Түркілер

Home » Рефераттар » Түркілер
Рефераттар Комментариев нет

Түркілер жалпы Еуроорталық көзқарас бойынша, тек Еуропа халықтары ғана өз уақытында грек мұраларынан көрініс тапқан таза парасат идеяларының қолданушысы болады. Ал Шығыс халықтарының алдыңғы қатарлылары ғана оны ұғынуға, меңгеруге қабілетті… Мысалы, Гегель оқырман қауымды уақыт жағынан алғанда бірінші саналатын шығыс философиясын теориялық ойға ешқандай қатысы жоқ алғашқы белгісіздік болып көрінеді деген ұстанымға сендіргісі келеді. «Жалпы философия, жеңіл қабылдауға болатын Шығыс халықтарының діни дүниетанымдық көзқарасы, ол ең көп болғанда діни түсінік тәсілі» [133, 108 б.]. Демек, келтірілген пікір теориялық ойдың тек Еуропа халықтарының табиғи қасиеті болатынына ал, Шығыс халықтарының ойының қандай да бір өзіндік қүндылығының болмайтынына меңзейді.
Ежелгі түркілер сенімі. Тіршілік бастауларының ерекше-ліктеріне қарай, жануарлар культі түрмыс-салт жэне өнердің қайнар кезіне айналады. Есте жоқ ерте заманнан олардың таңғажайып бейнелерін тасқа салынған таңбалардан көруге бола-ды. Әрине, қолға үйретілген жануарлар мен дала тагыларының тек өмірлік мэні гана емес, сенім түрлерімен де байланыстылығы күмэнсіз. Мысалы, бізде осы уақытқа дейін төрт түліктің иесі болатыны туралы қалыптасқан сенім бар. Олар: жылқы иесі -Қамбар ата; түйе иесі — Ойсылқара, сиыр иесі — Зеңгі баба, қой иесі — Шопан ата, ешкі иесі — Шекшек ата. Ауыз эдебиетінен төрт түлікті жэне олардың иелерін дэріптеген, қастерлеген жырларды кездестіреміз.
Көшпенділер (сақтар, ғүндар, түркілер) тіршілігінен, сенімінен бірізділік деп айтуға болатын үқсастықты байқауға болады. Бұл бірінші кезекте тұлпар, пырақ, дүлдүл аталатын жылқымен бай-ланысты. Авестада жылқы Күн қүдайы күймесіне жегіліп, оның қүрамдас бөлігіне айналады. Ал түркілер өмір сүрген аймақтарға жүргізілген қазба жүмыстары адам мэйітімен бірге көмілген жылқы сүйектері болғанын айғақтайды.
Ежелгі түркілердің жазу өнерінің болуы оның мэдениетінің өзіндік көрінісі. Тарихи дэуірдің саяси-қоғамдық өмірін баяндай-тын «Күлтегін», «Білге Қаған», «Тоныкөк» жазба ескерткіштерін шежіреші Иолығтегін жазып қалдырғаны арнайы эдебиеттерде дэлелденеді. Ол бүл еңбегінде Түркі Қағанатының қашан жэне қалай құрылғанын, оны нығайтқан ел басшылары мен қолбасшыларының өмірбаянын, жүргізген күрестерін баяндайды. Л.Н. Гумилев Орта Азия халықтарының, соның ішінде, көшпенділердің Қытай мэдениетін қабылдамай қойғанына назар аударады. Ол, «Түріктердің өзіне тэн идеологиялық жүйесі болған, олар оны көпе-көрнеу Қытай жүйесіне қарсы қойған». Осының арқасында Түрік Қағанаты қүлағаннан кейін де Азияда дін алмасу, яғни эртүрлі діндер кең таралымын таба бастаған кездің өзінде де, «Қытай идеологиясы ¥лы даладан аттап өте алмады», — деп атап көрсетеді [135, 44 б.].
Түркілер түсінігіндегі төрт бүрышты д үниенің бэрі д үшпан бол ып түрғанда Бумын, Естиме Қағандардың ел-жүртты қалыптастырған, «бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» саяси эрекеттері тарих-та аты қалған үлы мемлекеттің күш-қуатынан дерек береді [136,11 б.]. Деректерден ¥лы дала кеңістігінде тіршілік қамын күйттеген көшпенді тайпалардың тағдырлары, қоғамдық болмыстары біркелкі болмағанын көреміз. Мемлекеттік қүрылымға ерте жеткен елдерден қысым көрген олардың өздері де эртүрлі тайпалық одақтарға бірде күшпен, бірде өз еріктерімен бірігіп отырды. Десек те, уакытында қүдіретті болған елдің элсіреуіне, ыдырауына, қүлауына оның ішкі жэне сыртқы қайшылықтары себеп болғанын тарихи жэдігерлер көрсетеді. Тарихқа көз тіксек, онда Қытай империясы билік иелерінің осы кезде «…бүрынғы тайпа аралық алауыз араздықты өршіту орны-на, енді түріктің билеуші ру басылары арасындағы үрыс-керіс, дау-жанжал отына май…» қүйғанын көреміз [ 135, 42 б.].
Мүрагерлер арасындағы саяси билік үшін таласқа, тайпалық өзара соғыстарға ішкі қайшылықтар себеп болды. Ал, өзгелердің «сыйға берген» дүниесіне ел басшыларының сатылуы бүркемеленген сыртқы қайшылық болды. Ол халық тағдырына зардабын тигізіп қана қоймай, елдің ертеңгі тағдырын шешкенін тарихи деректер айғақтайды.
Жалпы билік, ел басқару мэселесі шығыс елдерінің қоғамдық-саяси тарихында ерекше орын алады. Түркі қағандары өздерін көк аспан — Тэңірінің қалауымен билік қүрып отырмыз деп түсініп, сон-дай пікірді насихаттады. Олардың ертедегі жазба ескерткіштерінің бірі — «Күлтегінде» Білге Қаған: «Тэңірі жарылқағандықтан, өзімнің бақытым бар болғандықтан… Қаған болып, жоқ кедей халықты көп көтердім, кедей халықты бай қылдым», — дейді [136, 8 б.].
Иолығ-тегін ойынша, парасатты адам басқарған халықтың эдет-ғүрыптары мен заңдары мүлтіксіз орындалады, бүзық ниетті кісілер дүрыс басқарушы болмайды. Билеушісі нашар болса, бүрынғы эдет-ғүрып, жоралғылар сақталмаса, ауыз бірлік болмаса мемлекеттің шаңырағы шайқалады, қолдан билік кетеді,-деп түсіндіреді ол. «Зердесіз қаған ел билегенге үқсайды… Бектері мен халқы түзу жол-дан шыққаны себепті, тағбаш халқының арбаушылығы себепті, аға-інілердің кектескені себепті, экімі бар халықты шығыстырғаны себепті түркі халқы ел етіп құрған мемлекетін қолдан берген екен… Тағбаш жұртына текті ұлың құл болды, сұлу қызың күң болды» [136, 12 б.]. Қаған түркі халқының жоқтаушысы, оның басты мақсаты, «іші ассыз, сырты тонсыз», жүртының қамын ойлау, халқын асы-рау, қорғау, күші мен ісін мемлекет мүддесіне жұмсау Шежірелердің жалпы мазмүны елі үшін жасалған ерлікті, тәуелсіздік, еркіндік үғымдарының жоғарғы құндыдығын насихаттайды. Сонымен қатар, біреуге бас ұрған құлдық, сатқындық, ездік пиғылдардың болғанын да көрсетеді… «Қандай қағанат болмасын, оның халқының ара-сында пэтуасыз (жалқау, бойкүйез ) табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десеңізші!» [136, 37 б.]. Саяси биліктің Қаған мен бектер қолына шоғырлануы оларға мемлекет тағдыры, қауіпсіздігі, халықтың бейбіт тұрмысы үшін саяси-құқықтық түрғыда үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктейді. ҮІІ-УІП ғасырлар түркі Қағанатының бір орталыққа бағынған, күшейген дэуірі болды. Десек те, тарихи кезеңде ішкі қайшылықтар мен талас-тартыстар оны жегідей жеп жатқан еді. Иолығтегін қоғам өмірінің кез келген-ге байқала бермейтін өзгерістерін көре білді. Ол кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеттерінде халықтың жоғарғы билікке мойын ұсынып, сөзсіз бағынуы тэуелсіздік пен бейбіт түрмыс, берекелі тіршілік пен игілікті істердің алғы шарты болатынына баса назар аударылады.
Шежіреде тұрмыс-салт мэселелері де көтеріліп, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, үлкенді сыйлауға, эдептілікке, зеректікке, батырлық пен тапқырлыққа тэрбиелейтін элеуметтік-саяси ұлағатты пікірлер айтылады. Қағанат басшыларының талас-тартыстар құрбаны болғаны айтыла келе, қорғаушысынан айрылған елдің болашақ тағдырына алаңдаушылық білдіріледі. Өткен оқиғалар жай ғана сипатталмай, талдаулар жасалып, бағасы беріледі. Ежелгі жазба деректерде тұжырымдалған өмірлік қағидалар қазір де өзінің маңыздылығын жоймаған ақиқат…
Ежелгі түркі дэуірінің тағы бір құнды дерегі — ауыз эдебиеті арқылы осы заманға жеткен Қорқыт Ата туралы түркі тілдес халықтар арасындағы аңыздар. Қорқыт ата мұралары саралана-тын зерттеушілер еңбектерінде халықтық дүниетаным айқын көрініс тапқан. Онда өмірдің мэн-мағынасы, мақсат-мұраттары, адамгершілік, өмір мен өлім туралы мэселелер көтерілген. Оғыз мемлекеті түсында өмір сүрген /ҮПІ ғ./ Қорқыт ата шығармаларының тақырыбы — тарихи дэуірдің саяси-элеуметтік мэселелері, халықтың мүң-мүқтажы, мэңгілік ғүмыр, адам жаны өлмейтін жерді табуға талпыну, философиялық ой, толғаулар.
«Қорқыт Ата кітабы» аңыздар арқылы элеуметтік құрылымдар, олардың талас-тартыстары туралы дүниетанымдық көзқарас ерекшеліктерімен көзге түседі. Ол ғалам, тэңірі, сүр қасқыр, ¥май ана, адам өмірінің тіршілік бастаулары, аңыздық түлғалардың жан дүниесі, толғаныстары туралы мэліметтер береді. Көк тәңіріне, Жерге, Суға табынған, болашақты болжай білген, сәуегей Қорқыт Атаның барлық мақсат-мүраты халқына қызмет ету. Желмаяға мініп, дүниенің төрт бүрышына барса да, көр қазып жатқан адам-дарды көреді, яғни «қайда барса да Қорқыттың көріне» кездеседі. Данышпан қария өлімнен қашып қүтылуға болмайтыны туралы ой түйіндейді. Сондықтан, ол, қобызымен алуан түрлі күйлер шығарып, тек өнер арқылы өз өмірін үзартуға болатынын түсінеді. Өнердің өлімнен күштілігін терең пайымдап, сол арқылы өліммен күресуге болатынын меңзейді. Қорқыт тылсым дарыған білгіш, оның ой-санасы өзгелерден ерекше ақын, музыкант, емші [138, 148,185 бб.]. Ә. Марғүлан Қорқыт Ата айтты деген мақал-мэтелдерді көптеп келтіреді. Атадан жеткен «Өшкен келмейді, өлген тірілмейді», «Қыдыр тэңірі бермесе ер байымас» деген даналық сөздер осы кезге дейін өзінің тағлымдық мәнін жоймаған рухани қазыналар.
Халқымыздың «Өзекті жанға бір өлім» деген терең даналыққа толы пайымдауы бар. Осыған байланысты, Қорқыт Атаның өмір туралы көзқарастары адамның өлімнен қүтылмайтынын, тек оның соңына жақсы атын қалдыруын, бүкіл тірлігін халқына қызмет етуге арнауын дәріптейді. «Қорқыт Ата» кітабы оғыз халқының түрмыс-тіршілігі, эдет-ғүрпы, ел билеу дэстүрі, жаугершілік, қиын да қызғылықты өмірлері туралы баяндайды. Жеке бастың мүддесі үшін емес, адалдық пен қайрымдылықты ту ете отырып, халық үшін қызмет ету өмірді бақытқа бөлейтінін дэріптейді.
Қорқыт Ата мүрасында ежелгі түркілер түтастығының нышаны байқалады. Өмір сүраныстарымен қалыптасқан элеуметтік бағыт-бағдарлар олардың өмір ерекшеліктерін түсіну, өзіндік болмысын саралау мүмкіндіктерін көрсетеді. Халық туындысының тек ел мүддесі үшін жасалған жасампаздық іс қана адам өмірін үзарта ала-ды деген пікірге меңзейтінін түсінеміз.
Қорқыт Ата тағлымдарынан имандылық, кісілік, қанағат, ата-ананы құрметтеу, ұл мен қыз тэрбиесі, эртүрлі мінез-қүлық сипатта-ры, елі мен жерін қорғау туралы айтқан тэлімдік пікірлерінің қай за-ман үрпақтарына болса да тэрбиелік мэні зор. Демек, Қорқыт атадан жеткен тағлымдардан оның өзі өмір сүрген тарихи дэуір сипатын, көшпенді өмір салт ұстанымдарын пайымдаймыз. Қоғам табиғатына сай эскери үстемдіктің, батырлықтың, ел шебін жаудан қорғаған сәтті жорықтардың маңызы үлкен болғанына көз жеткіземіз. Сондықтан, Ата кітабы өз кейіпкерлерінің ерлік жасап ел қорғауын, жауын жеңіп даңққа бөленуін дәріптейді [140, 33 б.]. Соңына терең мэнді ұлағатты сөздер қалдырған ол, адамдар арасындағы үйлесімдікті, табиғи заңдылықтармен үндестікті жырлайды. Бастан кешкен жеке өмір жолы мен айтқан өсиеттері халықты келешек үлы мақсаттарға тэрбиелеу үшін қалдырылған қүнды мүра.
ХІ-ХІІ ғасырларда қазақ даласында Қарахан мемлекетінің күшеюімен бірге, мэдениет те жаңа бір даму деңгейіне көтерілді. Та-рихи дэуір эдебиет пен ғылымның, философиялық пайымдаулардың өркендеуіне тікелей эсерін тигізді. «Мұсылмандық Ренессанс» деп аталған осы уақытта өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки жэне тағы басқа ғұламалар шығармалары мен еңбектері кеңінен мэлім болды.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы эдеби поэзиялық көрнекті шығармалардың бірі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» поэмасы. Түркі танушы А.Н. Кононов «Бұл адам өмірінің мэні мен мағынасы талда-натын жэне адамдардың қоғамдағы іс, эрекетшілдік үлесі мен міндеттері анықталатын философиялық шығарма,… Жүсіп өзі өмір сүріп отырған қоғамды қорықпай сынайды» [141, 507 б.] десе, М. Орынбековтің пікірінше: «…бүл еңбекте ғылым мен мэдениеттің эр қилы салалары саяси жағының басымдығымен эр қырынан та-нылды, мінсіз қоғам қағидалары беріліп, үлкен өмірлік деректер жалпыланып, жазушы өмірінің дүниетанымдық негіздері ашыл-ды. Белгілі бір теориялық түжырымдар негізінде адамның өмір сүруінің нақты, күнделікті бағыттары белгіленді, өмір мэні пайымдалды».

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.