Cөздік қатынас

Home » Рефераттар » Cөздік қатынас
Рефераттар Комментариев нет

Біздің бұл пәніміздің зерттеу нысаны адамдар арасындағы қатынас, өзара байланыс мәселелері болып табылады. Соңғы кезде шыққан түсіндірме сөздіктерде «Қатынас дегеніміз — адамдардың танымдық еңбек-қызметінің процесіндегі өзара өрекеттесуінің ерекше түрі» деген анықтама берілген.
Сөздік қатынастың негізгі мақсаты — ол өзара араласу, байланыс, қатынас барысында өр түрлі сипаттағы ақпараттар алмасу болып табылады. Адамдардың өзара қарым-қатынастары, байланысы тек тілдің ғана көмегімен жүзеге асып қоймайды. Ерте заманнан-ақ адам қоғамында тілден басқа да байланыс және ақпарат алмасу қүралдары болған және олардың бөз біреулері осы уақытқа дейін өмір сүріп келеді. Мысалы, Африканың байырғы халықтары ысқыру, барабан дүрсілі, қоңыраулар сылдыры, гонг дабылдары, т.б. қатынас қүралдарын пайдаланады. Шығыста көп тараған «гүлдер тілі» де кейбір жағдайларда сөзбен айтуға болмайтын ақпараттарды хабарлау үшін (мысалы раушан гүлі -сүйіспеншілік белгісі, астра — қайғы-мүңның, ботакөз — есте саңтаудың белгісі) пайдаланылады. Жол белгілері, багдаршам белгілері, жалаушалармен белгі беру, т.б. — бұлардың барлығы да адамдардың негізгі қатынас құралы — тілге ңосымша ақпарат беру құралдары болып табылады.

Осыған сәйкес ақпаратты бір адамнан екінші адамға беру, тасымалдау құралдары вербальдың (сөздік) вербальдың емес деп екіге бөлінеді.
Вербальдың емес қатынас — бұл ақпараттарды сөзбен бейнеленбейтін әр түрлі нышандар (символдар) мен белгілер, суреттер, сызбалар, сызықтар және т.б. көмегімен және ым, көзқарас, қимыл, жүріс-тұрыс арқылы тасымалдау, беру, жеткізу. Алдымен «сөздік қатынас» тіркесінде неліктен «тілдік» емес, «сөздік» деген сөз қолданылатындығына назар аударайық. Оның бергі жағында тіл — ең маңызды қатынас қүралы деген үғым бар емес пе! Бұл сұраққа жауап беру үшін «тіл» жөне «сөз» деген ұғымдарының арасында қандай айырмашылық бар екенін анықтап алуымыз қажет. Жалпы қабылданған түсінік бойынша тіл дегеніміз -жұрттың барлығына ортақ мағыналары бар, шартты, жалпыға бірдей дыбыстар жүйесі болып табылады. Мысалы, ағылшын, орыс, қазақ, т.б. кез-келген тілдердің жүйесі. Бірден-бір тілдік бірліктер — олар дыбыстар, сөз бөлшектері — түбірлер, жүрнақтар, т.б. сөздер, сөз тізбектері, сөйлемдер болып саналады. Әрбір тілдің осы бірліктерді пайдалану ережелері, қалыптары болады.

«Сөз» деген термин екі мағынада қолданылады. Біріншіден, сөз — екінші бір адамдармен байланыс, қатынас құралы. Бұл мағынада алсақ сөз дыбыстық, не жазбаша түрде тұжырымдалған нақтылы іс-әрекет. Екіншіден сөз деп іс-әрекеттің қорытындысын -мәтінді (мақала, хабарлама т.т.) айтады. Сонымен, қорытындылай келгенде «тіл» деген сөзде басты магына «жүйе, қүрылым» болса, «сөз» деген үғымда басты магына «іс-әрекет». Сондықтан да «қатынас» деген сөзді анықтауда «сөздік» деген терминді қолданған орынды деп есептедік. «Сөздік қатынас» тіркесінің анықтамасына сүйене отырып, тілдің мынадай қызметтерін атап көрсетуге болады:
— ақпараттық — ақпаратты тасымалдау, адамдардың ой-мақсаты, ниет-ықыластары туралы хабарлау;
— үгіт-насихаттық — ниеттену, үндеу, өтініш;
— сезімдік (эмотивтік) — сезім, эмоцияларды тікелей білдіру;
— метатілдік — заттарды суреттеуге пайдалану;
— іс жүзіндегі, нақтылы — өзара қарым-қатынас орнату. Мысалы, саяхат (экскурсия) кезінде мұражай қызметкері мұражайдың экспонаттары туралы мәлімет беру үшін тілді ақпараттық қызметінде қолданады.

Күнделікті қарым-қатынаста «Қалың қалай!» деген сипаттағы сөз тіркестері, әдетте, сәлемдесу ретінде, яғни қарым-қатынас қүралы есебінде қолданылады, ал оның шын мәнісіндегі сөздік толтырылымы аса қажет нәрсе емес. Адамның сөйлеу өрекетіндегі тілдің атқаратын қызметтері олардың әр түрлі сипаттарда тоғысуында білінеді жөне өркезде олардың біреуінің қызметі басымырақ болып тұрады. Мысалы, диктордың хабарламаларында тілдің ақпараттық қызметі басым болады, бірақ мүнда метатілдік және сезімдік қызметтер де айқын көрініп тұрады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.