Сыр бойындағы табиғи байлықтар

Главная » Рефераттар » Сыр бойындағы табиғи байлықтар

Сыр бойы минералдық ресурстарға өте бай. Əсіресе мұнай мен газдың үлкен қоры табылған жəне жерінің асты мен үсті қазына-байлыққа толы өлкеміз бүгін де индустриялдық-аграрлық облыс болуға бетбұрыс жасауда. Осындай тамырын тереңнен тартқан тарихы бар өңір. Аймақтың кен байлықтары толық зерттелмеген. Кен байлықтарынан ас тұзы, сульфат, мирабинит, тенардит тұздарының өнеркəсіптік маңызы зор. Құрылысқа қажетті ұсақ қиыршық тастар, əйнек жəне шыны бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы, құрылыс тастары, əктас, тақтатас, қоңыр көмір, басқа да кен байлықтарының мол қоры бар. Облыс түсті металл кені бойынша Қазақстанда 3-орын алады. Отандық сапалы ас тұзының 60%, мұнай мен газ конденсатының 21%, мырыштың 15%, уран қорының 14%, Арал теңізінің маңында 75 млн. тонна мұнай, 2 триллион 30 млрд. текше метр газ қоры бар.

1997 жылы «Экология лекарственных растений» деген атпен Қызылорда қаласында шыққан кітапшада 21 тұқымдасқа жататын дəрілік өсімдіктердің 33 түрі сипатталған. Бастылары: бұршақтар, түйетабандар, тарандар, көкнəрлер, күрделі, гүлділер т.б. тұқымдастар. Мұнан басқа Қызылорда флорасында дəрілік мəдени өсімдіктер түрі – 28. Олардың ішінде: арпа, сұлы, қант қызылшасы, жүгері, сарымсақ, жуа, картоп, капуста, т.б. бар.

Осы облысымызда тағы бір байлықтың бірі – күріш өндірісі. Облыс тұрғындарының күрішпен қамтамасыз етілуі 116-120 пайыз деңгейіне жетті. Қазақстанда күріштің 80 пайыздан астамын өндіретін Қызылорда облысында бұл салаға соңғы жылдары миллиондаған қаржы жұмсалуда. Осындай іс-шаралардың нəтижесінде ішкі нарықтағы күріштің тұрақты бағасы отандық күріштің бəсекелестік қабілетінің нығаюына, күріш кластерлік технологияларының тиімді бағытпен дамуына жол алып беріп отыр.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері – Қызылорда облысының табиғи байлықтарының түрлеріне тоқтала отырып, ғылыми əдебиеттерге жəне мəліметтерге сүйеніп, зерттеп білу. Облыстың жер қойнауы табиғи кен байлықтарына бай. Қазақстан Республикасының мұнай өндіруші облыстарының біріне – Қызылорда облысы да жатады. Облыс жерінде мұнайдың Құмқөл, Арысқұм, кендер – 80 млн. тоннаны құрайды. Ұлытаудағы Қарсақбай темір кенорындарында 500 млн. темір кені бар. Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде, Атансарда, Қаратаста, Иірсуда жəне т.б. жерлерде табылған. Марганец кендері Атасу темір марганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда жəне Маңғыстау мен Семейде анықталған. Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған.

Өзіміздің тұрып жатқан Жосалы ауданымыздың өзінде көптеген табиғи байлықтарымыздың көзі ашылған. Атап айтсақ, Жосалыда «АНК Дəулет» ЖШС мекемесі жұмыс жасайды. Олардың негізгі атқаратын қызметтері: құрылыс кварц құмын өндіру жəне өндеу байыту, жол салу жұмыстары, жергілікті манызы бар автомобильдердің жəне қалалық көше жол жерлерін жөндеу, мелиоративтік жəне су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстары. Осы мекеменің өнімінен салынған құрылыс нысандары: Айтек су тоспасы мен тоғаны, Қараөзек су тоспасы, Арал Ақпақ су тоспасы, Байқоңыр ғарыш айлағының кешендері, Байқоңыр қаласының асфальтзауыты,БайқоңыржəнеЖалағашмектептерініңқұрылысы,мемлекеттік «Қазатомпром» мекемесі, жол салатын мекемелер, темір бетон бұйымдары. Яғни жылдық өнім көлемі 7 мың тонна болса, сату соммасы 28 млн. теңге мөлшерін құрайды.

Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында тұз өндірумен айналысатын кəсіпорындар бар. Тұз кені, негізінен Болғасынтұз, Қорғантұз, Жақсылықылыш, Кішкенетұз, Бұғажайлы, Қаратұз ойпаттарындағы көлдерде орналасқан. Олардан галит, тенардит, мирабилит, эпсомит, астраханит тұздары өндіріледі. Тұз өндіру жұмыстары механикаландырылған жəне жоғары өнімді агрегаттар – тұз сорғылары, фрезалы кескіш кешендер, экскаватор, т.б. арқылы жүргізіледі.

Тұз өндірумен айналысатын кəсіпорын алғаш 1925 жылы тұз қазатын «Соль артелі» ретінде құрылды, 1927 жылы «Сольтрест» мемлекеттіккəсіпорнына айналды. 1958 жылы «Сульфатпен» 1932 қосылып, «Аралсульфат» болып аталды. Комбинатта тұз қазу, тұз өндеу, тұз қаптау жəне қалталау қосалқы шаруашылық цехтары жұмыс істейді. 1991 жылы 620 мың тонна тұз ұсақтайтын тұз майдалау цехы іске қосылды. 1993 жылы «Аралтұз» АҚ болып қайта құрылды. Сыр бойындағы табиғи байлықтар болашақта да зерттеле береді. Сыр өңірінің табиғи байлығы мол, ұрпақтан ұрпаққа жетерлік мұра.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.