмет атқаратын орал қазақтары мен башқұрттар шабуылы тоқтамады.

Кіші жүздің старшиндері 1803 ж. жазында Орынбор түбінде кездеседі. Съездің негізгі мақсаты өзара қырқысты тоқтату, тонауға жол бермеу, ішкі саяси өмірді қалпына келтіру. Съезде олар ант алысып келісім жасайды. Онда мынандай пункттер бар Айшуақтың әсерімен қабылданған:

.
  1. барлық даулы мәселелер қазақтар мен Россия әкімшілігі арасындағы қазақтар сайлаған екі орысқа жүктеледі;
  2. хан өкіметін нығайту және сұлтандар мен старшиндер арасында вассалдық қатынастар орнату;
  3. бай ауылдар мен шекаралық линияларды тонаумен шұғылданған көптеген кедейлерді қауымдарға бөлу және жұмыс­пен қамтамасыз ету.

Анттың авторлары шекара әкімшілігін қазақ ауылдарына тынымсыз барымта жасайтын орыстар мен башқұрттарға (жазылау операцияларын пайдаланып) қатаң тыйым салуды талап етті.

1803 ж. съездің қаулысы орындалмады, Россияның үмітін ақтамаған Айшуақ орнынан алынып, оның орнына Жантөре (1805-1809) тағайындалады. Оның ешқандай беделі болмайтын, сондықтан сұлтандар мен старшиндардың бір бөлігі Қаратайды хан сайлайды. 1809 ж. Жантөренің өлтірілуі хан өкіметін жою мәселесін қайтадан көтереді.

Император Александр І «Хан советі туралы Ережені» бекітеді. Советтің төрағасын генерал-губернатор тағайындайды, ал қазақтар сайлайтын 6 кеңесшіні Орынбор линиясының басқолбасшысы тағайындайтын. Сот жүйесіне де өзгеріс енгізілді. Ауыр қылмысты істер енді Орынбор шекаралық комиссиясына жіберілетін болды. Сөйтіп, қазақтардың традициялы саяси элитасынан көнгіш чиновниктік аппарат құру қолға алынды және Қазақстанның шекаралық аудандарына бақылау жасау тездетілді. Бірақ, осы әрекеттер соншалықты жемістер бермегенімен, олар Россияның әскери-саяси экспансиясына, Қазақстанды толық және түпкілікті отарлауына қолайлы жағдай жасады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.