Сутектік байланыс

Главная » Рефераттар » Сутектік байланыс

Сутектік байланыс табиғатта кең таралған және оның көптеген химиялық және биологиялық процестер үшін маңызы зор. Сутектік байланысты тек молекуласындағы сутек атомы күшті электртерістілікті атомдармен (F, O, Cl, N, S, және т.б.) байланысқан зат қана түзе алады. Сутектік байланыс тек молекулааралық қана (әртүрлі молекулалар арасында) болмай, ол бір молекуланың ішінде де (бір молекула ішіндегі әртүрлі топтар арасында) бола алады. Сутек атомы — ішкі электрондық кауызы жоқ және өте кіші өлшемде болғандыктан, көрші теріс полюстенген атомның электрондық қауызы ішіне еніп кетуге қабілетті. Мысалы. құмырсқа кышқылындағы Н — О байланысты түзуші электрондар, электртерістілеу оттек атомына ығыскан. Сутек атомының ядросында (протонда) электрондық бұлт мүлдем калмайды. Мұндайда осы сутек атомы ядросы мен теріс зарядталған кышкылдың көрші молекуласындағы оттек атомының арасында электростатикалық тартылу туындайды. Бұл сутектік байланыстың пайда болуына әкеледі. Бұл байланыстың түзілуіне сутек атомындағы «жартылай бос» IS — орбиталімен және электртерістілікті атомның бөлінбеген электрон жұбы орбиталінің донорлы — акцепторлық әрекеттесуі белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Сутектік байланыстың түзілуін көрнекілеп, оны үш нүкте арқылы белгілей отырып көрсетуге болады. Сутектің байланыстың энергиясы (8-40 кДЖ/моль) мен ұзындығы коваленттік байланыстың энергиясы мен ұзындықтарымен және вандерваальстік күштің арасындағы аралық мәнде болады. Әйтсе де бұл энергия молекулалар арасындағы ассоциация (бірігу) үшін жеткілікті екен.Молекулааралық сутектік байланыстардың түзілуі заттар касиеттерінің өзгеруіне әкеледі (айтарлықтай: тұтқырлықтың, диэлектрлік тұрақтының, балқу және кайнау температураларының өзгеруі, балку және бу түзу жылуының жоғарылауы). Мысалы: судың, фторсутектің және аммиактың қайнау және балку температуралары апомальды жоғары Көптеген қосылыстарда ковалентті полярлы H — О және Н — N байланыстар болады, сондықтан да сутектік байланыстар тек суда ғана болып коймастан, сан алуан кристалдык заттарда, полимерлерде, белоктарда, тірі организмдерде байқалады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.