Сырым Датұлы

Главная » Рефераттар » Сырым Датұлы

RaguB5C0-3EСырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінде Әйтімбет, одан Шолан, Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантау, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды. Туған аулы Сырыой, Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сырым 7—8 жасынан-ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды жанай жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөн-жосық алады. Бірде Сырым бала сол өңірге батырлық, билік атағы жайылған Малайсарыға сәлем бере барады. — Уа, қай баласың? — Даттың баласымын. — Қой жая алмайтын жаманнан қолақпандай ұл туды деп еді, сірә, сол боларсың? — Болсақ болармыз. Бірақ бір құшақ отыннан бір оқтаулық мүсін шығады деуші еді. Әкем жаман болса, сондай-ақ болар. Өзіңді қазыналы қарт екен десем, қазымыр қарт па едің? — Бала, әкең нашар болғанмен шешең пысық еді. Күндіз келген жиырма адамды, түнде келген жиырма адамды ренжітпей атқарушы еді, шешеңе тартқан боларсың. — Шешем пысық болса, оның несін айып көрдіңіз? Әкем би болмаса да, би түсетін үй болыпты. Шешем күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма кісіні ренжітпей аттандырса — қырық адам екен, қырықтың бірі қыдыр деген, онда қыдыр дарыған болар. Шал үш түрлі деуші еді: қазымыр шал, қадырсыз шал, қыдырымпаз шал. Өзіңіз соның қайсысыз? — Балам, сынайын деп айтқан бір-екі ауыз сөзімді көңіліңе алма? Жаманнан жақсы туады — адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады — бір елтіріге алғысыз. Сен де маған шалдың үш түрін айтып қарсы сын қойдың ғой. Кісінің қадірін өзінен сүрамас болар. Қадірсіз десең — халқымнан сұра, қыдырымпаз десең — көршімнен сұра, қазымыр десең — кемпірім өліп, келінге қараған жетім шалмын, келінімнен сұра. Енді келген жұмысыңды айт? Сырымның көңілі жадырап сонда былай депті: — Ауылыңның алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, аулыңда ақылды қарт болса, жазылып қалған хатпен тең деуші еді. Сәлем беріп, бата алғалы келдім. — Жарайды, балам! «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар». Ақыл қуып сөз бастайын деген екенсің, атқа мініп, ел бастайын деген бала екенсің. «Ақыл жастан, асыл тастан» шығады деген алдыңнан жарылқасын! Шиеленген түйінді, шиыршықталған қиынды шешіп, елдің ісін тындыратын, жаудың белін сындыратын әділ би, айтулы кісі бол, аумин»! — депті Малайсары қария.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *
Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп отырғанды, Сырым баланың әр сөзіне риза боп, оған мынандай өсиет айтыпты: — Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ел алдында беделді, сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң, халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады. Сырым: — Ол қандай сөз еді, ата, айтыңызшы? Сары би: — Арлы-ожданды бол! — Елге деген парызыңды ұмытпа! — Намысыңды жастан сақта! — Халқыңды жаралама! — Жақыныңды жаралама! — Қалысыңды қаралама! Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есінде сақтап келген.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *

.

Мөңке бидің үйіне арық құнанын мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне: «балаға айран әкел» депті. Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп еліп қалғанына налыған Мөңке: — «Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонса, малыңды қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет! — деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала: — Олай болмас, биеке, — депті. — «Құтты қонақ қонса, малы өліп, басы аман қалады, құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады» дейді. Мөңке би баланың бұл би баланың бұл сөзіне аңтаң болыпты да: — Рас, айтасың балам, сен шыныңды құтты қонақ екенсің, — деп оған сый-сиапат көрсетіпті.

Сырым Датүлының батырлығы жөнінде орыс зерттеушісі М, Вяткин монография жазды. Балтабай Адамбаев Сырым атына байланысты шешендік сөздерді жинастырып жариялады және кандидаттық диссертация қорғап, көп еңбек сіңірді. Қазақ батыры, шешен, бйлері ішінде Сырым шешен мүрасын жинастыру, зерттеу ісі біршама дұрыс жолға қойылған деп айтуға болады. Осы кітапқа еніп отырған Сырымның шешендік сөздері негізінен Б. Адамбаевтың жинақтарынан алынды. Олар мына төмендегілер: Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман ана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен. — Балалар аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап: — Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді. Малайсары жалт қарап: — Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сайраған мына бала кім еді? — дейді. — Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе бойжеткені болар, — дейді Сырым. — Сен толған екенсің, мен болған екенмін, — деп Малайсары Сырымды қасына шақырған екен.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *

.

Сырымның атасы Шолан батырды төрелер қылыштап өлтіреді. Шоланнан Дат, Әште қалып дүниеге келгесін қара қазақ жиналып, төрелермен арадағы кек ұмытылмас үшін жас баланың атын Дат қояды. Дат атасының кегін ала алмайтын жасықтау болып өседі. — Ей, Дат, сенің атың заманында қойылған Дат еді-ау, есіміңе жемісің лайықты емес, тек бір қоя салған ат еді-ау, — деп қазақтың қарттары Даттың бетіне басып жүреді. Дат өсіп, бір тәуір әйелге үйленеді, одан Сырым туады. Сырым өсіп, атқа мініп, ағайын аралап Байбақтының Сасай дейтін атасының ауылына келеді, келсе ағайындары қаумалап, ортаға алып, жылап қоя береді. — Мына атаңа нәлет Нұралының баласы Есім сұлтан біздің бір ағайынның Ақмоншақ дейтін атын ылауға мінемін деп ұстатып алып еді, енді бәйгеге қосып, «Есімнің ақмоншағы» дейтін атаққа ие болып жүр. Міне, биыл екі жыл болады, талай рет кісі жіберіп сұрадық, берер емес. Бүгін «құлаққа — құлақ , тұяққа — тұяқ ал» дейтінді шығарды, — дейді. — Ақмоншақты бір жесірге балайтын едік, бүкіл Байбақ-тының атағын шығарған Ақмоншақ еді. Шырағым, сол атқа сен бар, саған берер, — дейді ағайындары. — Ей, ағайындар, сендер мені Нұралыға жұмсамаңдар, ол ит маған да бермес. Берсе жақсы, бермесе тегін қайтпаспын, бір жанжал туып кетер, — деп өтінеді Сырым. Ағайындары қаумалап болмайды, ақырында Сырым көнеді. Барып Нұралы ханның өз үйіне түседі. — Сырым жай жүрмісің, не жұмыспен жүрсің? — дейді Нұралы. — Сіздің Есім деген балаңыз, менің бір ағайынымның атын ұстап ылауға мінген екен, оған екі жыл толыпты. Мауқы ба-сылса, сол аттың сүйегі болса да, алып кетейін деп келіп едім, — дейді Сырым. — Жарайды, олай болса Есімді шақыртып айтайын, — дейді хан. — Есім шырағым, мына Сырым Ақмоншақты сұрай келіпті. Бірталай міндің ғой, енді берсейші, — дейді Нұралы баласына. — Ағайыннан бір ат міне алмасам, мен несіне сұлтан бо-лып жүрмін. Мен атты беремін деп алғаным жоқ, Сырымға ат керек болса, құлаққа — құлақ, тұяққа — тұяқ алсын да кетсін, — дейді Есім. — Менің де естиін дегенім осы сөз еді, — деп Сырым үйден шыға жөнеледі, Нұралы хан артынан Есімді қайта шақырып алып: — Шырағым, Есім, сен түсін, мына Сырым бір тайдың құнына келіп жүрген жоқ, бұл соғысқа келіп жүр, сен білмейсің, бұның атасы Шолан біздің бабаларымыздың қолынан жазым болған, бұл соны әлі үмытпай жүр екен, атын беру жөн болар, — дейді. — Есім Сырымның артынан кісі шаптырып, «Келсін, қонақ болып, атын алып кетсін», — дейді. — Атаңа нәлет, Есімнің есігіне бір тай үшін екі рет барар болдым-ау, бар, ханыңа сәлем айт, келіп қонақ болатын күнімді өзім айтармын, — деп қайрылмай кете береді. Ағайындарына келіп, атты өздері әкеліп берсе аларсыңдар, ездері өкеліп бермесе енді сүрамаңдар, — дейді. Сырым ауылына келіп атын тастап, Есімнің ызасына желмаяға мініп, ханды шабуға Сарыарқаның қазағынан көмек сұрайды. Сөйтіп жүргенде елдің ақсақалдары кеңесіп, Сырымды Бақай сыншының алдынан өткізбекші болады. Екеуі кездескенде, Бақай Сырымның қолын ұстап тұрып сондағы айтқан сөзі мынау екен: — Иә, Сырым бала, жоқтан бар болдың, айырдан нар болдың, көндей қамқа тозды, атадан үл озды, анадан қыз озды, боздан бурыл озды, осыған жауап берші шырағым, — дейді. Сонда Сырым батыр:

— Иә, жоқтан бар болсам, құдайдың қүдіреті болар, айырдан нар болсам, атам үлек болар; көндей қамқа тозса, киюі салақ болар, атадан ұл озса, еркіндігі болар, анадан қыз озса, шіркіндігі болар; боздан бурыл озса, жүйріктігі болар, Бақай ата! — депті.

— Ей, Сырым, әкең сенің Дат төмен, тентек, шұлғауын асына малып ішетін кісі еді. Шешең қараторы, қайратты, күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма кісіні қонақ қылып аттандырған еді. Сен шешеңе тартып туған екенсің-ау, балам, — дейді қарт.

— Иә, Бақай ата, әкем Дат тентек болса болған шығар, шешем күндіз келген жиырма адамды, түңде келген жиырма адамды қонақ етіп аттандырса, қырықтың бірі қыдыр деген, онда мен қыдырдан жаралған болармын. «Өзін-өзі езген ит, өзен бойын кезген ит, өзі болған жігіттің түп атасын қазған ит» деп еді, Бақай ата, — депті Сырым. Сонда Бақай сыншы -сөзден жеңіліп, батырды қонақ қып, ат мінгізіп, шапан жауып, батасын беріп аттандырыпты.

1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып,Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.
1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда — Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдықжерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті. Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшын дары мен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786жылы 3 шілдеде Екатерина II Нұралы ханды қызметінен босатты.

1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты. 1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату тұралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мөжбүр болды.

.

Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі

Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады: Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады.

Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі

Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылы бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 жылы күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.

Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.