Тәуелсіздік және қазақ философиясы

Home » Рефераттар » Тәуелсіздік және қазақ философиясы
Рефераттар Комментариев нет

Тәуелсіздік деген ұғым кез келген халық үшін өте қадірлі ұғым болып табылады. Бұл құбылыстың терең астарларын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенінен, оның сан ғасырлық арманынан іздегеніміз абзал. Сонау ежелгі заманда хандығының тұтастығын сақтауға тырысқан әрекеттерден, оның ішінде жоңғарлармен, қоқандықтармен, ресейліктермен болған текетірес тартыстардан осы тәуелсіздікке деген ұмтылыстарды аңғарамыз. Ақыры, түбінде халқымыз үшін күрделі кезең болған XX ғасырдың соңында, «Алмас қылыш қап түбінде жатпас» дегендей жарқ етіп тәуелсіздіктің, дербестіктің де күні туды. Өзінің қүбылыстық мэні жағынан эрбір халықтың өмір сүру тэсіліне, дүниетанымдық жүйесіне барынша алтын өзек қызметін атқаратын тэуелсіздіктің лайықты өз түғырына қонып, эдеттегі саяси-элеуметтік, этникалык-ділдік қүбылысқа айнала қоюының өзі оңай нэрсе емес екен. Өйткені бұрынғы қоғамдық меншікке үйренген дәуірде халықтың санасына ондаған жылдар бойы үйреншікті болып кеткен дүниені түсіну эдеттері мен элеуметтік психологиясы қатпарланып жатқаны байқалды. Ол қисын бойынша бүқара халық мемлекет тарапынан патерналистік (әкелік) қамқорлыққа үйреніп алған бо-латын. Яғни мүндай жағдай кейбір элеуметтік қабаттар үшін үйреншікті бойкүйездікті, жауапкерсіздікті, тіптен, масылдықты қоғамдық психологияға бойлатып үлгірген болатын. Енді жаңа тарихи жағдайда дамыған, өркениетті елдердегі сияқты эрбір азаматтың жеке белсенділігі мен жауапкершілігіне негізделген кэсіби біліктілігін өрбіту қажеттіліктері туындай бастайды. Бүл тэуелсіздіктің іргетасын бекіте түсетін, эрбір азаматтың жеке бос-тандығын қорғай алатын жаңа заманның элеуметтік болмысына сәйкес келетін философияның қалыптасуына итермелейді. Міне, сөйтіп, жалпы халқымыз бен түтас мемлекетіміз шын мэнінде тэуелсіз болуы үшін алдымен әрбір азаматтың қүқығы мен оның жеке даралылығын қорғай алатын қоғамды қалыптастыру қажеттілігі өзектене бастайды. Сонда ғана адамға қарай бетбұрыс та жасалады, орта тап та дүниеге келеді, кэсіпкерлік те биік деңгейде өркендейді, әлемдік мэдениет мойындай бастайды және діни дүниетанымға деген бостандығымыз нығая түседі. Міне соның арқасында өз кезегінде атеистік бағдардан толығымен бас тартып, үждан бостандығын кеңейтетін діни негіздерімізді жаңғырта алатынымызды байқадық. Осындай адам бойындағы даралылықты, шығармашылыққа деген еркіндікті мойындаған демократиялық елде ғана тэуелсіздікке ауадай қажетті бірлік те, ынтымақтастық та нығая түседі екен. Адамдар қоғамдағы қарапайым тобыр мүшесіне, бүқаралық мэдениет өкіліне айналмайды, олар бұл тіршілікте өзіндік лайықты өмір жолы бар, еркін азаматтар қауымдастығына айналады. Әрине, осындай адамдар арасындағы өзара түсіністіктің тереңдей түсуі эр-кім үшін қажет дүние жэне оның шынайы мағынада көрі-ніс беруі өте маңызды. Республика азаматтары өздерінің мэдени жэне үлттық бірегейлігін тәуелсіз мемлекетіміздің болашағымен байланыстыру арқылы ғана жасампаздық жолына түсе алады. Осындай саяси-әлеуметтік үрдіс қана Қазақстандағы саяси-элеуметтілік орнықтылықтың, этносаралық келісімнің тереңдеуіне себепкер болады. Қазақстан өзінің тэуелсіздік мэртебесіне қол жеткізген кезеңнен бері эр түрлі ірі кикілжіңдерден, қақтығыстар мен тартыстардан аман. Ондай теріс векторлы үрдістерден қорғап келе жатқан рухани күшіміз жаңа мемлекет қүрушы халқымыздың бірлікке деген үмтылысында. Мемлекеттік басқару мен қоғамның қүндылықтық бағдарлары осы нысандардан таймаса ғана осы элем мемлекеттері арасында 9-шы орын алатын үлкен геосаяси кеңістікте тэуелсіздік философиясының қисынымен жүргеніміз. Ал, енді та-рихтың доңғалағын кері бүрып, одан басқа соқпақтарға түсіп кетуге тырысқан эрекеттеріміз түп негізінде өзімізге де, езгелерге де тиімді емес, әрбір азаматтың жеке өміріне де нүқсан келтіреді.
Қазақ халқының ойлау мәдениеті тарих қойнауындағы сақтар мен ғүндар замандарынан басталып ежелгі түркілік тайпалардың қалыптасқан кезеңінде айқын көрініс береді. Қорқыт, Әбу Насыр эл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағүн, Махмүд Қашқари, Қадырғали Жалайыри жэне т.б. көптеген түркілік ғүламаларымыз қазақ хандығы кезіндегі ақын-жыраулар мен би-шешендерге өздерінің даналыққа толы философиялық ойларын са-бақтастықпен табыстады. Одан әрі Шоқан, Ыбырай, Абай, Шэкэрім, Мэшһүр Көпеев сияқты дүлдүлдеріміз тарих санасына келді. Ал, енді XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларынан қалыптасуы да өзінше керемет қүбылыс емес пе? Міне осындай үлкен рухани белестердің, рухани байлығымыздың философиялық түрғыдан үзақ жылдар бойы терең зерттеусіз қалуы жэне оларға жан-жақты пайымдаулар жасалмай келуі тарих алдындағы күнэ іспетті болатын. Қазіргі заманда Қазақстанда интеллектуалдық саладағы шын мэніндегі бэсекелестікке кабілетті, биік деңгейі бар кэсіби философия қалыптасу үстінде. Бүлардың бэрі көңілге демеу болады, болашақтан үміттендіреді. Ал, енді қазақ философиясының басқа халықтардың фи-лософиялық жүйелерінен айырмашылығына тоқтала кететін болсақ, онда оның екі айрықша қасиеттерін атап өту керек. Біріншіден, қазақ халқының сан ғасырлық философиялық ойы негізінен этикалық бағдарларға, моральдік күндылықтарға сүйенгенін атаған жөн. Екін-шіден, эл-Фарабидің рационалистік философиясынан басқақазақ даласының даналарында, негізінен, поэтикалық формадағы элемді игеру, пайымдау, зерделеу көрініс береді, көркемдік образдармен бейнелеу басымдық танытады. Бүл біздің Шығыстық ділімізге, элемді көркем образдармен өрнектеуге бейім келетін ерекше түсініктерімізге толық сэйкес келетін сипаттамалар болып табылады. Мүндай ерекшеліктер жалпы адамзаттық мәдени жүйені байытпаса, ешқандай деңгейін төмендетпейді.
Әрине, қазақ халқыньвд сан ғасырлық тарихын түр-кілік кезеңінен бөліп қарастыруға болмайды. Сонымен қатар түркілік негізіміз бір болып келетін көрші жат-қан халықтардың ділі мен дінін, дүниетанымы мен философиялық элемді игеру тэжірибесін қазіргі пэрменді дамуымызда, тэуелсіздікті нығайту жолында толығымен ескеруіміз қажет. Түркілік философияның басқа дүние-танымдардан өзіндік төл-тумалығы сонау Тэңірге сенген тарихи кезеңдерден басталады. Түркілердің тарихи процес-те эр түрлі діни дүниетанымның қүрылымымен таныс-тығы да белгілі. Түркілер ислам дінін қабылдағанымен өзінің төлтума мэдениетінің ерекшеліктерін үмытқан емес, тіптен, оның барлық мэн-мазмүнын еркіндікке, даналыққа құмар кейпіне қарай бейімдеді, дамытты. Сондықтан араб-мүсылман мэдениеті де өздерінің діни қүрылымдарын таратушы ғана емес, сонымен қатар түркілерден көптеген рухани дүниелерді қабылдады деуге болады.
«Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық элем, — деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында, — тек қана сүлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жальшын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дэстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жа-тады».
Тэуелсіз мемлекет, асылы, айқын мэдени және рухани-адамгершілік бағдарсыз ойдағыдай дамымайды. Өткеннің барлығы із-түзсіз жоғалып кетпейді. Оның есесіне үлт санасында ертегі-аңыз, эпос халықтың философиялық пайымдау жүйесінің өзегі болып, тарихтың қатпар-қатпар қойнауында жинала бермекші. Егер Қазақстанға жағырапиялық жэңе элеуметтік-мэдени шолу жасасақ, біздің еліміз Батыс пен Шығыс жэне ежелгі өркениетті Қытайдың қақ ортасында орналасқан. Бүл фактор қазақ халқының кешегі, бүгінгі жэне болашақтағы рухани болмысына жэне дүниетанымына эсерін тигізбей қой-майды. Ендеше біз үшін мәдениеттің экономика мен саясатқа қарағанда артықшылығы басымырақ. Дэстүрлі қазақ қоғамын осындай өркениеттік бағытта зерттеу қомақты философиялық нэтижелерге жетектейді.
Сонымен, қазақтың үлттық дүниетанымының қалып-тасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар, ол жалпытүркілік тұтастық қойнауында өзінің қызметін атқарады; қазақтың дүниетаньімы оның дэстүрлі жэне қазіргі формаларының бірлігі.
Бүгінгі таңда тэуелсіз елдің рухани ахуалына сэйкес философия өз мазмүны мен келбетін өзгерту үстінде, ғылыми ізденістердің жаңа дүниетанымдық бағдарлары анықталып, басым бағыттары айшықталуда. XX ғасыр-дағы адам ойлауын Шығыс мэдениетіне сай логика үғымдарымен түсіндіруге болады. Айта кететін бір жәйт, егер еуропалық ойлау XXI ғасырдың қарсаңында эр түрлі ойлау формаларының жиынтығы болып, іс-эрекет логикасына айналып отырса, Шығыс мэдениеті адамның дүниеге тұтастанған қатынасы логикасына арқа сүйейді.
Қазіргі тэуелсіз Қазақстан жағдайында отандық философия элемдік философияның қүрамдас бөлігі. Ол өз бойына элемдік мэдениеттің, ғылым мен техниканың жетістіктерін жинақтап, жалпыадамзат рухының логикасын танытатын қүбылысқа айналғаны абзал. Сонда ғана қазақтың үлттық философиясы мен элемдік философия арасында байланыс орнап, оны зерттеу мен оқыту кең қанат жайып, адам санасы мен рухындағы терең астарлар айшықтана түседі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.