Студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындау

Home » Рефераттар » Студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындау
Рефераттар Комментариев нет

Ғылым — ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, студенттердің ғылыми сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмей, әдістер аймағын тануды да қамтиды. Әдістер дегеніміз — ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Жеке зерттеу пәні ретінде зерттеліп отырған жұмыстағы зерттеу пәнінің элементтері, байланыстары, зерттеу нысанның қатынастары басты назарға алынады.

Зерттеу пәнін анықтау — зерттеу шекарасын белгілеу, зерттеу перспективасын анықтау және алға қойылып отырған проблемадағы, негізгі деп саналатын байланыстарды алдын — ала жоспарлау, оларды уақытша даралап және бір жүйеге біріктіру мүмкіндіктерін қарастыру деп түсіну қажет. Таным пәнінде таным құралдары мен методологиясына негізделген қорытынды түрінде шоғырланған мәселені шешу бағыттары, маңызды міндеттерді, оларды шешудің мүмкіндіктері қарастырылады.

Зерттеу пәніннен — ғылыми зерттеудің негізгі міндеттері келіп шығады. Ғылым әдістері жаңа зандылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылымның өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады. Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалык талаптарға сай болады. Ғылыми — психологиялық зерттеулерге мынадай талаптар қойылады: құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу; психикалық құбылыстарды зерттеуде психофизиологиялық принципі негізге алу шарт, бірақ физиологиялық (биологиялық) білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет: психологиялық зерттеулердің негізінен, адам әрекетін   әлеуметтік тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі; психологиялық зандылықтарды адамның психикасы, іс — әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау. Психология ғылымында казіргі кезде зерттеу әдістерінің төрт тобы қолданылуда; ұйымдастыру әдістері; оның ішінде салыстыру әдісі (әрбір топ жасы, қызмет және тағы басқа бойынша   салыстыра зерттеу); лонтитюд әдісі (бір адамды немесе адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп тұру); Кешенді әдісте зерттеуге әр түрлі ғылымдар өкілдері катысып, бір обьектіні жан — жақты әртүрлі кұралдарымен зерттейді.

Мұндай зерттеу нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы. Эмперикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер. Бақылау мен өзіндік бақылау эсперименталдык (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиогностика); тест, анкета, сұрақ — жауап, социметрия, сұхбат, әңгімелесу әдістері: шығармашылық іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері өмірбаяндық танысу әдістері. Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалдарды топқа бөлу, жіктеу, талдау) әдістерінен құралады. Реттеу — түзету әдістері: аудиотрениг, топ трениг, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу — үйрету әдісі. Ғылымдағы эксперимент дегеніміз — зерттеу мақсаты үшін неғұрлым ыңғайлы жағдай жасай отырып құбылысты жасанды түрде өзгерту немесе қайта жаңғырту болып табылады. Эксперимент барысында зерттеуші педагогикалық процестің барысына белсенді түрде араласады. Күнілгері белгіленген мақсатқа сәйкес белгілі бір жағдай жасай отырып, немесе бар жағдай жасай отырып, немесе бар жағдай болса оны өзгерте отырып, зерттейтін құбылысты жаңадан жасайды немесе өзгертеді, осының негізінде құбылыстар мен шарттар арасындағы қажет болып отырған байланыстың болуы немесе болмауы анықталады. Қарапайым байқауға қарағанда эксперементтің мүмкіндіктері мол. Олар мыналар: Біріншіден — эксперимент карапайым әдеттегі жағдайда кездесе бермейтін комбинациялар мен кажетті жағдайларды құбылысты жасап алуға жағдай туғызады.

Екіншіден — экспериментте құбылыс жағдайы қарапайым: бақылауға қарағанда айқын белгілі болады. Қарапайым бақылау кезінде экспериментатор құбылыстың қалай пайда болатынын білмесе оны өзгерте де жасай да шығара да алмайды. Құбылыстың пайда болуы туралы зерттеушінің білімі : құбылысты жан — жақты тануды жеңілдетеді, оның басқа құбылыстармен байланысын білуге жеңілдік туғызады. Үшіншіден — эксперимент кезінде құбылысқа себеп боларлық жағдайды бөліп тастау арқылы құбылыстың себепті байланыстарын тануға мүмкіндік туады. Ол құбылысқа талдау жасауға, әрбір жағдайдың құбылысқа қалай әсер ететіндігін тануға мүмкіндік туғызады. Төртінші — жасанды түрде жағдайды өзгертіп кез келген уақытта қаншама  рет болса да ізденістегі құбылысты алдындағы   алынған жағдайдағысынан айнымайтын күйде алуға мүмкіндік туғызады. Осы алынған құбылысты қарапайым бақылаумен салыстырғанда нақтырақ зерттеуге қолайлы жағдай туады. Сондықтан эксперимент қарапайым бақылауға қарағанда құбылысты терең де нақтырақ зерттеуге болатын мүмкіндік деп айтуға болады. Эксперимент жұмыстарының сәтті шығуы, алдын ала мұқият талданып жасалған ғылыми гипотезаға байланысты. Эксперимент өткізу. Педагогикалық зерттеулерде эксперименттің екі түрі қолданылады. Олардың бірі — табиғи эксперимент, екінші — лабораториялык эксперимент. Бірінші табиғи жағдайда — күнделікті сабақ формасында, немесе сыныптан тыс сабақ түрінде өткізіледі. Екіншісі жасанды жағдайда — жеке оқушылармен немесе кішігірім топпен бірге өткізіледі. Педагогикалық эксперимент бәрінен бұрын, әр түрлі педагогикалық әсердің ұғымдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі. «Педагогикалық әсер» дегеніміз оқу немесе тәрбие жұмыстарын жүргізудің формалары, тәсілдері, әдістері, мазмұны болып табылады. Эксперимент арқылы тексерілетін педагогикалык әсер мен оның нәтижесі белгілі білімді меңгеру, іскерлік, қандайда бір қабілеттің әдет пен мінез — құлықтың аралығындағы себеп салдар орнатылады. Осы сияқты себеп салдар туралы білім педагогикалық құбылысты ғылыми негіздеуге және педагогикалық әсердің нәтижесін алдын ала көре білуге мүмкіндік береді. Себеп салдарды тану арқылы біз қажет етпейтін зиянды құбылыстың пайда болуына тосқауыл қойып, пайдалы құбылысты жасауға мүмкіндік аламыз.

Педагогикалық құбылыс қарапайым бола бермейді, ол өте күрделі, әдетте қандай да болмасын білім, дағды, баланың даму қадамдары мектепте, отбасында, өз жолдастарының арасында, көшеде болмасын, балаға ықпал еткен педагогикалық әсердің нәтижесінде қалыптасады. Егер де біз балаға әсер ететін мектептегі ықпалдың өзін ғана алатын болсак, олардың әр түрлі мұғалімдер, әр түрлі балалар ұжымы, оқыту мен тәрбиенің көптеген әдістері мен тәсілдері сияқты әртүрлікті көруімізге болады. Бір ғана педагогикалық ықпалдың балалардың жас ерекшелікгеріне және олардың бұрынғы дайындығына байланысты әр түрлі нәтижесі болуы мүмкін. Сондықтан педагогикалык эксперименттік өткізу барысындағы ең қиын кезең -тексеретін педагогикалық ықпалдан басқа ықпалдарды бір-бірімен теңестіру болып табылатындығы осыдан түсінікті бола түседі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.