Түркістан автономиясының орнауы

Главная » Рефераттар » Түркістан автономиясының орнауы

Түркістан автономиясы орнаған ай желтоқсан айы — еліміздің тәуелсіздік тарихында елеулі орын алатын оқиғалар болған ай. 1917 жылы желтоқсан айында Ресей бодандығындағы халқымыздың тәуелсіздікке деген талпынысы ретінде Алаш және Түркістан автономиялары орнады. 1986 жылы әйгілі Желтоқсан оқиғасы болып, 1991 жылы желтоқсан айында еліміз ғасырлар армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Алаш қозғалысы мен Алаш үкіметі туралы отандық тарихта аз жазылған жоқ. Десе де, басында Мұхаметжан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, Серэлі Лапин, Сұлтанбек Қожанов, Санжар Асфандияров, Әбдірахман Оразаев, Хайреттин Болғанбаев сынды тұлғаларымыз тұрған Түркістан автономиясы туралы зерттеулер елімізде элі де мардымсыз. Бұл автономияны «Қоқан автономиясы» деп, тек Өзбекстанмен байланыстырып қарайтындар да арамызда жоқ емес. Біздің тұжырымымыз — Түркістан автономиясының тарихы қазақ тарихының ажырамас бөлігі. Ұлы даланы дүр сілкіндірген қос төңкерістен кейін Түркістанда автономия жариялау туралы талаптар күннен-күнге күшее түсті. 12-15 қарагна күндері Ташкент қаласына құрылтай өтіп, онда Түркістанда автономия жариялау туралы ұсыныс бірауыздан мақұлданды. Көп ұзамай Жаңа Марғұлан қаласында өткен «өжелік мұсылмандар кеңесі» кеңсесіндегі жиында Бүкілтүркістандық мұсылмандардың жалпы құрылтайын шақыру туралы шешім қабылданды. Жан-жаққа телеграф арқылы хабар жіберіліп, шақыру қағаздары таратылды. Кұрылтай 26 қараша күні Қоқан қаласында жиылуы тиіс болатын. Құрылтай үшін Қоқан қаласының тандап алынуы да кездейсоқ шешім емес еді. Уақытша Үкімет таратылған соң Ташкент большевиктердің қолына өткен болатын. Ал Қоқан қаласы Түркістан өлкесінде өндірісі дамыған Ташкенттен кейінгі ірі қаланың бірі болатын. Оқиғалардың одан әрі өрбуіне жәдитшілдердің «Шура-и ислам» ұйымы жетекшілік жасады. 25 қараша күні Қоқан қаласына Түркістанның түкпір-түкпірінен өкілдер келді. Кұрылтай 26 қараша күніне кейін шегерілді. Өйткені, құрылтай жұмысын жүргізу үшін мыкты бағдарлама даярлау қажет болды. Сондықтан, алғашқьі куні Мұстафа Шоқай басшылығындағы жәдитшілдер жан-жақтан келген өкілдермен жеке-жеке кездесіл, пікірлесті, Пікірлесу нэтижесінде жиылған көшніліктің «Туркістанның тэуелсіздігін» күтіп жүргені белгілі болды. Сонымен қатар, Түркістанда «әмірлік жариялау керек» деп жүргендердің де бар екенін белгілі болды. Бұлар «Улема жамиғаты» қоғамының мүшелері еді. Бұлардың пікіршше, Түркия — Османлы ханзадаларының бірін Түркістанға шақырып, оның таққа отырғызылуы керек екен, Сондай-ақ, бұқара халық арасында «хан тұқымы — төрелерге» бағыну керектігін айтқандар да жоқ емес еді.

Аймақтардан келген кейбір өкілдер егер толық тәуелсіздік жарияланбаса, онда ел ішінде наразылық туындап, оның арты көтеріліске ұласып кету мүмкін деп айтты. Бұқара халық үшін де «тәуелсіздік жариялау» әлдеқайда түсінікті әрі өткір мәселе болып табылатын. Құрылтай алдында Түркістанның тұтастығын қалайтындардың саны күн өткен сайын арта түсті. Ғұламалар Қоғамы жәдитшілдермен келісімге келді. Шарт бойынша қоғам жетекшісі Серәлі Лапин автономиялық үкіметтің «Уақытша Ұлттық Мәжілісіне» төраға болып сайланатын болды. Сонымен қатар, түркімендердің де Түркістанның тұтастығына ниеттес екені белгілі болды. Большевиктерді жек көретін орыс жұмысшылары мен шаруаларының бір бөлігі де өздерінің автономия теңірегінде топтасатындьнъш мәлімдедІ.

Қазан айының соңына қарай дайындық жұмыстарына бастаған Түркістан мұсылмандарының IV өлкелік тетенше құрылтайы 26-28 қараша (8-10 желтоқсан) күндері арасында Қоқан қаласында болып өтті. Құрылтайға Ферғана облысынан 150, Сырдария облысьшан 22, Самарқанд облысынан 21, Закаспий облысьшан 1, Бұхарадан 4 өкіл қатысты. Түркістан уәлаятының барлық облыстарынан делегаттар келген құрылтайға соңдай-ақ, Жетісу облысынан да екілдер қатысты, Өкілдердің басым көпшілігі «Улема жамиғаты» қоғамы мен «Шора-и ислам» ұйымының мушелері болғанмен, қүрьштайға қатысқандар арасында мұсылман эскерлер одағы мен жергІлік-ті еврей жэне азшылық ұлттар ұйымдарының да өкілдері бар еді. Құрылтай делегаттардың жалпы саны 250 барып жығылды. 26 қараша (9 желтоқсан) күні бүкіл түркістандықтардың төтенше құрылтайы салтанатты түрде ашылды және бұл құрылтай халықтың шынайы пікірін білдірді. Сол күні сағат 12-де Мұстафа Шоқай қүрылтай жиналысын сөз сөйлеп, ашты. Ол делегаттарға жиналыс-ты құрылтай немесе кезекті жиналыс ретінде өткізу туралы дауысқа салуцы ұсынды. Сонымен қатар құрылтайдың 10 баптан тұратын күн тәртібі анықталды.

.
.

Құрылтай кеңесіне ашық дауыспен Мұстафа Шоқай, Убайдуяла Хожа, Абиджан Махмуд, Хидаетбек Юргули Ағаев, Саломон Гердцфельд, Шаһислам Шахиахметов, Әбдірахман Оразаев, Камал қазы; Серікбай Ақаев, Абдул Бадин, Кішкенбаев, Пилиев және Кәрімбаев сайланды. Сайланғандардың басым көпшілігі жәдитшілдер еді. Құрылтайды Мұстафа Шоқайдың басқаруының өзі көп жайттан хабар береді.

Ташкенттегі большевиктер құрылтай басталғанда үлкен әбігерге түсті. Өйткені құрылтайға жиылған өкілдердің сөздері мен баяндамалары ашу-ызаға толы әрі өткір еді. Олардың арасында жаңа үкімет пен орыс әскерлерінің жасаған зұлымдықтарын ашына айтқандар да болды. Сондықтан жаңа үкіметтің өкілі Полтарадкий құрылтайды Ташкенттегі Совнарком атынан құттықтап, өзерінің де Түркістанның автономия болғанын қалайтынын жеткізді Алайда жиынға қатысып отырғандар оның саяси қулықпен айтылған сырғанақ сөздеріне сенген де жоқ.

Құрылтайға жиналған халық өкілдерінің шешімімен, Түркістан өлкесін «Ресей федеративтік Республикасыньң автономиялы өлкесі» деп жариялау туралы ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданды. «Түркістан мұхтарияты» деген қарарға ғұлама қоғамының мүшелері де қосылып, өз тілеулестігін білдірді. Қарарға екі өкіл ғана қарсы дауыс берді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай «Түркістан автономиясьш жариялау» туралы құрылтай шешімін оқыды. Осы сәтті бүкіл өкілдер ерекше қуанышпен қарсы алды, Құрылтай қарары оқылған сәтте бүкіл өкілдер тік тұрып тыңдап, ал, оқылып біткенде «Жасасын Түркістан мұхтарияты!» деп, ұрандар жаңғырығы кетті. Көптеген кісілер тіпті, қуаныштан жылап тұрды. Тек мұсылмандар ғана емес, жергілікті жәйттер де басқа өкілдерді құттықтап, құшақтасып жатты. Осылайша құрылтай «Түркістан автономиясын» салтанатты түрде жария етті.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.