Тұлғаның дамуында байқалатын құбылыстар

Home » Рефераттар » Тұлғаның дамуында байқалатын құбылыстар
Рефераттар Комментариев нет

Тұлғаның дамуында акселерациялық құбылыс байқалады. Акселерация — балалык және жасөспірімдік шақтағы үдемелі денелік және белгілі бір мөлшерде психикалық даму құбылысы.
Биологтар акселерацияны ағзаның физиологиялық пісіп-жетілуімен, психологтар — психикалық функциялардың дамуымен, ал педагогтер адамның интеллектуалдық дамуы және әлеуметтенуімен байланыстырады. Педагогтер үшін акселерация денелік дамудың үдемелі карқынмен жүруі ғана емес, негізінен агзаның физиологиялық жағынан пісіп-жетілуі үдерістері мен түлға элеуметтенуі арасындағы келіс-пеушіліктердің байқалуы.
Акселерация қүбылысы XX ғасырдың 70-жылдарында байқалды. Физиологиялық пісіп-жетілуі ақыл-ой, әлеуметтік, рухани дамуына карағанда тезірек жүруіне байланысты дене тезірек өсіп, психикалық функциялар жетілуі кешеуілдейді. Нэтижесінде 13-15 жастағы қыздар мен 14-16 жастағы үлдар арасындағы денелік дамуы үлкен адамдар деңгейіне жеткенмен, рухани дамуындағы кешеуілдеу сияқты кайшылықтар байқалуына алып келеді. Акселерацияның байқалу себептері: өмір сүру қарқыны артуы, материалдық жағдайлардың жақсаруы, тамақтану, дәрігерлік қызмет сапасының жақсаруы, сэбилік кезеңдегі ауру-сырқаудан сақтандыру мүмкіндіктерінің артуы.
Сонымен бірге теріс мәнді себептер де бар: өмір сүру ортасының радиоактивтік ластануы, ауа құрамындағы оттегінің азаюы т.с.с.
Қазір акселерациямен қатар, балалар арасында реграция құбылысы да байқалады. Бұл тұқымқуалаушылық эсерінен, концерегендік заттар мен экологиялық ортаның ластануынан болған эсерден баланың денелік дамуы кешеңдеуі. Ол психикалық дамудың да тежелуіне алып келеді.
Оқу-тәрбие іс-әрекетін ұйымдастыруда адам дамуының заңды-лықтарын ескеріп отыру қажет.
Денелік даму заңдылықтары:
1. Адамның жасырак кезіндегі денелік дамуы тезірек және қарқынды жүреді, ал оның жасы ұлғаюына байланысты төмендейді.
2. Баланың денелік дамуы бір қалыпты жүрмейді. Бір кездерде жылдамырақ жүрсе, енді бір кезеңдерде баяулауы мүмкін.
3. Тұтас алғанда адам денесі бір қалыпты және пропорционал дамымайды, әрбір мүшесінің өз даму қарқыны бар.
Рухани дамудың жалпы заңдылықтары:
1. Адамның жасы мен интеллектуалдық, әлеуметтік, рухани даму арасында кері пропорционал байланыс бар: жасы кіші болған сайын рухани даму қаркыны жоғары, ол жас өсуіне карай баяулайды.
2. Рухани дамуы бір қалыпты жүрмейді. Жекелеген кезеңдерде кейбір қасиеттер дамуы үшін өте ыңғайлы жағдай болса, кейде ол жағдайлар байқалмауы мүмкін.
3. Интеллектуалдық, элеуметтік іс-эрекеттердің жекелеген түрлері мен олармен байланысты рухани қасиеттерінің қалыптасуы мен артуына өте ыңғайлы, тиімді мерзімдері бар. Мүндай мерзімдер сензитивтік кезеңдер деп аталады.
4. Даму барысында адам психикасы мен рухани қасиеттері түрақты, қалыпты күйге енеді жэне сонымен бірге пластикалық күйі де сақталады. Бұл жерде адам дамуының күрделі диалектикасы байқалады: бір жағынан психикалык даму біртіндеп психикалық күйдің түлға белгісіне айналуын қамтамасыз етеді, екінші жағынан кажетті жағдайларды жасау мен сэйкес эрекеттер көмегімен оларды жақсартуға, жетілдіруге болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.