Тұлғаны әлеуметтендіру ұғымының мәні

Home » Рефераттар » Тұлғаны әлеуметтендіру ұғымының мәні
Рефераттар Комментариев нет

Тұлғаның дамуында әлеуметтенудің маңызы да ерекше зор. Әлеуметтену ұғым ретінде адамның қоғаммен өзара әсерлесуін сипаттайды. Ал әлеуметтену ұғымының толық мағынасы екі бағыттағы көз-қарастар негізінде түсіндіріледі. Бірінші бағыттағы американ әлеуметтанушылары (Т.Парсонс, Р.Мертон) әлеуметтенудің мағынасын биологиядағы «ағзаның орта жағдайларына бейімделуі» идеясына сәйкес әлеуметтік факторларға байланысты анықталатын бейімделуі деп қарастырады.
Екінші бағыттағы гуманистік психология өкілдері (А.Оллпорт, А.Мас-лоу, К.Роджерс және баскалары) әлеуметтенуді «Мен -тұжырымдаманың өзіндік жандануы, тұлғаның өзінің әлеуеті мен шығармашылык қабілеттіліктері дамуы өзін-өзі дамыту мен өзін бекітуге теріс әсер ететін ортаның теріс әсерлерін жою аркылы жүретін үдерісі» деп қарастырады.
Қазіргі кезде орыс педагог-ғалымдары (И.С. Кон, А.В. Мудрик, Б.Д. Парыгин) көбінесе бірінші бағыттағы пікірге басымдау назар аударады.
Педагогикалық практикада да не әлеуметтік ортаның, не өзін-өзі тәрбиелеудің рөлін басым көрсету байқалады. Қоғам әлеуметтік жүйені жаңғыртып отыру, әлеуметтік қүрылымын сақтап отыру үшін белгіл і бір элеуметтік стереотиптерді, стандарттарды, рөлдік мінез-қүлық үлгілерін (топтык, таптық, этникалық, кэсібилік және т.с.с.) қалыптастырып отыруға тырысады. Тұлға коғамға қарсы келмеу үшін элеуметтік ортаға, ондағы элеуметтік байланыстар жүйесіне ене отырып, әлеуметтік тэжірибені меңгереді. Демек, әлеуметтік типке енуге ұмтылуы әлеуметтенуді әлеуметтік тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, бағдар-нұсқаларды меңгеру жолымен жүретін адамның бейімделуі (адаптациялануы) мен ықпалдасуы (интеграциялануы) деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Бірақ табиғи белсенділігіне байланысты тұлғада дербестікке, тәуелсіздікке, өзінің жеке позициясын, қайталанбас ерекшеліктерін калыптастыру тенденциясын сақтауға үмтылу жэне дамыту байқалады. Бұл тенденция нэтижесінде гұлғаның өзі ғана емес, қоғамның да дамуы байқалады.
Тұлғаның өз алдында бөлектенуі (автономизация) тенденциясы әлеуметтенудің жүру барысында меңгерілген элеуметтік байланыстар жүйесі мен тәжірибені жандандыру ғана емес, сонымен бірге жаңа тұлғалық. дербестік тэжірибенің де пайда болуына алып келетін өзін-өзі дамыту жэне өзін-өзі толық жүзеге асыру үдерісі деп қарауды негіздейді.
Тұлғаның өзін-өзі дамытуы — рухани, денелік жэне элеуметтік үй-лесімге қол жеткізуді жүзеге асыру, яғни өзінің рухани жэне денелік мүмкіндіктерін саналы сезінумен байланысты ішкі еркіндіктің бай-қалуы.
Әлеуметтік типке ену мен автономдылыққа (бөлектенуге) үмтылу тенденциялары бір жағынан әлеуметтік ортаның, қоғамдық өмірдің өзін-өзі жаңартуын, екінші жағынан — тұлғаның әлеуетін, нышандарын, кабілеттіліктерін дамыта отырып, руханилығы мен субъектілік жаңғыртуды қамтамасыз ете отырып, тұрақтылығын сақтайды.
Сонымен элеуметтену мағынасы адаптация, интеграция, өзін-өзі дамыту, өз мүмкіндігін толык іске асыру үдерістері негізінде анық-талады. Олардың диалектикалык бірліктері адамның бүкіл өмірінде коршаған ортамен өзара әсерлесе отырып, тұлғаның тиімді дамуын қамтамасыз етеді.
Адам бүкіл өмірінде жаңа әл еуметтік тэжірибені меңгереді, сонымен бірге қоршаған ортаға эсер ете отырып, қандай да бір элеуметтік қатынастарды жаңғыртады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.