ТҮРІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР

Главная » Рефераттар » ТҮРІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР

Бүгінде кіндік қанымыз тамған жер — тәуелсіз Қазақстан елінде жаңа экономикалық үрдістермен катар элеуметтік үрдістер мен жаңалықтар қоғамға сатылы түрде еніп жатыр. Солардың ішіндегі ең маңыздылардың бірі — гендерлік теңдік мәселесі және оның заңнамалық базасының болу мәселесі. Шетелдік сөздің магынасын қалың бұқара қауымы нақтылай үғыну үшін, ең алдымен, бұл «әлеуметтік жаңалықтың» мэнін қазақ жанымызбен түсініп алуымыз тиіспіз. Гендерлік геңдік — қоғамдағы эйел мен ер арасындағы заңнамалық күшпен реттелген тепе-тең құқықтар мен қатынастар жиынтығы. Енді осы салыстырмалы анықтамадан сөзімізді әрі қарай жалғастырсақ. Туған тарихымыздың беттерін парақтап өтетін болсақ, осындай яки, батыстан бізге жаңа келген азаматтық прогрессшіл демократиялық заңдылыгы бар әлеуметтік жаңалықтың біз үшін таңсық нәрсе емес екендігін аңғарамыз. Ол үшін ата-бабамыз — түрікті еске түсірсек жеткілікті. Осыдан бұрынғы бір дана айтып кеткендей, «жаңа — бұл тек жақсы үмытылған ескі» деген сөздер өздерінен өзі ойға келеді. Жалпыдан жалқыға көшііі, енді сөзіміздің дэйекгілігін толығымен растау үшін тарихи деректерде жазылған эйелдердің жағдайы туралы мәліметтерді ұсынамыз.

Халықтардың ұлы қоныс аудару дэуірі (II-Vff.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Европаньщ этникалық жэне саяси картасын едэуір дэрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағынан саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Европаға дейінгі далалық еңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың кошіп жүретін Өмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. VI ғасырда Қазақстан жерлері қүдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының әулетті ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың қүрылар алдындағы кезеңде Ганьсу, Шығыс Түркістан жэне Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейінгі кезең-кезеңмен қалыптасты. [5, 296]. Енді Түрік қағандығында әйелдердің хал-жағдайы қандай болды? * Әйелдердің хал-ақуалы: жеке семья атқаратын қойшы шаруашылығы, әдетте, патриархалдық қарым-қатынас негізінде құрылады, сол себепті түркіттерде бұдан селкеу шығып кетпесе керек. Құда түсу ісі еркектер билігінде болған, «әке, агалары не әкесінің інілері дүние салса, эмеңгерлік жолымен қалған туыстары марқұмдардың эйелдеріне үйленетін болған. Біріншіден, үйге жаңа жұмыс қолы келіп қосылады, ол кез үшін бұл эмэнда пайдалы еді. Екінщіден, эдет-ғұрып жесір әйел құқығын қоргап отырған, өйткені жаңа күйеуі оған қамқорлық жасап, оньт өз әйелі ретінде қорғауға тиіс. Кейде мұндай некенің жалған болуы да мүмкін, дегенмен де жесір әйел эйтеуір тағдырдың тэлкегіне үшырап, далада қалмаған. Түріктер эйелдерді сал-серілердей әдейі қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін. зуелі шешесіне иіліп, тэжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында, ордада апа-қарындастары қалып койып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оны жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады.

Әйелдері құқ атаулыдан мақрұм қалған халықтарда, мысалы, Гиндикуштің іатандарында жаулар әйелді өлтірмейді екен. Әйелді эмеңгерлікпен алу және ;:гіде келтірілген текст сөздерінен полигамия — көп эйел алушылық байқалады, €.?ак соның өзі түркі әйелін құқықсыз қалдырмаған. Егер әйел кіріптар жағдайда Болтан күннің өзінде, Анасының шыққан тегіне айрықша мацыз берілген. Мэселен, ■анзада Төременді тақтан тайдырудың себебі «шешесінің шыққан тегінің Тгмендігі» болады. Әрине, бүл тек желеу, оның саяси жауларының айла-амалы Вана, бірақ сол дэлелінің қызықтытына қараңызшы. Жалпы, өте қатал, қатыгез қүқ залы эйелді қолдап қортаған: күйеуі бар зорлаған кісі өлім жазасына кесілген, щьлдың арына қол салған еркек дереу отан үйленуге тиіс болтан. Әйелді зорлау ең г-ыр қылмыстармен: көтеріліс жасаумен, опасыздықден, кісі өлтірумен, түсаулы «тты ұрлаумен қатар қойылған, дала жатдайында аты ұрланған кісіні ажал тгруылдайды гой. ал жай ұрлық үшін зиян шеккен кісінің пайдасына, ақысы он есе іртық төленген. [1, 71-726.].

Қытай жылнамасында көрсетілген көне түркілердің мемлекеттік идының негізгі ірі-ірі жеті баптан түрған: 1-бан. Көтеріліс жасап, бүлік шыгарған жісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған); 2- гал. Түркі-бұдын (жүртының) мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жлзасына кесілсін; 3-бап. Қаганат ішінде жазасыз кісі өлтіргендер олім жазасына іесілсін; 4-бап. Сэйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын (ат -■ кзгандықтың сотые күші); 5-бап. Үрлантан баталы мүлік үшін он есе артық айын іеленсін. [4, 105]. Осыдан түркі қотамында негізгі ірі заңдардың эйел құқықтарын із толық гүрде басты баптармен қатар қойып, қортатандытын көреміз. Түркілер қогамында бүгінгі кез үшін гаңсық емес бір қызықты жайт болтан: тллап-талгамы ұқсас қыздар өзара салтанатты түрде туысқандық одақ құрады, азнда одақ мүшелерінің саны 14-15-ке жетеді екен, бірақ ол 8-9 қыздан кем Болмауы тиіс. Осынау қыздар бір-бірін бауыр-туысқан деп ататан, ал егер бір бозбала олардьщ біреуіне үйленегін болса, ол эйел атын алады екендаты, іеліншектің құрбылары «Қалыңдақтың дәмін тату үшін» (ятни күйеудің) ерлі- зайыптыларға барады екен. Ал, келіншек «өз бауырларынан» күйеуін кызтанбайтын болтан, бірақ өзте эйел «бауырластытының» мүшелерімен ондай Мйланыс жасауга болмайды екен. [1, 71-726.]. Түркілер қотамында эйел кең хұқықты болып, ел мен мемлекет ісіне белсене агаласады. Орта Азията арабтар экелген ислам діні Орта Азияда қалыптасқан әулеттік некелесу дэстүрінің негізін бұзады. Шаритат әйел дэрежесін күң деңгейіне түсірді. Әйел көп кэнизактың біріне айналды. Мүсылман әмірлері кыздарын кэпірге беруге қарсы болды. Сөйте тұра, өздері гаремдерін жабдықтауда зйелдердің діни тегіне қарамады да, отан ешқандай саяси матына бермеді. Әйел чыктының олжасы болып, жеңілген жақтың төлемі мен алым-салытына айналды. Ислам дінін кабыл алтан түркілер ескі дәстүрлі идеолотияны мүлде ысырып гастамай жаңаша түрлендірді. Сөйтіп, мұсылман хандары өздеріне багынган элсіз жауларының қыздарына үйлене отырып, мойындарына қосымша міндеттемелер злды. XIV гасырда Транезунд (Византияның Кіші Азиядаты иелігі) соңты датдарыс кезеңін басынан кешіргені мэлім. Бұл бір кездері ұлы мемлекеттерден қалтан жұрнақтың жанталасы еді. Трапезундтың бетке ұстар жалтыз мақтанышы — бүкіл шытыска даңқы жайылтан сұлулары болды. Мемлекет өзіне төнтен қатерден сұлуларды тарту етіп құтылып отырады. [2, 134-1356.]

Жогарыда берілген мәліметтен біріне бірі едәуір қайшылықты нэрселерден біз эйел затының түркілердің қогамында ғана емес, жалпы айтқанда, Ашин халқының тұтастай өміріндегі ролінің қандай зор екендігінін аңғарамыз. Біріншіден, эйел кең хұқыкты, ел мен мемлекет ісіне белсене араласады. Осыдан эйелдер мен срлердің арасындағы, бүгінгі тілмен айтқанда, гендерлік теңдікті анық көреміз, өйткені қазіргі заманның өзінде құдай ана болуға жазғандарды билік шебіне көп кезде мемлекеттерде билік агіпараттарына жақындатуға ер- басшыларының ниеттері болмайды. Ал түрік қогамында эйелдің пікірі, сөзі, ісі маңызды орынға ие болып, өз орнын белгілікті мәселені шешуде тапқан. Бүгінде батыста гендерлік теңдік туралы түрлі ресми қүжаттар жасалып, каішталистік, демократиялық мэнерде өмірдің барлық салаларына әлеуметтік арналар арқылы енгізіліи отыр, Ал түркі қоғамында бүгінде демократиялық қоғамның үлкен жемісі боп саналатьш «әйелдердің теңдігі» бір мың жылдан астам уакыт бұрын пайда болған жэне олар бүны жетістік, мақсат деп санамаған, олар үшін бұл заңдылық еді. Мүмкін бүл матриархаттан патриархатқа ету кезеңінде қалып қойған жетік тарихи-әлеуметтік атавизм де болар, ал тарихқа бір зейін салып үніліп көрсек, Еуразияның үлан-гайыр тсрриториясын мекендеген халықтарда эйелдер эрқашан ерлермен тең тұрғыда карастырылған. Есімізге сақтың патшайымы Томиристі түсіргеніміз жеткілікті. Осыдан тагы да гипотезалық дэйекпен қүрылган ой: әйел мен ерлер теңдігі — көшпелі оркениеттің ерекше белгісі. Екіншіден, енді осыған байланысты тенгенің арғы бетіндей қарама-қарсы жақ та бар. Бірақ біз оны бірден тарихи шындықтың көрінбей қалған кара бүрышы деп қарастыруға құқығымыз жоқ. — III ғасыр. Үйсіннің ханы (гуньмо) қытай имиераторының қызына үйленеді, мүндай дәрежеге кез келген түркі әміршісі жете бермейді. — 618 ж. Гун-шеху қаған Орта Азия кесемдерінің тізесін бүктірісімен-ақ ең мықгы деген Самаркан эміріне өзінің қызын береді. Датой қаған (573-603жж. билік қүрған) осындай айламен Тайжени атты Соғды әміршісін «үйретіп» алған. [2, 133- 134 б-р.] Бүл тізімді жалғастыра беруге көп болады, бұл сол уақыттың заңды саяси қүбылысы және бұл жайтты әйелдердің қүқықтарын кемсіту, шектеу деп қарастыруға болмайды. Барлық жағдайды тұтастай көру үшін, проблематикалык мәселені жан-жақты қарастырган жөн. Ерте ортағасырларда тайпалар, тайпалық одақгар мемлекеттер арасында жиі-жиі соғыстар болып отырды. Сірә, бұл Үлы далада өмір сүрудің өз қымбат бағасы болған шығар, кім білсін. Сондықтан бейбіт өмір сүру жэне өз халқының өрімін сақтап қалу, міне, осы мәселе баршаны толғандырды. Бұл мэселе де өз жауабын тапқан еді. Кейде бір қағанныц қызының еркіндігі бүкіл халыктың белгілікті уакыт бойы бейбіт өмір сүрудің кепілі еді. Егер сиарталық Елена Трояға сотые пен бай қаланың ақыры мен бүкіл халқының қазасын әкелсе, түркі ханымдары — турандохталар (парсылар осылай түркі ханымдарын атаса керек) далаға бейбітшілік пен үмітті экелетін болды. Осындай тарихи параллельді жүргізе отырып, әйелдің түркілер үшін, шын мәнісінде, өмірдің символы болғаны айдан анық. Уақыт өте дипломатиялық некелесу күрделене түсгі. Енді эйел жэне оның шыққан теғі елдің сыртқы саясаттағы бағыттарын белгілей түсті. Түркінің «ұл — ана баласы» деген мэтелдің терең мағынасы осы кезде ашылады. Түркі ханшайымдары басқа елдің ханшайымына айналса да, ешқашан өз елінің қамын ұмытиайтын еді. Түркі мемлекетінің көрші елдерге жасаған ықпалының бір себебі осы да болар. Түрік қоғамындағы гендерлік қатынастарының болгандығы және олардың жоғары даму деңгейінде болғаны ешкімде күмэн тудырмаса керек. Эрине ол оз алдына ерекше болды, түрік 44 қауымында гендерлік қатынастарың қоғамдағы өзіндік моделі болды. Бұл модельдің пайда болуы, дамуы жэне жойылуын хронологилық түрде бірнеше кезеңмен байланыстыруға болады. Алғашқысы, — таза түріктік модель немесе шығыстық идеалды гендерлік теңдікке негізделген қоғам. Екіншісі, жаңа түріктік немесе ислам бойынша «өнделген» қоғам. Осы кезде түріктер арасында келіспеушіліктер пайда болады. Бірақ ол таза түріктік модель бойынша орнаған қоғамды жойған жоқ. («Ислам дінін қабыл алған түркілер ескі дәстүрлі идеологияны мүлде ысырып тастамай жаңаша түрлендірді.» [ 2 , 1346,]. Бірақ кей жагдайларда қайшылықтар туды. Мысалы, «…Бірақ мұсылман дінінен бас тартқан түркілер «күшті елдің ұлының қызы бағынышты елге тұрмысқа шығу керек» деген кене некелік әулеттік дэстүрді жалғастыра береді» [2, 1356.]. Яғни мүнда сол кездегі аралас тенденциялар қалыптасады. Ал үшіншісін, моңғол шапқыншылығымен байланыстыруға болады. Оны түрік қоғамындағы өзіндік моделінің құлдырау уақыты деп белгілеуге барлык дәлелдер бар. Ол туралы Гумилев былайша айтып кеткен болатын: «Кешпелілер әлеміндегі эйел қүқын шектеу — кейінірек пайда болған қүбылыс, бәлкім, ол моңғолдар кезенінен кейін Орта Азияға келіп жеткен жалпы құлау-қүлдырау халіне байланысты қүбылыс болар деп ойлаймын.» Міне, осыдан біз түрік қоғамындағы гендерлік қатынастардың қандай жағдайда болғанын байқаймыз. Қытай жазбаларынан алғашқы түріктер — Тугю, моңғолша Дулыға (Тукие) деп аталады. Сол жазбалар бойынша Тугю отауының ата-бабалары Батыс теңіздің басында жеке аймақ қүрды. Бұл Ашина аталатын Хун ордасынан бөлінген отау еді. Мұны көрші тайпаның бірі тып-тыйпыл етіп қырып тастайды. Ырымға он жасар үлы қалады. Әлгі шапқыншының рақымы түсіп, баланы өлтіруге көзі кимай аяк-қолын кесіп, шөпті көлге тастап кетеді. Сол арада баланы қасқырдың қаншығы бауырына баеып, етпен тамақтандырады. Кемтар баланы періштелер жебеп, қаеқыр Алтай тауының үңгіріне жасырыпты, бұл жер айналасын тау қыраттары ораған, көк майса шөп өскен аңғар екен. Осы араны мекендеген қаншық қасқыр он ұл тауыпты.. Қасқырдан туған көкжалдардьщ ішінен Ашина есімді қайратты адам шығыпты. [3, 136.]. Яғни, түркілер үшін қасқыр-ана жүзінде олар өздерінің тікелей жаратушысының белгілерін көрсе керек, Осы жайтты олар абыроймен айтып, оның бейнесін өздеріне таңба етіп жасағая. Сондықтан да бөрі-ана бейнесі түркілер үшін кұдай іспегтес еді. Енді осы түрғыдан қарастырғанда әйел адамның ортағасырлық уақытта түркі қогамында маңызды орынға ие болғаны әбден түсінікті. Мүмкін, қазақтарда «қасқыр», «көкжал» сөздерінің дауыстап айтылуына тыйым салуының бір себебі осы түркілерде жатқан шкғар… Жалпы айтқанда, түрік қоғамы белгілікті бір өзіндік заңдылықтар, салт- дэстүрлер, наным-сенімдердің арқасында құрылған жүйелердің элеуметтік жиынтығы. Осындай жағдайда әйелдердің құқықтары шетте еш уақытта қалған емес еді., Мұны түркілердің өз заманынан қалдырган тас ескерткіштерінен де байқауға болады, осыны бәдіздердің формасынан да, пішінінен көреміз, Мысалға, Күлтегіннің зайыбының бәдізі тік тұрған позициясында жасалған, қолдары кеудесіне жақын қойылып, биік мансапты, тұғырлы мінезді байқатады. Бұл олардың арасындағы әлеуметтік айырмашылықты, қоғамда алған орынның белгісі. Түрік қоғамындағы гендерлік қатьгаастар мэеелесі толық зерттелмеген, бірақ бүгіигі қоғамның демократия жолында сан өзгерістерді өзіне сіңіргенін есепке алсақ, онда еліміздегі гендерлік теңдік мэселесі кешегінің жаңарған ғана, оралушы тенденциясы деп бағалауға тұратын элеуметтік қүбылыс.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.