Түркі философиясы ұғымы

Главная » Рефераттар » Түркі философиясы ұғымы

Түркі философиясы мәдени кеңістік туралы айтқанда, оны қазіргі таңда Орталық және алдыңғы Азияның байтақ жеріндегі саны 300 млн. адамнан асатын отыздан астам ұлттар мен ұлыстардан құралған түркі тілдес халықтардың мэдениеті деп біледі. Ежелгі заманда түркі халықтары Оңтүстік-Шығыс Еуропа даласынан бастап, Қытайға дейінгі, Сібірден Гималай мен Гиндукушка дейінгі аумақта өмір сүрген. Қара және Каспий теңіздерінен Байкал мен Хинган тауларына дейін созылып жатқан байтақ аумақты географиялық түрғыда Қара теңіздің маңы мен Қазақтың даласы, Орта Азияның қүмды шөлдері, Амудария мен Сырдарияның жазиралары, Алтай мен Оңтүстік Сібір, Тәңір тау (Тянь-Шань) мен Памирдің таулы сілемдері, Шығыс Түркістанның шөлдері, даласы мен жазирасы қүрайды.
Бай табиғаттың, түрлі климаттық жағдайдың негізінде «шаруашылық» (оазистік мэдениет), «бостандық» (номадтар мэдениеті) жэне «жайлақ» (аралас мал шаруашылық-егіншілік мәдениеті) үштігі өте бай мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бүл үштік белгілі бір дэрежеде эмбебаптықтың, түтастықтың, дербестіктің салдары ретінде түркі халықтарының дүниетанымы мен рухани мэдениетінің ашықтығының материалдық негізі болды.
Шаруашылықтың күрделі әрі әмбебап жүйесі: егіндік жазира — көшпенді дала — егін салу, таулы жерде мал өсіру әртүрлі қолөнердің, мақта, бау-бақша шаруа-шылықтарының дамуымен қатар жүрді. Тоқыма қолөнері мен жүн өндеу өнімдері адамдарды киіммен қамтамасыз етіп, киіз үй қүрылысында қолданыс тапты. Атқа міну, жүк таситын арба, киіз үй тіршіліктің кең аумақты кеңістігін игеруде таптырмайтын қүралдар болатын. Б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтарда түріктер қола мен темірдің металлургиясын игерген. Шаруашылықтың осындай күрделі эрі эмбебап, өздігінен жеткілікті жүйесінің табиғи салдары ретінде экономикалық, элеуметтік өмірдің, рухани мэдениеттің орталығы болған қалалар пайда болды. Туркі мэдениетінің ашық болуы мәдениеттердің сух-батынан, оның көршілес мәдениеттермен терең байланыстарынан көрінеді. Егер арийлік ежелгі мэдениет арқылы оның тарихи тамыры Үнді жэне Иран мәдениеттерінде жатса, онда Қытай, Қиыр Шығыс жэне Жерорта теңізі мәдениеттері үшін ол байланыстырушы буын, ал жалпы, ол, адамзаттың ежелгі мэдениетінің қалыптасуындағы біріктіруші өзек болған. Ортаазиялық керуен жолдары: Ұлы Жібек жолы, Жылқы жолы (Алтын жол), Ладак жолы, Нефрит жолы, Меридиан жолы сауда жасау арқылы материалдық мәдениетті өзара байтып қана қоймай, адамзаттың бірыңғай рухани мәдениетін де қа-лыптыстырды.
Түркі фэлсафасы* туралы эңгіме болғанда, ең алдымен, біз түркі-тілдес халықтардың философиялық ойының даму жолдары мен қайнар көздерінің негіз қалаушы бірлік қағидасын үстануымыз қажет. Түркі мэдениетінің табиғи бірлігін қүрайтын «шаруашылық-бостандық-жайлау» үштігі — жеке түркі-тілдес халықтардың ерекше философиялық дүниетанымымен бірге, түркі халықтарының бірыңғай философиялық мэдениетін де қалыптастырды жэне мүндай түтас рухани мүра Орталық Азияның барлық халықтарына ортақ болды. Осындай эмбебаптық пен ашықтықтың арқасында түркі мэдениеті басқа мәдениеттердің философиялық идеяларын (оның ішінде маркстік идеяны да) бойына сіңіруімен қатар, олардың қалыптасуына өздерінің үлкен ықпалын тигізді.
Түріктік фэлсафаның, жалпы барша түрік мәдениетінің де ең маңызды сипатының бірі — дәстүршілдік. Ол элеумет-тік болмыстың үнемі жаңа сапаға өтіп өзгеруінің тәсілі мен мүмкіндігі ретінде көрінетін эмбебап шаруашылық үштігінің дэстүрлі салтынан табиғи түрде шығады. Ал бүл, өз кезегінде, мэдениеттің дүниетанымдық негіздерінің дэстүршілдігіне ұласады. Біріншіден, бүл ойлаудың табиғилығы — адамның табиғатпен, өмірмен бірігуі (табиғат өмірдің бастауы, қайнар көзі ретінде көрініс табады), сондықтан өзінің негіздері мен қайнарларында түріктік философия табиғат пен өмірдің философиясы болып табылады. Екіншіден, элеуметтік кеңістіктегі дэстүршілдік ру-тайпалық қатынастардың тұрақтылығынан, адамдар арасындағы қатынастардың жоғарғы маңыздылығынан көрінеді. Бүл мэнде түрік философиясы эрқашан элеу-меттік-этикалық, экзистенциалдық философияның си-патында болған. Үшіншіден, түркі дүниетанымы уақытты батыс мәдениетіндегідей сызықтық емес, циклдік деп түсінген. Мүндай түсінік түркі философиясын «мэңгі ора-лу» философиясына айналдырды. Дүниені философия-лық түрғыда қабылдайтын дэстүршілдіктің, оралымды дүниетанымдық уақыттың мысалы ретінде «Хамса» (Бестік) эдеби дэстүрін алуға болады. Бүл дэстүрде көптеген ақындар мен ойшылдар (олардың ішінде Алишер Науаи де бар) философиялық жэне этикалық шығармаларын үстаздары негізін қалаған дэстүрге сай етіп жазған.
Бүл жерде біз дэстүршілдікті «кемістік» деп санайтын еуропашыл жэне модернистік көзқарастан арылуымыз қажет. Кез келген қоғамның білім мен тәжірибені үрпақтан-ұрпаққа жеткізу үдерісі болатын дэстүрсіз өмір сүре алмайтыны белгілі жайт. Егер қоғамда дэстүр болмаса, ол қалай өмір сүреді, қалай дамиды, өйткені дэстүр мен жаңаның өзара тэуелділігі, тұтастығы — кез келген қоғамның өмір сүру шарты. Мұндай бірлік жоқ жерде мәдени үзіліс орын алып, үрпақтар сабақтастығының қағидаты бұзылады.
Түріктік фэлсафаны қарастырудағы басқа бір эдіс-намалық қағиданың мэні — түркі мэдениетінің қалыптасуы мен дамуына оң эсері болған оның синкреттілігінде. Жібек жолының бүкіл элемдік феномені (керуен жо-лыньщ символы ретінде) — Орталық Азияны адамзат тарихында мыңдаған жылдар бойы дүниетанымдық идеялар, философиялық ойлар «балқытылған қазан» ретінде тануға мүмкіндік берген. Орталық Азияның арий мәдениеті негізіне алынған түріктік дүниетанымы көрші мәдениеттердің қалыптасуына ықпал ете отырып, өз бойына семит, шумер-бабыл, мысыр, қытай, кейін орыс және батыс-еуропалық мэдениеттерінің дүниетанымдық идеяларын да сіңіреді. Философия жайында эңгіме бола қалса, эдетте, ол батыстык жэне шығыстық деп екіге бөлінеді, бұл жерде түріктік фэлсафа, оның ерекшеліктері мен біртумалыгы, мүлде қарастырылмайды. Егер Батыс шығыстық философияны мұсылмандық, қытайлық жэне үнділік философиялық жүйелер деп білсе, онда Шығыс үшін, біріншіден, Батыс деген нәрсе атымен жоқ, екіншіден, Шығыс өзін дүниетанымдық идеялардың алуан түрлі-түсті бірыңғай бояулары деп біледі. Егер еуропашыл тұрғы үшін түріктік фәлсафаның мүлде қарастырылмауы мүмкін болса немесе оның батыстық және шығыстық мэдениеттердің арасын жалғаушы буын ретінде ғана қарастырылуы мүмкін болса, онда шығыстық философия үшін түріктік фэльсафа өзінің бөлінбес кұрамды бөлігі болады. Бұл — шығыстық дүниетанымның алуан түсті бояулардың ерекше, қайталанбас жиынтығы. Түріктік фәлсафаны қарастырғанда, біз оның тікелей қайнарлары мен құрамды бөлігі болып табылатын: қытайлық философияны, буддашыл философияны, зороастрашыл философияны естен шығармауымыз керек.
Түркі фэлсафасының келесі бір қағидасы (кейбір ортодокс — философтар мойындамайтын) — «халықтығы». Түркі фәлсафасына қатысты еуропалық ғылымдағы «философиялық жүйе» деген ұғымды қолдануға болмайды. Ойлаудың кез келген жүйесінде немесе қайсыбір идеялар мен қағидаларды жүйелеуде, түрік дүнетанымының ашықтығы мен ықыластығына, дэстүршілдігі мен дамуына, сабақтастығы мен тұрақтылығына қарама-қарсы келетін аяқталғандық пен қасаңдық бар. Философиялық жүйе ретінде ежелгі грек философиясы, эсіресе, аристотельшіл-дік — адам ойының рационалдығының «алтын торшасы».
Тамыры халық санасында жатқан түріктік фэлсафа, ұлттық ерекшелік пен архетиптен басқа, ешқандай шектеу мен жабықтықты көтермейді. Өз мэнісінде, ол өзінің негіздеріне сай дамиды, бірақ сонымен бірге, үнемі жаңа дүниетанымдық кеңістіктерді де игереді, ол халықтың санасымен бірге өзгеріп отырады. Ал мұндай үнемі өрістеу үстінде болатын үрдістің байланыстырушы түйіндері; халықтың дүниетанымдық идеялары мен қағидалары шоғырланған халықтың ауыз-екі шығармашылығы, өнері, жеке тұлғалардың философиялық идеялары. Бұл жерде жеке ойшылдардың философиялық шығармашылығына өзіндік тарихи жэне заманауи ерекшеліктер мен белгілер тән болса да, ол қайсыбір тұйық жүйе емес. Түріктік дэстүрдегі философия — болмысты жеке адам тарапынан трансценденциялау емес, дүниетанымдық бейбастық-жекешілдік емес, үжымдық-халықтық нәрсенің жалғасы, оның өріс алуы, жеке түлғаның дүниетанымындағы халыққа тэн нэрсенің көрінісі.
Мысалы, философиялық эдебиетте эл-Фараби перипа-тетиктер қатарына жатқызылып жүр. Бірақ, түріктік табиғат философиясының дэстүрлеріне сай, ол дүниенің эуелгі бес бастауын: «бес материя — жер, су, ауа, от жэне аспан» дегенді дэлелдеген натурфилософ (1). Сонымен қатар, оның көзқарастарында сопылық сарындар да кездеседі. Жэне, эрине, ең алдымен, ол — ғалым-энциклопедист, математик, табиғатты зерттеуші. Яғни эл-Фарабидің философиясы өз заманының арнасында ғана емес, сондай-ақ, түріктік фэлсафаның эмбебаптық жэне ашықтық қағидаларына сай өріс алған.
Тағы бір мысал — Ж.Баласағүн шығармашылығы. Бүл
— шығыстық «ақсүйектер нақылы» рухында жазылған «моральдық-этикалық жэне ғибраттық-дидактикалық» (2) ілім. Қарахан дэуірінің элеуметтік философиясы ғана емес, сонымен қатар, онтологиялық, гносеологиялық және аксиологиялық мэселелердің кең ауқымды аясы, бүл
— өмір философиясы, саясат пен құқық философиясы, діни философия жэне натурфилософия.
Аталмыш мысалдар философияның кең ауқымын, жеке философиялық ойдың сарқылмас қайнар көзін паш етеді. Халыққа белгілі бір, кобіне «олі» философиялық жүйені танбай, халықтық сана мен ойдың даму арнасына түсу, жеке данышпан-ойшылдардың халықтан «озық» болуы, халық игілігі үшін халықтың рухани ізденістерінің жүзеге асуы — түріктік философияның ерекшеліктері. Егер батыстық дэстүрде дана мен философ «қудалау» корсе, түріктік мэдениетте ойшыл-философ әрқашан қүрметке боленген, дүниетанымдық ізденістерде оның сөзі ерекше салмақты болған, ойткені ол — коптеген буындар жинаған халық даналығының сақтаушысы.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.