СЮНЬ-ЦЗЫ. АДАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ

Главная » Рефераттар » СЮНЬ-ЦЗЫ. АДАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ

Сюнь-цзы (б.д.д. шамамен 313—238 жж.) — циндік дәуірден бұрын өмір сүрген ең соңғы ұлы конфуцийшіл ойшыл. Оның басқа есімдері -Сюнь Куан, Сюнь Цин, Сунь Цин. Оның идеялары өзінің атымен аталатын трактатта берілген. Сюнь-цзының ілімі даошылдықтан гөрі, конфуцийшілдікке жақын болғанымен, оларды біріктіруден пайда болған элементтер де кездеседі. Айтқандай, ІІинь Шихуан императоры конфуцийшілдік кітаптарды өртеуге бұйрық бергенде «Сюнь-цзы» трактаты аман қалады. Бұл, әрине, оның конфуцийшілдік трактат болмағанын дәлелдейді. Расында да оның ішінде конфуцийшіл ғана емес, даошылдық идеялар да, атап айтқанда, Шан Ян (б.д.д. 390-360 жж.) идеялары кездеседі. Бәлкім, трактаттың аман қалуына император Цинь Шихуанның бірінші уәзірі, легизмнің ірі теоретигі Хань Фэйдің (Хань Фэй-цзының) Сюнь-цзының шәкірті болғаны себеп болған шығар. Қалай болғанда да, даошылдық және конфуцийшілдік философияларды біріктіруге талпынудың орын алғаны рас.

Адам, қоғам және мемлекет (мемлекетті басқару) Сюнь-цзының пайымдау пэндері еді. Сюнь-цзының пікірінше, адам әлемдегі жанды және жансыз нәрселермен салыстырғанда, «Аспан асты еліндегі» ең қымбат нәрсе». Адам аспан сыйлаған болмысты иеленеді. Сюнь-цзының ойынша, өздерінің табиғатына сай адамдар әлеуметтік немесе этникалық сипатына қарамастан, бірдей болады. «Жаңа туған нәрестенің, — дейді ол, — іңгәләп жылауы —  гань, юэ, и, хэ тайпаларында бірдей болып келеді (бұл жерде ежелгі Қытайда тұрған халықтар туралы айтылады). Бірақ   өскенде   олардың   эдеттері   өзгеше болады. Бұл —  тәрбиелеудің нэтижесі!». Сонымен, Сюнь-цзы аталған сұрақта жүйелі түрде конфуцийшілдік үстанымда болады. Табиғат адам мәнінің қүрамына кірмейді; адами мәнді тәрбиелеудің арқасында, яғни әлеуметтенудің арқасында иеленеді. Конфуцийшілдік философияда адамның мэні табиғатқа  қарама-қарсы  қою   арқылы   анықталады. Ол —  табиғаттан тыс болатын нэрсе, яғни әлеуметтік-мәдени нәрсе болады. Конфуцийде қоғам адамның мақсаты жайлы мәселені талқылайтын негізгі мағыналық контекст болады. Сюнь-цзы адам мәнінің ерекшелігі туралы пайымдағанда, оның әлеуметтік мәнін айқын түйсінген. Ол былай деп жазады: «[Адамның] күші өгіздің күшінен кем, жүгіру [қабілеті] жылқыдан төмен, бірақ ол жылқыға да, өгізге де жүмыс жасатады. Неліктен бүлай болады? Оның жауабы: адамдарда бірге өмір сүру қабілеті бар, ал өгіз бен жылқыда ондай қабілет жоқ». Бүл қорытынды, біздіңше, классикалық қытай философиясында адам мэнін үғынудағы маңызды саты болған. Батыстық философияда бүл идеяны дэл осындай айқын түрде Аристотель айтқан еді. Сюнь-цзының пікірінше, элемде түратын адамдардың бірге түрмауы мүмкін де емес екен.

Сюнь-цзы адамдардың бірге түруының, яғни қоғамның негіздерін түсінуге талпынған. Ол ешқандай мифология-лық бастауды іздемейді жэне ғылыми деуге түрарлық түсіндіруді табуға талпынуы оның даусыз еңбегі еді. Бірақ Батыстағы қоғамдық келісімнің теоретиктері (Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо жэне т.б.) қоғамды тарихи түрғыда емес, сол кезеңнің буржуазиялық қоғамы ретінде қабылдайтыны сияқты, Сюнь-цзы да қоғам ретінде өз заманындағы қытай қоғамына сыни кезбен қарамайды. Бүдан оның: «Адамдар ненің арқасында бірге түра алады? Жауап беремін: міндеттерді өзара болісудің арқасында. Ондай болініс қалай мүмкін болады? Жауабым: парыз сезімінің арқасында. Сондықтан парыз сезіміне сай бөлініс жүргізілгенде, ол келісімге алып келеді; адамдардың арасында келісім болса, ол бірлікке жетелейді; бірлік күштің молаюына, ал күштін көптігі қүдіреттілікке жеткізеді; қүдіреттілік заттарды жеңуге мүмкіндік береді. …Егер олар бірге тұрса, бірақ міндеттердің бөлінісі болмаса, сонда бақталастық пайда болады» — деген пайымдаулары туындайды. Ары қарай Сюнь-цзы қоғам мен адамның азғындауын суреттейді.

.

Демек, Сюнь-цзы өзі өмір сүрген қоғамдағы еңбек болінісі мен оның негізіндегі элеуметтік қызметтің болінісіне арқа сүйеген. Теңсіз боліністің қажеттілігіне негізделіп, ол өз трактатында экономикалық мәселелерді де қарастырған. Сюнь-цзы басқа конфуцийшілдермен салыстырғанда, жеке адамның бойынан субъектіге тэн қасиеттерді табады. Бүл Сюнь-цзы адамның жэне Аспан асты елінің оміріндегі аспанның релі туралы мэселені талқылағанда айқын байқалады. Біріншіден, ол жалпы конфуцийшілдікте сияқты аспанды антропоморфты сипатта қабылдайды. Екіншіден, ол аспанды қүдірет деп білсе де, оны екінші орынға қоятын даошылдарға жақын түрады. Сюнь-цзының білуінше, «аспан — жер — адам» үштігіндегі әрбір мүшенің қызметі болады: «Аспан жылдың торт мезгілін ауыстырады, жер — байлықтың қоймасы болады, адам

— оларды дүрыс пайдалануы тиіс… Бүл оз орнын табу деп аталады». Сюнь-цзы Аспан асты елінде болып жатқан нэрсенің бэрі аспанмен байланысты деген кең тараған пікірді сынайды. Бірақ бүл, Сюнь-цзының пікірінше, адасудан басқа ешнэрсе емес, ойткені олардың бэрі адам эрекетінің жемісі болады. Мысалы, «егер адам ауыл шаруашылығымен үқыпты айналысып, онімді сақтаса, онда аспан оның қайыршы жасауға шамасы келмейді […] Ал оз шаруашылығына салғырт қарап, өнімді сақтамайтын адамға аспан байлық бере алмайды». Сюнь-цзы бірмәнді қорытынды жасайды: «Адам жасауға міндеті нэрседен бас тартып, оны аспанға тапсырғанда — ол қателеседі». Философ адамдарға мынадай үсыныстарды айтады: «Аспан туралы ойлап, оны үлықтаудың орнына, заттарды көбейтіп, аспанды бағындыру дүрыс болмай ма?! Аспанға қызмет етіп, оны мадақтағанша, аспан берген тағдырды еңсеріп, оны мүдделеріне пайдалануы дүрыс емес пе?». Бүл жерде «аспан тағдыры» деген создермен — тянь мин, яғни аспан жазмышы деген үғым аударылып берілген. Бүл жерде қарастырылатын Аспан мен оның Аспан асты елімен қатынасы ортодоксты конфуцийшілдік түрғысынан біршама заңсыз, бүлікшіл болып корінеді. Сюнь-цзы іс-жүзінде аспанды Конфуций мен оның ізбасарлары телитін біраз окілеттілігі мен қызметтерінен айырып, оларды адамға береді. Мүнымен қоса, Сюнь-цзы адамды мэні элеуметтік субъект ретінде бейнелеумен қатар, оны эрекет етуші субъект ретінде суреттейді. Ол үшін іс-эрекет адамның тіршілік етуінің негізгі тэсілі болады. Сюнь-цзы ондай қызметтің анықтамасын да береді: «Адам пайымдағанда жэне оның қабілеттері сол ойларды іске асырғанда, бұл — адамның қызметі деп аталады».

Әрине, адамның қызметтік түжырымдамасы Сюнь-цзы ілімін даостық философиядан алшақтатады. Дегенмен де бүл ілімде ол даошыл философияның кейбір идеялары мен категорияларын пайдаланады. Ондайларға дао, инь, ян, ци жэне т.б. жатады. Сюнь-цзы оларды жай ғана қабылдамай, конфуцийшілдікпен үйлестіріп, пайымдайды. Біз дао категориясын ғана қарастырамыз. Сюнь-цзы дао ұғымын адамға жэне Аспан асты еліне қатысты қолданады (яғни оны конфуцийшілдік түрғысьшда пайымдайды). Мысалы; «Аспан асты елінде екі дүрыс жол болмайды…». Сонымен бірге, ол даошылдардың даосы туралы да айтады, атап айтқанда, «Дао дэ цзиндегі» дао жайында айтады. Ол даоның таза даошылдық түсінігіне өзгертулерді енгізіп, былай деп жазады: «Дао — өзінің мэні бойынша түрақты нэрсе, сондайақ ол толығымен өзгеріске де үшырайды…». Бүл сөйлемнің бірінші бөлігі таза даостық болады, ал екінші бөлігі даошылдық философиясы түрғысынан «заңсыз» болады. Бірақ Сюнь-цзы даоға саналы түрде өзгеру қасиетін телиді. Мүмкін ол «И цзиннің» эсерінде болған шығар. Оның пікірінше, оған дейінгі көптеген ойшылдар, Конфуцийді қоспағанда, даоны біржақты қарастырған, оның бір қырын ғана алып, оны біртүтас нэрсе ретінде көрсеткен. Бірақ «Даоньщ кез келген қыры бүкіл даоны алмастыра алмайды».

.

Даошылдық даоның «жетілдірілген» категориясына негізделген Сюнь-цзы тағы бір даошылдыққа қарсы идеяны, яғни даоның танылуы туралы идеяны үсынады. Ол былай деп жазған: «Адамдар даоны қалай таниды? Менің жауабым: жүректің көмегімен. Ал жүрек даоны қалай таниды? Жауабы: «бостықтың», «назар тігудің», «тыныштықтың» көмегімен». Бүл жерде терминологияның бэрі даошылдық бағытта болады. Әрине, жүрек (синь) ойлау мен танымның мүшесі болады деген пікір таза даошылдық пікірге жатпайды. Ол ежелгі қытайлықтардың жалпы түсінігіне сэйкес келеді, бірақ даошылдық фи-лософия оған үлкен мэн беретін. Соңғы заттарды емес даоны негізге алуды үсынатын даошылдар сияқты Сюнь-цзы да даоға негізделіп тануды үсынады: «Егер даоға негізделіп, заттарды зерттесек, онда барлық затты тануға болады». Айталық, даоны негізге алып «заттардың барлық категорияларын» басқаруға болады. Сюнь-цзыдатағы да бір таза даошылдық ережені кездестіреміз. Ол былай жазады: «Адам өзінің ішкі мазмүнын тексеріп, сытқы заттарды елемеуі тиіс». Алайда бүл жерде Сюнь-цзы заттар элемін тэрк етуді үсынбайды, оған әрекеттік козқараспен қарауға шақырады. Ол даошыл аңдау бағытын қүп кормейді. Оның пікірінше, «Чжуан-цзы аспанды ғана көріп, адами қызмеіті көрмеген». Сюнь-цзының ойынша, адам іс-әрекет арқылы, практикалық қызметтің арқасында ғана адам болады. Бұл тұста біз адамның табиғаты туралы мэселеге қай

тадаң оралуымыз қажет. Жоғарыда атап откендей, Сюнь-цзы адамдардың табиғаты бірдей деген. Бүл жерде ол Конфуциймен жэне Мэн-цзымен келіседі. Бірақ егер Мэн-цзы адамның болмысын эуелден ізгі деп білсе, онда Сюнь-цзы оны эуелден кесір, зүлым (э) деп біледі: «Адам зүлым эрі қызғаншақ болып туады; ол осы қасиеттерге ергенде қатыгездік пен сатқындық пайда болып, адалдық пен шындық жоғалады». Бүлардың салдарынан барлық нормалар бүзылады, адамдар адами борышын үмытады, қоғамды тэртіпсіздік пен бүлік жайлайды. Адам та-биғатынан мэдениетті де, парызды да, жолжораны да, адамгершілікті де білмейді. «Сондықтан, — дейді Сюнь-цзы, — адамға тэрбие мен заң арқылы ықпал жасау керек, оны жолжораны сақтап, езінің парызын өтеуге мәжбүрлеу керек, сонда ғана адам жүмсарып, мэдениетті болады, нэтижесінде тэртіп орнайды». Сонымен, Сюнь-цзының пікірінше, адам озінің табиғатын ауыздықтап, жеңгенде ғана адами мэніне ие болады. Жэне ондай жүгендеу адамның оқу, тэрбие алу жэне еңбек ету барысында жүз-еге асады. «Сюнь-цзы» трактатының жиырма үшінші тарауы «Адамның зүлым табиғаты жайында» деп аталып: «Адамның табиғаты зүлым, оның ізгілігі практикалық қызметпен келеді!»- деген созбен басталады. Кейін бүл сездер мэтінде жеті рет қайталанады. Аталған тарауда Сюнь-цзы ашық түрде Мэн-цзының адамның табиғаты ізгі деген іліміне қарсы шығады.

Сюньцзының айтуынша, жолжора мен парыз адамның зүлым табиғатын ауыздықтауға қызмет етеді. Конфуцийдің «бес түрақтылығынан» Сюнь-цзы бірінші орынға жолжора мен парызды (парыз сезімін) қояды, ал басқалары комекші рол атқарады. Оның пікірінше, «адамдардың арасында жора мен парыздан айқын ешнэрсе жоқ», ал «жолжора бүзылса — түнерген заман басталады, қараңғы заман дегеніміз — үлы хаос!». Сюнь-цзының пікірінше, адамдар оздерін жол-жораның комегімен түзетеді. Демек, адам болу үшін «адам бір сэтке болса да жолжора мен борыш сезімін тастамау қажет». Бүл түста Сюнь-цзы озінің заманы үшін жаңашыл идеяны, яғни адам санасының элеуметтікқызметтік негізділігі мен элеуметтік мэні туралы идеяны айтады. Ол былай жазады: «Егер адам жолжораны үстанатын болса, оның сезімдері де жолжораға сэйкес келеді». Сюнь-цзы сол заманның барлық қытайлары сияқты сезімдерді кең мағынасында түсінген жэне олардың қатарына махаббат пен жек көруді, қанағат пен ашуды, қайғы мен қуанышты, парыз сезімін және т.б. қосқан, яғни гносеологияда сана сатысының алдында болатын сезімдік саты деп аталатын нэрселерді ғана қоспаған.

Сюнь-цзы адамның үш типін немесе үлгісін ажыратқан —  асқан дана, цзюнь цзы (Сюнь-цзының шығармасында бұл термин «асқан адам» деп аударылган) жэне сяо жэнь. Бірінші тип — негізінен дао-шылдық болады, қалған екеуі —  конфуцийшілдік. Дана адам, Сюнь-цзының білуінше, адамның ең жоғарғы түрі: «асқан дана — адамгершіліктің ең жоғарғы өлшемі». Бірақ, даошылдарға қарағанда, Сюнь-цзы асқан дананың бейнесін конфуцийшілдік түрғыда түсіндіреді. Ол оған қызметті телиді. Нақ осындай асқан даналар кезінде жолжораның нормаларын ойлап тапқан, парыз сезімін енгізген, адамның зүлым табиғатын ауыз-дықтау үшін заңдарды жасаған. «Сонымен, — деп жазады ол, — жолжора, парыз, заңдар — мүның бэрі асқан даналардың қызметінің нэтижесі!».

.

«Даналығы асқан адамдардың табиғаты басқалардан өзгеше емес, бірақ олар өздерінің әрекетімен ерекшеленеді». Жеке түлға қоғамның эсерінен жэне өзін-өзі тэрбиелеп, жетілдірудің әсерінен асқан дана, бекзат ер немесе қарапайым адам болып қалыптасады. Сюнь-цзы былай дейді: «Кім өзінің даналығын үнемі жетілдірсе, сол адам асқан дана» және: «Соңғы демі таусылғанша ғүмыр бойы оқу керек!», — деп үндейді ол.

Сюнь-цзыньщ адамның эуелгі зүлым табиғаты туралы ережесі цзюнь цзы немесе сяо жэн болу — жазмыш емес деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді; бәрі адамның қалауы мен ынтасына байланысты. Бүл түста да Сюнь-цзы Конфуций мен конфуцийшілдерге қарсы пікір айтады. Рас, Сюнь-цзының айтуынша, қоғамдағы бекзат ерлер мен қарапайым адамдардың жағдайы сол қалпында сақталады, бірақ мүндай түрақтылықтың тамыры қогамның өзінде емес, аталған адами типтердің жеке қалауы мен ынтасында жатады. «Сондықтан, — деп жазады ол, — қарапайым адам жетілген адамға айналуы мүмкін, бірақ оны өзі қаламайды; жетілген адам қарапайьім адам болуы мүмкін, бірақ ол оны қаламайды. Қарапайым адам мен жетілген адам орындарын ауыстыра алады, бірақ олай жасамайды!». Мүндай ойлардың Конфуцийде болуы мүмкін емес, оларды ол қабылдамайтын еді, өйткені адамдардың бүл екі түріне аспан алдын ала эртүрлі ізгілікті (дэ) берген.

Демек, Сюнь-цзы ілімін талдай келіп, мынадай қо-рытынды жасауға болады. Бұл ілімде этикалық бастау Конфуций немесе Мән-цзы ілімдерімен салыстырғанда аса маңызды болмайды, өйткені бұл бастауды саяси жэне экономикалық бастаулар ығыстырған. Осының салдарынан адамгершіліктің маңызы жол-жора мен парыздан төмен болады. Бірақ Сюнь-цзының бекзат ер (цзюнь цзы) мен қарапайым адамның (сяо жэнь) өзара орын алмастыру мүмкіндігін жоққа шығармауына байланысты оның ілімін Конфуций мен Мэн-цзының ілімдерінен (Хань дәуірінің конфуцийшілдерін айтпағанда) элдеқайда адамгершілік сипатта болады және оған адамның эуелгі зұлым табиғаты туралы қағидасы кедергі болмайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.