Споралылар класы

Главная » Рефераттар » Споралылар класы

Споралылар класына тек паразиттік формалар жатады. Бұлардың қозғалу органоидтары, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдері болмайды. Жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі шизогония (көпшілікті бөліну) күйінде болады. Тіршілік циклі күрделі, қожайын алмастыру арқылы жүреді. Адам паразиттері қан споралары және кокцидий отрядтарына жатады.

.

Қан споралылар отряды

Қан споралылар класына өздерінің дамуының белгілі бір сатысын адамның не әр түрлі омыртқалылардың эритроциттеріңде өткізеді. Олардың даму циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбеюі адам денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда, (несекомдарда) жүреді. Бұлар спора түзбей бір иесінен екіншісіне тікелей беріліп отырады. Адам паразиті болып безгек шазмодиясы саналынады — ол безгек ауруын қоздырады. Адамдарда безгек плазмодийінің 4 түрі паразиттік тіршілік етеді:Plasmodium vivax, Pl.malariae, РІ.fаlсіраrіum, РІ.оvаlе. Соңғы түрдің өкілдері бізде кездеспейді. Споралылар класының бәрінін даму циклі және құрылысы ұқсас: аралық иесі — адамдар, ақырғы иесі — безгек масасы болып табылады. Тіршілік циклі үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді.

.

I. Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бүлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар есіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) болініп, көптеген (1000—5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе улпалық шизогония деп аталынады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.

II. Эндоэритроцитарлық шизогония. Эритроциттерге енген мерозоиттар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың өлшемдері өте кішкентай, эритроцит көлемінің 1/3—1/6 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады — бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда етіп, қозғалып, амеба тәрізді шизонт қа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп, эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әр түрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоиттар түзіледі. Бұл кезде эритроциттер қабықшасы жыртылып мерозоиттар қанға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге еніп жаңа цикл басталады. Мерозоиттармен бірге қанға олардың улы енімдері де етеді. Осының нәтижесіңде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитарлық кезең 48 сағатқа (3 тәуліктік безгек), Pl.malariae — 72 сағатқа (4 тәуліктік безгек) созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасындағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз көбеюден кейін жыныстық жолмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозоиттар эритроциттерге еніп жетілмеген жыныстық формаларға — гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын — макрогаметоциттерді, енді біреулері — аталық жыныс формаларын — микрогаметоциттерді пайда етеді. Гаметоциттер шизонттарға қарағанда ірілеу, домалақ болып келеді, олардың қою қара ядросы болады. Адам ағзасыңда гаметоциттер әрі қарай дамымайды. Споралылар класының әрі қарай дамуы маса денесінде өтеді.

III. Жыныстық кобеюі және спорогония. Маса ағзасына гаметоциттер ауру адамның қанымен бірге енеді. Маса асқазанында олар жетілген жыныстық нысанға немесе гаметаларға айналады. Споралылар класындағы микрогаметоциттер бөлініп 5—6 талшық тәрізді микрогаметаларға, ал макрогаметоциттердің көлемі үлкейіп 1 макрогаметаға айналады. Ұрықтанғаннан кейін зигота қозғалғыш окинетаға айналып, асқазан қабырғасын тесіп өтіп оның сыртқы қабатына бекінеді. Ол қабықшамен қапталып ооцистаға айналады да тез өсе бастайды. Содан кейін спорогония процесі басталады, яғни ядро мен цитоплазма бөлініп ооциста ішіңде көптеген (1000) спорозоиттар түзіледі. Ооциста қабықшасы жарьшып спорозоиттар масаның дене қуысына, гемолимфаға, сілекей безіне әтеді.

Патогендік әсері. Ауруларда мезгіл-мезгіл қалтырау ұстамасы (қызбасы) байқалады. Әрбір қызбада 6—12 сағатқа созылған қалтырау және дене температурасының 40°С дейін көтерілуі байқалады. Бауыр мен талақ ұлғаяды, қаназдылық байқалады. Емделмесе, әдетте, дүние салуға алып келеді. Лабораториялық аныктау үшін қан жұғындысын микроскоп арқылы зерттеп паразитті табу қажет.

Аурудың алдын алу шаралары — безгек резервуары болып саналатын ауру адамдарды дер кезінде тауып емдеу; ауру паразиттерін тасымалдаушы — безгек масасын жою болып табылады.

Кокцидий отряды. Бұл отряд әкілдерінің ішінен маңыздысы — токсоплазма. Токсоплазма— адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, кең таралған паразит. Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жүрек бұлшықеттерінде, көз ұлпасыңда, өкпеде, жатыр қабырғасыңда және ұрық қабықшаларында кездеседі. Токсоплазма барлық жерлерде таралған.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Токсоплазма эндозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұқсас болады; оның өлшемі — ұзындығы 4—7 мкм, ені — 2—4 мкм. Оның алдыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесінің алдыңғы жағыңда конус тәрізді құрылым — коноид болады. Оның қабырғасында ши-ратылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің иесі денесіне енуі кезіңде тірек қызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына қарай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді органоид — роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптрий айналасында, дененің алдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелеңдеген жіпшелер — микронемалар кездеседі. Аталған органоидтар мен қатар токсоплазмада басқа да жасуша органоидтары болады. Дене сыртын 3 қабат мембранадан түратын пелликула қаптап тұрады, оның астыңда түтік тәрізді фибрилдер жүйесі орналасқан. Пелликуламен фибрилдер жүйесі паразиттің сыртқы қаңқасы болып табылады. үлкен жара пайда етеді. Ішектің артқы бөлімінде вегетативтік форма цистаға айналады да үлкен дәретпен сыртқа шығарылады. Балантидийдің негізгі резервуарлары болып жабайы және үй шошқалары саналады. Олардың нәжісімен цисталар сыртқа шығарылып қоршаған ортаны ластайды. Адамдар шошқаларды күтіп-баққанда цисталарды жүқтыруы мүмкін, сонымен қатарлас жеміс-жидектер, лас қол, қайнатылмаған су т.с.с. арқылы да жүғуы мүмкін.

.

Патогендік әсері. Ішек қабырғасында қансыраған жара пайда етеді, қан аралас іш өткізеді. Емделмесе дүние салуға алып келеді.

Лабораториялық анықтау әдісі — нәжісті микроскоп арқылы зерттеп паразит цисталарын табу.

Аурудың алдын алу шаралары — жеке шаралар — жеке гигиена нормаларын сақтау; қоршаған ортаның шошқа қиымен лас тануын болдырмау; шошқа фермаларында тиісті еңбек тәртібін ұйымдастыру т.б. болып табылады.