Құт-түркі онтологиясының негізгі ұғымы

Главная » Рефераттар » Құт-түркі онтологиясының негізгі ұғымы

Шығыс философиясының (оның ішінде қазақ-түркі философиясының) негізгі ерекшелігі неде? Ол мәдениет әмбебаптарының философия әмбебаптарымен біте қайнасқан бірлігінде. Классикалық батыстық философия эмпириядан тазарып, «таза ойлау стихиясын» артық көре бастады. Сөйтіп, ол өзіне жаңа әлемді ашып, идеальды объектілерді қалыптастыру мүмкіндігіне ие бола бастады. Бірақ мұндай әрекет кері әсерін тигізе бастады. Мартин Хайдеггер осындай талпыныстардың батыстық дәстүрді тығырыққа тірейтінін баса көрсетті. Өйткені бұл «ішкі онтологияны» туындатады, адам мен әлем бір-бірінен басынан дербес дүниелер сияқты танылады, олардың өзара байланысы жете ескерілмейді. «Субъект және объект», «мән мен қүбылыс», «ішкі мен сыртқы» және т.б. категориялар -«ішкі онтологияның» экзистенциалдық мағынасы жоқ таза категориялары болатын.
Мүндай онтологиялық құрылым қазіргі кезеңнің сұраныстарын қанағаттандыра алмайтындығын кезінде М.Хайдеггер ескерткен болатын. Адам да, оның ғылымы да элем мен адамның о бастағы түтастығын, бірлігін мойындайтын тұжырымдамаға бағынғаны көңілге қонымды. Хайдеггер осы ойларымен шығыстың философияларымен тікелей сүхбатқа түседі. Міне, сол арқылы ол батыс философиясындағы категориялар мен мэдениет эмбебаптары арасындағы байланысты қайта орнатқысы келеді.
Шығыс философиясы батыс философиясы туындатқан «субъект-объект» схемасымен қозғалмайды, оған «адам — әлем» байланысы маңыздырақ және ол жерде табиғат өзіндік қасиетке ие болады. Міне, осындай онтологиялық түсінік философиялық категорияның экзистенциалдығын туындатады, жаңа мағыналардың пайда болуына эсер етеді. Бұл дегеніміз философиялық категориялар мэ-дениет эмбебаптарымен толық сэйкес келеді деген сөз емес. Философиялық категориялар мәдениеттің рухани квинтэссенциясы бола түрып, эр түрлі экзистенцияға зер салады: мэселен, философия дегеніміз өзіндік таным, эсерлену, медениет эмбебаптарын түтастай пайымдау
Дәстүрлі мэдениеттің түтастығы шаруашылықты жүргізудің ерекше түрімен анықталады. Көшпенділер та-биғатқа іс-эрекеттің белсенді субъектісі ретінде қатынас жасады, бірақ оның қожасымын деп есептемеді. Орталық Азияның ¥лы Даласындағы қатал климатпен есептесе отырып, көшпенділер шаруашылықтың ең тиімді, ыңғайлы тәсілдерін қолдана білді. Малды қай жерде, қашан жаю керек екендігін анықтап, жердің тозып кетпеуін мүқият қадағалап отырды. Қыста малды өзеннің төменгі жағына, қардың астында сақталған көк шөпке жайса, жазда — тауда немесе тау етегінде малды үстаған. Көшпенділер табиғатпен үнемі етене жақын болып, онымен іштей түсінісе алатын, өзінің іс-әрекетін оның заңдылығы мен ыңғайына бейімдейтін, яғни табиғаттың жаны бар деп есептеді.
Жердің де, судың да, орман мен таудың да рухы бар деп саналатын. Адам шаруашылыгы жақсы жүріп тұрған кезде адам мен жердің қу_діретіне ризашылығымен карады, оньщ құпиясына таң қалумен болды. «Табиғат пен адам, өмір мен өлім өте таң қалдыратын, оның іші толған құпия болатын», — деп жазған Ш.Уәлиханов. Шығыстық философияның ерекшелігі қатаң философиялық жүйе болмай, поэтикалық-шығармашылық, фольклор, діни-ағартушылық, халық ертегілері, аңыздар, мақал-мәтелдер, мифология түрінде көрініс берді.
Дэстурлі дүниетанымньщ негізгі эмбебаптары — жол, кеңістік пен уақыт сакральды орталық үғымдары болып табылады. «Жол» үғымы дэстүрлі дүниеге көзқарастың динамизмін білдіреді. Көшпенді өмірін ат үстінде өткізеді, оның кеңістік пен уақыт туралы өз түсінігі бар. Жолға шыққан адамға «Жолың болсын!» деген тілек айтылады. Бүл жолдың тағдырмен, өмірмен байланыстырылуы.
Қазақтардың дэстүрлі дүниетанымының семантикалық діңгегі «қүт» үғымы. Оны «өмірлік күш», «өркендеу басы», «өмір потенциясы», сонымен қатар байлықпен байланысты «бақыт», «игілік», «үлес», «тағдыр» деген үғымдармен сәйкестендіруге болады. Бүл ұғым онтологияны, антро-пологияны жэне элеуметтік философияны біртүтас етіп біріктіреді.
Сонымен қатар ол дэстүрлі мэдениеттегі мэндік көріністерді анықтайды, рэміздейді. Онда прагматистік мағынадағы «жай ғана нэрселердің» жоқ екенін байқатады. Адамды қоршаған нэрселер адамға қызмет етеді жэне эр түрлі сипатын аңғартады: барлық, табиғат нысандары, түрмыс заттары, үй, киім-кешек, тамақ жэне т.б. тек қана утилитарлы қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар ол элемді түсінудегі элеуметтік код ретінде танылады жэне оны реттеуші, үйымдастырушы қызметі арқылы адамдардың жыныстық, жасы, туысқандық белгісі, байлығы бойынша қатынасты жүйелеуге қатысады.
«Қүт», негізінен, өмірлік күшті, алға қарай үмтылуды білдіреді. Дэстүрлі дүниетаным үшін адам, өсімдік, хайуан өзара жақын жэне олар табиғаттағы тіршіліктің эр түрлі көріністері. Адамның дүниеге, элемге деген қатынасы рухани және қүндылықтық негізден қүралады жэне сол арқылы ол әсерленіп отырады. Сондықтан олардың негізгі идеясы — ең жоғарғы күндылықты дәріптеу, яғни адамды жэне адам өмірін қастерлеу.
Ал эр түрлі әдет-ғүрыптарда дэстүрлі драма, табиғатпен некеге түру сияқты эсіреленеді. Мейрамдар мен бақсылардың зікірлерінде жер бетіндегі өмірдің барлық деңгейіндегі жаңғыруы бейнеленеді.
Дэстүрлі мэдениеттің өзегін туу мен өркендеу, өрбу мен даму қүрайды және табиғаттың берген алғашқы сыйы — омір, «қүт», тірі жан деп есептелінеді. Осы омірлік күштің рәмізі ретінде тау басындағы, емір орталығындағы сүт колі деп есептелінеді. Сондықтан сүт жэй ғана тағам болып саналмайды, оның ерекше мәртебесі бар: алғашқы уыз сүтті шет жерлікке бермейді, қонаққа сүт беруге шек қойылады. Сонымен табиғи жемістілік идеясы дэстүрлі түркі дүниетанымы үшін элемдік болып келеді жэне барлық, әдет-ғүрыптық фольклорда корініс табады.
Түркілік онтологияда «омір жэне қүнарлылық» семио-тикалык коды аңғарылады. Бүл кілт арқылы түркілердің үй-жайын, киіз үйдің семантикалық кеңістігін, адамның үстіне тоңкерілген аспанның моделін түсіндіруге болады. Киіз үйдің барлық нүктесі бақыт немесе игілік деп түсінілетін «қүт» рэмізі арқылы бейнеленеді. Ондағы басты орын ортадағы ошақ. Отбасы мүшелерінің қүрбан болуы «ошағы сонді» деген үғымды туындатқан. Сондықтан ошақты қадірлеп, ондағы күлді қозғауға, отқа сүт қүюға, отты далаға алып шығуға рүқсат етілмеген, эйтпесе от басына бақытсыздық келуі мүмкін деген түсінік болған.
Киіз үйдегі қожайынның орны «жолбарыс» деп аталып, биліктің белгісіндей болған, қожайын эйелінің орны -«қоян» деп атальш, бағынудың белгісіне айналған. Жастар болса «қүстар» деп аталатын орында орналасқан.
Герменевтикалық эдіс дэстүрлі мэдениеттегі тамақтану жүйесінің рэміздік қызметін ашуға мүмкіндік береді, қонақтарды күту барысындағы тэртіпті анықтауға ко-мектеседі (мэселен, қойдың басын бөлу, оның «қүлақтары», «коздерін» элеуметтік жэне жастық иерархия бойынша үлестіру). Қойдың жіліктерін табақтарға бөліп салу да үлкен қарым-қатынастық өзара байланысты білдіретін эдет-ғүрыпқа бағынады. Сөйтіп тамақтану жүйесі этностың өзіндік сакралды қызмет атқаратын саласы болып табылады. Көшпенділердің шаруашылығы кезеңдеріне, өмір сал-тына, әр түрлі өмір кезеңдеріне сай келетін дэстүрлі киім үлгісі болған. Әрбір жасқа келгенде өзіндік қүндылықтар болатындығы «қүт» үғымы арқылы байыпталып отыр-ған. Әсіресе, балалық шақ пен кэріліктің ортасында орналасқан кезең адамның нағыз кемелденген уақыты екендігі ескеріледі. Кэрілік — жай ғана қартаю емес, оның екі түрлі элеуметтік қызметі бар: бір жағынан, белсенді іс-эрекеттерден шеттеп қалғанымен, екінші жағынан, адам рухтар мен ата-бабалар элеміне жақындай түседі, сондықтан ерекше қүрметке ие болады.
Дэстүрлі мэдениетте бақыт, негізінен, «қүтпен», некемен, қүнарлылықпен байланыстырылып келді. Қүнарлылық игіліктің, табыс пен бақыттың басы, сондықтан бала көтермеген эйел мен үйленбеген еркек элеуметтік түр-ғыдан қүрметке лайықты емес деп танылған. Дэстүрлі қарым-қатынаста гендер, гендерлік қатынас тақырыбы ерекше орын алады. Әрине, қоғамдағы орталық фигура ретінде еркек мойындалған. Бірақ сонымен қатар еркектің жетілгендігі мен еңбек ету мүмкіндіктерін эйелге деген қатынаспен астастырған. «Адам болу» деген сөз «отбасын құру» деген үғымды білдірді. Әйелдің бойындағы қасиеттер мен жердің қүнарлылығы арасындағы байланысты жете аңғарған. Түркі тіліндегі көптеген мэтіндерде Жердің жоғарғы қабаты эйелдің тэнімен салыстырылады. Некеге үлкен сакралды мэн беріліп, ол болмыстағы адам өмірінде болатын елеулі оқиға екендігі мойындалады.
Дэстүрлі қоғамдағы элеуметтік байланыс, негізінен, туысқандық, табиғи, өмірлік болатын. Рулық қатынастар арқылы көп түрлі үйымдық белгілер қалыптасқан. Осы күрделі туысқандық байланыстар арқылы адамның элеуметтік ортаға бейімделу механизмі анықталды. Бүл жерде ата-баба үнемі еске салып түратын дэстүрлердің маңызы зор болатын. Сөйтіп, ру өзіндік біріктіруші күшке айналып, «аңыздық», «эдет-ғұрыптық өмірбаянды» жасаушы қызметімен көзге түсетін. Дегенмен қоғамның дамуы барысында рулық санадан халықтық, үлттық санаға көшу қажет болды.
Рудың өзіндік санасы «аруақ», «қыдыр», «ырым» үғымдар арқылы қалыптасады. Аруақтар дегеніміз ата-бабаның рухы. Көшпенділердің түсінігі бойынша, эр-бір адам өзінен кейін балаларына тек қана киіз үйін, байланыстарын, атағын ғана қалдырмайды, сонымен бірге тірілердің арасында жүретін, олардың тағдырына эсер етіп отыратын өз аруағын да қалдырады. Егер адам жақсы болса, онда оның рухы балалары мен немерелеріне қиын кезеңдерде көмектесіп отырады. Егер адам дүрыс өмір сүрмесе, онда оның аруағы ондай көмек бере алмайды. Керісінше, үрпағына қырсық болып, кесірін тигізеді.
Дэстүрлі дүниетанымның бүл ерекшелігі қазақ фоль-клорында жақсы бейнеленген. Мэселен, «Алпамыс» эпосында жоңғарларға жалғыз өзі шапқан Алпамысты олар садақтың оғының астына алады. Мыңдаған жебенің ешқайсысы Алпамыстың денесіне дарымай, тайып кетіп отырған. Оның себебі Алпамыс үрыстың алдында жауынгерлердің жебеушісі Ғайпірен қырық шілтеннен көмек сүраған болатын, ол болса, Ақселеу Сейдімбековтың пікірінше, кішкене түманға айналып аспаннан түсіп, жас батырды қорғап қалады.
Бүған қарама-қарсы мысал «Қыз Жібек» поэмасындағы Телеген тағдыры. Қалыңдығына бара жатқанда Төлеген өз экесінің ақ батасын алмағандықтан оны аруақтар қорғамайды, сондықтан махаббаттың орнына Қосаба кө-лінің қасында ажалға тап болады.
Бірақ, негізінен, алғанда эпостың кейіпкерлері өз тағ-дырын өзі таңдайтын, өзі шешетін әйгілі түлғалар. Мэселен, Қорқыт Ата, Қобыланды жэне Алпамыс батырлар, Қозы-Көрпеш пен Баян сүлу сияқты данышпан түлғалар.
Дәстүрлі дүниетанымның маңызды үғымы ретінде «қыдыр» есептеледі. Қыдыр — адамның тілегін, арманын орындаушы, бақыт пен табыс, денсаулық пен ырыс экелуші ерекше тіршілік иесі. Ол әр түрлі бейнеде көрініс береді: бейшараның, қарттың, жолаушының кейпінде болуы мүмкін. Оның кім екенін ешкім бірден білмейді. «Қырықтың бірі қыдыр» деген сөз осыдан қалған. Яғни кез келген адамға мейіріміңіз түссе, онда қыдырдан да шапағат көретініңіз анық.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.