Сопылық: рухани жетілудің теориясы мен іс-тәжірибесі

Главная » Рефераттар » Сопылық: рухани жетілудің теориясы мен іс-тәжірибесі

Сопылық — исламдық мистицизм (дәруіштер киетін жүн киім, жүн сөзінен шыққан) 7 ғасырда пайда болады. «Сопылық» сөзінің мағынасын басқаша да түсіндіруге болады, мысалы, сопылық — «суффа» сөзінен — тас суфа — намаз оқитын жоғары орын, «тазалық» сөзінен, гректің «даналық» сөзінен жэне т.б. шыққан. Нағыз мистикалық ілім ретінде кедейлікпен (факр) жэне тақуалықпен (зухд) байланыстырушы ретінде түсіндіріледі. Сопылық -Қүдайды мистикалық тану жайлы ілім.
Сопылықтың өкілдері — сопылар (дәруіштер, пақырлар). Негізін салушылар — Хасан эл-Басри (842-728), Зун-нун эл-Мисри (861ғ. қайтыс болған), эл-Мухасиби (781-857).
Негізгі түжырымдары: тарика(т) (жол), эл-хакк (ақиқат), вилаййа (әулиелік), фана (бейболмыс, құрту, ғайып болу), хал, ишрак (нұрға бөлеу), вахдат эл-вуджуд (болмыс бірлігі).
Атақты сопылар — әл-Джунайд, әл-Халладж, ар-Руми, әл-Бистами, әл-Газали, Ибн Араби, Қ.А. Иасауи. Сопылық жолы үш кезеңнен тұрады: бірінші жол -шариғат жолы; екінші — таза сопылық жол — тариқат жэне үшінші — хақиқат — Құдайды тану жэне сіңіп кету жолы. Сопының мистикалық «тариқат» жолында мақамдар (арабтың — икам сезінен шыққан) — аялдамалар мен тіректер бар. Сопылар мақамды ақиқат жолындағы белгілі бір баспалдақтар, жағдай деп түсінді. Түрлі сопылық мектептердің мақамға деген қатынасы эртүрлі. Біреулері, бүзуға болмайтын мақамдар иерархиясы бар деп есептейді. Басқалары, танымның эрбір баспалдақтарында адам нүрға бөленеді жэне Қүдайды тани бастайды дейді. Қалған сопылар барлық түрақтардан өткеннен кейін ақиқатқа жету мүмкін дейді. Сонымен бірге мақамдар саны да әртүрлі. Жетіден қырыққа дейін жэне одан да жоғары. Тіректердің классикалық анықтамасын біз эл-Ғазалиден көреміз, онда тоғыз түрі бар. Әл-Ғазалидің мақамдарды бөлуі сопылық мектептер арасында кең тараған.
Бірінші баспалдақ — тэуба — тэубеге келу;
Екінші баспалдақ — сабыр — сабырлылық;
Үшінші баспалдақ — шүкір — алғыс;
Төртінші баспалдақ — хавф — үрей;
Бесінші баспалдақ — амал-ражда — аман қалудан үміттену;
Алтыншы баспалдақ — факр — кедейлік;
Жетінші баспалдақ — зухд — тақуалық;
Сегізінші баспалдақ — таваккул — сенім;
Тоғызыншы баспалдақ — мухабба (хубб) — махаббат.
Бұл тоғыз тірекке Ақиқатқа жақын танымның мынадай сэттері де қосылады: бір діндес, шын берілгендік, мұңаю, қайғыру, қуаныш, қанағат, адалдық. Әл-Ғазали, Руми, Ибн Араби жэне басқа да ү_лы сопылар Құдайға жақын болу арқылы адамды құтқаруға болады деген. Құтқару тұжырымдамасы таваккуля идеясы — Құдайға деген се-німмен байланысты. Адамды құтқару өзіңді тану мен Құдайдың еркінен өз тэуелділігіңді тану деп есептеледі. Адам өзі өткінші болмыс пен Құдайдың алдында жалғыз тү_рады. Мүндағы ең негізгісі де, бастысы да адамды Құдайдың тастап кетпеуі. Қүдайын жоғалтқан адам үшін ештеңе жэне ешкім жоқ.
Әрбір адамның өз Қүдайы бар деген пікір жайлы ислам-нан, ортодоксальды исламнан, мүсылмандық аристбте-лизм философиясынан сопылардың көп айырмашылығы бар. Исламда Қүдай үлы, ізгі жэне қатал, ол істеген күнэлары мен зүлымдықтары үшін аяусыз жазалайды.
Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд жэне басқаларының философиялық жүйелерінде Қүдай барлық жаратылыстың алғашқы себепшісі, яғни адам қолы жетпейтін, адам мен элемді басқарып түрған абстрактілі-рухани мэн ретінде көрінеді.
Сопылардың пікірінше, Қүдай — олардың өмірінің мэні. Құдай мен адамның үздіксіз бірлігі олардың өмірінің негізгі мағынасы болып табылады. Тек осы бірлікте ғана адамның жаратылысы мэнді болады жэне бүл бірліктің негізі махаббат болып табылады.
Махаббат — бүл қайғы, тақуалық, өкіну, өзін-өзі қорлау жэне ақырында Құдай мен адамның кездесуі. Сопының Құдайға деген махаббатының апофеозы — онымен біртүтас болуы. Сүю — бүл адамның табиғи жағдайы. Адам алдымен тарик жолында Мен жэне Сен қатынасымен көрінеді, хақиқатқа жақындағанда, ол Мен жэне Сеннің бірлігіне айналады. Сопылыққа жетудің үзақ жолында сопы ғашық болуы керек, яғни қайғырған, осы жолды қорытушы өзінің махаббатын көруге тырысушы болуы керек. Сопы тарик баспалдағына аяқ басқан кезден бастап жеке, өзіндік жол басталады.
Сопыларға түсініксіз нэрс злердің мәні ашыла бастайды. Философтар ақиқатқажетудің жолы зерде деп жатқан кезде, сопылар зерде біздің білімімізді тарылтады, ал мистикалық тэжірибе оны кеңейтеді деп есептеді.
Сопылық рухани жетілудің тэжірибесі мен іске асуын нақты көрсеткен ілім болып табылады.
Сопылық — исламдық мистикалық рухани тэжірибе. «Мистикалық» және мистикалық тэжірибе деген қандай мағына береді? Мистика — иррационалды тәсіл арқылы элемді тану жэне түсіну. Бүл сөздің өзі «қүпия» деген мағынаны білдіреді. Сопылық — трансценденттік (Қүдай) танымның мистикалық рухани-діни тэжірибесі. Ортағасырдағы сопылық немесе тасаввуф теориялық үстанымдары бар доктринаға айналады. Сопылықтың негізінде Қүдаймен жеке қатынас арқылы байланыс жасау идеясы жатыр. Сопылықтағы Қүдайды іздеу мэселесі діни креативті жағдайға сай, көбінесе, Қүдайды өзіңнен іздеу мәнін береді.
Сопылық Қүдайға деген махаббаты жүректен шыққан жүрек ілімі ретінде түсіндіріледі.
Мистицизм сөзі — ирфан мен тасаввуфты кейбір ғалымдар мэдени жэне элеуметтік мағынасына қарай (Ирактар) ажыратады. Сопылық аумақтық мэні арқылы да ажыратады:
— арабтық сопылық;
— ирандық сопылық;
— түркілік сопылық жэне басқалары.
Қожа Ахмет Иасауи негізін салған түркілік сопылық Қүдайды жэне діни ақиқатты тану ілімі болып табылады.
Ол»ясавийа»орденініңжэнеИасауидіңсопылықидеясын дамытушы — Орта жэне Орталық Азия аумағында қүрылған
— накшбандийа, кадирийа, кубравийа ордендерінің негізін салушы. Иасауи тариқаты өзіне араб-парсы-түркі рухани-адамгершілік тэжірибесін біріктірді. Құдай марифаты
— танымның — негізгі идеясы Халват — оқшаулану арқылы іске асырылу керек. Оқшаулануға бір дінділік, дэріптеу, Қүдайды түсіну, мадақтау түжырымдары — тасбих, тахлил, такбир, зікірді іске асыру жатады. Иасауи ілімінің мэні рухани-адамгершіліктік жетілуден көрініс тапты. Сопылық тақуалық жэне сонымен бірге стоиктік ілім ретінде пайда болады. Алғашқы бағыттағы сопылар материалдық игілік, кеңіл көтеру, тойлауға қарсы болды жэне өздері де тақуалық, оңашаланған өмір сүрді, сопылар адамдармен қарым-қатынастан қашты. Мұнда үлкен мэн бар. Басқаша өмір сүрген адаммен қарым-қатынас жасағаннан бэрінен қол үзген сопы үшін не пайдасы бар? Тек түсінбеушілік пен оқшаулық. Сопылар өзара қарым-қатынас жасау ақиқатты тануға тырысқан эрбір сопының мақсаты мен рухыңа тең келуі керек дейді.
Жалпы бағытына қарамастан барлық сопылық мектептер ақиқатқа жету жолында әртүрлі. Кейбір мектептер бірыңғай дін тэртібін үстанады, кейбіреулері — өтірік діншілдікті көрсетеді. Мысалы, Маламатийа (Нишапур, 9 ғ.) сопылық ордені Қүранда жэне адамдар да айыптаған жаппай ішімдік ішу жолымен іштей тазару туралы ілімнің негізін салған. Сондықтан маламатийлықтар өз ілімінің негізі етіп айыптау үстанымын жариялаған. Олардың ішімдік ішуі қоршаған ортада айыптау мен жек керушілікті тудырды, жэне бұл айыптау мен жек көру адамды өзін-озі төмендетуге дейін апарды жэне оның менмендігі меи мансапқүмарлығын басып тастады.
Джунайд — Бағдад мектебінің басшысы — Құдайдағы ақиқатты тануға ену жэне сонымен бірге абсолютті болмысқа жету ілімінің негізін салушы болып табылады. Бүл ілімнің мэні Қүдайдағы бірлік пен мэңгілік омір болды.
Әбу Йазид мағынасы Мен, Сен, Ол деген негізгі 3 ке-зеңді көрсететін сопының санасы болып табылатын езін-өзі тану теориясын құрған. «Ол» Әбу Йазидше өзіндік болмыс ретінде анықталады,
Соңылықтың санадан тыс, «санадан жоғары» мэселе-леріне үлкен мэн бергені ете қызық. Мұнда сопылар Ақиқатты немесе Жолды іздеу кезіндегі адамның белгілі бір психикалық жағдайын түсінген. Бұл санадан тыс жағдай ерекше жағдайда корініс тапты: нұрға бөлену, бұлыңғыр жарық немесе керісінше, өте анық жарқыл, жітілік, тез түсіну және басқалары.
Сопылықтың да барлық ілімдер сияқты өзінің клас-сикалық ұстаздары бар. Барлық сопылық жолмен жүруші-лер сопылық пайда болғаннан бергі ұзақ уақытта жинақ-талған білімдерін жинайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.