Тұлғалық педагогика білімі және оны зерттеу

Главная » Рефераттар » Тұлғалық педагогика білімі және оны зерттеу

Педагогикалық теорияны зерттеушілердің әрбірі ерте не кеш қандай да теоретикалық қорытындылар қалай алынған, қаншалықты олар шынайы болмысты дұрыс сипаттай алады, оларға сенуге бола ма? – деген сұрактарға кезігеді. Қандай да нақты шешімге жеткізген зерттеушінің ойлау желісі мен жолдары сол шешімдер мен қортындылардың сапасына күшті әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан да, педагогика пәні мен мәнін тану әрекетін ол жөніндегі ақпарат алу әдістерінен ажырата, қарастыру ешқандай табысқа жеткізбейді. Шынайы болмысты тану жолдары мен тәсілдері зерттеу әдістері деп аталады. Әдістер жәрдемімен әрқандай ғалым зерттелуші нысан  жөнінде ақпарат табады, алынған деректерді талдайды және өңдейді, белгілі білімдер жүйесіне қосады. Осыдан ғылым дамуының карқыны мен деңгейі онда қолданылатын зерттеу әдістеріне орасан тәуілді  келеді.  И.П. Павлов  айтқандай:әлі де айтылып жүр әрі ол орынды да: «Ғылым әдістемелер жетістігіне тәуілді дүмпүлі қозғалысқа келеді. Әдістеменің әрбір қадамына байланысты бұрын көрмеген заттарымызды қамтыған ауқымды көкжиек ашылып, біз бір саты жоғарлағандай боламыз.» Ғылыми қортындылардың шынайылығы мен сенімділігі сонымен бірге зерттелуші құбылыстар мен үдерістерді түсінуге болған жалпы бағытқа да тәуелді. Педагогикалық болмысты зерттеудің әдіснамалық негізі — таным теориясы (гносеология). Талаптары әмбебап сипатқа ие ғылыми танымның жалпы әдістері бағыттаушы қызмет атқарады.

.

Ғылыми зерттеу әдістері әрқашан таным нысандарымен тығыз байланысты. Ақпарат теру құралдары зерттелуші пән ерекшеліктеріне сәйкес болуы шарт. Бұл әрбір ғалымның зерттелуші құбылыстар ерекшеліктерін бақылау мүмкіндіктері бар өзінің меншікті әдістерін ойлап тауып, пайдалануы тиіс екендігін білдіреді. Педагогикалық зерттеу әдістері тәлім, тәрбие жөніндегі ғылымның қандай ерекшеліктерімен сабақтас келеді? Педагогикалық үдерістерге тән бітіс – олар жүрісінің бір мәнді болмауы. Тәрбие, тәлім, оқу-үйретім және дамудың нәтижелері бірдей уақытта бірлікті әсер жасайтын көптеген себептерге тәуелді. Бір не екі жағдай әсерінің өзгеруінен алынатын   нәтижелер   өзара   ұқсамастық   хәлге   түседі. Педагогикалық үдерістердің екі ұшты келіп, әрі бір мәнді болмауынан ғылымда белгілі әдістердің колданылуы шектеледі, осыдан педагогтар ақиқат ақпараттарды алу үшін әрқилы ой тәсілдерін іске қосады.

Педагогикалық үдерістер өзінің қайталанбастық сипатымен ерекшеленеді. Жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, делік) саласында зерттеуші бірдей материалдарды пайдаланумен, жағдайларды өзгерте бермей-ақ, экспериментін көп мәрте қайталай беруі мүмкін. Нәтижеде ол зерттелуші құбылыстар арасындағы байланыс тұрақты ма, жоқпа деген бір қортындыға келе алады. Ал зерттеуші-педагогтың мұндай мүмкіндігі жоқ. Қайта зерттеуде ол ауысқан, жаңқа «материалға» кезігеді, жағдайлар да, әлбетте, бұрынғыдай болмай шығады. Алғашқыда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде пайдаланылған деректер сипаты түбегейлі өзгеріске түседі. Осыдан да педагогикада қаншалықты мұқият дайындалып, өткізілгенмен «тап-таза» эксперимент болуы мүмкін емес. Осы жағдайды ескере отырып, бұрынғы нәтижелер алынған жәйіттердің салыстырмалы екендігін түсінуден педагог өз қорытындыларын үлкен ептілік және байыппен қолданымға салады.

.

Педагогикалык үдерістің және бір маңызды жағдаяты: оған сәбиден бастап, түрлі жастағы адамдар қатысады. Педагогикалық зерттеулерге қойылатын басты талап: сынаманың зерттелушілердің денсаулығы мен дамуына нұқсан келмейтіндей етіп жоспарлануы, ұйымдастырылуы және өткізілуі қажет, осылайша педагог оқу-үйретім, тәрбие ықпалын жасай алады. Педагогикалық үдерістердің ауыспалы өзгермелілігінің орнын толтырып, оларды зерттеу барысында шынайы қорытынды алудың бір-ақ жолы бар, ол — бақылаулар санын мейлінше көбейту. Осы жағдайда жекеленген зерттеудің кемшіліктері көп бақылаулар есебінен мейлінше азаяды. Қоғамдық ғылымдарда, олар арасында педагогикада да қорытындылар орташа, жалпыланған формада жасалады. Мұнан басқа жол жоқ,  шектен тыс ауысымдар қателікті көпшіл бағыт нәтижелеріне орын беріп, есептен шығарылады.

Қалаған педагогикалық зерттеулердің ізгі мақсаты — зерттелуші үдерістегі ретті байланыстар мен жүйелілікті табу, яғни заңдылықтар ашу. Басты ғылыми педагогикалық категория ретіндегі заңдылық мәні – құбылыстар арасындағы өзара тұрақты және қажетті байланыстардың болуы. Белгілі жағдайларға орай олар өзгеріссіз, әрдайым көзге еленетін болса, онда бұл шынайы заңдылық. Ғылым танушылар бұл категория шектерін нақтылауды мақсат тұтып, өзара мәндес келетін «заңдылық» және «заң» ұғымдарының ара жігін айырумен әлек. Заңдылық жөнінде сөз қозғалса, ең алдымен құбылыстар арасындағы тұрақты да қажетті байланыстардың болуы ескеріледі, дегенмен, сол байланыстың өзі әлі ақырына дейін зерттелінбеуі де мүмкін,  кейде, заңдылық – бұл ақырына дейін танылмаған заң немесе шектері мен формалары толықтай белгілі болмаған заң деп те анықталады. Көп жағдайда заңдылық ұғымы құбылыстар арасында қарқынды жиілігімен ерекшеленетін байланысты аңдатады. Шынайы болмыс құбылыстарындағы белгілі жүйелілікті де осы заңдылық ұғымымен түсіндіруге әбден болады. Заңдылық ұғымы педагогикада дәл осы мәнде қолданылып жүр.

Заң – қатқыл нақтыланған заңдылық. Философтардың пайымдауынша, заң кұблыстар, үдерістер және жүйелер араларындағы тұрақты да қажетті ішкі, астарлы байланысты аңдатады. Сонымен бірге, ғылыми заң болмыс құбылыстары арасындағы шынайы, мәнді, қажетті, жалпы тұрақты және белгілі жағдайларда қайталанып барушы байланыстарды өрнектейді.

Заңдылықтар мен заңдар мүмкін болғанша білімдерді «тығыздыққа» келтіреді, ғылымда бар білімдер көлемін ықшамдайды. Мұндай тарылту механикалық немесе «артық» ақпаратты «жауып тастау» жолымен емес, бар мәліметерді ірілете топтастырып, жекеленген тәуілділіктерді мәндік қатынастарға түсіру арқылы орындалады. Әрқилы құбылыстарды мәндік-мағыналыққа келтірумен зандар мен заңдылақтар білімдерді қарапайымдастырады, түсінімділікке келтіреді, сақтау және ұсынуға қолайлы саналылық кейіпке түсіреді, заңдылықтар мен заңдардың арқасында адамзат шағын, бірақ жоғары сападағы ақпарат көлемін пайдалана алады.

.

Акиқатты танудың диалектикалық жолы — заңдылықтар мен заңдарды ашу. Заңды түсіндіру-бұл келесідей сұрақтарға жауап беру: неге ол солай, ол қалайынша бар, бір нәрсенің өзі неліктен болмыстағыдан басқаша бола алмайды? және т.б. Заңды жоққа шығару мүмкін емес, дегенмен, оны жеке мүддеге орай дұрыс пайдалануға болады.

Ғылыми заңдар өз ықпалдарының қай құбылыстар аймағында таралуына тәуелді жалпылық күйі бойынша ажыралып, топтастырылады. Бірінші топ заңдары ыкпал аймағы салыстырмалы тар – нақты, қандай да бір құбылысқа ғана тән, ерекшеленген заңдар. Екінші топқа — ықпал аймағы біршама кең, бір не бірнеше құбылыстар түрімен жіктелмейтн жалпы заңдар. Ықпал әсері барша салада байқалатын, заттасқан дүниенің жалпыланған заңдары — үшінші топты құрайды.

Ғылыми заңдар басқа да белгілері бойынша ажырытылады: мысалы, уақыт шегінде және кеңістікте құбылыстар арасында болатын байланыстарды өрнектеуші заңдар; динамикалы, яғни қозғалмалы және статикалы (мызғымас) заңдар. Іс-қызметтік (функцияналды), ықтималды, статистикалы (есеп-қисапты) зандар да бар. Сондай-ақ заңдар сандық және сапалық болып ажыратылады. Алғашқысы үдерістер өзгерісін математикалық есептеулер жолымен анықтайды да, соңғысы-сандық амалдарға тіпті де қарсы. Алайда, бұл заң бұрыстығын білдірмейді. Заң шынайылығы оның өрнектелу формасына тәуелді емес. Егер ол байланыстарға орай дұрыс өрнектеліп жатса, оның қандай формада көрінетіні елеуге тұрмайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.