Түркия шаруашылығы

Home » Рефераттар » Түркия шаруашылығы
Рефераттар Комментариев нет

Түркия Шаруашылығы

Түркия шаруашылығы XX ғасырдың 70-жылдарына дейін Түркия, негізінен, аграрлык ел болып келді. Қазіргі кезде ауыр өнеркәсібі дамыган индустриялы-аграрлы ел. Түрік елінің әкономикасының дамуы ауыл шаруашылыгы өнімдерін өнеркөсіптік өңдеуден бастау алды. Бүгінге дейін еңбекке жарамды халықтың көбісі тамақ жөне жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек етеді. Түркияның әкономикасы орталыктандырылған экономикадан еркін нарықтык катынаска өтудің күрделі кезеңін бастан кешуде. Өнеркәсіптің дамыған салалары — тау-кен (көмір, хромит, мыс, бор), металлургия, мүнай, тоқыма, тамак, күрылыс. Ауыл шаруашыльпында (ҮЖӨ-нің 18%-ы) темекі, макта, астьщ, зөйтүн, бүршак түқымдастар, цитрустар, қант кызылшасы, т.б. дақылдар өсіріледі. Мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ел іс жүзінде өзінің азық-түлікке деген ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.

Өнеркәсібі. Тас көмір Қара теңіз жағалауындағы Эрегли, Зонгүлдак, Амасра, Сегютези кен орындарында өндіріледі. Елдің батысындағы Сейтемер, Тунчбилек, Дегирмисаз, Сам, Чан, Бейпазары, Әрөурулі кен орындарынан өндіріледі. Елдің оңтүстік-шығысында (Гарзан, Гермик, Раман) орналасқан кен орындарынан мүнай өндірілгенімен ол елдің мүнайға деген сүранысын толық өтемейді. Сол себепті мүнай өнімдерін шеттен сатып алады. Металлургия әнеркөсібі кажетті шикізатпен қамтамасыз етілген. Темір кені Давриги, Сивас кен орындарынан; хром кені Фетхие, Башеррон, Гүлеман; мыс Эргани, Моргүл; қорғасын, мырыш Кебан, Симав, Девели жөне т.б. жерлерде өндіріледі. Кенді пайдалы қазбалардан күкірт, сурьма, асбест, магнезий, ас түзы әндіріледі.

Электр энергиясы жылу жөне су электр станцияларынан алынады. Ең ірі СЭС — Евфрат өзеніндегі Кебан су электр станциясы. Бүдан өзге Сакария, Қызыл-Ирмак, Тарсус, Гедиз, Сейхан өзендерінде алынған СЭС-терді атауға болады. Көптеген жылу электр станциялары жергілікті коңыр көмір кендеріне негізделіп салынған. Амбарлы мен Силяхтар Стамбүл қалалық агломерациясын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Түркияда өндірілетін электр энергиясының қуаты 52 млрд кВт/сағ.

Қара металлургия. Елде жылына 4,8 млн т шойын және 7,1 млн т болат өндіріледі. Измир мен Қырықкалледе болат балқыту, ал Анталия мен Элазиге қалаларында темір-хром зауыты жүмыс істейді.

Елде гщсті металлургия өнеркөсібі жақсы дамыған. Эргани, Мургуле қалаларында мыс, ал Самаун, Сейдишехир қалаларында алюминий зауыттары орналасқан.

Машина жасау мен металл өңдеу. Түркияның машина жасау өнеркөсібі жедел дамуда. Дүние жүзіне танымал автомобиль маркалары (Фиат, Рено, Мерседес, Тойота) бірлескен кәсіпорындарда лицензиялар бойынша шығарылады. Стамбүл, Бурса, Измир, Мерсин қалаларында жүк таситын автомобильдер, автобус пен миниавтобустардың германиялық, америкалық жөне ағылшындық маркалары қүрастырылады. Елде жылына 30 мың трактор шығарылады. Тепловоздар мен жолаушы, жүк вагондарын Ескишехир, Адапазары және Сивал қалаларында әндіреді. Стамбүл, Измир, Пендик қалаларында кеме жасайтын зауыттар бар. Түрмысқа қажетті электротехникальщ қүрал-жабдықтар, негізінен, Стамбүл мен Измир агломерациясына кіретін қалаларда шығарылады.

Химия өнеркәсібі. Измир, Ашага, Мерсин қалаларындағы мүнай айыру жөне өңдеу зауыттары жылына 13 млн т-ға дейін шикі мүнай өңдейді. Елде химиялық тыңайтқыштар шығаратын 7 зауыт бар. Стамбүл, Измир жөне Адапазары қалаларында түрік-америка бірлескен кәсіпорындарьшда автомобиль доңғалағын жасайды. Мөрмөр теңізі жағалауындағы шағын қалаларда түрмысқа қажетті жуғыш заттар шығарылады. Жеңіл өнеркәсіп. Елдің жеңіл өнеркөсібінің дамыған саласы — мақта мата өндіру. Мақта мата өндіретін тоқыма комбинаттары Стамбұл, Измир, Адана қалаларында, ал жүннен тоқылатын мата өндіретін комбинаттар Бурса, Стамбүл, Херене, Диярбақыр, Спарта, Бюнеян қалаларында орналасқан. Орталық Анадолыда кілем тоқу ісі жолға қойылған. Алтын, күміс, қыш бүйымдарын жасайтын шағын жеке меншік шеберханалар көптеп кездеседі.

Өңдеуші өнеркәсіп салаларының ішінде тамац өнеркәсібі жетекші орын алады. Өсімдік майы, кепкен жемістер, қалбырланған көконістер өндіреді. Елде 17 қант зауыты бар, олар қантқа деген сүранысты толық қамтамасыз етеді. Ет-сүт дайындау, май шайқау, шай, кондитер тағамдарын өндіру тез қарқынмен дамуда.

Ауыл шаруашылыгы. Елдегі жетекші рөлге егін шаруашылығы ие. Бидай өндіруден Азияда Үндістаннан кейінгі екінші, ал қант қызылшасын, арпа, сүлы, күнбағыс өсіруден бірінші орында. Жылына 20 млн т бидай алады. Зәйтүн, жүзім және інжір ендіруден дүние жүзінде алдыңғы орындарды иеленеді. Орман жаңғағын (фундук) өндіруден әлемде бірінші орында. Мақта, темекі жөне інжірді экспортқа шығарады. Елдегі егістік алқабының жартысына жуығына бидай егіледі. Республиканың оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр әңірінде бау-бақша өркендеген. Техникалық дақылдардан қант қызылшасы, мақта, темекі өсіріледі. Мақта, негізінен, оңтүстік-шығыс аудандарда және Мәрмөр теңізі жағалауына егіледі. Анадолының оңтүстігінде жержаңғақ (арахис) пен күнжіт егуге маманданған. Елдің батысында, жерортатеңіздік климат аймағына зәйтүн ағашы тән болса, жылына 1 млн т-ға дейін мандарин мен лимон жиналады.

Мал шаруашылығының басты саласы қой өсіру болып табылады. Елдегі қойдың басы 50 млн шамасында, ал Анадолы таулы аймағында өсірілетін түбітті ангор ешкісінің саны жөнінен (15 млн) дүние жүзінде екінші орынды иеленеді. Мүйізді ірі қара саны — 17 млн бас. Елдің оңтүстігіңде түйе, жылқы, қашыр өсіріледі. Қүс шаруашылығы соңғы жылдарда ғана қолға алына бастады. Балық шаруашылығы жоқтың қасы.

Көлік. Түркияда елдің тарихи-экономикалық және табиғат жағдайы мен жер бедері ерекшеліктеріне байланысты көліктің барлық түрлері дамыған. Қара теңіз жағалауында орналасқан Самсун мен Зонгулдак, Жерорта теңізі жағалауындағы Мерсин мен Искандерун қалалары елдің ішкі бөлігімен темір жол көлігімен және теңіз жолымен катынас жасайды. Анадолыньщ шьныс таулы аудандарында қарым-қатынас өте қиын, көптеген жолдар жер асты туннельдері арқылы жалғасады. Елдегі негізгі көлік түрі автомобиль көлігі болып табылады. Автомобиль көлігімен жолаушылардың 90%-ы, жүктің 60%-ы тасымалданады. Автомобиль жолдарының 60 мың км-ге жуығы қатты төсенішпен жабылған. Темір жолдың үзындығы — 8400 км.

Теңіз көлігімен жылына 70—80 млн т жүк тасымалданады. Елдің ең ірі айлақты қалалары — Стамбүл, Мерсин, Измир. Шикі мүнай мен табиғи газ тасымалдайтын қүбыр көлігінің үзындығы — 2300 км.

Елдегі өуе жол көлігін «Түрік өуе жолдары» компаниясы атқарады, ол 1956 жылы қүрылған. Стамбүл қаласындағы «Ататүрік», Анкара қаласындағы «Есенбүға», Измир қаласындағы «Аднан мендерес» өуежайлары елдің ең ірі өуе қақпалары болып табылады. «Ататүрік» өуежайының өзі жылына 15 млн жолаушыға кызмет көрсете алады.

Туристік объектілері. Түркияда халыкаралық туризм өте жақсы дамыған. Елдегі ерте д үние ескерткіштерінің молдығы, жүмсақ теңіздік климаты, Жерорта және Қара теңіз жағалауының өсем табиғаты шетел туристерін аса қызықтырады. Туристердің ең көп келетін кезі—жаз айлары. Елдегі дүние жүзіне белгілі курортты аймақ — Анталия елдің оңтүстігінде, Кушадасы батысында, ал Мугла оңтүстік-батысында орналасқан. Стамбүл қаласына жыл сайын 2 млн-ға жуық туристер келеді. Елдің халықаралық туризмнен табатын табысының көлемі жылына 500 млн АҚІП доллары шамасында.

Аңызға айналған Троя қазіргі Түркияның аумағында болғаны белгілі. Архео-логиялық қазба жүмыстары бүл жердегі алғашқы елді мекендер б.з.д. III мың-жылдықта қалыптасқанын көрсетеді. Мүнда Афины храмы, амфитеатр, соңғы елді мекеннің (б.з.д. I ғ. — б.з. 500 ж.) көшелері сақталған. Анкарадағы Анадолы мөдениетінің мүражайы, ортағасырлық қорған, Стамбүлда Әулие София храмы (532—537 жж.), Топкапы Сераль сарай кешені, Галата мүнарасы, ортағасырлық мешіттер ерекше көз тартады.

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.