Сырмақтағы салынған оюдың беретін мағынасы

Главная » Рефераттар » Сырмақтағы салынған оюдың беретін мағынасы

Ою-өрнектің түрі сан-алуандығы туралы көп айтылды. Бірақ оның әр элементі мен кескінінің өзіндік мәні мен қолданылатын орны сан түрлі. Қазақтар ою-өрнек арқылы өздерінің әлемге көзқарасын бере білді, дүниені танудың жаңа символдарын іздеді. Мысалға алсам, өсімдік бейнелі ою-өрнек жаңару мен қайта түлеудің белгісі десек, көбіне «Көктемнің» символы іспеттес. Шеберлер қолымен тоқылған кілемнен, шымшида немесе алашада табиғаттың төрт мезгілін көруімізге болады. Олар жасыл дала, биік тау, қалың орман мен тау қойнауында ағып жатқан бұлақ көрінсін тұспалдап, ұтымды бере білген. Наурыз тойының жабдықтары мен бұйымдарына және қыз келіншектердің киім-кешегінің етегіне, ыдыс-аяқтардың жиегіне сәндік баспа ретінде  пайдаланылады. Бірақ,  төсеніш бұйымдары мен бас киім-сәукеле, бөрік, тақияларда пайдаланылмайды. Бұл жерден біз ұлттық ерекшеліктерді байқаймыз. Себебі, қазақ халқының бас киімдерінде  зооморфтық кекіндерді пайдаланса, өсімдік тектес бейнелерді бас киімдерде пайдалану татар, башқұрт хатықтарына тән. Барлық ою-өрнектер симметриялық принципті берік сақтайды, әрбір ою өрнектің негізі-симметриялық осі болады. Симметриялық ось табиғатта, өсімдіктерде көп кездеседі, гүлдердің, өсімдіктердің діңі симметриялық осьті білдіреді. Осы заңдылық қолөнерде де қатаң сақталады.

Зооморфтық ою-өрнектің қолданылу аясы өте кең, бұл ою түрлері киім кешектерде, үй жиһаздарында, салт-дәстүрлік бұйымдарға, ер-тұрман, қару жарақтарда кеңінен пайдаланылады және ұлттық ерекшелік болып саналады. Қонақ киіз үйдегі алаша мен басқұр, текемет пен сырмақ оюларына қарап отырып, сол отбасының қай рудан, қандай әулеттен шыққандығын айтқызбай-ақ біледі. Бозбала қыз қолындағы білезіктің өрнегіне қарап, оған құда түскен немесе түспегенін біледі. Ал әйелдер ою-өрнек арқылы өзінің тұрмыс-тіршілігі туралы ата-анасын хабардар еткен. Қошқармүйіз — қазақ оюының негізгі мотивінің бірі. Өйткені ерте кезде қой бастығын қошқар күштілік пен үстемдіктің, байлық пен игіліктің белгісі болған.[15; 31]    Космогониялық өрнектің қолданылу саласы көбінде сәулет өнері. Ағаштан, темірден жасалған кез келген затты бұйымға бейнелегенде оның осіне арнайы салынатын ою-өрнек элементтері болады, олар ою-өрнектер «күн көзі», «жұлдыз гүл» өрнектері, ромб өрнектері. Егер осьтің бойына қатар-қатар бірнеше элементті орналастырсақ, шексіздікке ұласатын «шетоюды» алуға болады.   Бұл оюға мысал ретінде қазақтың ғұламасы — Қожа Ахмет Ясауидің ХІІ-ХІV ғасырларда бой көтерген кесенесінің безендірілгендігін айта аламыз.[15; 33]

Сонымен бірге, қазақ ою-өрнегін зер салған адам әрбір бұйымда бейнеленген ою өрнектің тақырыптық мазмұны, құрылымы, тепе-теңдігі мен ырғағы, ең бастысы өзіндік философиялық мәні бар екенін байқау қиын емес.Адам ою-өрнек арқылы қоршаған ортамен өзара үйлесімді өмір сүреді. Халықтың әуенді әуездері мен ою-өрнектерінің табиғаты да үндес болып келеді.

.

sirmak001

 

Аспанда бұлт қаптап, мақта гүлдеген, жарқанаттар ұшып жүр. Ал жайлауда арқалар жайылып жүр. Киіз үйдің ішінде өрнектелген сырмақ пен текеметтер жайылған. Жайылған киіз үстінде балғарыдан шалбар киген адам қойдың етін жеп жатыр. Ал жағалаудағы қайықты шөптің жапырағымен жауып қойған.

.

sirmak002Қазақстан өңіріндегі сырмақтарындағы салынған ою-өрнектің ерекшелігі мен айырмашылығы. 

Әр елдің салты мен ғұрпы ғана басқа емес, тілдік ерекшелігі, күнделікті тұрмыстық жағдайы да өзгеше. Мысалға алсақ,  белгілі бір аймақтардағы белгілі бір атаулы кәсіптерге байланысты айтылатын жергілікті тіл ерекшеліктері десек, территориялық және климаттық ерекшеліктеріне байланысты болатын тұрмыстық ерекшеліктері де ою-өрнекте айқын аңғарылады. Мысалға оңтүстік өңірлерде түйе малы көптеп өсірілуіне байланысты «түйетабан» оюы кеңінен пайдаланылса, орталық және солтүстік өңірлерде табиғи ерекшеліктеріне байланысты жабайы арқар сияқты жануарларға байланысты «қошқар мүйіз» оюы қолданылады. Біздің зерттеуіміздің барысында аталған өңірлерде басылатын сырмақтар тек оюлар арқылы ерекшеленбей, жасалу технологиясы мен шикізаты да түрлі екендігі анықталды. Мысалға оңтүстік өңірлерде сырмақ жеңіл әрі жұқа болып келеді, себебі бұл сырмақтар түйенің жүнінен жасалады. Ал солтүстік және орталық аймақтарында сырмақ қой жүнінен сырылатындықтан қалыңырақ және салмағы ауырлау болып келеді. Аталған өңірлердің  ұқсастығы–-оның жылылығында және көлемінде. Тағы бір ерекшелік-қай өңірде болмасын сырмақта ақ және қара түстің  көп қолданылуы. Бұл қазақ халқына ортақ символ, яғни өмірді бейнелейтін сияқты, ақ түс — халқымыздың  қуанышын, бақытты кезеңдерін белгілесе, ал қоңыр, қара түстер халқымыздың мұң мен  қайғыны бейнелеген.

Қақаған қыстың суығында да жел өткізбей, суықтан қорғап, ішкі жылуды ұстап тұратын қасиеті бар бұйым — осы сырмақ.  Жоғарыда атап өткендей ою-өрнекке қарап келген мейманның қай елден келгендігін, қай рудан шыққандығын бірден аңғаруға болады. Мысалға М.Әуезовтың ғасырлық туындысы «Абай жолы» дәуірнамасында «Осы ауылда көп киіз үйлер бар…көрші анда сырмақ істеп жатыр… қандай әдемі оюлар» [1; 255]; «Әй, мен тонып қалдым, қазір сырмақ болса, денеме жылы болады…»

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.