Тəрбие принциптерi

Главная » Рефераттар » Тəрбие принциптерi

Тəрбие принциптерiнiң ерекшелiктерi. Тəрбие процесiнiң принциптерi (тəрбие принцип-терi) – бұл тəрбие процесiнiң мазмұнына, əдiстерiне оны ұйымдастыруға қойылатын негiзгi талаптарды анықтайтын бастау ережелерi. Олар тəрбие процесiнiң өзiндiк ерекше-лiгiн танытады. Педагогикалық процестiң жалпы прин-циптерiнен нақты тəрбие принциптерiнiң өзгешелiгi – тəрбие мiндеттерiн шешудегi педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендiгiнде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық. 1. Мiндеттiлiк. Тəрбие принциптерi — бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық жəне мiндеттi түрде тəжiрибеге ұласуды талап етедi. Принциптердi дөрекi түрде əркез бұзу жəне ондағы мiндеттердi орындамау тəрбиелеу процесiнiң пəрмендiлiгiн кемiтiп қана қоймай, сонымен бiрге ол принциптердiң негiзiн, түп-тамырын ыдыратады. Егер тəрбиешi принцип мiндеттерiн бұзса, онда ол тəрбие процесi жетекшiлiгiнен аластатылады. Тiптi, мысалы, егер педагог гуманистiк принциптердi, жеке басты қадiрлеу принциптерiн қасақана əрi дөрекi бұзса, онда ол заңды жауапкершiлiкке тартылуы қажет. 2. Комплекстiлiк. Принциптер комплекс, бөлiн-беген талаптар түрiнде тəрбие процесiнiң барлық кезеңдерiнде бiрiгiмдi қолданылуы тиiс. Принциптер тармақталмай, фронтальды əрi барлығы бiрдей iске асып отырады. 3. Бiрмəндiлiк. Тəрбие принциптерi жалпыға бiрдей ортақ ережелер ретiнде бiрмəндi болып келедi, олардың арасында бiреуiн бiрiншi кезекте орындау керектi немесе ертеңге қалдыра салуға болатын сияқты негiзгi немесе қосалқы принциптерi болмайды. Барлық принциптердi теңдей мəндi деп бағалау тəрбиелеу процесiнiң жемiстi болуының кепiлi. Сонымен бiрге тəрбие принциптерi — дайын нұсқау емес, тiптi олар ұстану арқылы жоғары нəтижеге автоматты түрде жеткiзе салатын əмбебап (универсал) ережелер де емес. Олар тəрбиеге қажет арнайы бiлiмдердi, тұлға тəжiрибесiн, шеберлiгiн алмастыра алмайды. Тəрбие принциптерiнiң талаптары баршаға бiрдей болса да, олардың практика жүзiнде iске асырылуы тұлғалық шарттарға байланысты болады.

Тəрбие процесi сүйенетiн принциптер белгiлi жүйенi құрайды. Тəрбие жүйелерiнiң түрлерi бұрын да, қазiр де көптеп саналады. Əлбетте, олардағы принциптердiң сипаты, жекелей мiндеттерi, тiптi кейбiр принциптердiң өздерi өзгерiске түседi. Қазiргi тəрбиелеу жүйесi мынадай принциптердi ұстанады: — тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы; — тəрбиенiң өмiрмен, еңбекпен байланысы; — тəрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу; — тəрбие гуманизациясы; — тəрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау; — тəрбиелiк ықпалдардың бiрлiгi.

Тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы. Тəрбие мемлекеттiк, құрылыстың, ондағы өкiмет билiгi мен мекемелерiнiң қуатына арқа сүйеп, сонымен бiрге мемлекетте қабылданған жəне жүргiзiлiп жатқан саясат. Ата заң мен заңдар негiздегi азаматтық жəне əлеуметтiк сапалардың қалыптасуына бағытталады. Бұл принцип педагог iс-əрекетiн мемлекеттiк тəрбие стратегиясына сəйкес өскелең ұрпақ тəрбиелеу мiндеттерiне бағындыруды көздейдi жəне тəрбиешi iс-əрекетiн қажеттi тұлға типiн қалыптастыруға бағдарлайды. Мемлекеттiк қызметте жұмыс iстегендiктен тəрбиешi тəрбие саласы бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындайды. Егер мемлекеттiк жəне қоғамдық мүдделер бiр-бiрiне сай келiп, азамат-тардың жеке мүдделерiмен келiсiмдi болса, онда жоғары-дағы принцип талаптары, əлбетте, тəрбие мақсаттары мен мiндеттерi құрылымына сəйкестеледi. Ал мемлекет, қоғам жəне тұлға мақсаттары үйлеспесе, ол принциптiң орындалуы қиындайды.

.

Тəрбиешiде толыққанды тəрбие үшiн нақты деректi материалдар жетiсе бермейдi. Мектеп – бұл мемлекеттiң, қоғамның жəне тұлғаның бiлiмдiлiк сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған əлеуметтiк мекеме жəне қоғамдық-мемлекеттiк жүйе. Мектеп қоғамдық-мемлекеттiк мекеме ретiнде тек мемлекет демеуiмен ғана өмiр сүре алмайды. Ерте ме, кеш пе оған қоғам көмекке келуi қажет. Қоғамның мектептен, мектептiң қоғамнан бөлiнiп қалуын, қоғамдық өмiрдегi болып жатқан процестерден мектептiң ажырауын, кəсiби педагогтардың тар жəне бiржақты жұмыс iстеуiн болдырмау шаралары қарастырылуы қажет. Педагогтар өздерiн тəрбие билiгiнiң жалғыз иегерi деп ұғынбай, тəрбие iстерiндегi халық өкiлiмiз деп түсiнуi керек.

.

Қоғамдық бағытты iске асыра отырып, тəрбие-ленушiлермен тəжiрибелiк себеп-түрткiлi өзара əркетке жетудiң маңызы зор. Бұл жерде ұрандаған педагогикадан аулақ болған жөн, өйткенi тиiмдi тəрбие құлық пен қатынас тəжiрибесi негiз болар тəрбие мен тəрбиелену-шiлер арасындағы байланыс орнайтын пайдалы iс-əрекетте iске асады. Дегенмен де, iс-əрекет (еңбектiк, қоғамдық, ойындық, спорттық) тəрбиелiк мəнге ие болуы үшiн, тəрбиеленушi iс-əрекетiнiң қоғамдық құнды мотивтерiн қалыптастыру қажет. Осы мотивтер жоғары парасатты, қоғамдық мəндi болса, онда ұнамды қылықтарға бастау беретiн iс-əрекеттiң де тəрбиелiк сапасы жоғары болады. Əлеуметтiк сапаларды жасау процесiнде мақсат-бағдарлы тiлдестiк пен адамгершiлiк танымы арқылы гуманистiк түсiнiк қалыптастырып, оны саналуан қоғам-дық пайдалы iс-əрекеттi ұйымдастырумен байланыстыру керек. Сөздiк ықпал мiндеттi түрде пайдалы тəжiрибелiк iстермен бекiтiлуi қажет, сонымен бiрге ол қарым-қатынастағы жəне басқа адамдармен бiрiгiп орындалатын iс-əрекеттегi дұрыс əлеуметтiк тəжiрибелер көрсету арқылы тұжырымдалуы керек.

Қоғамдық процестерге əр адам ерте балалық шақтан араласады. Сондықтан адамзаттық тəрбие де жас кезеңде басталады. Əлеуметтiк жауапкершiлiк сезiмi балада сəл кешiрек, яғни мектептiң екiншi сатысында ояна бастайды. Əлеуметтiк саналарды қалыптастыру кезең-дерiнде берiлетiн бiлiмдердiң оқушылар жасы мен даму деңгейiне сəйкестiгiне жете көңiл бөлiнуi тиiс. Балаларға мектептiң бiрiншi сатысында »өкiмет», »президент», »үкiмет», »бедел» т.б. ұғымдарды түсiндiруге нақты мысалдар пайдаланылса, тəжiрибе жүзiнде дер кезiнде дəйектелiп, бекiтiлсе, онда олар бұл ұғымдарды тез меңгередi. Екiншi, үшiншi сатыдағы мектеп осы секiлдi қажеттi ұғымдарды бекiтiп, дамытады, нанымдарды қалыптастырады, тəрбиеленушiлер əлеуметтiк шынайы процестерге қызыға отырып, азаматтық сапаларын орнықтырады.

.

Адамның тұлға болып қалыптасуы оның қоғам-дық жəне еңбектiк қатынастарға жекелей түсуi, əрекетке араласуына тiкелей тəуелдi. Еңбек адамдағы жағымды сапаларды дамытады, яғни еңбек қарқынды болған сайын тұлғаның əлеуметтену жəне даму деңгейi жоғарылай түседi. Сондықтан тəрбиеленушiлердi қоғамдық өмiрге, əртүрлi пайдалы iстерге араластырып, оларға деген жағымды қатынасын қалыптастыру қажет. Еңбекке араласа отырып, адамгершiлiк құлық тəрбиесiн алған тəрбиеленушiлер рухани жəне дене жағынан қатайып, еңбектiң қоғамдық маңызды мотивтерiн ұғынады, өзiндiк ар-ұят сапаларын бекiтiп, жетiлдiредi. Тəрбие »Мектеп үшiн емес — өмiр үшiн» деген ұранмен ежелгi римдiк мектеп өз оқушыларын күтiп алады екен. Сол кездегi ежелгi педагогтардың өздерi өмiрден, тəжiрибеден ажыраған тəрбиенiң ешқандай мəнi болмайтынын сезген. өмiр мектебi – ең күштi тəрбие мектебi. Сондық-тан тəрбиенiң өмiрмен байланысты болуы принципi көптеген тəрбие жүйелерiнiң негiзгi принципi болып табылады. Ол тəрбиешiлердiң мынадай екi бағыттағы белсендi iс-əрекетiн талап етедi: 1) əртүрлi өзгерiстерi мол қоғамдық жəне еңбектiк өмiрмен тəрбиеленушiлердi кең жəне нақтылай таныстыру; 2) тəрбиеленушiлердi шынайы өмiрлiк қатынастарға, əртүрлi қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру. И. П. Павлов адам ағзасының өмiрлiк iс-əрекетi қоршаған орта əсерiнен, өмiр сүру жағдайына байланысты екендiгiн атап көрсеткен. Бұл əсердi ол »өмiрлiк тəрбие» деп атаған. Бұл тəрбиенi, яғни »өмiр мектебiн» барлық өскелең ұрпақ өз басынан өткiзедi. Нəтижеде оларда əрекет-қылық тəжiрибесi жинақталады, қоғамдық өмiрге кiрiсуге қажеттi дағдылар қалыптасады. Тəрбиенiң өмiрмен байланысты болу принципiн дұрыс iске асыру педагогтан төмендегi бiрлiктердi қамтамасыз етуiн талап етедi: — оқушылардың қоғам өмiрi мен əрбiр адам үшiн еңбектiң рөлiн, азаматтардың үздiксiз толастаған сұраныстарын қанағаттандыру үшiн қоғамның экономикалық базасы-ның мəнiн түсiндiру; — материалды жəне рухани байлықтар мен құндылықтарды жасайтын еңбек адамдарына сыйқұрмет жасау; — көп жəне табысты еңбек ету ептiлiктерiн дамыту, өзi үшiн жəне қоғам пайдасына орай жауапкершiлiк жəне шығармашылықпен еңбектенуге ниеттендiру; — қазiргi өндiрiстiң жалпы негiздерiн түсiну, политех-никалық бiлiмдерiн кеңейтуге талпыну, еңбектi ғылыми ұйымдастыру негiздерiн жəне жалпы мəдениеттi меңгеруге бағыт беру; — еңбек iс-əрекетiнде жеке жəне қоғамдық нанымдарды үйлестiру мен мiндеттерiн жəне шаруашылық қажеттi-лiгiне сəйкес мамандық таңдай бiлуге баулу; — қоғамдық мүлiк пен табиғат байлықтарына күтiмдi қарау, өз еңбегi арқылы қоғамдық меншiктi көбейтуге талпыну ниетiн қалыптастыру; — жауапсыздыққа, шаруасыздыққа, еңбек тəртiбiн бұзу-шылыққа, жайбарақаттыққа, енжарлық пен iссiздiкке, сергелдеңдiкке төтеп берiп, қоғамдық меншiктi жəне табиғат байлығын талан-таражға түсiруге ымырасыз болуға тəрбиелеу.

Еңбекпен, өмiрмен байланысқан тəрбие келесi ережелердi ұстану арқылы iске асады: 1. Оқушылардың əлеуметтiк жəне еңбектiк тəрбиесiндегi абстрактiлiк пен догматизмдi шегерiп, оларды нақты жəне ерен iс-əрекетке кiрiстiру. Сабақта жəне сыныптан тыс тəрбие жұмыстарында көзделген талаптарды орындау принципiнiң бағдарламасы болуы шарт. Оларды бiртiндеп iске асырып бару қажет. 2. Тəрбиешi өз əрекеттерiн отбасы мүддесiмен келiстiре отырып, əрбiр тəрбиеленушiге қоғамдық өндiрiске негiзгi тигiзер пайдасы оның оқу еңбегi, отбасы мен мектептегi көмегi екендiгiн түсiндiредi. Жасөспiрiмдердiң өндiрiстiк ұжымға, шаруашылық есептегi бригадаларға бiрiгiп, демалыс кездерiнде еңбек етулерiн қолдап, қуаттау керек. 3. Балалар əдетте iс-əрекет жасауға құлшыныс бiлдiрiп тұрады. Енжарлық, iссiздiк дегендер бала табиғатына жат нəрселер. Осыны ескермеген тəрбиешi тұлғаның əлеуметтену процесiн бұзып, оның дамуын бəсеңдетедi. 4. Бұл принциптi iске асыру сабақтар мен сынып-тан тыс тəрбие жұмыстарда жергiлiктi өлкелiк материал-дарды кеңiнен пайдалануды талап етедi. 5. Оқушылар үлкендермен бiрдей маңызды өмiрлiк мəселелердi шешуге қатыса отырып, өз шешiмдерiне жауапкершiлiкпен қарауға үйренедi, сонымен бiрге оларда азаматтық сапалар шапшаң əрi табысты қалыптаса бастайды. 6. Елдiң əлеуметтiк өмiрi мен шаруашылығындағы өзгерiстерге сəйкес тəрбиенiң өмiрмен байланысы прин-ципiнiң табысты iске асырылуы тəрбие мазмұнын, ұйым-дастырылуы жəне əдiстемесiн үнемi қайта қарап, жаңартып отыру мiндеттi iс. 7. Тəрбие процесiнде балалар өз еңбегiнiң қоғамға, адамдарға қажет екендiгiн сезiнiп, одан қанағат лəззатын алуы қажет.

Ұнамды өнеге-үлгiге арқа сүйеу. Өнеге-үлгiге арқа сүйеу принципiнiң талаптары-ның бəрi қарапайым болып келедi. Олар мыналар: педагогтар адамдағы жақсы қасиеттердi анықтауға мiндеттi, соларға сүйене отырып, əлi толық қалыптаспаған немесе керi бағыттағы қасиеттердi үнемi дамытып, оларды қажеттi деңгей мен жан-жақты үйлесiмге жеткiзуi қажет. Бұл принциптiң философиялық негiзi — адам табиғатының »қарама-қайшылықтығы» туралы белгiлi философиялық ереже бойынша. Адамдағы жақсы қасиеттер (жан-жануарды жақсы көру, табиғи кiшiпейiлдiлiк т.б.) оған керi қасиеттермен (өз сөзiнде тұра алмау, өтiрiк айту, ерiншектiк т.б.) бiрге жүредi. Тек »керi», сол сияқты жүз-пайыздық »жақсы» адам болмайды. Тұлғаны жақсылыққа қарай бағыттайтын тəрбиенiң мiндетi, адамда өнегелi қасиеттердi молайтып, керi қаситтердiң азаюына қол жеткiзу. Тəрбиешi iс-əрекетiнiң табысты болып, жылдам əрi нəтижелi болуы үшiн принциптердi iске асыру ережелерiн басшылыққа алу керек. Һ Тəрбие процесiндегi келiспеушiлiк (конфрон-тация), тəрбиешi мен тəрбиеленушiлердiң өзара ой-пiкiр тайталасы мен көзқарастарының үйлесiмсiздiгiнен туындайды. Тек бiрлесiп жұмыс iстеу, шыдамдылық, тəрбиешiнiң тəрбиеленушi тағдырына қызығушылықпен қатысуы жақсы нəтижелер бередi.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.