Түбірлес сөздер ашық сабақ

Home » Мұғалімдерге » Түбірлес сөздер ашық сабақ
Мұғалімдерге Комментариев нет

Түбірлес сөздер. Күні: 26.01.15ж.

Сыныбы: 3 «Г»     

Сабақтың тақырыбы: Түбірлес сөздер

                                          46-51 -жаттығулар

Сабақтың тақырыбы:

Білімділік: Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алған білімдерін тереңдете отырып, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметі, түбірлес сөздердің жасалу жолдары туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында өз беттерінше ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: пысықтау

Сабақтың әдіс – тәсілі:  Сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау, ажырату, дәлелдеу, ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, дәріхананың, оқушы баланың суреттері, түрлі-түсті қағазға жазылған түбірлес сөздер.

Пән аралық байланысы: әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин).

  • Оқушылардың оқу-құралдарын дайындату.
  • Қане балалар орнымыздан тұрып, психолоиялық дайындық кезеңін өткіземіз.
  • Назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Сендерге табыс тілеймін,

Жақсы оқып сабақты.

Әдеп сақтау сәніміз,

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

Жарайсыңдар, балалар олай болса сабағымызды бастаймыз. Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше, себебі қонақтар келіп отыр. Ол кісілер сендердің тәртіптеріңді, білімдеріңді көргелі келіпті.Сыныпты топқа бөлемін. І топ: «Түбір»

ІІ топ: «Жұрнақ»

ІІІ топ: «Жалғау»

Қане бәріміз сабаққа белсенді қатысамыз!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (8 мин).

Үйге қандай тапсырмалар берілді?

45-жаттығу. Берілген жұрнақтар арқылы түбірлес сөздер жасап жаз.

          І топ.                       ІІ топ                            ІІІ топ

гіш                           лық                                     лы

Біл                        таза                                       су

гір                            лықшы                               лық

Білгір, тазалық, сулы, сөздеріне сөйлем құрап келу тапсырылған. Сөйлем құрап келген оқушылардан сұраймын.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар:

      «Кім жылдам?» ойыны арқылы

  • Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
  • Қосымша қаншаға бөлінеді?
  • Жұрнақ дегеніміз не?
  • Жалғау дегеніміз не?
  • -хана, -шік, -паз жұрнақтарын жалғап, жаңа сөздер тап.
  • Туынды сөз дегеніміз не?

Ия, дұрыс балалар, — деп әр ережені өзім толықтырып отырамын.

Жұрнақ – сөзден жаңа мағыналы сөз жасайды, не сөз мағынасын өзгертпей – ақ үстеме мағына береді.

Жалғау – жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым – қатынасқа түсіріп сөздерді байланыстырады.

Қосымша – жеке дара тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзден кейін қосылып тұрған бөлшектері.

    Оқушы жауаптары тыңдалады, сосын өзім толықтырамын.

  Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын бір ертегі айтып берейін. (ертегі айтылады).

  Қызығушылықты ояту. 

-Ерте – ерте, ертеде, біз білмейтін сиқырлы көп өлкеде бір қария өмір сүріпті. Оның үйінде алтын ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен. Бір күні көршісі оны қызғанып, түнде келіп, ағашты кесіп алып кетеді де, оны өз үйне отырғызады.

Түбірі кесілген ағаш өспей, өліп қалыпты.

  • Балалар, ағаш не үшін өспей, өліп қалды деп ойлайсыңдар? (жауаптары тыңдалады).

-«Ия», балалар, себебі ағаштың түбірі қарияның бағында қалып қояды. Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағаштың жоқ екенін байқайды. Ағаштың түбіріне су құйып күте бастайды.Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, кейін қайтадан жеміс береді. (Осы ертегідегі оқиғаны салыстыра отырып, түбір- сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін қосымшаның мағынасы болмайтындығы түсіндіріледі).

Бізде тапсырмаларды орындай отырып, атайдың ағашының жайқалып өсуіне көмек берейік.

ІҮ.Жаңа сабақ:

Туынды  сөздер дегеніміз не? Түбір сөзге жұрнақ жалғанған сөзді айтамыз.

Түбірлес сөздер бір түбірден тарайды.

Мысылы:

Бас                     басшы, бастық, басқар.

Кітап                     кітапша, кітапхана, кітапханашы.

Бізде түбірлес сөздерді өткен едік, бүгін сол сабағымызды қайталап отырмыз.

  Оқулықпен жұмыс: Оқулықтарыңа қараңдаршы 1 – тапсырма 46- жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жаз.

 

Шежіреші кісі шежіре айтты,

Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.

(Есен Елубай)

  • Қане түбірлес сөздер бар ма? Бар шежіреші. Шежіреші – түбірлес болады, себебі шіл-жұрнақ. Ал шежіресін деген сөз, түбірлес сөзге жатпайды, себебі сін – жалғау.
  • Жалғау жалғанған түбір сөз – түбірлес сөз бола алмайды.
  • Міне қараңдаршы.1 – тапсырманы орындау арқылы түбіртек ағашқа бұталар пайда болды. Түбіртек ағашымызға су құйып қоямыз.

2-тапсырма. 47-жаттығу.

Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жаса.

      шы                      ғы                ушы          гіш              ші         ла           на

Тық      пахана        ған     ғыш                        пе                   мақ      ын

Қар

2- тапсырманы орындап болдық, түбіртек ағашымыздың жапырақтары жайқала бастады.

 3-тапсырма: 48 – жаттығу.Суретке қара. Түбірлес сөздерді оқы. (ауызша орындалады).

Болжау стратегиясы есімізге түсірейік.

  • Мына суреттен кімді көріп отырамыз?

(баланы)

  • Ол бала қандай бала?

(оқушы)

  • Оның алдындағы не?

(оқулық)

  • Ол мектепке неліктен барды?

(оқу оқуға)

Қай сөз түбірлес сөзге жатпайды?

  • «Оқу» деген сөз жатпайды. Себебі ол түбір сөз. «Оқу» деген түбір сөзден – оқушы, оқулық сөздері жасалып тұр.
  • Оқуға сөзі жатпайды. Себебі ға – жалғау.

(Тағыда жапырақтары ілінеді).

Ү. Сергіті сәті:

Оқушылар ұялы телефонмен сөйлесу арқылы түбір сөзден түбірлес сөз жасайды.

 4- тапсырма. 49 – жаттығу. Сөздерді оқы. Бәрі түбірлес сөз бола ала ма? Тек түбірлес сөздерді көшіріп жаз. Әр сөздің түбірін тиісті білгемен белгіле.

Тақтамен жұмыс:

Мына жапырақтардың артына сөздер жазылған.

    І топ 

    Бала, балақай, балақан, балалық. «Баламен» — сөзі түбірлес сөз бола алмайды. Себебі, сөздің мағынасы өзгермейді, мен – жалғау.                    

  ІІ топ     

Сый, сыйлау, сыйлық, сыйлы. Барлығы да түбірлес сөздер.          

 ІІІ топ

Ек – егін, егіндік, егінші. «Егінді» — сөзі түбірлес сөз бола алмайды. Себебі, сөздің мағынасы өзгермейді, ді – жалғау.

  Осы сөздерді тақтаға жазып, түбірі мен жұрнағын сызбамен көрсетіп, гүлдерін жапсырады.

5- тапсырма. 50 – жаттығу. Суретке қара.Сұрақтарды оқып жауаптарын жаз.

  • Суретте суретші нені бейнелеген? (Дәріхананы)
  • Дәріханада кім жұмыс істейді? (Дәрігер)
  • Дәрігердің қолындағы не? (Дәрі)

Дәріханашы, дәрігер – түбірлес сөздер. Бұл тапсырманы орындадық, ендітүбіртек ағаштарымызға қарайықшы, қандай жайнап тұр? Гүл ашып тұр. Енді енді не жетіспей тұр? Жеміс салайын деп тұр екен.

ҮІ. Сабақты қорыту. (3 мин).

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементін пайдаланамыз.

Ішіне – түбірлес сөздерді, сыртына түбір сөздерді жазамыз.

Ішіне Сыртына
                          Жыршы

Қырлы

Мақтадай

Мақташы

Мақталық

Қардай

Жазушы

 

Қар

Мақта

Тау

Қал

Ет

Шаш

 

Балалар ағашымызға қарайықшы жемісін салып жайнап тұр. Ендеше түбірлес сөздер де бір түбірден тараған туынды сөз екенін ұмытпайық.

ҮІІ.Бағалау: (2 мин).

Оқушыларды жетон арқылы бағалау, мадақтау.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: (2 мин).

  • 51- жаттығу
  • Жұмбақты шешіп,шешуін жазып келу.
  • Ереже жаттау.

 

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.