Тəрбие мақсаты мен тəрбие мiндеттерi

Home » Рефераттар » Тəрбие мақсаты мен тəрбие мiндеттерi
Рефераттар Комментариев нет

Мақсат категориясына қарама-қарсы категория – арман. Екеуiнiң бiр-бiрiне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, əрi жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы – осы бейнеге субъект қатынасының əртүрлiлiгi. Арман — елестiң немесе қиялдың субъектiге берер бiршама қанағаттану сезiмi. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады. Мақсат — бұл да бейне, бiрақ онан келетiн қанағаттану тек iшкi қабылдаудан емес, сол бейненi iс-əрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субъектi белсендi əрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нəтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне-нəтиже тек iштей қызығу үшiн емес, нақты жетiстiк үшiн қажет. Арман субъекттiң енжарлығынан келiп шығады, əркетсiздiкке байланысты, ал мақсат — iс- əрекет, белсендi қызметтiң бастау көзi.

Бiрақ өзiмiз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша дүниемiздегiдей – бұл екi шектi құбылыс – арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман – мақсат түзу үшiн негiз, арман – мақсаттарды қайта қарас-тырып, үйлестiрiп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегiнде жаңа мақсатқа жетелейтiн жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудiң жолы тұп-тура болмақ емес, ол үшiн талай мiндеттердi iске асыру қажеттiлiктерi туындайды. Мiндет — бұл мақсатқа жету жолдарындағы бiр саты, орындалуы қажет нəтиженiң бiр бөлiгi, осы бөлiк өзiнiң iс-əрекеттiк бiтiмiн таппаса, жалпы нəтиже де жоқ. Мiндет мақсаттың өзiн құрайтын элементтерге бөлiнуiнен пайда болады. Кейiн сол элементтердiң бəрi бiрiгiп, iс-əрекеттiң жалпы нəтижесiн алуға жұмсалады. Iс-əрекеттiң барысын-да субъект, əдетте, мақсат жөнiнде ойламайды, оның есiнде тек мiндеттерi, өз iс-əрекетiн сол мiндеттердiң кезегiмен шешiлуi деп бiледi. Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына əкеледi, ендеше, мiндеттер де тактикалық бағдар ретiнде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға лəззат берер бақ бергiсi келдi (жалпы мақсат). Бiрақ нақты iстердi (мiндеттердi) орындау күй-беңiмен жүрiп, тиiстi орынға гүл егудi ұмытты, соның салдарынан бақ лəззат беру сипатынан айрылды, яғни негiзгi мақсат iске аспады, сонымен атқарылған мiндеттер (атызды дайындау, суғару, күтiм жасау – бəрi де) босқа кеттi.

Мақсат болжау – мақсат пен мiндеттердiң өзара байланысын тану нəтижесi. Мiндет — мақсаттың бiр бөлiгi, құрылым бiрлiгi. Мiндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделiктi адамгершiлiкке баули отырып, қоғам азаматын тəрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиiс, өмiрде адамның тұлғалық мазмұнын оның əр секунд, минут, сағаттағы белсендi тiршiлiгi қалайды, — дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым. Кəсiптiк еңбектiң ажырамас бөлiгi ретiнде мақсат болжау мұғалiмнiң, жоғары оқу орны оқытушысының қызметiнiң құрамды бөлiгi. Осыдан, ертең ұстаздық iске араласамын деген студент мақсат болжау проблемасының ғылыми мағынасын, педагогикалық қызмет құрылымын-дағы мақсат болжаудың мəнi мен мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды əртүрлi негiзде сараптауды жете түсiнiп, игеруi мiндеттi.

Əрбiр мiндет өзiнiң орындалу сəтiнде субъект үшiн нақты бiр мақсатқа айналады да, ол мақсат өз кезегiнде төменiрек деңгейдегi жаңа мiндеттердi жүзеге əкеледi. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып үздiксiз мiндетке, мiндеттiң мақсатқа өзгерiсi мен ауысу аймағына тап болды. Осыдан да, педагогикалық тəжiрибеде түсiнiспестiк орын алып келе жатыр: ненi мақсат, ненi мiндет деп танимыз? Егер тəрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтiң қадам сайын алға қойып, əр сəт сайын шешiп отыратын əрекеттiнiң бəрi – мiндеттер. Жалпы мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог бiр мiндет бағытында жұмыс iстеп, ойлай бастағаннан, дəл осы мiндет мақсат мазмұнына ие болып, өзiне қажеттi ендiгi мiндеттерге ие болады.

Мiне, осыдан педагогикалық сөздiкте »Тəрбиенiң мақсаты мен мiндетi», »Тəрбиенiң мақсаттары мен мiндеттерi» тiркестерiн жиi кездестiремiз. Бұлардың бiрiн таңдауымыз белгiлi мақсаттың жалпы бағдарына байланысты да, бiр жағдайдың өзiнде де мақсаттық мəнге де, мiндеттiк мəнге де ие бола беретiнiнен. Мысалы, мұғалiм сабақты дайындауда нақты сабақ »мақсатын» белгiлейдi, ал ендi осы мақсаттың өзi жалпы тəрбие мақсатының мiндетi болып шыға келедi. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесi аталған көп »мiндеттiң» орындалу құралына айналады: мəдени, саясат бойынша жасау қабiлетiн қалыптастыру, адам бола бiлу қабiлетiн жетiлдiру, əлеуметтiк қатынастарға араласа алу қабiлетiн түзу, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, өмiрлiк бағыт қалыптастырып, өз тiршiлiгiнiң мазмұнын реттей алу қабiлетiн орнықтыру; тұрмыстық мiндеттерге дайындау: өмiрлiк еңбекке дайындық, отбасылық өмiрге дайындық, бос уақытын мазмұнды өткiзуге дайындау, өзiн шығармашылықпен баулуға дайындау.

Мақсат пен мотив адам iс-əрекетiнiң мəндiк бiрлiктерi. Мақсатсыз əрекет жоқ. Ал мотивсiз мақсат белсендiлiгi қарапайым əрекет шеңберiнен аспайды. Əрекетке итермелеушi ықпал — мақсат, ал сондай ықпалдық мотивтерде де бар. Мақсат пен мотив əрдайым бiрге, iс-əрекеттiң мазмұны мен сипатын анықтайтын құбылыстар. Мақсат — »субъект не iстеп жатыр?» дегенге жауап. Мотив болса »субъект мұны не үшiн iстеп жатқанын», яғни ықпалдық себебiн ашады.

Субъект, жалпылама болса да, мақсат пен мотивтi айқындамағанша, iс-əрекетке бара алмайды. Мақсат болжастыру аймағында мотив екi себептiк маңызға ие. Бiрiншiден, мотив iс- əрекет сипатына əсер етедi: қуат, күш салу, адалдық, нəтиже жолында белсендiлiк деңгейi, субъектiң психологиялық қалпы. Екiншiден – мақсаттың мотивпен бiрлесуi, мотивпен орын ауысуы. Мысалы, тұрмысын жақсарту ниетiмен жiгiт педагогикалық кəсiптi таңдады. Алдыңғы мақсат мотивпен ауысты, ендi оның мақсаты кəсiптiк шеберлiктi игеру болды, ал мақсатқа деген ұмтылысты əлеуметтiк бағыт мотивi қолдап-қуаттайды. Педагогтiң тəрбие ұйымдастыруға байланысты кəсiби қызметiнiң мақсаты – тəрбие мақсатын анықтау, оны iске асыру. Ал осы педагогикалық iс-əрекеттiң мотивтерi неде? Бұл тұрғыдан, педагогикалық мақсат мотивтерi келесiдей: 1. Қайшылығы көп, күрделi өмiрге енiп жатқан сəбидiң бақыты үшiн қамқорлық; 2. Балалық шақтың сəулелi өтуiне көмек беру жəне адамға деген инабатты қатынас. Мұндай сипаттағы мотивтер педагогке кəсiптiк жəне əлеуметтiк келеңсiздiктердi елей бермей, iзгi мақсатқа жетуге жол ашады.

Педагогикалық қызметке араласуға түрткi болатын қарапайым мотивтердi де жоққа шығаруға болмайды; мысалы, қаражат табудың көзi, демалыс уақыттарының ыңғайлығы, бүкiл өмiр бойы балалар мен жастар арасында жүрiп, өзiнiң де рухани кəрiлiкке берiлместiгiн сақтап қалу т.с.с. Бiрақ бұлардың бəрi де кəсiп таңдаған тəрбиешi-педагогтiң балаға деген қамқорлығы мен оны азаматтық кемелiне жеткiзуге байланысты ықлас-ынтасына күш-қуат бере алмайды. Жоғары сезiмнен шыққан iзгi ниет тəрбиешiнiң кəсiби iсiнiң сипатына үлкен ықпал жасайды; осыдан мұғалiм-педагог қарадүрсiн əрекетке бармауға тырысады, баланы көптiң бiрi деп қарамай, онымен жеке тəрбие жұмысын өткiзуге ұмтылады. Балаға деген қамқорлық мұғалiмдi əлеуметтiк аласапыран кезеңдегi келдi-кеттi, жалған қоғамдық құндылықтарды бала тəрбиесiне қосудан сақтайды. Сонымен, педагогтiң адами-имандылық бағыт-бағдары оның ұстанған мақсат, мотивтерiне ерекше сипат бередi де, бiр-бiрiмен iргелес жасап, педагог қызметiнде өзара байланысты болады. Ал, осы педагогтiң мақсаты балаға белгiлi ме? Мектепке аяқ басқанда ертең ұлағатты азамат болып шығатынын ол сезiне ме?

Əлбетте, оның төңiрегiндегiлердiң бəрiнiң де əңгiмесi баланың келешекте адам болуы жөнiнде. Ал, оның өзi оқу, сызу, жазу, сурет салу тағы басқалармен əуре, өзiнiң тəрбиеленiп жатқанымен тiптi iсi жоқ, ол педагогтi өзiнiң жақсы досы, кеңесшiсi, қайырымды ұстаз-мұғалiм деп таниды. Педагог болса жасырын педагогикалық »тақта» ол мақсат белгiлеп, оны балаға жария етпестен, iске асырудың жолында болады. Бала бақытына деген жанпидалықтан туындайтын мотив »жасырын» педагог бағытының жүзiне келуiне себiн тигiзедi; баланың тəрбиеленуi емес, жасауы қажет, бала өмiр лəззатына дайындалуға тиiс емес, ол лəззатқа бөленiп өсуi керек; бақытты болу үшiн бала педагогикалық басшылықты танып баруға тиiс емес, өмiрдiң əрбiр қасқағым сəтiн жоспарлаған дамудың элементтерiндей қабылдамай, өз өмiрiнiң болмысы деп бiлгенi жөн. Есейе келе əр бала тəрбие мақсатын өзiндiк тəрбие мен өзiндiк дамудың мақсаты сипатында қабылдап, педагогтан тəрбие эстафетасын қолына алып, тəрбие субъектiсiне айналуы қажет. Осыдан, педагог рөлi жаңа кейiпке енедi.

Балаға деген қамқорлық қазiргi заманның өте күрделi аймағында өз орнын иелеп, педагогтiң өз кəсiптiк деңгейiн көтеруiне, өз педагогикалық шеберлiгiне жаңа əдiстеме-лердi қосуына, мамандық белсендiлiгi мен рухының ұзақ жасауына күш-қуат бередi. Педагогикалық қызметтiң имандылық мотивациясы балалармен ұйымдастырылатын iс- əрекеттiң қажет септiгiне негiз болады. Педагог өзiнiң кəсiптiк мiндеттерiн орындай отырып, балалардың дене жəне рухани дамуына байланысты əрқандай жұмыстарды атқарып барады. Бiрақ бұл жұмыстар баланың саналы кемелденуiне бағытталып, механикалық жаттықтырудан (дрессировка) аулақ болғаны əбден қажет.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.