Тұлғаның дамуындағы жас кезеңі ерекшеліктерін ескеру

Главная » Рефераттар » Тұлғаның дамуындағы жас кезеңі ерекшеліктерін ескеру

Тұлғаның дамуы жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Жас ерекшеліктері дегеніміз өмір сүрудің белгілі бір кезеңіне сәйкес байқалатын анатомия-физиологиялық және психикалық қасиеттер болып табылады.
Даму үдерістерін дұрыс басқару үшін ертеден-ақ адам өмірі кезеңдерін жіктеп отырған. Мұндай жас кезеңдерін жіктеуде адам өмірінің әрбір кезеңіне сәйкес анатомия-физиологиялык және психикалық қасиеттерді негізге алған. Жас ерекшеліктері адамның денелік дамуына сәйкес анықталған. Денесінің өсуі, салмақ қосуы, сүт тістерінің пайда болуы, оның ауысуы, жыныстық пісіп-жетілуі және басқа да биологиялық үдерістер белгілі бір кезеңде сәл-пәл ауытқулармен жүріп отырады. Ал адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланысты болғандықтан, әр кезеңге сәйкес интеллектуалдық, әлеуметтік, рухани сфераларында да өзгерістер пайда болады. Әлеуметтік жетілу де, биологиялық сияқты, қатаң тәртіппен болмаса да, жас кезеңіне сәйкес рухани даму динамикасын байқатады.
Мектеп жасындағы адамның өміріне сәйкес жас кезеңдеріне бөлудің психологиялық және педагогикалық нүсқалары бар. Қазіргі ғылымда бала өмірін кезеңдерге бөледі. Педагогикалық кезеңдерге бөлу негізінен, бір жағынан, денелік жэне, екінші жағынан, рухани даму кезеңдері жүретін тәрбиелеу жағдайларын анықтайды.
Егер ағзаның биологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке жүйелері мен органдарының дамуы объективті түрде байқалатын болса жэне танымдык күштер дамуымен де байланысты болса, онда тиімді үйымдастырылған тэрбие жас ерекшеліктеріне сүйене жүргізілуі кажет. Адамның жасы оның дамуын шектеп отырады. Сондықтан жас ерекшеліктері заңдылықтарын ескеріп отыру қажет. Демек, жас ерекшеліктерін ескеру негізгі педагогикалық принциптердің бірі болып табылады. Сондықтан педагогикалық іс-эрекетте мектеп жасындағы балаға қатысты психологиялык жэне педагогикалык кезеңдерге бөлу ерекшеліктерін білудің мэні зор. Оку-тэрбие жұмысында баланың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуды ең алғаш Я.А. Коменский талап етті. Ол оқыту мен тәрбиелеу дамудың жас кезеңдеріне сәйкес жүргізілуді анықтайтын табиғи үйлесімділік принципін тұжырымдады. Педагогикалык жүйеде мектеп жасындагы баланың дамуы ерекше маңыздьг Сондықтан мектеп жасындағы балалардың тұлғалық даму ерекшеліктеріне назар аударайық.
Кіші мектеп жасыидагы даму ерекшеліктері. Бүл кезеңде биоло-гиялық жагынан бойы өсуі баяулап, салмағы арта бастайды. Бұлшық еттері дами бастайды. Сондыктан жазуға тез дағдылана бастайды.
Жүйке жүйесі жетіледі, психикалык дамуы гезірек жүреді. Деген-мен элі де козу басым.
Танымдық іс-эрекеті оқыту үдерісінде көбірек жасалады. Қарым-катынас жасау аясы кеңейеді. Бүл кезеңдегі қарқынды даму және көп жаңа қасиеттерді калыптастырып үлгеру кажеттілігі оқу-тәрбие іс-эрекетін қатаң бағыттап жүргізуді талап етеді. Кабылдауы тұрақты емес, бірак эмоционалдылығы жоғары. Кіші мектеп жасында еріксіз зейіні басым, түрақтылығы жеткіліксіз. көлемі аз. Сондықтан окыту-тәрбиелеу жүмысы зейін мэдениетін калыптастыруға бағытталүы қажет. Ол оку іс-эрекетін мотивациялау арқылы ерікті зейінін қалыптастыруды талап етеді.
Бүл кезеңде балалардың ойлауы эмоционалды-бейнеліктен абст-ракты-логикалықка қарай дамытылуы кажет. Олардың ойлауы сөйлеу тілімен өзара байланысты. Сондықтан өз ойын ауызша жэне жазбаша баяндауға үйрету маңызды. Бұл жастағы балалардың есі көрнекі-бейнелік сипатты болып келеді. Сондықтан бояуы канық, кызықты материалдар қолданылу қажет.
Кіші мектеп жасындағы баланың тұлғалық қалыптасуы ересектер-мен (мұғалімдермен) жэне өзінің құрбыларымен жаңа катынастар жасау, оқу жэне карым-қатынастың жаңа түрлері, ұжымдық жүйеге ендіру арқылы жүреді. Мүғалімнің беделі жоғары. Оның барлық айт-кандарына сенгіш, иланғыш келеді. Сондықтан бүл кезеңде күлыктық мінез-қүлқы негізі қаланады.
Өнімді еңбек пен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына ерекше көңіл бөлінуі кажег.
Орта мектеп жасындагы даму ерекшеліктері. 11-15 жастар ара-лығы балалықтан жастық шақка өту кезеңі болып табылады. Бұл жаста барлық ағзаның өсуі мен дамуы қарқынды жүреді.
Физиологиялық жағынан бойы өседі, сүйек өсуі, бұлшык ет дамуы жүреді. Ішкі мүшелер дамуы бірқалыпты емес, кан айналым жүйелері дамуы жүрек өсуінен қалып қоюы, оның жүрек жүмысында ауытқуларға алып келуі мүмкін. Өкпе аппараты тез дамымайды.
Жыныстык пісіп-жетілуінде ерекше өзгерістер қыз балаларда 11 жастан, үлдарда 12-13 жастан басталады. Жүйке жүйесінің дамуы жалғасады. Сананың рөлі артады.
Кіші мектеп жасына қарағанда, жасөспірімнің қабылдауы мақ-сатты, жоспарлы және үйымдасқан гүрде жүруі мүмкін. Оқушы зейініне іріктемелік тәп, яғни оларды кызықтырған ма-териал олардың зейінін түрақты аударуы мүмкін, бірак эсерлі ма-гериалға зейіні тез көшіп отырады.
Жасөспірімдік кезеңде ойлау іс-әрекеті жүйелене, реттеле басталуы мүмкін. Абстрактылы ойлауға кабілеті арта түседі. Сөйлеу тілінде өзгерістер пайда болады. Жасөспірім анықтама беруге, логикалық дэлелдеуге, талдау жасауға тырысады. Бейнелі жэне мэнерлі сөйлеуге үмтылады.
Түлғаның құлыктық жэне әлеумегтік қалыптасуы қаркынды жүре бастайды, бірак оның дүниетанымына, қүлықтық идеалдарына, пікір-лер мен моральдық принциптер жүйесіне жолдастарының пікірі тікелей эсер етеді, түрақты емес.
Жасөспірімдердің қүлықтық жэне элеуметтік мінез-күлқында сезім басым рөл аткарады. Өзінің сезімдерін кейде аффективті түрде байқатуы мүмкін.
Жасөспірімдердің ішкі элемін зерттеу арқылы, бір жагынан, олар-дың сенімдері, моральдық идеялары мен үғымдары, екінші жағы-нан, қылықтары, эрекеттері, мінез-күлық келіспеушілігі бар екені анықталды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.