Су ресурстарын басқару

Главная » Рефераттар » Су ресурстарын басқару

Кейде су ресурстарын басқаруды, қарапайым санап, ол тек суды тұтыну су ресурстарын басқаруды қарапайым санап, ол тек суды тұтынушыға жеткізіп беру деп ойлайтындар бар. Бүгінгі күні дүние жүзі деңгейінде су тапшы ресурстардың біріне айналды. Халықаралык су менеджменті Институтының мәліметтері бойынша, жер жүзі халқының 25%, ал жаңа дамып келе жатқан елдер халқының 33% су тапшылығын тартып отыр. Болжам бойынша, 2025 жылға қарай дүние жүзі халқының 1 млрды су тапшылығын тартуы мүмкін. Олардың 280 млн. адамы үндістандық, 380 млн адамы қытайлықтар болмақ. Егер адам баласы су ресурстарына ескі көзқарасты сақтаса, бұл көрсеткіштер екі есеге асып кетуі ықтимал. Тек ақырғы жүз жылда ғана су қолдану 6 рет өскен. Осының есебінен дүние жүзі халқының 80% су құбырлары арқылы сапалы сумен қамтамасыз етіліп отыр (водопроводной водой). Ал жер суарудың көмегімен азық-түлік дайындау дүние жүзінде екі есе өскен. Осының арқасыңда адам аштығы азайтылған. Ал, енді су пайдаланудың қауырт өсуіне басқаша көзбен қарап көрейік:
1. Дүние жүзі халқының 20% сапалы суға қолы жетпей отыр.
2. Дүние жүзі халқының 15% (800 млн, адам) күніне бар болғаны 2000 калория ғана алады. (Мөлшер 4000 калория және одан жоғары).
3. Жылына 3-4 млн. адам су арқылы жұққан аурулардан өледі.
4. Жер суару (орошение) және суды үнемсіз пайдаланудың салдарынан ірі өзеңдердің атыраулары (дельта) қирауда.
5. Экономикалық прогресс экожүйені бұзуда. Биоәртүрлілік те бұзылып барады. Осының бәрін керіп-біліп отырған хапықтың көзі ашылып, бір сәттілік пайда табу келешектеріне балта шабатынына баршаның көзі жетуде.

waterrБізге тек көз ашу аз, табиғатқа бас иген, табиғатқа дұрыс қараған су ресурстарын басқарудың қатаң жүйесі керек. Су ресурстарын басқару дегеніміз — қоғамды және табиғатты тұрақты түрде жақсы сапалы, керекті мөлшерде сумен камтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету оперативті (қолма-қол), жыл бойғы, көп жып бойғы және келешекті көздеулі болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, су ресурстарын басқару дегеніміз тұрақты түрде су балансын сақтап тұрумен қатар, су ресурстарына қажеттілікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұған тереңнен қарасақ күрделі системаның басты талаптары төмендегідей: 1. Табиғи су ресурстары (жаңбыр сулары, жерүсті және жер асты су ағымдары) және де антропогендік жолмен қайта оралатын сулар ауа райының құбылысынан өзгеруі мүмкін. 2. Экономика секторлары бойынша су ресурстарына қойылатын талаптар. 3. Экологиялық жағдайлар және талаптар. 4. Әлеуметгік орта және экономикалық даму. 5. Ең күрделісі және маңыздысы саяси орта. Су ресурстары системасының барлық күрделі аспектілерін шешу үшін оларды бір-бірімен байланыстырып отырып, жан-жақты қарап отырып шешу керек. Ол үшін су ресурстарын басқару жұмыстарын, ресурстарды бөлу жұмыстарын қатаң тәртіппен ұйымдастыру қажеттілік етеді. Су ресурстарының күрделі системалары, барлық проблемалар бірге қаралса ғана оңай шешіледі. Адам баласы мен табиғат арасында конфликт туғызбау үшін не істеу керек керектігі даусыз: (очевидно нужно). 1. Ситуацияны бағалау үшін — ақпарат және сараптама. 2. Жобаланған шараларды шешу үшін — техникалық база, қаржы. 3. Басқаруды ұйымдастыру үшін — құқықтық база суға төлем системасы, ластағаны үшін төлеу системасы, су тұтынушылардың қатысуы. Міне осының барлығы мемлекеттік координациялауды талап ететін мәселелер. Осы жүйеде жұмыс істеп жүрген барлық мамандарға барлық су ресурстары гидрологиялық цикл аясында су балансы зандары бір бассейінде бір-бірімен тығыз байланысты екендігі мәлім. Бірақ, жұмыс орындау барысында, оны көбіне ескере қоймайды. Су ресурстарының жалпы балансы бір бассейін аумағында табиғи ағып келіп қосылудан және ағып, буланып кетуден тұрады. Одан басқа антропогендік жолмен судың қосылуы, ағып кетуден тұрады. Олардың барлығын есепке алу өте қиын. Сонда да бастылары төмендегідей болады:

1. Су жинайтын аумақта орман ағаштарының азаюы (не болмаса көбеюі) — жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне (төмендеуіне) әкеп соғады;
2. Жер үсті суларынан жер суаруға және басқа шаруашылық қажетіне су алынуы; Нәтижесінде су алған жерден төмен өзен ағымы бойында су азаяды, сапасы бұзылады.
3. Сарқынды сулар өзен-көлдерге тазаланбай ағызылады — өзен суының сапасы төмендейді, лайланады. Осындай гидрологиялық құбылыстар тұрақты және мұқият реттеп отыруды қажет етеді. Ол үшін су ресурстарын басқару жүйесі жақсы жұмыс істеуі қажет. Экономиканы және тұрғындарды су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттің міндеті деп барлық елдердің Конституциясыңда жазылған, соның ішінде Орта Азия мемлекеттерінің Конституциялары да бар. Бірақ, әр мемлекеттің бұл проблемаға көзқарасы, орындау деңгейі әртүрлі болуы мүмкін.

Тазалау құрылыстарын пайдалану — су тазалаудың сапасын арттыру, қалдықтарды өңдеу. Аспаптарды дұрыс пайдалану — техникалық қауіпсіздік сақтау болып табылады. Тазалау станциясының технологиялық схемасында қызмет істеушілердің құрамы, олардың мамандықтары бойынша жіктеліп жасалды. Қызметкерлер саны тазалау станциясының өнімділігімен тығыз байланысты. Кішігірім станцияларда бір қызметкер екі-үш мамандық атқаруы мүмкін. Ал үлкен қалалардың, үлкен өндіріс орындарының тазалау станцияларында барлық жұмыс диспетчердің қолында (диспетчер — байланыс құралымен және сигналды аспаптармен механикаланған өндіріс орындарының барлық процесін басқарушы адам). Тазалау құрылыстарын пайдалануға берудің алдында, оның техникалық жағдайы тексеріліп, жан-жақты зерттеледі. Құрылыс бітердің алдында оны пайдаланатын мамандар кұрамы толықтырылып, бәрі нұсқау алып, жұмысқа дайын отырулары керек. Тазалау құрылыстарының техникалық жағдайын тексергенде, ең алдымен технологиялық схеманың жобасы толық орындалғанын байқау керек. Содан кейін барып, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы тексеріледі: Мысалы: Хлораторларда әк салуға арналған бак темір-бетоннан, не ағаштан жасалуын мұқият қарау керек. Кұрылыстың геометриялық көлем-мөлшерін, оның алдын-ала жасалған жобасына (проект) сәйкестігін тексереді. Құрылыстың технологиялық параметрлерін технологиялық процестерге сай келетіндігін арнайы есептеп тексереді. Құрылыс біткеннен кейін, оны мемлекеттік комиссия кабылдауы шарт. Жұмысқа кіріспес бұрын, технологиялық комплекстің дұрыстығы кешендерде, аспаптарда өтетін барлық процестердің регламенті жасалады. Қызметкерлердің бұл регламентті мұқият оқып, білуі шарт. Мысалы, сарқынды суды тазалауға жіберудің бірінші сатысы құмұстағыш болса, екінші сатысы биохимиялық тазалау. Осыдан кейін барып толық химиялық және бактериологиялық сараптамалар жүргізіледі: Температура, исі, түрі, рН көрсеткіші, мөлдірлік деңгейі (бірінші алған үлгіде және 1,5-2 сағат тұнғаннан кейін), көлеміне сай тұнба (осадок по объему), суда қалқып жүрген заттар және қалдықты қыздырғандағы шығындар (потери при прокаливании), аммонийлық азот, нитрит азоты және нитраттар, тотығуы (окисляемость) бірінші алған үлгідегі және 2 сағат тұндырғаннан кейін, оттегі, қажеттілігі (БПК5 жөне БПК толық), хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар, еріген оттегі, тағы басқа көптеген параметрлер бойынша анықталады. Бактериологиялық сараптама судың залалсыздандырылған деңгейін көрсетеді. Тазалау станциясы құрылыстарының жұмыс істеу барысы зертханалық технологиялық кұжаттарда толығымен көрсетілуі тиіс. Онда құрылыстарды, аспаптарды, қондырғыларды пайдаланудың нәтижелері толық көрсетіледі. Сараптамаға үлгі алу, оны дұрыс сақтау да маңызды жұмыстардың бірі. Неше түрлі реактивтермен жұмыс істеу үшін зертхана қызметкерлері арнайы дайындықтан өтулері шарт. Зертхана қызметкерлерін реактивтермен жұмыс істеу ережелеріне және техникалық қауіпсіздік ережелеріне оқыту жылына бір рет қайталанып отыруы міндет. Зертхана қызметкерлерінің, реактивпен жұмыс істейтін жұмысшылардың арнайы киімдері болуы керек. Реактивтермен жұмыс істеушілер олардың барлық қасиеттерін білуі қажет. Олар улы болуы, болмаса басқа реактивтермен араласқанда жарылыс болуы мүмкін. Жұмыс столында тек жұмысқа керек реактивтерді ұстау керек. Қалған реактивтер өз орындарында сақталуы керек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.