Тұлғаның дамуына қатысты көзқарастар мәні

Главная » Рефераттар » Тұлғаның дамуына қатысты көзқарастар мәні

Педагогика мен психология ғылымында тұлға және оның дамуы шешуші мәселелер катарына жатады. Бұл мәселеге қатысты бұрыннан қалыптасқан үш негізгі бағыт бар. Олар: биологиялық, әлеуметтік және биологиялық-әлеуметтік бағыттар.
Биологиялық бағыт окілдері (З.Фрейд жэне басқалар) тұлғаны табиғи тірі ағза деп қарастыра огырып, адамның барлық мінез-құлкын туа біткен қажеттіліктері, ұмтылулары және инстинкттері әрекетімен түсіидіреді. Бүл бағыт мәніне сәйкес, адам өзінің табиғи кажеттіліктерін баса отырып, қоғамдық талаптарға бағынуға мәжбүр болады. Өзімен күресті жасыру үшін бетперде киеді немесе табиғи қажеттіліктердің қанағаттанбауын баска бір іс-әрекет түрімен алмас-тырады.
Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық түр ретінде пайда болғанымен, өмір сүру барысында элеуметтік топтар әсерімен бір-тіндеп әлеуметтік мәнге ие болады деп түсшдіреді. Тұлғаның даму деңгейі төмен болған сайын, биологиялық белгілері басым болады.
Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалык үдерісгерді (түйсік, кабылдау, ойлау жэне т.б.) — биологиялык мәнді деп. ал түлғаның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеттілігін элеуметтік қүбылыс деп карастырады. Тұлғаны бұлай бөлу оның мінез-кұлқын да, дамуын да түсіндіре алмайды.
Қазір колданылып жүрген көзкарас бойынша, түлға біртүтас жэне оның биологиялық жағы әлеуметтік жағынан ажырамайды.
Өз бетінше түрлендіруші іс-эрекет жасауга мүмкіндік беретін сананың жэне өзіндік сананың иесі болуын анықтайтын даму деңгейіне жеткен адамды түлға деп атайды. Адам туа сал а түлға болмайды, ол даму барысында түлға болып калыптасады. «Түлға — адамның элеуметтік сипаттамасы. Адам түлға болып әлеуметпк жүйеде жүргізілген мақсатты жэне ойластырылған тэрбие негізінде қалыптасады. Түлға бір жағынан қоғамдык тәжірибені меңгеру дэрежесімен жэне екінші жағынан материалдық, рухани қүндылыктарды қалыптастыруға қосқан үлесімен аныкталады.
Түлғаның дамуы — адамның денелік, интеллектуалдық және рухани сипагтамаларындағы сандық өзгерістердің сапалык түрде өтуін сииаттайтын био-әлеуметтік үдеріс. Демек, түлғаның дамуы негізінде қарама-қайшылықтар жатады. Тұлға дамуының қозғаушы күші -оқыту мен тэрбиелеу барысында пайда болып, жойылып отыратын қарама-кайшылықтар болып табылады.
Мүндай қарама-кайшылықтарға жататындар: іс-эрекет барысында пайда болатын жаңа кажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүм-кіндіктері арасындағы карама-қайшылықтар; баланың дамыған денелік жэне рухани мүмкіндіктері мен бүрынғы өзара қатынас формалары мен іс-әрекет түрлері арасындағы қарама-кайшылықтар; қоғамның ересектер тобының тарапынан қойылатын талаптар мен түлғаның нақты даму деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.
Қарама-қайшылықтар жоғарырақ деңгейдегі іс-эрекетті қалып-тастыру аркылы шешіледі. Нәтижесінде жоғарырақ даму сатысына өту мүмкіндігі пайда болады. Қажеттілік канағаттанған кезде қарама-қайшылык жойылады. Қанағаттанған кажеттілік жоғарырақ реттегі жаңа қажеттілікті тудырады. Бір қарама-қайшылық екіншісіне өту арқылы — даму жалғасады. Тұлғаның дамуына сыртқы және ішкі факторлар эсер етеді. Сыртқы факторлар: тұқымқуалаушылық, элеуметтік орта, тәрбие. Тәрбие тұлғаның дамуын мақсатты түрде ұйымдастырады, жетек-шілік етуге ықпал етеді.
Тұлғаны дамытушы ішкі факторлар: тұлға белсенділігі, сезімі, еркі, қызығушылықтары, іс-эрекеті. Бұл факторлар сыртқы факторлар әсерінен қалыптаса отырып, өздері даму көзі болып қалыптасады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.