Тұлғаның даму үдерісі

Home » Рефераттар » Тұлғаның даму үдерісі
Рефераттар Комментариев нет

Даму — адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тән-дене дамуынан көрінеді. Ал әлеуметтік даму оның психикалық, рухани, ин-теллектуал кемелденуінен байқалады.
Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілөтті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. «Адам» ұғымынан өзгеше «тұлға» түсінігі — адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімөн, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты тәжірибелік қызметте аша білуі шарт.
Адам дамуы — бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді және қарама-қайшылықты үдеріс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тән-дене бол-мысы мен рухани дүниесі әсіресе балалық және жасөспірім шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменнен жоғарыға бағытталған ілгөрілі қозғалыс тобы емес, бұл үдерістің өзіне тән ерекшелігі — сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық және рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсіндіруде әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзіншежүрісі бар деп пайымдаса, даму өмір шарттарына тәуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштергө байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр бөлгілейді, осыдан қазақ «Маңдайына жазылған», — деп топшылайды. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму — бұл әуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады. Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыралады.
Дамуды қозғаушы күш — қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар — бұл өзара екі шекті күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туын-дайтын диалектикалық үдеріс. Адам қайшылықтарды іздеп нөмесе ойдан шығарып, әлектенуінің қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы.
Қарама-қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі және сыртқы, жалпы (әмбебап), сонымен бірге әр жеке адамға тән — даралықты болып ажыралады. Адамның қарапайым материалдықжәне ең жоғары рухани қажеттерінің және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктөрі арасындағы қарама-қайшылықтар әмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-қайшылықтар әр адамның өз болмысынан қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара ниеттерде көрінеді. Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі — жаңадан пайда болған қажеттіктер мен оларды іске асыру мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтықтар. Мысалы, оқушылардың өз психикасы мен интеллект, әлеуметтік деңгейінің жетімсіздігіне қарамай, мүмкіндіктері толысқан ересектермен бірге іс алып баруға ұмтылуы. «Қалаймын» — «қолымнан келмейді», «білемін» — «білмеймін», «мүмкін» — «бол-майды», «бар» — «жоқ» — мәңгі қарама-қайшылықтарды белгілей-тін қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар даму және оның нәтижелері — бір жағынан, және оларға ықпал жасаушы себептер — екінші жағынан, арасындағы заңдылықты байланыстарды аңдатушы бірнеше маңызды тәуелділіктерді ашты.
Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік нәтижелерге жетеді, ал екінші біреулер — ондай мүмкіндікке ие емес? Бұл үдерістің және оның нәтижесі неге байланысты? Ұзаққа созылған зерттеулер осы сұрақтарға орай жалпы заңдылық ашты: адам дамуы ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді. Ішкі жағдайлар — адам ағзасының физиологиялық және психикалық қасиөттері. Сыртқы жағдайлар — бұл адамның қоршаған орта-сы, ол жасаған және дамыған аймақ сыртқы ортамен ықпалды араласу үдерісінде адамның ішкі мәні өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде, алдағы өзгерістерге жол ашады.
Сонымен, адамның дамуы сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен нәтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртушы іс-әрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші -қарама-қарсылықтар күресі. Адамның дамуы ішкі және сыртқы жағдайлармен анықталады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.