Тұрақтылықтың кепілі – Ата Заң

Главная » Рефераттар » Тұрақтылықтың кепілі – Ата Заң

Конституция латын тіліннен (constitutio) – заң, тұрақтылық деген маңынаны білдіреді. Қазақ елінің Конституцияларының тарихына көз жүгіртсек. Қазақ Совет социалистік республикасы совет мемлекеттердің одағында болғанда халық бірінші – Сталинің (05.12.1936 ж.) жəне Л. Брежневтің кезіндегі қабылдаған 25.10.1977 ж. Конституциялармен өмір сүрді. Аталған Конституцияларда көрсетілген əр бір ел өз еркімен одақтан шығыуға болады, өкінішке орай ол іске аспай қалды, себебі мемлекетте егемендік болған жоқ. Мемлекетің бір негізгі белгісі ол егемндік. 1990 жылы 25 қазаңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Декларация қабылданды, ал 1991 жылы 16 желтоқсанда біз өз егемендімізді, тəуелсіздігімізді алдық. 28 қантарда 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарағы кеңесінің тоғызыншы сессиясында дербес, тəуелсіз мемлекеттің тұнғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда бүгінгі азаматтарымыз өмір сұріп жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.Конституция – мемлекетің, оның ішінде қоғамның тынысын, елдің қатынасын реттейді. Мемлекет, қоғам əрдайым заңсыс болған емеес. Сондықтан адам үшін маңызды заңның бірі Ата заңымыз Конституция. Көптеген елдер оқу орындарында Конституцияны басты пəнінің бірі етіп оқытады. Заң сыйламайтың, білмейтін маман ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді.Дегенмен де қазақ даласында мемлекеттілік болғанынан бастап, сол XIII-XV ғасырдан бері бізге белгілі, Алтын орда дəүіріндегі Шынғысханын «Ясасы», Қазақ хандығы тұсындағы «Қасым ханның қасқа жолы», одан кейін «Есім ханның ескі жолы», Тəуке хан тұсында «Жеті жарғы» пайда болды. Қасым ханның заңында «қанға қан» принцип болса, Тəукенің «Жеті жарғысында» «қанға құн» принципі қосылды.Конституция бүгінгі күн мен болашаққа арналып жазылада, қабылданады. Конституциясыз мемлекет тіршілік жүргізе алмайды, Ата заңсыз мемлекет болмайды, Конституция – тірек заңымыз. Ал осы заңның негізінде басқа заңдар қабылданып, тармақталып жатады. Мемлекеттің болашағы, тағдыры қабылданған Конституция қағидаларына байланысты. Осы ебептен Ата заңды – Конституцияны құрметтеу қажет. Ел басымыз Н.А. Назарбаев Конституцияны дамыту тұралы шаралап айтты. Конституцияның басты идеясы – адамның құқығын сыйлау. Барлық заңдар Конституцияға сай болу қажет. Заң біздің күнделікті жүріс тұрысымызды бір қалыпқа келтіріп отырады. Біздің біреуден жəбір көрмеуімізді жəне біреуге жамандық жасаумызды қадағалмайды.Конституция – азаматтарымыздың отаншылық сезімін күшейтеді. Оқу орындарында, басқа да мекемелерде Конституция күнінің маңыздылығы туралы үнімі түсіндіріліп отыру керек. Қазақстан халқын біріктіретін, құқықты орындататын ол Ата заңымыз – Конституция.Қазіргі таңда қоғамда Конституциялық мəдениет қалыптасып келеді. Адам болғасын заң бұзушылықтар болып тұрады, бірақ оны заңмен реттейтін институтар, органдар бар. Солардың жұмысын жетілідіру қажет. Соның бір жетістігі, жуырда Елбасымыз қабылдаған құқықтың реформа.Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі деп тұжырымдайды. Ол бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық жəне конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру жəне олардың қызметі қағидаттарын бекітуші əрі реттеуші негізгі заң болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын əрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сөз қозғағанда тəуелсіздік алуға, өзіміздің Конституцияны қабылдауға себеп болып табылған кейбір тарихи сəттерді атап өткен жөн.Қазақстанда конституциялық құрылыс идеялары өз қайнар көзімен ғасырлар бойы жалғасын таба бермек. Олардың қалыптасуына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты XV-XVIII ғасырлардың заңдар жинағы маңызды рөл атқарды.Ел тарихында бес Конституция болған, соның ішінде қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституция. Бұағн дейінгі қолданылған Конституциялар 1926, 1937, 1978 жəне 1993 жылдары қабылданды. 1926 жылы қабылданған бірінші қазақстандық Қонституцияның декларациядан ешқандай өзгешілігі болған жоқ. Ол мазмұны жəне нысанымен РКФСР Конституциясына сəйкес келіп, декларацияның барлық ережелерін енгізген болатын. Қазақстан Кеңес Федерациясының тура субъектісінің мəртебесін алсада, нақты, заңды түрде де тəуелсіздігімен атазаңдығына ие болған жоқ.Қазақстанның өз егемендігін нақты жүзеге асыруы Республикалық Жоғары Кеңесімен 1990 жылы 25 қазанда қабылданған тарихи үлкен маңыздылығы бар құжаты — Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясынан басталады. Декларацияның тарихи маңызы республиканың мемлекеттік егемендігіне нақты мазмұн беруімен құнды. Декларация Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетінің мəртебесін іске асырған елдің жаңа Конституциясы мен басқа да заңнамалық кесімдер əзірлеуге негіз болды. 1991 жылы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тəуелсіздігі туралы» консититуциялық заңды, 1993 жылғы Қазақстан Конституцияны жəне қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата заңды қабылдауымен тəуелсіздік мемлекет ретінде біздің еліміздің конституциялық ресімдеуінің қалыптасуы аяқталды.АҚШ-та тəуелсіздік Декларациясының авторы Т. Джефферсон, ал АҚШ Конституциясының атасы Д. Мэдисон, Франция Конституциясының дем берушісі жəне идеологы генерал Шарль де Голль болса, жаңа тəуелсіз мемлекет — Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудың ұйымдастырушысы, дем берушісі жəне авторы Елбасы Н. Назарбаев болғандығы бəрімізге аян.

.

Қазақстан Республикасы Конституциясының Франция Конституциясына ұқсас тұстары өте көп. Дегенмен де, еліміздің жаңа Конституциясын дайындау барысында қазақ елінің өткен тарихтағы дəстүрлерінің көрініп тұратын болуы да ұмыт қалған жоқ. Елбасы Н. Назарбаев енгізген қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мəселелерін демократиялық əдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу принциптері ұзақ талас пікірлерден кейін жобаға енгізілді.Аталған принциптердің ішінде Қытай халқының қоғамдық қайраткері жəне саяси ойшылы Сунь Ятсеннің ХХ ғасырдың басында ұсынған «халықтық үш принцип» идеяларына ұқсайтындары бар. Оларды атап айтар болсақ — қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, халық игілігі үшін жасалатын экономикалық реформалар. Бұл принциптер Конституцияның халық алдындағы рухын көтеріп ғана қоймайды, Ата Заңның барлық нормаларының осы принциптерге сəйкес келу қажеттігін де ұғындырады.Бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы Конституция бойынша өмір сүреді. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан əрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалықтық референдумда қабылданған осы Негізгі Заң, шын мəнінде, қоғамдық келісімге айналды, сол бойынша өкімет Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны жəне еліміздің заңдарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына алды. Бүгінгі күні Қазақстан ішкі тұрақтылыққа жетті, əлеуметтік даму базасының сенімділігі қамтамасыз етілді, өңірдегі ең үздік экономика құрылды. ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк жəне татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi жəне болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси жəне идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi бұл Ата заң ҚР-нда демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады. Олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мəселелерiн демократиялық əдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ). Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мəртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, жəне сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару жəне өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды жəне өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тəртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рəсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. “Жалпы ережелер” деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы жəне сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк əрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сəйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың жəне азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. ҚР Конституциясының жоғары тұрғандығын арнайы мемлекеттік орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚР Конституциясының 74-бабына сəйкес, КР Конституциясына кереғар деп танылған заңдар мен халықаралық шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге жəне күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды жəне қолданыстан шығарылады. Сондай- ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.Өркенді дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз əрі парызымыз. Конституциямызда Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы жазылған бапта Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу жəне сақтау көрсетілген. Қазақстанның əрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу жəне сақтау арқылы жəне оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз жəне еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Қазақстан қоғамының ұзақ жылдарға арналған өркенді дамуының бағытын нық айқындап берген Конституцияға біздің де айтар алғысымыз мол. Өйткені, біздің Ата Заңымыз — Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.